Психиатриялық аурулар ХАЖ 10 жіктелуі

Психикалық аурулардың ХАЖ-10 (МКБ-10) бойынша жіктелуі

F00-F09 Органикалық, соның ішінде симптоматикалық, психикалық бұзылыстар

  • F00 Альцгеймер ауруы кезіндегі деменция
  • F01 Қантамырлық деменция
  • F02* басқа аурулар кезіндегі деменция, басқа бөлімдерде жіктелген.
  • F03 Анықталмаған деменция
  • F04 Алкогольмен және басқа психоактивті заттардың қатысынсыз шақырылған, органикалық амнестикалық синдром.
  • F05 Алкогольмен және басқа психоактивті заттардың қатысынсыз шақырылған  делирий
  • F06 Бас миының дисфункциясы немесе соматикалық аурумен байланысты  басқа психикалық аурулар.
  • F07 Бас миының дисфункциясы  немесе зақымдалуымен байланысты тұлғалық бұзылыстар.
  • F09 Анықталмаған органикалық немесе симптоматикалық психикалық бұзылыс

F10-F19 Психоактивті заттарды қолданумен байланысты психикалық бұзылыстар және өзін өзі ұстау бұзылыстары.

  • F10 Алкоголь қабылдаумен байланысты, психикалық және өзін өзі ұстау бұзылыстары
  • F11 Опиоидтерді қабылдаумен байланысты психикалық және өзін өзі ұстау бұзылыстары
  • F12 Каннабиоидтерді қабылдаумен байланысты, психикалық және өзін өзі ұстау бұзылыстары
  • F13 Седативті немесе ұйықтататын заттарды қабылдаумен байланысты психикалық және өзін өзі ұстау бұзылыстары
  • F14 Кокаин қабылдаумен байланысты, психикалық және өзін өзі ұстау бұзылыстары
  • F15 Басқа стимуляторларды қабылдаумен байланысты (кофеин қосқанда), психикалық және өзін өзі ұстау бұзылыстары
  • F16 Галлюциногендерді қабылдаумен байланысты, психикалық және өзін өзі ұстау бұзылыстары
  • F17 Табак өнімдерін қолданумен байланысты, психикалық және өзін өзі ұстау бұзылыстары
  • F18 Ұшқыш еріткіштерді қолданумен байланысты, психикалық және өзін өзі ұстау бұзылыстары
  • F19 Бірнеше нарктоикалық заттарды немесе басқа психоактивті заттарды қабылдаумен байланысты психикалық және өзін өзі ұстау бұзылыстары.

F20-F29 Шизофрения, шизотипті және сандырақтық бұзылыстар

  • F20 Шизофрения
  • F21 Шизотипті бұзылыстар
  • F22 Созылмалы сандырақтық бұзылыстар
  • F23 Жедел және өтпелі психотикалық бұзылыстар
  • F24 Индуцирленген сандырақтық бұзылыстар
  • F25 Шизоаффективті бұзылыстар
  • F28 Басқа органикалық емес психотикалық бұзылыстар
  • F29 Органикалық емес психоз, анықталмаған.

F30-F39 Көңіл күй бұзылыстары [аффективті бұзылыстар]

  • F30 Маниакалды эпизод
  • F31 Биполярлы аффективті бұзылыс
  • F32 Депрессивті эпизод
  • F33 Рекуррентті депрессивті бұзылыс
  • F34 Көңіл күйдің тұрақты бұзылысы (аффективті бұзылыс)
  • F38 Көңіл күйдің басқа бұзылыстары (аффективті)
  • F39 Көңіл күй бұзылысы [аффективті] анықталмаған

F40-F48 Стресспен байланысты, невротикалық және соматоформалық бұзылыстар

  • F40 Фобиялы қорқынышты бұзылыстар
  • F41 Басқа қорқыныш бұзылыстары
  • F42 Обсессивті-компульсивті бұзылыстар
  • F43 Ауыр стресске реакция және адаптация бұзылысы
  • F44 Диссоциативті [конверсионды] бұзылыстар
  • F45 Соматоформалы бұзылыстар
  • F48 Басқа невротикалық бұзылыстар

F50-F59 Физиологиялық бұзылыстармен және физикалық факторлармен байланысты өзін өзі ұстау синдромы

  • F50 Тағам қабылдау бұзылысы
  • F51 Органикалық емес этиологиялы ұйқы бұзылысы
  • F52 Органикалық бұзылыстармен немесе аурулармен байланысты емес сексуальды дисфункция
  • F53 Босанудан кейінгі периодтағы, психикалық және өзін өзі ұстау бұзылыстары, басқа бөлімге жатпайтын.
  • F54 Аурулармен байланысты психологиялық және өзін өзі ұстау факторлары, басқа бөлімге жіктелген.
  • F55 Тәуелділік шақырмайтын заттарды шектен тыс қолдану.
  • F59 Физиологиялық бұзылыстармен және физикалық факторлармен байланысты, өзін өзі ұстау синдромы, анықталмаған.

F60-F69 Егде жастағы тұлғалық және өзін өзі ұстау бұзылыстары.

  • F60 Тұлғалық спецификалық бұзылыстар
  • F61 Аралас және басқа да тұлғалық бұзылыстар
  • F62 Бас миының аурумен немесе зақымдалумен байланысты емес, тұрақты тұлғалық өзгерістер.
  • F63 Әдет және әуестік бұзылыстары
  • F64 Жыныстық идентификация бұзылысы
  • F65 Сексуальды талғам бұзылысы
  • F66 Жыныстық даму және ориентациямен байланысты психологиялық және өзін өзі ұстау бұзылыстары.
  • F68 Ересек жастағы басқа тұлғалық бұзылыстар.
  • F69 Ересек жастағы анықталмаған тұлғалық бұзылыстар.

F70-F79 Ақыл есінің артта қалуы

  • F70 Жеңіл түрдегі ақыл естің артта қалуы
  • F71 Шамалы ақыл естің артта қалуы
  • F72 Ауыр ақыл есің артта қалуы
  • F73 Терең ақыл естің артта қалуы
  • F78 Ақыл естің артта қалуының басқа формалары
  • F79 Ақыл естің артта қалуының анықталмаған түрі

F80-F89 Психологиялық даму бұзылысы

  • F80 Сөйлеу және тілдің спецификалық бұзылыстары
  • F81 Оқу дағдыларының спецификалық бұзылыстары
  • F82 Моторлық функция дамуының спецификалық бұзылыстары
  • F83 Психологиялық дамудың аралас спецификалық бұзылыстары
  • F84 Психиологиялық дамудың жалпы бұзылыстары
  • F88 Психологиялық дамудың басқа бұзылыстары
  • F89 Психологиялық даму бұзылысы анықталмаған

F90-F98 Балалық және жасөспірімдік шақта дамитын эмоционалды бұзылыстар.

  • F90 Гиперкинетикалық бұзылыстар
  • F91 Өзін өзі ұстау бұзылысы
  • F92 Өзін өзі ұстау және эмоция аралас бұзылыстары
  • F93 Балалық жасқа спецификалық болып келеін, эмоциялық бұзылыстар
  • F94 Балалық және жасөспірімдік кезге тән, әлеуметтік функциялану бұзылысы
  • F95 Тики
  • F98 Балалық және жасөспірімдік кезде басталатын басқа эмоционалды бұзылыстар

F99 Анықталмаған психикалық бұзылыстар

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...