Эмоция және оның бұзылыстары

Эмоция— әр адамға оған әсер ететін тітіркендіргіш пен өз ісінің нәтижелерінің (қанағат болу, қанағаттандырмау) маңыздылығын бейнелейтін, индивидтың субьективті боялған ой-толқулары түріндегі реакциялар. П.К.Анохин жазуы бойынша: “Эмоциялар- айқын бейнеленген субьективті боялуы бар және адамның сезімдері мен ой-толқуларының барлық түрлерін қамтитын (терең жарақаттайтын қиналулардан бастап, қуаныш пен әлеуметтік өмір сезінудің жоғары формаларына дейін) ағзаның физиологиялық жағдайы”.

Эмоция түрлері:

  • Эпикритикалық (қыртысты)- эстетикалық, этикалық, адамгершілік сезімдер.
  • Протопатиялық (қыртыс асты)- аштық, шөлдеу сезімін қанағаттандыру, жыныстық сезім.
  • Оң эмоциялар- қуаныш, қанағат болу сезімі.
  • Теріс эмоциялар- ашулану, тітіркену, уайым, мақсатқа жетудегі кедергілердің болуы.
  • Стениялық- мақсатқа жетудегі күшті мобилизациялайтын активті белсенділік, күреске бағытталған сезімдер.
  • Астениялық- төмен белсенділік, сенімсіздік, күдіктену сезімі.

Эмоция онтогенезі

  • Бірінші этап- нәрестелерде инстинктердің, негізінен өзін-өзі сақтау және тағмдық инстинктердің басым болуы.
  • Екінші этап- органикалық сезіну. Оның негізі- экстра- және интрарецепторлардан түскен ақпаратты өңдеу және балада өз ойларымен сәйкес қоршаған орта жөніндегі тұрақсыз образды бейнелердің туындауы.
  • Үшінші этап- эпикритикалық эмоциялардың дамуы, 3-4 жастан 12-14 жасқа дейін.
  • Төртінші этап- жоғарғы адамгершілік эмоциялардың дамуы, олардың толық түзілуі 20-22 жасқа дейн аяқталады.

эмоция қазақша

Эмоция бұзылуының симптомдары

  • Эмоционалды көңіл бөлу— әр-түрлі жағдайларға жауап ретінде дамитын жедел эмоционалды реакциялар.
  • Эксплозивтілік— жоғары эмоционалды қозғыштық, айқын аффект көріністеріне бейімділік, күші бойынша адекватсыз реакция.
  • Эмоционалды тоқырау— пайда болған аффективті реакция ұзақ уақытқа бекітіліп, адамның ойы мен қимыл-қозғалысына әсерін тигізетін жағдай.
  • Амбиваленттілік— бір адамға бір уақытта қарама-қарсы сезімдердің дамуы.
  • Сезімдерді жоғалту сезімі— болып жатқан оқиғаларға немқұрайлықпен қарау, психогенді “эмоционалды салдану” кезінде кездеседі.

Көңіл-күй бұзылуының симптомдары

Эмоционаның күшеюімен сипатталатын бұзылыстар:

  1. Гипертимия— жоғары көңілді, қуанышты көңіл-күй, өте жақсы физикалық сезінумен, барлық сұрақтарды шешудегі жеңілілікпен, өз мүмкіндіктерін асыра бағалаумен сипатталады.
  2. Эйфория— көңіл-күйдің өте жоғарылауы, рахаттану, жоғары оптимизм, болып жатқан құбылыстарды толық емес бағалау.
  3. Гипотимия— төмен көңіл-күй, уайымдық, өмірге қанағат болмау сезімдері, қазіргі өмір, өткен шақ пен болашақ сұр тонмен бейнеленеді.
  4. Дисфория— өз-өзіне және қоршаған адамдарға деген қанағатсыздылық сезімімен сипатталатын, себепсіз, айқын басталатын көңіл-күйдің ызалы төмендеуі.
  5. Уайым— ішкі тынышсыздық, қайғыны, жаман нәрселерді, катастрофаны күту сезімі.
  6. Эмоционалды әлсіздік— лабилділік, көңіл-күйдің тұрақсыздығы, оның айқын емес құбылыстардың әсерінен күрт өзгеруі.
  7. Ауырсынатын психикалық сезімнің жоғалуы (anaesthesia psychica dolorosa)- барлық адамдық сезімдердің (жақындарына деген махаббат, қайғы, қуаныш) жоғалуын қатты уайымдау.

Эмоционалділіктің төмендеуімен сипатталатын бұзылыстар:

  1. Апатия— өзіне, айналасындағы адамдар мен құбылыстарға көңіл бөлмеумен, арман-мақсаттарының болмауымен және толық іссізділікпен сипатталатын эмоционалды-ерікті сфераның бұзылысы.
  2. Эмоционалды монотондылық— эмоционалды суықтық, барлық құбылыстарға, олардың эмоционалды маңыздылығына қарамастан, бірдей, суық көзқарастың болуы.
  3. Эмоционалды қатаю— ең нәзік дифференцияланған эмоционалды реакциялардың жойылуымен сипатталады: деликаттылық, біреудің қуанышына бөлену сезімі жойылып, әдепсіздік, дәрменсіздік дамиды.
  4. Эмоционалды, немесе аффективті, ақылсыздық— эмоционалды реакциялар мен қатынастардың әлсіздігімен, сезімдер төмендеуімен, кейде сезімдердің толық жоғалуымен сипатталатын бұзылыс.

Көңіл-күй мен эмоция бұзылыстары кезіндегі бет бұлшықеттері мимикасының өзгерістері:

  • Гипермимия- тез пайда болып, жоғалатын аффектілер суретін бейнелейтін, тез ауысатын мимикамен сипатталатын бұзылыс. Мимикалық реакциялар көрінісі жиі өте айқын және бейнелі болып келеді. Бейнелі өзгерістер өте тез, ауыспалы болып келеді, кейбір кезде маниакалды қозуға дейін жетуі мүмкін.
  • Амимия, гипомимия- мимиканың әлсіреуі немесе мүлде болмауы, депрессивті жағдайларға тән қайғы, немқұрайлық мимикасының тұрақтануымен сипатталады.
  • Парамимия- мимика мен бейнелеуші қимылдардың жағдайға сәйкессіздігі. Бұл өлікті жерлеу кезінде күлімдеудің, тойда жылау мен немқұрайлық, уайым-қайғы белгілерінің болуымен сипатталады. Кейде ішкі сезімдері сыртқы мимикасына сәйкес келмейді.

Эмоция бұзылуының синдромдары

Депрессивті синдром түрлері:

  1. Қарапайым депрессия.
  2. Қозу депрессиясы.
  3. Уайым депрессиясы.
  4. Апатиялық депрессия.
  5. Жасырын (соматикалық) депрессия.
  6. Депрессивті эквиваленттер.

Депрессивті синдромның симптомдары:

1. Депрессивті үштік:

  • көңіл-күйдің төмендеуі;
  • идеаторлы тоқыраушылық;
  • моторлы тоқырашылық;

2. Өз-өзін төмен бағалау, пессимизм.

3. Өз-өзін кінәлау, төмендету сандырағы, ипохондриалық сандырақ.

4. Әуестіктің төмендеуі: тәбетінің, жыныстық әуестің төмендеуі, қарым-қатынас орнатпау, суицидке бейімділік.

5. Ұйқының бұзылыстары: ұзақтығының қысқаруы, ерте ояну, ұйқысы қанбау.

6. Соматикалық бұзылыстар: терінің құрғақтылығы, тургорының төмендеуі, шаш пен тырнақтың сынғыштығы, жастың болмауы, іш қату, тахикардия мен АҚ көтерілуі, мидриаз, дене салмағының төмендеуі.

Маниакалды синдромның симптомдары

1. Маниакалды үштік:

  • көңіл-күйдің жоғарылауы;
  • ойлаудың тездеуі;
  • психомоторлы қозу;

2. Өз-өзін жоғары бағалау, оптимизм.

3. Ұлылық сандырағы.

4. Әуестіктердің жоғарылауы: тәбетінің жоғарылауы, гиперсексуалділік, қарым-қатынасқа әуестік, адамдарға көмек көрсеткісі келіп тұрады, альтруизм.

5. Ұйқының бұзылуы: ұзақтығының қысқаруы, бірақ шаршағыштық сезімін шақырмайды, ұйқысы қанады.

6. Соматикалық бұзылыстар тән емес.

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...