Маскүнемдік. Жасқа байланысты ерекшелігі

Маскүнемдік— жүйелі түрде спиртті сусындарды қабылдаумен шақырылатын алкогольге патологиялық құмарлықтың пайда болуымен , психикалық ,физикалық бұзылыстармен сипатталатын созылмалы психикалық ауру.

Маскүнемдік (алкоголизм) — спиртті ішімдіктерге салынушылық.

Маскүнемдік – медициналық тұрғыдан қарағанда, спиртті ішімдіктерді жиі, шектен тыс қабылдаудан және оларға өте әуес болудан туындайтын созылмалы ауру

Әлеуметтік тұрғыдан қарағанда, маскүнемдік -денсаулыққа, еңбекке, қоғам өміріне кері әсерін тигізетін спиртті сусындарды көп мөлшерде қолдану

Жедел алкогольдік масаю

Қайтымды патологиялық реакциялармен (психикалық, неврологиялық, соматовегетативті) сипатталалатын жалпытоксикалық әсерімен көрінетін (эйфория, седация, релаксация) спиртті сусындарды қабылдау салдары болып табылады.

Масаюдың 3 дәрежесін ажыратады:

Қарапайым алкогольды мастану .

  • жеңіл
  • орташа
  • ауыр дәрежелерін ажыратады.

Алкогольдің қандағы мөлшеріне қарай мастанудың мынадай деңгейлері ажыратылады:

  • 1-2% жеңіл
  • 3-4% орташа,
  • 5-6%-ға  дейін- ауыр,
  • 7%-ден асса — өлімге алып келетін мөлшер.

Маскүнемдік алкоголизм қазақша

Масаюдың жеңіл дәрежесі: Жылу сезімімен, тері жабындысының гиперемиясымен, пульс жиілеуімен, тәбеттің күшеюімен  бірге жүреді. Көңіл-күй көтеріліп, сергектік сезімі баурайды. Сөзшеңдік , дауыстап сөйлеу, қимылдары  екпінді  және сермемелі. Зейіні жылдам ауыспалы, ой жылдамдаған, ретсіз. Қозғалыс координациясы  бұзылған. Мастанудан кейін ауыр психикалық және физикалық жағымсыз сезімдер болмайды. Мастану кезеңі есте сақталады.

Көңіл-күйдің көтерілуі, өзіне деген сенімділіктің артуы, белсенділіктің артуы, көңілділік. Бұл симптомдар жағымды физикалық сезімдермен жүреді: денеде жылу сезу, релаксация, сонымен қатар вегетативті-тамрылық бет гиперемиясы, склера инъекциясы. Одан кейін біртіндеп шаршағыштық артады, ойлаудың баяулауы, ойдың шашыраңқылығы. Эйфориямен қатар агрессия да болуы мүмкін. Қандағы алкоголь мөлшері 50-150 ммоль/л.

Масаюдың орташа дәрежесі: Қимыл — қозғалыстары  сенімсіз, қарапайым кординациялық қимылдар жасауда құлайды. Сөздері дизартриялы, дауыстап сөйлейді, бір сөйлемді қайталау жйі бақыланады. Зейінін басқа жаққа аудару қиындайды. Өзі мен өзгелердің іс-әрекеттерін бағалау  қабілеті  төмедеген. Әуестік тежеусіздігінен, және оларды іске асыру жеңілдейді. Мастану  терең ұйқымен ауысады. Алкоголь  қабылдауды тоқтатқаннан кейін бірнеше сағаттан соң шөлдеу сезімі, ауыз құрғау, асқазан, бауыр, жүрек аймағындағы жағымсыз сезімдер, жалпы жайсыздық, әлсіздік пайда болады. Мастану кезеңінің  жеке эпизодтары ғана есте сақталады.

Анық эмоциялық, тәртіптік бұзылыстар тән. Қозғалыстық қозу артады, эйфория тітіркенгіштікке алмасады. Назар инертті, шашыраңқы. Сөйлеу біртекті, стереотипті, артикуляция бұзылысы байқалады. Координация бұзылысы. Алкогольдік полимпсест болуы мүмкін. Қандағы алкоголь мөлшері 150-250 ммоль/л.

Масаюдың ауыр дәрежесі: Естің ауыр бұзылыстары тіпті сопор немесе комаға дейін. Қозғалыс координациясының болмауы. Еріктен тыс дефекация мен зәр бөлінуі жиі. Кей кездерде эпилептиформды ұстамалар пайда болуы мүмкін. Мастану кезеңі толық амнезияланады наркотикалық амнезия. Осындай жағдайдан кейін айқын атаксия, дизартрия, бірнеше күнге созылатын адинамия, вегетативті тербелістер сақталады.

Идеаторлы процесс ауыр бұзылған: сөз түсініксіз, үзілген ассоциациялар. Интоксикациядан шыққан соң толық амнезия. Қандағы алгоколь мөлшері 300-500 ммоль/л (600 ммоль/л болғанда өлімге әкелуі мүмкін)

Созылмалы алкоголизм жіктелуі (А.А. Портнов және Н.Н. Пятницкой 1971)

1-кезең — невротикалық

  • Психикалық тәуелділік
  • Толеранттылықтың артуы
  • Палимпсест
  • Масаюдың паталогиялық формалары

2-кезең — наркоманиялық:

  • Физикалық тәуелділік (абстинентті синдром)
  • Толерантылық платосы
  • Салынып ішу
  • психоздар

3-кезең — энцефалопатиялық.

  • Толеранттықтың төмендеуі
  • Еске сақтаудың бұзылуы
  • Тұлғалық деградация
  • Суррогаттарды қабылдау

Бастапқы (невростениялық) саты. 

  • Бастапқы симптомы — қорғаныс рефлексінің жойылуы: спирттік ішімдіктерді шамадан тыс қабылдағанда жүрек айну, құсу сияқты белгілердің болмауы.
  • Алкогольге төзімділік өзгереді: күшейе түседі, қабылданған алкоголь мөлшері көбейе береді
  • Палимпсест — есте сақтау қабілетінің бұзылу симптомы байқалуы мүмкін, ауру адам алкогольдік масаю кезіндегі біраз оқиғаларды, ұсақ-түйектерді есіне түсіре алмауы мүмкін.
  • Аурулардың кейбіреуінде алкогольдік масаю кезінде мінезі өзгереді: олар ызақор, жабысқақ, тез ренжігіш, жоқтан өзгеге күдікшіл болады.

Астениялық синдром 

Оның негізгі көріністері: әлсіздік, денсалдық, тез қажығыштық, ес пен ынтаның бұзылуы, интеллектуалдық үрдістердің жойылуы және бастың ауыруы. Бұл көріністер қосылып жұмыс істеу қабілетінің әлсіреуіне әкеледі. Ұйқы бұзылады. Аурулар көпке дейін ұйықтай алмайды, қайта-қайта оянады, түстерді көп көреді, көрген түстері көбіне қорқынышты болады. Ұйықтап тұрған соң да сергектік сезілмейді. Тез ашулану, сіркесі су көтермеу, айналадағылармен конфликтілерге келу сияқты белгілер байқалады

  • Спирттік ішімдіктердің тәуліктік дозасы-күшті шарап — 1 литр, арақ-400-500 мл.
  • Алкоголизмнің бастапқы сатысының ұзақтығы 1-6 жыл және ол алкогольді қабылдаудың интенсивтілігіне байланысты.

Соматоневротикалық бұзылыстар байқалады:

  • вегетотамырлық дистония
  • Эзофогит
  •  гастрит
  • колит
  • бауыр функциясының бұзылуы
  • гепатиттің алғашқы көріністері
  • панкреатит.

2 кезең (наркоманиялық). 

  • Компульсивті тәуелділік
  • Толеранттылық өсуі максимумға жетеді (плато толерантности)
  • Алкогольді сандық бағалаудың толық жойылуы
  • Абстинентті синдром
  • Жалған салынып ішу (пседозапои)
  • Өмірдегі басты мотив- алкоголь табу

Алкоголизмнің ортаңғы сатысы (абстинентті). Алкогольге деген патологиялық құмарлықпен анықталады. Құмарлық көбіне жеңілмейді, күштеу белгісі байқалады. Ауру ішуге деген құмарлығымен күреспейді, сезіміне бағынады.

  • Психикалық, неврологиялық және соматикалық бұзылыстармен анықталады. Синдром көбіне алкогольдің жаңа дозасын қабылдағанда бәсеңдейді немесе жойылады.
  • Психикалық бұзылыстар. Қөңіл-күй төмендейді, қайғы басады, науқас адам тітіркенгіш, кейде ызалы, күдікшіл келеді, себепсіз қорқыныштар мазалайды, өз-өзін кінәлау ойлары пайда болады. Ұйқысы мазасыз, әлсін-әлсін оянып, дұрыс тыныға алмайды.
  • Вазовегетативті бұзылыстар. Тахикардия,гипертензия,ауыз қуысының құрғауы ,бас айналу,тәбеттің жоғалуы,айқын әлсіздік.
  • Неврологиялық бұзылыстар. Олардың жиі кездесетіні аяқ-қолдың, бастың, тілдің треморы, әсіресе, саусақтардың треморы айкын көрінеді. Ромберг позасында дұрыс тұра алмайды. Беттің және қаңқаның бұлшық еттерінің жекелеген фибриллярлы тартылуы мүмкін. Екі жақтан да сіңір рефлекстерінің бірдей жоғарылауы байқалады. Беттің, алақанның гипергидрозы, терінің сұрлануы, беттің, әсіресе танаудың қызаруы, склера тамырларының кеңеюі білінеді.

Ортаңғы сатыда алкогольге төзімділік жоғарылайды және өзінің шегіне жетіп, жылдар бойы өзгермей тұрады.

  • Алкоголизмнің бұл сатысында жедел алкогольдік психоздар жиі кездеседі.
  • Алкоголизмнің ортаңғы сатысы орта есеппен 3-5 жылға дейін созылады
  • Арақтың тәуліктік дозасы 1,5-2 литрге жетеді.

Абстинентті синдром. Диагностикалық критерийлері:

  • алкогольді тоқтатқандығы және оның алдында көп мөлшерде қабылдағандығы туралы нақты мәліметтер болуы;
  • Алкогольді тоқтатудың спецификалық симптомдарының болуы: қол мен тілдің треморы, тахикардия, АГ, тершеңдік, бас ауру, ұйқысыздық, мазасыздану, тревога, эпизодты түрде есту және көру галлюцинациялары
  • Абстинентті синдромның басты диагностикалық критерийі алкоголь қабылдағаннан соң бұл белгілердің азаюы
  • Абстинентті синдром ағзада қайтымсыз өзгерістердің болғандығын көрсетеді.

3 кезең (энцефалопатиялық). 

  • Тұрақты сомато-неврологиялық бұзылыстар
  • Толеранттылықтың төмендеуі (кейде толығымен жоғалуы интолеранттылық)
  • Шынайы салынып ішу
  • Абстинентті синдром алкоголь қабылдағаннан соң 1-2 сағатта дамиды.
  • Суррогаттарды қабылдау ( интенсивті, терең масаюға әкеледі)
  • Алкогольдік делирий

Алкогольге деген төзімділік төмендейді, сырқаттың бастапқы және ортаңғы сатыларымен салыстырғанда соңғы сатыда науқас адам алкогольдің ең аз мөлшерінен де масайып қалады.
Бұл кезеңде науқас адам бір ішкенде орта есеппен 150-200 мл арақ ішіп, соның салдарынан айқын және ұзақ масаю жағдайына түседі. Спиртті ішімдіктің мөлшері бұдан көбейген жағдайда науқас адам есеңгіреу мен сопор жағдайына түседі.
Алкоголизмнің энцефалопатиялық сатысы алкогольді үнемі, күнделікті, бөліп-бөліп қабылдаумен ерекшеленеді (араға бірнеше сағат салып, 150 мл-ден ішіп отырады) немесе бірнеше күн бойы тоқтаусыз ішкілікке салынады
Алкогольге салыну ұзақтығы артқан сайын науқас адамдардың алкогольге төзімділігі төмендей түседі. Алғашқы күндері бір литр арақтан масаятын науқастар біраз күннен кейін 100-150 мл арақтың өзіне масаяды.

Алкоголизм диагностикалық критерилері (МКБ-10).

Диагноз қойылу үшін келесі 3 немесе одан артық белгілердің жыл көлемінде дамуы қажет:

  • Алкогольді қолдануға бағынбайтын құштарлық
  • Алкоголь қабылдау көлемін бақылай алмауы, ретсіз қабылдау
  • Болдырмау жағдайы(абстинентті синдром)

Алкогольді психоз

Алкоголизмнің 2-ші және 3-ші стадиясында пайда болатын, экзогенді , эндоформды және психоорганикалық сипаттағы жедел, созылыңқы және созылмалы психотикалық бұзылыстар.
Металкогольдік психоз. Маскүнемдік психозды « металкоголді психоз » деген дәлірек болады. Себебі, психоздар ішімдікпен массивті интоксикация кезеңінде емес, ішімдік қабылдауды тоқтатқан кезде, яғни алкоголдің қандағы коцентрациясы тез төмендеген кезде дамиды.

Маскүнемдік психозы 2 ге бөлінеді.

Жедел түрі:

  • Делирий(ақ қызба)
  • Галлюциноз
  • Параноид
  • Энцефалопатия
  • Гайе — Вернике ауру
  • Дипсомания

Созылмалы:

  • Параноид
  • Галлюциноз
  • Қызғану сандырағы
  • Корсаков ауруы(Полиневрит)
  • Жалған салдану
  • Депрессия
  • Эпилепсия

Алкогольдік делирий

Белая горячка, delirium tremens – алкогольді психоздардың ішінде ең жиі кездесетін формасы, 80% жағдайда кездеседі. Ішуді тоқтатқаннан кейін 2-4 кунде басталады. Кешке уақытта симптомдар күшейе түседі. Иллюзарлы-галлюцинаторлы сананың бұлыңғырлануымен сахна тәрізді шынайы галлюцинация және парэйдолиямен жүреді. Екіншілік сандырақ, айқын қорқыныш сезімі, психомоторлы қозу, уақыт пен орынға ориентировканың бұзылуы да байқалуы мүмкін

  • Ұйқының бұзылысы
  • Түнде қорқынышты түстер көреді,
  • Жиі оянады
  • Иллюзиялар
  • Елестеу галлюцинациялары
  • Аффект бұзылыстары
  • Вербальды галлюцинациялар т.б
  1. Продромалды кезең – бірнеше сағаттан екі күнге дейін созылады. Тремор, тері жабындыларының гиперемиясы, ұйқысының бұзылуы байқалады. Науқастар көп сөйлейді және көңіл-күйі тұрақсыз болып келеді.
  2. Инициальді кезең – парэйдолиялық (фантастикалық) иллюзия, назар аударудың төмендеуі, қорқыныш, дереализация болады.
  3. Делириозды симптоматиканың гүлдену кезеңі – өте көп көру сирек есту галлюцинациялары пайда болады. Науқастар жануарларды да көреді: жылан, кесіртке, ит және т.б. Өздерінің ориентировкаларанын жоғалту арқылы көзге көрінетін дүкенге, цех заводтарға, қаладан тыс дачаларға, милиция бөлімшесіне тап болады. Осындай жағдай бірнеше тәулік бойы сақталады, науқастар мүлдем ұйықтамайды. Рейхардт, Ашаффенбург симптомдары байқалуы мүмкін.
  4. Делирийдің тоқтауы – 2-5 күннен кейін науқас терең ұйқыға кетеді. Ұзақ уақыт тыныққаннан кейін қайта оянады. Есте сақтауы  ұзаққа дейін сақталады және айқын галлюцинацияларды айта алады. Психоздан кейін бірнеше күннен соң астениялық симптоматика қосылады.

Ауырлығына байланысты:

  • Жеңіл дәрежесі – науқас қайда екенін біледі,  айналасындағы адамдармен әңгіме құра алады. Иллюзия, оянар алдында байқалатын, жарықты жаққан кезде жойылатын түнгі қорқынышпен байланысты тұрақсыз галлюцинация болады. «делирий без делирий» Ем қабылдамай өз бетімен қайтады және асқынулар болмайды.
  • Орташа дәрежесі – жоғарыда айтылған клиникалық көріністер тән. Терапиялық емдік-шараларды толғымыен орындаса және қосалқы соматикалық аурулары болмаса ем нәтижелі және толығымен сауығуға мүмкіндік бар.
  • Ауыр дәрежелі – науқастың өміріне қауіпті. Өлімділік 20 % -ға дейін. Адекватты емдеу нәтижесінде де көптеген науқастарда созылмалы энйефалопатия (корсаков психозы, деменция, неврологиялық бұзылыстар) дамиды.

Ауыр дәрежелі делирийдің көріністері:

  • физикалық әлсіздік, төсектен тұра алмайды;
  • Гомеостаздың айқын бұзылысы (гипертермия 40 С жоғары, сусыздану, аритмия, АҚ төмендеуі, айқын ентігу немесе тыныс алудың баяулауы, олигоурия,тері астылық гематома);
  • Неврологиялық симптоматика (атаксия, гиперкинез, бұлшықет ригидтілігі немесе атония, стереотипті қозғалыстар, патологиялық рефлекстер, эпилептоформды ұстамалар, зәр мен нәжісті ұстай алмаушылық);
  • Сананың терең бұлыңғырлануы, ориентировканы толығымен жоғалту;
  • Ойлаудың бұзылуы, ойлаудың байланыссыздығы, маңайындағылардың сөйлеуін түсіне алмайды.

Кәсіптік делирий – өзінің кәсібіне қатысты күнделікті орындалатын жұмысты жасауы.

Мусситирленген делирий (бет – әлпеті сөйлеумен сипатталатын делирий, әлсіз сандырақпен сипатталатын делирий)- бұл делирийде науқас төсектен тұрмай біртекті координацияланбаған күшейген қозғалыстар жасайды.

Алкогольді галлюциноз

Алкогольді психоздардың ішінде кездесу жиілігі бойынша 2 –ші орын алады. Қорқыныш формасындағы есту, вербальды галлюцинациялармен және сандырақ галлюцинациясы мен аффективті бұзылыстармен сипатталады.

Ағымына байланысты жіктелуі:

  • Жедел галлюциноздар— маскүнемдердің галлюцинаторлы алжасуы, алкогольді галлюцинаторлы сандырақ. Көбінесе, бас жазу кезінде үрей мен параноидты көңіл-күймен, вегетативті-соматикалық симптомдармен көрінеді. Бұнда аутопсихикасымен аллопсихикасы сақталады. Галлюцинация ұйықтар алдында пайда болады. Басында эпизотты түрде акоазма және фонема пайда болады.артынан вербальді галлюцинация дамиды. Г.ға критикалық көзқарас болмайды. Галюцинаторлы бұзылыстар көбейген кезде науқаста ұзаққа созылмайтын тежелу мен есенгіреу болады. Ол галлюцинаторлы ступор алды және ступор жағдай деп аталады. Күндіз вербальді психоз мүлдем болмайды. Кейін аффективті бұзылыстар интенсивтілігі төмендеп, сандырақ өшеді. Вербальді галюцинациялар жойылғаннан кейін науқас басынан өткен психозды талдай бастайды. Жедел түрі бірнеші күннен бір айға дейін созылуы мүмкін. Бұл классикалық түрі деп аталады.  Жедел басқа түрлерінде өз ерекшеліктерімен.
  • Жеделдеу галлюциноздар. Бұл психоздың түрі 1 айдан 6 айға дейін созылады. Психоз басталған кезде жедел алкогольді галлюциноздың клиникасы сияқты. Кейіннен галлюцинозға депрессия қосылады. Басқа сандырақтарға қарағанда өзін-өзі кінәлау сандырағы кбасым болады. Редукциялық психоз біртіндеп және бүкіл ауруда сақталатын вербальді галлюциноз сирек кездеседі. Бұндай науқастардың есі анық, қимылы өзгермеген, көңіл-күйі жақсы болады.
  • Созымлалы галлюциноздар: Сирек кездеседі. Кейбір авторлар бойынша галлюциноздар 6айдан көп созылса, ол созылмалы деп есептелінеді. Кейбір жағдайларда созылмалы галлюциноздар аналогиялық жедел галлюциноздардан басталады. Ең жиі күрделі жағдайлар дамиды және келесі симптомдар дамиды: делирий мен галлюциноз немесе галлюциноздар мен депрессивті-паранойдты бұзылыстар. Негізгі клиникалық көрінісіне және дамуына байланысты созылмалы галлюциноздарды 3 нұсқаға бөледі:

Сандырақсыз созылмалы вербальді
Сандырақпен өтетін вербальді
Психикалық автоматизммен жүретін созылмалы вербальді галлюциноздар және сандырақтың парафренді өзгерісі

Маскүнемдік  параноид — клиникалық көрінісінде нақты мазмұны бар, қарапайым сандырақпен өтетін галлюцинаторлы- параноидты синдром басты көрініс беретін және анық сана кезінде айқындылық дәрежесі төмен вербальды галлюцинациялармен жүретін алкоголді психоз.
Абстиненті синдром фонында немесе қобалжу, сенімсіздік түрінде ұзақ емес продромальді периодттан кейін пайда болады. Клиникалық көрінісінде айқын қорқыныш фонында аңду, физикалық жою, нақты уақытта иллюзорлы қабылдау сандырағы пайда болады. Іс-қимылдарда, айтылған сөздерде өзіне, өміріне қауіп көреді. Әректтерде импульсивті, қашып кету, транспорттан секіру, заң қорғау органдарынан көмек сұрау, туыстарынан көмек сұрау, өз денесіне жарақат салу, сирек жағдайда дұшпандарына қарсы шығу байқалады.

Маскүнемдік энцефалопатия — бұл алкоголизмнің 3 – стадиясында дамиды. 10-15жыл кунде алкоголь қолданған жағдайда пайда болады. Психикалық және соматикалық, неврологиялық бұзылыстар айқын болады.

  • Жедел энцефалопатия (Гайе –Вернике)
  • Созылмалы энцефалопатия (корсаковский психоз)

Корсаков психозының клиникалық көріністері:

  • Фиксациялық амнезия;
  • Ретроатероградты амнезия;
  • Амнестикалық дезориентировка;
  • Парамнезия (конфабуляция және псевдореминисценция);
  • Полинейропатия ( жүрісінің бұзылуы, аяқтағы ауырсыну және аяқтың ұйып қалуы, аяқ-қолдардың дисталды бөлігінің беткей сезімталдығының бұзылуы);

Гайе – Вернике энцефалопатиясы. Делириозды сананың бұлыңғыр алжасуымен басталатын ауыр геморрагиялық энцефалопатия.

Клиникалық көрінісі жалпы психикалық бұзылыстармен( сананың шатасу, апатия және ұйқышылдық ступордан комаға дейін ), сөз –қимылдық қозу, эпилептиформды ұстамалармен сипатталады. Соматикалық декомпенсация және неврологиялық бұзылыстар тез дамиды. Уақытында ем көрсетілмесе 40-50 % жағдайда өліммен аяқталады.

Маскүнемдік кезіндегі жас және жыныстық ерекшеліктер

Маскүнемдіктің басталып дамуындағы жас ерекшелік маңызы өте жоғары. Маскүнемдік неғұрлым ерте басталса, оның өту барысы соғұрлым ауыр болады. Сатылардың ауысуы, ауырлауы жылдамдап, маскүнемдік көріністері айқынырақ болады. Адамның жас кезінде қалыптасқан маскүнемдік тұлғаның дамуына кері әсерін тигізеді, энцефалопатиялық синдромның үдеуіне әкеледі, психоздар ерте дамиды.

Жасөспірімдік және бозбалалық кезеңде (13-18 жас) қалыптасқан маскүнемдік ерте маскүнемдік деп аталады. Бұл жаста маскүнемдіктің клиникалық белгілері ересектерге қарағанда айқын, ауру ауыр өтеді.

Баланың немесе жасөспірімнің ағзасында алкоголь алдымен қан, бауыр, миға барады. ОЖЖ толық жетілмеуіне байыланысты этонолдың әсеріне төзімсіз. Нәтижесінде нейрондардың дифференцирленуі мен жетілуі бұзылады, одан жасөспірімнің тұлғалық қасиеттері, логикалық абстрактілі ойлау, интеллект, ес эмоцияны реттеу зардап шегеді. Алкогольдің әсерінен жасөспірім ағзасындағы барлық жүйелер зардап шегеді. Статистикаға сәйкес, балалар улануының 5-7 % алкогольдік интоксикация үлесіне тиеді. Балалар мен жасөспірімдерде масаю тез дамиды және есеңгіреу тіпті комаға дейін әкелуі мүмкін. АҚҚ, дене температурасы жоғарлайды, қандағы глюкоза, лейкоциттер саны төмендейді. Алкоголь қабылдағаннан кейінгі қысқа уақытты қозу тез терең интоксикациялық ұйқыға алмасады, жиі тырысулар, тіпті өлімге дейін әкелуі мүмкін. Кейде психиклаық бұзылыстар сандырақ, галлюцинациялармен тіркеледі.

Алкогольді қабылдауға негізгі психологиялық механизмдер:

  • Психологиялық еліктеу
  • Астениялық жағдайды азайту немесе жою
  • Алкогольді сусындарды қабылдауға деген икемделген тұлға бұзылыстары
  1. 1- этап. Алкогольге өзіндік адаптация (үйрену). Негізгі орында микросоциалды орта(жанұя, достар, мектеп). Ұзақтығы 3-6 ай
  2. 2- этап. Спиртті сусындарды тұрақты түрде қабылдаумен сипатталады. Доза артады. Жасөспірімнің тәртібі өзгереді. Ұзақтығы 1 жылға дейін. Алкоголь қабылдауды осы уақытта тоқтату жақсы терапевтік әсер беруі мүмкін.
  3. 3-этап. Психикалық тәуелділік дамиды. Алкоголь кез келген уақытта, көлемде, сапада қабылдайды. Сандық және ситуациялық бақылау жоғалады. Этанолға толеранттылық 3-4 есе артады. Апталап, кейде тұрақты түрде алкоголь қабылдау болады. Бұл слзылмалы маскүнемдіктің бастапқы сатысы.
  4. 4-этап. Аурудың созылмалы кезеңі. Психикалық компонент басым абстинентті синдром дамиды. Кейде абстинентті синдром әлсіз вегетативті-соматикалық бұзылыс түрінде болуы мүмкін. Абстиненция ересектерге қарағанда қысқа.
  5. 5-этап. Ересектерге тән сипатпен өтеді. Ерекшелігі деменция тез дамиды.

Жасөспірімдерде алкоголизм орташа 3-4 жылда  дамиды. Абстинентті синдром алкогольді тұрақты түрде қабылдағаннан соң 1-3 жылда дамиды.

Егде жастағы маскүнемдік

Әдетте маскүнемдіктің шыңы 20-40 жасқа келеді, одан кейін спиртті сусындарды қабылдау азаяды. Алайда егде жаста да алкогольді көп қабылдайтын 2 топ бар. Бірі жас кезінен алкоголь қабылдағандар, екіншісі- алкоголь қабылдау өмірінің екніші жартсында басталған адамдар.
Егде жастағылардың маскүнемдігінің өзідік ерекшеліктері бар. Соматикалық аурулардың қосылулардың нәтижесінде толеранттылық төмендейді. Болдырмау синдромында жүрек-қантамыр жүйесі өзгерістері маңызды орын алалды( АҚҚ өзгеруі, стенокардия ұстамалары) психикалық- депрессиялық, дисфориялық өзгерістер. Ұзақтығы 5-7 күн. Абстинентті синдром 3-4 жылда дамиды.

Әйелдердегі маскүнемдік

Соңғы жылдары алкогольды артық мөлшерде қабылдайтын әйел адамдардың саны еркектермен салыстырғанда 20:1-ден 2:1 –ге дейін азайған. Маскүнемдік әйелдерде жиі 30-50 жас аралығында дамиды, еркектерге қарағанда 7-10 жылға кеш, бірақ прогрессия тез жүреді.
Масаю тұлғалық ерекшеліктрен байланысты көрінеді,жиі жылау. Еркектерге қарағанда тәуелділік тез дамиды. Абстиненцияға дейін 3-5 жыл. Маскүнемдіктің кезеңдері қысқа, психикалық және физикалық бұзылыстар тез дамиды.

Алкогольдің (ішімдіктің) ұрыққа әсері

Әйелдің жүктілік кезінде алкоголь қабылдауынан нәрестенің әртүрлі ақаулармен (анық морфологиялық өзгерістерден тәртіптік бұзылыстарға дейін) туылуы.

Ұрықтың алкогольдік синдромын қою үшін төмендегі критерийлер болу керек:

  • Пре- және постнатальді ретардация ( дамудың баяулауы) болуы
  • Бассүйек беттік өзіндік ақаулар (көзұяның тар болуы, жоғарғы еріннің дамымауы)
  • ОЖЖ функциясының бұзылуы (жоғары қозғыштық, тырысулар, мишық дисфункциясы)
  • органдардың морфологиялық ақаулары( буын аномалиялары, аяқ-қол дефектілері, жүрек ақауы, бауыр фиброзы)
  • Бұлар болмаған жағдайда алкогольдің ұрыққа күтілген әсері деп аталады. ҰАС сирек кездеседі 1-3 жағдай 1000 балаға. Салынып ішетін адамдар арасында 25 жағдай 1000 нәрестеде.
Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (1 бағалар, орташа: 4,00 тен 5)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...