Опиоидты нашақорлық

Опиоидты нашақорлық (F11)

Опиоидтар —  таза опиоидты макты (Papover somniferum) және синтетикалық жолмен алынатын наркотикалық анальгетиктер класына жататын психоактивті заттар. Қазіргі кезде опиоидтарға опиоидты көкнәрдің табиғи өнімдері және синтетикалық опиат тәрізді қосылыстар жатады.

Опий (морфин) тобына келесі наркотиктер жатады:

Табиғи:

  • мақтың құрғақ шырыны
  • омнопон
  • таза опий: морфин, кодеин мактың сабаны.

Синтетикалық:

  • промедол
  • метадон
  • лидол

Жартылай синтетикалық — героин

Опиоидтердің адам ағзасына әсер ету патогенезі

Опиоидтар асқазан- ішек жолына, мұрынның шырышты қабатына, өкпе капиллярларына жақсы сіңеді. Кодеин және героин өзінің гидроморфты әсері нәтижесінде гематоэнцефальды кедергі арқылы жақсы өтіп, ОЖЖ- не күшті әсер етеді.

Морфиннің әсерінің нейрохимиялық механизм ацетилхолиннің гидролизін тежеп, ол нерв ұштарынан бөлуімен байланысты. Морфинге антисеротониндік қасиет тән. Нейрофизиологиялық зерттеулер нәтижесі морфиннің ауырсынулық сезімталдығының таламустық орталығын тежеп, ауырсынулық импульстарды ми қыртысына өтуін блоктайтынын көрсетті.

Опийлік нашақорлық

Опиоидты нашақорлық әсері

Опиоидтардың ми рецепторларына әсері зерттелді. Лимб аймағында басым түрде орналасқан мида опиаттық арнайы рецепторлар ашылды. Опиаттық рецепторлардың эндорфин, энкефалин сияқты эндогенді медиаторы бөлінді. Олар рецепторлармен байланыс түзіп, ауырсынуды басушы әсер дамытады. Морфиннің құрылымында эндорфин және энкефалиннің құрылымына ұқсас молекулалар бар. Сондықтан морфин опиаттық рецепторлармен байланысып, ауырсынуды басады.

опиоидты есірткі

Опиоидты наркотиктің ағзаға әсері

Арнайы “опиатты” рецепторлар: эндорфондер және энкефалиндер.

Опиоидты рецепторлар:

  1. мю. морфин байланыстырушы, олар эйфория, миоз және тыныс алу тежелуіне қатысады
  2. Дельта .Энкефалиндерге ұқсас олар миоз бен гипотензия шақырады.
  3. Каппа 1-3. кетоциклазин және бензоморфанды препараттар миозды және седатифті әсер етеді.

Опиоидты есірткінің өлімге әкелетін мөлшері:

  • ішке қабылдағанда: 0,5-1 гр.
  • к/т: 0,2 гр.
  • қандағы концентрациясы: 0,14 мг/л

Жиі опиоидттарды бірінші рет қолдану түрі ингаляционды формада болады . Себебі жасөспірімдерді наркотиктің осы формасы зиянсыздығана сендіру оңай болып табылады.

Опиоидттардың жүкті  әйелдер мен балаларға әсері

  • Жүктілік кезінде  опиоид қабылдауды тоқтату салдарынан жүктілік асқынуы;
  • Босану процессінің баяулауы;
  • Нәресте өлі тууы немесе түсік тастау;

Балаға әсері:

  • Ұрықтың өсуі тежелуі;
  • Ұрықтың шамадан тыс қозғыштығы;
  • Ұрық орналасу бұзылысы (жамаспен келу).

95 % жүктілік кезінде опиоидты қабылдағанда жаңа туған нәрестеде абстинентті синдром дамиды, 12-25 % ауыр түрінде. 4 нәрестенің 3 еуі ересектер сияқты осы синдромнан зардап шегеді.
Егер жүкті әйелді метадонмен емдеген болса, нәрестеде абстинентті синдром кейінірек дамиды, бірақ жеңіл түрде ұзаққа созылады.
Омыраумен тамақтандырғанда опиоидттар нәрестеге сүт арқылы берілуі мүмкін.

Опиоманияның дамуы

  • Бірінші саты: Есірткінің физикалық әсері бұл сатыда өзгермеген. Нашақордың ұйқысы беткей болғанымен, ұйқысының қанбай қалу сезімі және есірткіге аздап қана құмарлық пайда болады.Біріншілік әсерге және мақсатында есірткі мөлшері арта түседі, есірткінің болмауы нашақор ағзасына 1-2 тәуліктен кейін психикалық бұзылыстар ретінде көрінеді. Ол қысылған, психикалық дискомфорты бар, енгізгісі келіп жүреді, сонымен қатар, 1-саты есірткіге бұрмаланған реактивтілік синдромымен және психикалық тәуелділік синдромымен көрінеді.
  • Екінші саты: бұрмаланған реактивтілік синдромы, толығымен қалыптасқан психикалық тәуелділік синдромы жоғары шегіне жетеді.

Опийіндік нашақорлық кезіндегі абстинентті синдромның белгілері және кезеңдері:

  1. Бірінші кезең: Психикалық тәуелділік көріністері, есірткіге дейін қызығушылық, қанағаттандырылмаған жағдай, мазасыздық. Соматовегетативті реакциялар: қарашық кеңейген, есінеу, түшкіру, тәбетінің жоғалуы, науқас ұйқтай алмайды, бұл көріністер 8-12 сағаттан кейін байқалады.
  2. Екінші кезең: Қалтырау сезімі ыстықтау сезіміне ауысып, қатты тершеңдік, әлсіздік байқалады. Арқа бұлшық етінде, одан аяқ, мойын, қолдарында ыңғайсыздық, дене бұлшық еті кернеулі, шайнау бұлшық етінде ауырсыну пайда болады. Қарашық кеңейген, жиі түшкіреді, жиі есеңгірейді, жас ағады.
  3. Үшінші кезең: бұлшық ет ауырсынуы басталады, арқа, аяқ-қол,сирек мойын бұлшық еттері тартып, айналдыратын ауырсыну болады. Кейбір науқастарда перифериялық бұлшық ет тырысуы байқалады. Науқастың көп қозғалғысы келеді, қозғала бастағаннан кейін ауырсыну азайса, одан кейін лезде арта түседі.Науқаста өзіне орын таба алмай жатып, тұрып жүреді. Буынның ауырсынуы болмайды. Науқастар ашуланшақ, депрессивті, уайымшыл болып келеді. Есірткіге құмарлық- компульсивті.

Морфин

Морфин– концентрациясы 4 – 21 % опийдің негізгі құрамды бөлігі. Ол ең күшті әсер ететін есерткілер қатарына кіріп, ауырсынуды басатын қасиеті бар зат. Морфин әр түрлі заттар құрамынан, соның ішінде микстура (роксанол), ұзақ әсерлі дәрілер (MSIR және MS-контин), свечалар, ішке енгізілетін препараттар құрамынан табылады. Оларды оральды, тері астына, бұлшықетке, тамыр ішіне енгізуге болады. Төзімділік пен физикалық тәуелділік өте тез дамиды. Тек опийден алынатын морфиннің аз бөлігі тура қолданылады, ал көп бөлігі героинге және басқа туынды заттарға өңдеп шығарылады.

Морфинмен улану сатылары:

  • Бірінші саты- 10-30 сек кейін денеде төменнен жоғары өрлейтін, сан және іште жылудың және әлсіз ғана сипалау сезімімен көрінеді. Беті қызарады, қарашығы тарылады, аузы құрғайды, басы неғұрлым жеңіл болып қуаныш сезімі билейді. Науқастың сана-сезімі тарылған және науқасқа денелік әсерлері ғана көңіл аудартады. Бұл жағдай тек қана 5 минутқа созылып, есірткіні жаңадан пайдаланатын адамдарда байқалады
  • Екінші  саты –  “кайф” немесе ләззат деп аталады.  Адам қуанышты, өзін жеңіл сезінеді, жаман ойлар жоғалады, ой жылдамдайды, тыныштыққа бөленеді. Есі-ұйқы тәрізді. Сырттай қарағанда науқастар енжар, тежелген, қимылы аз. Бұл  жағдайда әртүрлі қабылдау бұзылыстары  көрінеді – көру, есту, тактильді, психосенсорлы иллюзиялар. Жартылай көзі жабылған күйде әртүрлі заттардың, суреттердің, көлеңкелердің кисық көріністері көз алдына көрінеді. Музыка, дыбыстар, сөйлесулер жаңадан бір сезімдер тудырады. Естілген сөздердің үзінділері жағымды ассоциация тудырады.
  • Үшінші саты –  2-3 сағатқа созылған беткей ұйқы сатысы.
  • Төртінші саты – нәтижелер сатысы, мұнда науқастың жағдайы нашарлап, басы ауырып, мазасыздыққа, уайымдау, жүрек айну, бас айналу, қолдың треморына шағымданады. Диспепсиялық бұзылыстар, іштің ауырсынуы, ішектік диспепсиялар байқалады. Бірнеше сағаттан кейін құсу және іш өту байқалады. Есірткіні алып тастағаннан кейін бұл жағдай 3 тәуліктен кейін көрініп, 5-10 күнге дейін созылады.

Жедел опиоидті улану

Жеңіл опийінді уланудың 4 дәрежесін ажыратады:

 I- жеңіл дәрежесі. ұйқыға кету сатысы:

  • қатынасқа түспейді;
  • есеңгіреу, ұйқышылдық, бірақ есі сақталған;
  • Неврологиялық симптоматикасында миоз, птоз, жарыққа реакциясы төмендеген, нистагм, бұлшық ет гипотониясы, сіңір рефлекстері төмендеген, мишық атаксиясы, ауырсыну сезімінің төмендеуі.

II- орташа дәрежесі  беткей кома сатысы: 

  • есі бұлыңғыр;
  • Науқастың қалпы енжар, тері жабындылары бозарған.
  • Жетекші симптомдары: Миоз, жарыққа реакциясы кұрт төмендеген немесе жоқ, шайнау бұлшық еттерінің тризмі, бұлшық ет гипертониясы қалтырау ұстамасымен бірге.

III – ауыр дәрежесі. Терең кома сатысы:

  • Миоз
  • Қарашықтың жарыққа реакциясы жоқ.
  • Корнеалды жөтелу, жұтыну рефлекстері болмайды.
  • Салдану.
  • Брадипноэ – 4-6 рет минутына

IV – дәрежесі Өлім.

Опийіндік интоксикация тән:

  • қарашық тарылған;
  • тері жабындылары құрғақ, бозғылт;
  • қан қысымы тұрақсыз;
  • тахикардия;
  • сіңір рефлекстерінің жоғарылауы;
  • тыныстың тежелуі.

Диагностика

Опийіндік нашақорлықтық диагностика негізі болып науқасты толық клиникалық зерттеу  болып табылады. Ол арнайы токсикологиялық зертханада жасалатын тексерулермен анықталады.
Ең маңызды опийіндік масаюдың белгісі-миоз. Сонымен қатар терінің құрғақтығы, бозғылттығы; гипотония, брадикардия, сіңір рефлекстерінің жоғарылауы тән. Сөз жылдам. Сын төмендеген. Кодеиндік масаю алкогольдік масаюға ұқсас психомоторлы ажитация тән. Психомоторлы қозу әдетте мак сабағының химиялық өңделген заттарына тән.

Психиканың өзгерістері өте жиі кездеседі. Аурудың бастапқы сатыларында астениялық бұзылыстар жиі кездеседі. Кеш этаптарда науқастар еңбекке жарамсыз, оларда әлсіздік, енжарлық, астения, аллергия байқалады.

Морфинисттерде есте сақтау бұзылған. Жұмыс істеу морфинның күшімен ғана іске асады. Интеллектуалді бұзылыстар өте айқын. Өзіне, өз ісіне сын жоқ. Есте сақтау қабілеті төмендеген.Опийіндік нашақорлыққа шалдыққандарда аффективті ауытқулар айқын көрініс береді. Наркотизациядан тыс кезде көңіл күй өте төмен. Науқастар лабильді, психогенді және ауырсынулық тітіркендіргіштерге өте сезімтал.

Біртіндеп тұлғалық қасиеттер жоғала бастайды. Барлық қызығушылық тек наркотикалық заттар жайында, оны табу негізгі мақсат болып табылады. Ұялу сезімі жоқ. Науқастар отбасы жағдайымен мүлде шұғылданбайды. Яғни, толық тұлғалық деградация дамиды.

Опийіндік нашақорлықта адамның сыртқы келбеті өте маңызды. Науқастар өз жасынан үлкен көрінеді. Терісі сарғыш. Бетінде көптеген әжімдер. Шашына ақ түсу ерте байқалады. Шаш және тырнақтары сынғыш, түсі өзгерген. Тістері кариеске шалдыққан, 5-7 жыл наркотикалық затты жүйелі түрде қолданған II сатыдағы нашақорда тістері мүлде болмайды. Көктамырлары ұлғайған, олардың бойында сезімталдық төмендеген. Ұзақ наркотизация нәтижесінде науқастар азып-тозған, жүдеген. Жиі флебиттер тән.Көктамырдың бойында абсцесс, және іріңдеуден көптеген тыртықтар байқалады. Жасанды опий наркотикалық заттарын  пайдаланушыларда жиі көктамырлардың өте дөрекі өзгерістері болады.

Опийіндік нашақорлықтың соңғы этаптарында жүрек-тамыр жүйесіндегі өзгерістер байқалады. Өкпеде жиі эмфизема дамиды. Абстиненция уақытында тыныс ырғағының бұзылуы, демікпе дамиды. Науқастарда жиі пневмониялар, гепатиттер, гломерулонефриттер, пиелонефриттер байқалады.

гашиш және опий

Опиоидты нашқорлық пен гашиш арасындағы айырмашылық

 

опиоидты есірткі

Гашиш және оиоидты есікрткі

Жедел көмек

  • Тыныс алуды қалпына келтіру — налорфин 0,5% 1-2 мл к/т 10-15 минуттан кейін қайталау (8 мл-ге дейін.) Атропин сульфат 0,1% — 1 мл ертінді тері астына, оттекті беру, кофеин бензат натрий.
  • Асқазанды жуу 0,1% калий перманганат ертіндісі, 0,5 % танинин ертіндісі мен белсенді көміртегі тотығы.
  • 4% натрий гидрокорбанат натрий, 5% гюкоза, натрий хлорит 0,9% ертінділерін көк тамырға

Морфинмен улану кезіндегі ем:

  • Бірінші кезең – дезинтоксикациялық ем, соматоневрологиялық бұзылыстарды қалпына келтірімен жүретін абстиненті синдромды жою. Психопатиялық бұзылысты түзету.
  • Екінші кезең – бұзылған метаболизмдік өзгерістерді тұрақтандыруға, тәртіпті және психикалық жағдай бұзылыстарын қалпына келтіруге бағытталады.
  •  Үшінші кезең – негізгі симптомдар жинағын анықтап, оған қатысты терапияны жүргізу болып табылады.
  • Төртінші кезең – рецидивтің алдын алып, тұрақты бір деңгейде ұстап тұру.

Абстиненті синдромның емі:

  • Витаминдер  — В1
  • Аскорбин қышқылы.РР – витамин ерітіндісі.
  • Глюкоза, инсулиннің бөлшекті мөлшері, гемосорбция, гемодиализ, гемодез,натрий хлорид ерітіндісі.

Абсессивті түрінде әуестікті литикалық түрде бір мезгілде жоюға болмайды, бұл кезде атипті нейролептиктер қолданылады:

  • Оланзапин тәулігіне 5-10 мг.
  • Иглонил тәулігіне 400-600 мг.
Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...