Варикоцеле

Варикоцеле ауруы

Варикоцеле –шәует каналының көк тамырының кеңіп  кетуімен сипатталатын патология. Варикоцеле көп жағдайда балалардың сол жағында және  10 жастан кейін кездеседі..

Жіктелуі:

  • Идиопатиялық-бұл біріншілік түрі, яғни этиологиясыз белгісіз;
  • Симптоматикалық-төменгі қуыс венасының геометриялық өзгерісінен, яғни оң жақ бүйректе ісік болғанда туындауы мүмкін.

Лопаткин классификациясы:

  • 1 саты-кеңейген веналар ауру түрегеліп тұрған кезде және күшенгенде анықталады;
  • 2 саты -кеңіген веналар көзге көрінеді, ұстаған кезде жұмыртқада өзгеріс анықталмайды;
  • 3 саты-қатты кеңіп, веналар атабезді алдыға итеріп, ұманың түбіне дейін түсіп жатады, жұмыртқа көлемі кішірейген, жұмсақ;

Этиологиясы:

  • Шырмауық венасының іштен туған әлсіз болуы(клапандық жетіспеушілік)
  • Тамыр қабырғасының туа біткен әлсіздігі
  • Тұқымқуалаушылық аурулар: фимоз, варикозды кеңеюлер, жүрек клапандары ақауы

Патогенезі:

Сол   жақ  атабезден  шығатын шырмауық венасының іштен туған әлсіз болуы, оның эмбриогенезде өте күрделі даму жолдарынан өтуіне байланысты. Вена сол жақ бүйрек венасына барып құяды. Ол аорта мен жоғарғы шажырқай артериясы арасында  қысылуы мүмкін.  Сол кезде венада қысым жоғарлап, қан ағуға кедергі пайда болып ағыс ақырындайды.

Сонымен қатар варикоцеленің пайда болуына  тамыр қабырғасының туа біткен әлсіздігі де жатады. Және генетикалық сәйкестік ( варикоцелемен ауыратын науқастардың туыстарының кемінде біреуінде көктамырдың варикозды кеңеюі, жалпақ табандылық, жүрек клапандарының ақаулары, фимоз және т.б. байқалуы мүмкін) болуы ықтимал.

venalik.jpg

Клиникалық көрінісі

Варикоцеле науқастарда клиникалық көрініс бермей де өтуі мүмкін. Клиникасы  көбінде екі түрлі сипатта болады. Бірінде жұмыртқа маңында ауырсыну сезімі, енді бірінде ауырсынусыз бедеулікке әкелуі мүмкін.

  • Атабез маңында маңында ауырсыну сезімі
  • Кей жағдайда атабез маңында ауырсыну жоқ, бірақ бедеулікке алып келуі мүмкін;

atabez.jpg

Диагностика

Диагноз көбінесе профилактикалық тексеру кезінде қойылады.  Егер тамырлардың кеңейгені анық көрініп, күдік тудырмаса басқа тексеру керек емес.

Егер варикоцеле дәрежесі кіші болса, қосымша зерттеулер талап етіледі: ұманың ультрадыбыстық  зерттеуі немесе доплерографиясы. Бұл зерттеулер міндетті түрде екі қалыпта жасалуы керек (жатып және тұрып)

Варикоцеледе спермограмма жасалуы тиіс.

Емі

  • Иванессевич операциясы
  • Мармардың микрохирургиялық операциясы

Иванессевич операциясы. Шәует каналының кеңейген веналарын байлап тастау немесе кесу түрінже жасалынады. Нәтижесінде венозды қаннық артқа атабез венасына құюы тоқтатылады.
Операция: Мықын аймағының біраз жоғары жағында,  шап каналына параллель 5 см тіледі. Қабаттармен тері, тері асты майы, фасция ажыратылады. Кейін шап каналының қабырғасы- апоневрозды кеседі.  Шап каналының элементтерінің бірі көк тамыр байланады немесе кесіледі. Опеаация соңында тері қаббатарымен тігіледі.

Мармардың Микро-хирургиялық операциясы. Иваниссевич операциялық әдісімен ұқсас келеді, бірақ инвазивтілігі төмен, себебі кесілу аймағы тек 2 см және аз травматизацияланады. Кесінді шапта жасалынады, шәует каналын сыртқа шығарып, кеңейген вена кесіліп тасталынады.

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...