Герпестің неврологиялық асқынулары

Герпес вирусының неврологиялық асқыну түрлері

Герпестік инфекция (“герпес” грек тілінен аударғанда – жорғалаушы, жайылмалы) – вирустармен шақырылатын, жиі терінің, шырышты қабаттардың және ішкі ағзалардың зақымдалуымен сипатталатын ауру.

Герпес вирусы жайлы мына материалдан оқып алыңыз. Ал бұл материалда біз оның неврологиялық түрде кездесетін асқынуларын сипаттамақпыз. Олар:

  1. Герпетикалық энцефалит;
  2. Герпетикалық менингит;
  3. Герпетикалық менингоэнцефалит жән т.б.

герпесті менингит энцефалит

Герпетикалық энцефалит

Герпетикалық энцефалит (ГЭ) – қарапайым герпес вирусымен шақырылатын бас миының жедел қабынуы. Көбінесе ҚГВ-1, сирек ҚГВ-2 шақырылады. Мезгілге тән ауытқуы жоқ. ГЭ 2 ауру шыңы: 1) 5-30 жас және 2) 50 жастан жоғары кездерге сәйкес келеді.

Патогенезі

Герпетикалық энцефалит патогенезі бірдей емес. Балалар мен жас адамдарда біріншілік энцефалит түрінде дамуы мүмкін. Вирус ОЖЖ-не мұрын шырышына еніп, иіс сезу анализаторы аксондары арқылы тасымалданады. Алайда, көбінесе ГЭ-пен ауыратын ересек науқастарда анамнезінде герпес вирусымен ауырған немесе ҚГВ-1-ге серопозитивті болып келеді.

ГЭ-пен ауыратын науқастардың 25%-ға жуығында ауыз-жұтқыншақ шырышы мен ми тіндерінде вирустың әр түрлі штаммы анықталады. Бұл кезде энцефалит ҚГВ-1 типінің басқа штаммы арқылы қайталамалы жұғу арқылы ОЖЖ-не қоздырғыш енуімен байланысты.

Сонымен қоса, ГЭ-те ауыз-жұтқыншақ пен ми тінінде ҚГВ-1 типінің бір штаммы ғана кездесетін түрі болады, 2 гипотезамен сипатталады.

  1. Герпептикалық энцефалит бірінші түрінде – вирус реактивациясы үшкіл немесе вегетативті ганглияларда орталық бас сүйек шұңқырын иннервациялайтын нервтер арқылы ОЖЖ-не таралады.
  2. Герпептикалық энцефалит екінші түрінде – вирус ОЖЖ-де ұзақ уақыт латтентті жағдайда болады және сол жерден реактивацияланады. Кез-келген жағдайда герпестен басқа себептерден қайтыс болған ересек адамдардың бас миының олигонуклеотидті зондтар арқылы ҚГВ-ң ДНҚ-сы анықталады.

Герпетикалық энцефалит клиникасы

ГЭ-ң триадасын ажыратамыз:

  • Жедел қызбалы (лихорадкалы) басталуы;
  • Джексонов типті тырысулардың дамуы
  • Есінің бұзылуы (қысқа уақытты респираторлы инфекциядан кейін дамиды)

Кейбір кездері тырысулардың дамуымен естің жоғалуы қызбаға алып келеді. Ошақты өзгерістері кезінде көз қозғалтқыш нервтердің парезімен, гемипарез және әр түрлі афазиялармен көрініс береді.

Аурудың алғашқы 3-5 күндерінде жұлын сұйықтығы қалыпты болуы мүмкін. Одан кейінгі күндері жұлын сұйықтығында лимфоцитарлы плеоцитоз (30-400х109/л) және белок құрамы жоғарылайды (1,32 г/л-ге дейін). Қанда лейкоцитоз (20х109/л-ге дейін) солға жылжумен, лимфопения және ЭТЖ-ның жоғарылауымен көрінеді.

Коматозды жағдай – болжамы жағымсыз. Тырысулық талмалар мен интеллектуалды бұзылыстар түрінде қалдық белгілер байқалады. Нәрестелерде гидроцефалия мен ми декортикациясы дамиды. Клиникалық диагноз вирусологиялық, иммунологиялық зерттеулер арқылы қойылады, яғни ҚГВ-ң антигені мен спецификалық антиденелерді анықтайды, соның ішінде қан сары суы мен жұлын сұйықтығынан иммуноглобулин J классын анықтау.

Диагностикасы

ГЭ-ті басқа вирусты энцефалит пен ОЖЖ-нің ошақты инфекциялық және инфекциялық емес аурулардан ажырату оңай емес.

Ерте диагностиканың ең сезімтал инвазивті емес әдіс – жұлын сұйықтығынан ҚГВ-тың ДНҚ-н ПТР(ПЦР) арқылы анықтау. ҚГВ-тың антиденелер титрі жұлын сұйықтығы мен қан сарысуында герпетикалық энцефалит кезінде жоғарылайды, бірақ аурудың алғашқы 10 күнінде сирек байқалады. Сондықтан серологиялық әдіс диагнозды ретроспективті қойғанда қолданылады.

Ми биопсиясы. Бас ми биопсиясы – ҚГВ-тың антигені мен ДНҚ-сын анықтауға көмектесіп, культура клеткасынан вирусты бөліп алады. Бұл жоғары сезімталлды әдіс асқынуға көп әкелмейді. Сонымен қоса бас ми биопсиясы басқа жазылатын энцефалиттерді анықтауға мүмкіндік береді.

Емі: ГЭ-пен ауыратын науқастарды тыныс алу бұзылыстары қаупі мен дисфагияға байланысты интенсивті терапиялық палаталарға госпитализацияланады.

Вирусқа қарсы препараттар қолданылады:

  • Ацикловир, завиракс, виролекс таблетка және ампула түрінде беріледі. Коматозды жағдайда күніне 10-15 мг/кг-нан 3 рет 8 сағат сайын енгізіледі. Ем ұзақтығы 7-12 күн.
  • Сонымен қоса интерферондар, иммуномодуляторлар, кортикостероидтар (дексаметазон 1-2 мг/кг-нан күніне 3-4 рет 6 сағат сайын) тағайындалады. Ем ұзақтығы 6-8 күн.

Герпетикалық менингит

Герпесті менингит (ГМ) – қарапайым герпес вирусымен (Herpes simplex) 1 және 2 типімен шақырылады. ГМ қоздырғышы ҚГВ-ң 2 типі мен желшешек вирусы және белдемелі теміреткі болып табылады. ҚГВ-тың 2 типі генитальді герпес қоздырғышы асептикалық менингит 16 % науқастарда генитальды герпес асқынғанда дамиды. Менингитті анықтауға ҚГВ-2 мен шақырылғанда жыныс мүшесі аймағында везикулезді бөртпелер, зәр сындыруда ауырсыну, бел-сегізкөздік түбіршекті ауырсынулар, аногенитальды аймақта парестезия мен аностезия белгілері болады.

Патогенезі: Қоздырғыш адам организміне көп жағдайда ауа-тамшылы жолмен енеді. Одан кейін қоздырғыш өмір бойы нерв ганглийлерінде сақталып, иммундық тапшылықта реактивацияланады. ГМ – көп жағдайда біріншілік генитальды инфекция түрінде әйелдерде — 36 %, ерлерде – 13% байқалады. Науқастардың көбінде герпетикалық бөртпелер бір аптадан кейін менингит белгілеріне алып келеді. ГМ – сезімталдықтың бұзылысы мен түбіршелік ауырсынулар сияқты асқынуларға әкелу мүмкін. 18-30% жағдайда рецидив қаупі болады. Сонымен ҚГВ-2-мен шақырылатын неврологиялық көріністерге рецидивті менингит пен бел-сегізкөздік радикулит қосылуы түрінде көрінеді.

Герпесті менингит клиникасы: 

Герпетикалық серозды менингит (05-3% барлық серозды менингиттердің) көбінесе генитальды герпеспен ауыратын адамдарда дамиды. Дене температурасы жоғарылайды, бас ауырады, жарықтан қорқу, менингиальдық симптомдар, жұлын сұйықтығында шамалы цитоз лимфоцитті болады.

Бас ауруы өрістеуші, диффузды немесе маңдай-самай бөлігінде орналасады. Тамаққа қабылдауға байланысы жоқ көп ретті құсу. Аурудың бастапқы кезінде менингиальды белгілер анықталады (шүйде бұлшық еттерінің регидтілігі, Керниг және Брудзинский симптомдары). Менингиттің біріншілік белгілеріне ЖРВИ белгілері, везикулярлық бөртпелер алып келеді. Алайда ауру көбінесе менингоэнцефалит түрінде өтеді. Аурудың 2-4 күндерінде бас миы ісігі симптомы пайда болады.

Сана күңгірттенуі түрінде сана бұзылысы, уақыт пен кеңістікте ориентацияның жоғалуы және ашушаң болады. Көрі, есту галлюцинациялары, локальды және генерализденген тырысулар, ошықты симптомдар, моногемипарездер, қозғалыс координация бұзылыстары, статикалық атаксия пайда болады.

Менингит ағымы жедел. Дене температурасы 1 апта ішінде қалыпқа келіп, бас ауыруы мен менингиальды белгілер жоғалады. Менингиттің және менингоэнцефалиттің ауыр түрі өлімге әкеледі.

Герпетикалық менингиттің диагностикасы

Жұлын сұйықтығында лимфоцитарлы плеоцитоз (300-400 клетка 1 мкл), белок көлемінің жоғарылауы болады.

  • ИФА
  • ПЦР

Емдеу жолдары

ҚГВ-2-мен және белдемелі теміреткімен шақылған герпетикалы менингитте вирусқа қарсы препараттар тағайындалады.

Ацикловир күніне 5 мг/кг-нан 3 рет 5 күн бойы көк тамырға тамшылатып жіберу арқылы беріледі.

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...