Сегізкөз өрімі. Зақымдалуы

Сегізкөз өрімі, иннервациясы және зақымдалуы

Сегізкөз өрімі (pl. sacralis) LV және SI — SIV жұлын нервтерінің алдыңғы тармақтары және LIV алдыңғы тармағының төменгі бөлігі болып табылады. Көбінесе «бел-сегізкөз өрімі» деп атайды.

Сегізкөз өрімінің қысқа тармақтарына кіретін қозғалтқыш талшықтар иннервациялайды:

Жамбас бұлшықеттері: алмұрт тәрізді, ішкі жапқыш, санның квадрат бұлшықеті, үлкен, орта, кіші жамбас б/е, т.б. (аяқтарды әкетеді және айналдыруға қатысады, жамбас-сан буынында жазады, тұрған кезде денені тіктейді және бүгуге қатысады)
Сезімтал талшықтар иннервациялайды: Жамбас, шатаралық бөлігінің, ұманың, санның артқы беткейінің, балтырдың жоғары бөлігінің терісі.

бел өрімі және сегізкөз өрімі

Бел және сегізкөз өрімдері

Сегізкөз өрімінің зақымдалуы

Толығымен өте сирек жағдайда ғана зақымдалады (жамбас астауы сүйектері сынғанда, жайылған қабыну процесі кезінде). Көбінесе жекелеген тармақтары ғана зақымдалады.

Клиникалық көрінісі:

  • Сегізкөз, жамбас, шатаралық бөлімдердегі, санның артқы беткейіндегі, балтырдағы, табанның өкше бөлігіндегі интенсивті ауырсыну сезімі (сегізкөз плекситінің невралгиялық формасы)
  • Қатты зақымдалса: ауырсыну+парестезиялар+гипестезия, анестезия+б/е парезі (салдануы), ахилл және өкше рефлекстері төмендейді

1. N. ischiadicus (шонданай нервісі)

Аралас нерв, адам денесіндегі ең күшті нерв, LV, SI, SII, SIII түбірлерінен құралған.

Зақымдалуы

  • Өте жоғары зақымдалса: асықты жілік пен шыбық нервтері, сан нервтері функциясының түсіп қалуы (балтырды бүгу мүмкін емес)
  • Шонданай нервісінің толық зақымдалуы: табан және башпайлардың толық салдануы, ахилл сіңірі рефлексінің жойылуы, балтыр мен табанның толық анестезиясы (n. sapheni зонасынан басқа)
  • Өте қатты ауырсыну сезімімен жүреді

Тітіркендіру. “Ласег симптомы: науқас арқамен жатқанда аяғын жамбас-сан буынында бүксе, шонданай нерві бойында ауырсыну сезімі болады (І фаза), аяқты тізе буынында бүккенде жамбас-сан буынында ары қарай бүгу ауырсынусыз жүреді (ІІ фазасы)

Аяқтардың терілік иннервациясы

Аяқтардың терілік иннервациясы

А — артқы беткейі; Б — алдыңғы беткейі.

  • 1 — nn. clunium superiores;
  • 2 — rami posteriores sacrales;
  • 3 — nn. clunium medii;
  • 4 — n. cutaneus femoris posterior;
  • 5 — n. cutaneus femoris lateralis
  • 6 — n. obturatorlus;
  • 7 — n. cutaneus surae lateralis (от n. peroneus);
  • 8 — n. saphenus (от n. femoralis);
  • 9 — n. cutaneus surae medialis (от n. tibialis);
  • 10 — ramus calcaneus (от n. tibialis);
  • 11 — n. plantaris lateralis (от n. tibialis); 12 — n. plantaris medialis (от n. tibialis), 13 — n. suralis (от tibialis и n. peroneus);
  • 14 — n. peroneus profundus;
  • 15 — n. peroneus superficialis;
  • 16 — n. cuta­neus femoris anterior (от n. femoralis);
  • 17 — n. ilio-inguinalis;
  • 18 — n. genito-femoralis.

2. N. peroneus ( шыбық нервісі)

Аралас нерв, шонданай нервісінің негізгі тармақтарының бірі, LIV, LV және SI түбірлерінен шыққан
!Қозғалтқыш талшықтар иннервациялайды: табанды жазғыш бұлшықеттер (m. tibialis anterior), башпайларды жазғыштар (mm. extensores digitorum), табанды сыртқа айналдырушы бұлшықеттер (mm. peronei)

Сезімтал талшықтар иннервациялайды: балтыр терісіның латеральды бөлігі (n. cutaneus surae lateralis), табан мен башпайлардың сыртқы беткейі (n. peroneus superficialis және  n. peroneus profun­dus)

Зақымдалуы

  1. Табан мен башпайларды жазу, табанды сыртқа айналдыру  мүмкін емес
  2. Ахилл рефлексі (n. tibialis) сақталған
  3. Балтырдың латеральды бөлігі мен табанның сытқы беткейіндегі сезімталдық бұзылыстары
  4. Башпайлардағы буын-бұлшықеттік сезім бұзылмайды (n. tibialis)
  5. Ауырсыну сезімі айқын емес, кейде болмайды
  6. Шыбық нервісі зақымдалғанда табан салбырап тұрады, біраз ішке бұрылған, башпайлар біршама бүгілген (pes equino-varus).
  7. Балтырдың алдыңғы латеральды бөлігіндегі б/е семуі
  8. «Перонеальды», «тауық» жүрісі
салбыраған табан

Шыбық нервісі зақымдалуы: «салбыраған табан» pes equino-varus

аяқ зақымдалуы

Асықты жілік нервісінің зақымдалуы: Pes calcaneus

3. N. tibialis (асықты жілік нервісі)

Аралас нерв, n. ischiadici-нің негізгі тармақтарының бірі, LIV-SIII түбірлерінен шыққан. Функциональды сипатта шыбық нервінің антагонисті болып табылады

Қозғалтқыш талшықтар иннервациялайды: табан бүккіш б/е (m. triceps surae, яғни m. soleus және mm.gastrocnemii екі басы), башпайларды бүккіштер (mm. flexores digitorum) және табанды ішке бұратын бұлшықеттер (m. tibialis posterior)

Сезімтал талшықтар иннервациялайды: Балтырдың медиальды беткейі (n. cutaneus surae medialis), өкше, башпайлардың астыңғы беткейі, табанның сыртқы беткейі (n. suralis)

Зақымдалуы:

  • Табанды және башпайларды бүккіш б/е, табанды ішке бұратын б/е салдануы
  • “Ахилл рефлексі жоғалады
  • “Балтырдың артқы бетінде, өкшеде, башпайлар астындағы сезімталдылық жоғалуы
  • “Башпайлардағы буын-бұлшықеттік сезім бұзылмайды (тек екі нерв – шыбық және асықты жілік нервтері қатар немесе шонданай нервісінің негізгі сабауы зақымдалса ғана бұзылады)
  • Балтырдың артқы тобының б/е және табан б/е (m. triceps surae) атрофиясы
  • Табан экстензия қалпында болады: өкше шыққан, күмбез тереңдеген, башпайлар «құс тырнағы» тәрізді, pes calcaneus деп аталады.
  • Жүріс қиындаған
  • Ауырсыну сезімі өте интенсивті
  • Вазомоторлы-секреторлы-трофикалық бұзылыстар

4. N. glutеus superior (жамбастың жоғарғы нервісі)

  1. Қозғалтқыш нерв, LIV, LV және SI түбірлерінен құралған.
  2. Иннервациялайды: mm. glutei medii, glutei minimi және m. tensor fasciae latae.
  3. Негізгі қызметі: санды сыртқа әкету.

Зақымдалуы

  • Санды әкету қиындайды
  • Екі жақты зақымдалса – «үйрек» тәрізді жүріс

5. N. glutеus inferior (жамбастың төменгі нервісі)

Қозғалтқыш нерв, LV, SI және SII түбірлерінен құралған.

Иннервациялайды: m. gluteus maximus.
Негізгі қызметі: санды артқа әкету, алдыға еңкейген қалыпта – денені тіктеу.

Зақымдалуы: Санды артқа әкету шамасызығы

6. N. cutaneus femoris posterior (санның артқы терілік нервісі)

Сезімтал нерв, SI, SII және SIII түбірлерінен құралған.

Иннервациялайды: Жамбастың төменгі бөліктерінің терісі, шатаралық терісі, санның артқы беткейінің терісі

Зақымдалуы

  • Ауырсыну
  • Парестезиялар
  • Сезімталдылық бұзылыстары

Материал соңында Бел өрімі жайлы оқи кетіңіз

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...