Обструктивті синдром

Обструктивті синдром дегеніміз – бронх өткізгіштігінің бұзылысымен көрінетін, жедел және созылмалы ағыммен өтетін патофизиологиялық түсінік.

Соңғы жылдары дәрігерлік тәжірибеде обструктивті синдром жиі кездесуде. Осы материалда обструктивті синдромның анықтамасы және осы синдромды тудыратын себептер мен әсер ету механизмі, осы синдромға тән аурулар қатарымен танысамыз. Обструктивті синдромға тән аруларға байланысты клиникасы да әртүрлі ағымда өтеді. Сол себепті осы синдромға ұқсас аурулармен ажырату диагностикасын, емін және алдын алу жолдарын қарастырамыз.

Этиологиясы:

Вирусты инфекция:

  • респираторлы-синтициальді;
  • парагрипп вирусы, пневмония микоплазмасы, хламидия;
  • сирек грипп вирусы, аденовирустар;

Факторлар:

Ішкі:

  • Ұзақ ұйқы
  • Жиі жылау
  • Өмірінің алғашқы айларында ұзақ уақыт арқасына жату
  • ЖТЖ ағзаларында интерферон көп молшерде төмендеуі
  • Ig А қандағы деңгейінің жоғарылауы
  • иммунитеттегі Т – жүйенің функциональді белсенділігінің төмендеуі
  • перинатальды патология
  • Аллергендер -бронхтардың гиперсезімталдылығы;

Сыртқы:

  • Ішімдік
  • Темекі түтіні
  • Әлеуметтік жағдай
  • Экопатология ( ауаның ластануы);
обструктивті синдром патогенезі

Обструктивті синдромның патогенез сызбасы

Обструктивті синдроммен өтетін аурулар

  • Бронхтық астма.
  • Обструктивті бронхит.
  • Бронхиолит.
  • Созылмалы бронхиолит, облитерациямен.
  • Аспирациялық синдром.
  • Трахеяда, өңеште, бронхтағы бөгде заттар.
  • Созылмалы бронхит.
  • Созылмалы пневмония.
  • Туа біткен бронх ақаулары.
  • Муковицидоз.
  • Цилиарлы дискинезия синдромы.
  • Бронхөкпелік дискинезия.
  • Трахеядағы және бронхтағы ісіктер.
  • Трахея және бронх сырттан қысылуы.
  • Жүрек қан тамырлар жүйесінің аурулары.
  • Орталық және перифериялық нерв жүйесінің аурулары.
  • Иммунды жетіспеушілік жағдайлар

Осы жоғарыдағы аурулар кезінде обструкциялық синдром көріністері байқалады.

Клиникалық көрінісі.

Обструктивті синдром ағымы бойынша жедел, созылынқы, рецидивті болады. Обструкцияның көрінісіне қарай: жеңіл, орташа, орташа ауыр, ауыр обструкцияны бөлуге болады.

Науқаста келесідей көріністер байқалады:

  1. дене қызуының көтерілуі
  2. жоғарғы тыныс жолдарының катаральды өзгерісі
  3. баланың жалпы жағдайының нашарлауы
  4. ентігу және қалтырау
  5. Цианоз
  6. терінің бозаруы
  7. ортопноэ
  8. дем шығарудың ұзаруы (ауыр жағдайларда тыныс алу жиілігінің жоғарылауы)
  9. экспираторлы сырылдың пайда болуы ( сқырық сияқты шулы және кеуде клеткасының барлық жерінде бірдей естіледі)
  10. қосымша бұлшық еттердің тынысқа қатысуы
  11. баланың өкпесі ұлғайған болады Перкуторлы: қорабтық дыбыс анықталады.
  12. Рентгенологияда: екі жақты өкпе суретінің күшеюі және өкпе түбірінің кеңеюі анықталады.
обструктивті синдромның ажырату диагностикасы

Обструктивті синдромның ажырату диагностикасы

 

Обструкция қазақша

Обструктивті синдром мен бронхиалды астма екеуінің ажырату (диференциалды) диагностикасы

Обструкциялық синдромның емі

1.Этиологиялық ем

Антибактериальдық ем:

  • бронхкеңейтуші препараттар («қорғалған» пенициллиндер, екінші – төртінші топтағы цефалоспориндердің  генерациясы, ал жас өспірімдерде фторхинолондар қолдануға болады).
  •  муколитикалық заттар (N – ацетилцистеин, карбоцистеин , амброксал, бромгексин).
  • бронхоспазмолитикалық препараттар (бетта 2 – агонистерді аэрозоль түрінде тағайындайды).

2. Емдік бронхоскопия

3. Емдік дене шынықтыру

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...