Балалардағы даму ақауы

Даму барысындағы ақаулар. Түсініктемесі. Бас, мойын, кеуде қуысының, іш, аяқ-қолдары даму барысындағы ақаулары. Даму барысындағы ақаулардың хирургиялық емдеуінің принциптері

Даму ақаулары – бұл ұрықтың құрсақішілік жетілуінің бұзылыстарының нәтижесінде дамитын, қызметінің өзгеруімен немесе жойылуымен сипатталатын ағзалар мен тіндердің кемістіктері болып табылады.

Мойынның даму ақаулары

Қисық мойын — бастың қиғаш орналасуымен сипатталатын мойынның деформациясы болып табылады: бас жарақаттанған жаққа иіледі, иегі сау жаққа бұрылады. Оның себебіне төс-бүғана-емізік бұлшықетінің қысқаруы немесе мойын омыртқаларының ауытқулары жатады.

Емі. Консервативті емі — нәрестені ораған сайын денесін шынықтыру, мойынға массаж жасау және ортопедиялық бандаж (жаға) кигізу керек, физиоем тағайындалады.

Хиругиялық ем — бір жастан асқаннан кейін, консервативті ем нәтиже бермеген жағдайда жүргізіледі. Төс-бұғана-емізік бұлшықетін кеседі немесе оның сіңірін ұзартады және кеңірдектің алдында орналасқан шандырды тіледі. Операциядан кейінгі кезеңде қатты бандажбен мойынды бекітіп, массаж бен емдік дене шыныктыру тағайындалады.

Мойынның орталық кисталарымен жыланкөздері қалқанша-тіл өзегінің қалдығы болып табылады. Олар тіл асты сүйегі мен қалқанша шеміршегінің жоғаргы қырының арасында дененің ортаңғы сызығының бойымен орналасады.

Клиникалық белгілері. Киста домалақ пішінді, жұмсақ эластикалық консистенциялы, терімен жабысқан және жұтынғанда тіл асты сүйегімен бірге қозғалатын ісік ретінде байқалады. Киста қабынғанда шекарасы жоқ, ауырсынатын инфильтрат пайда болады. Ол іріңдеп, жыланкөздің дамуының себепшісі болуы мүмкін. Жыланкөздің жолын анықтау үшін, фистулография жүргізіледі.

Емі — хирургиялық операция: киста мен жыланкөзді кесіп алып тастайды.

Мойынның бүйірлі кисталары мен жыланкөздері қалқанша-жұтқыншақ өзегінің, желбезек доғалары мен саңылауының, жұтқыншақ қалтасының қалдығы болып табылады. Олар көмекей мен төс-бұғана-емізік бұлшықстінің арасында мойынның жоғарғы бөлігінде орналасады. Клиникасы мен диагностикасы мойынның орталық кисталары мен жыланкөздеріндегідей болады.

Емі— киста мен жыланкөзді кесіп алып тастау.

Мойының қосымша қабырғалары. Мойын омыртқаларының даму ақауы болып табылады. Клиникалық көрінісі мойынның қысқаруымен, оның деформациясымен тамырлар мен нервтердің қысылуымен сипатталады. Диагностикасында рентгенологиялық зерттеу әдістері жүргізіледі.
Емі — хирургиялық: қосымша қабырғаларды алып тастау.

Кеуде торының даму ақаулары

Воронка тәрізді кеуде торы. Бұл ақауда төс сүйегі қабырғаның шеміршекті бөлігімен бірге ішке кіріп, кеуде торының алдыңғы бетінде шынақша пайда болады. Балаларда кеудеторының деформациясы мен «парадоксальді тыныс алу» белгілері байқалады -тыныс алғанда төс пен қабырғалар ішке кіреді. Балалар тыныс алу жолдарының қабыну ауруларымен жиі сырқаттанады.

Шоқы (қыр) тәрізді кеуде торы — төс сүйегі мен қабырғалар шоқы тәрізді сыртқа шығып тұрады. Бұл ақауда косметикалық кемістіктермен қатар, көкірекаралық ағзалардың орналасу өзгерістері және олардың қызметінің бұзылыстары байқалады. Диагнозды нақтылау үшін, рентгенологиялық зерттеу әдістері жүргізіледі.
Емі. Кішігірім өзгерістерде консервативті ем қолданылады: емдік дене шынықтыру, массаж. Ауыр жағдайларда — хирургиялық жолмен түзетіледі. Төс сүйегі мен қабырғалар кесіледі, содан кейін оларды қалыпты жағдайда орналастырып, тігіс салады және корсет кигізіп бекітеді.

Құрсақ қуысының даму ақаулары

Кіндік жыланкөздері — сары уыз немесе қуық өзектерінің жабыламауының нәтижесінде пайда болады. Қуық өзегі толық бітіспесе, қуық-кіндік жыланкөзі (урахус), ал жартылай ғана жабылса — қуық дивертикулы дамиды. Сары уыз өзегі толық бітіспесе, нэжістің бөлінуімен сипатталатын ішек жыланкөзі, ал жартылай жабылса — меккель дивертикулы пайда болады, көбінесе ап илеоцекальді бұрыштан 30-80 см кашыктықта орналасады, ұзындығы 3-8 см дейін болады және асқынған жағдайдадивертикулит немесе ішектің түйілуі дамуы мүмкін. Диагнозды нактылау үшін, фистулография жүргізіледі.
Емі. Хирургиялық операция — жыланкөзді немесе дивертикулды кесіп алу және ішектің немесе қуық қабырғасының кемістігін тігу.

Кіндік жарығы (эмбриональді жарық) деп — кіндік аймағында ішастарымен қапталған ағзалардың кемістік арқылы сыртқа шығуын айтады. Ол домалақ пішінді (5-10 см) болады және нәресте жылағанда көлемінің ұлғаюымен сипатталады.
Емі. Перитониттіңдаму каупі жоғары болғандықтан, балағатуыла салысымен алғашқы сағаттарда хирургиялық операция жасау керек.

Бүкірлік (кифоз) — омыртқалардың деформациясы болып табылады.
Клиникалық белгілері. Косметикалық кемістіктен басқа, тыныс алу және жүрек-қан тамыр жүйелерінің бұзылыстары дамиды.
Емі. Омыртқаның аздаган өзгерістерінде консервативті ем қолданылады: массаж, емдік дене шынықтыру, физиотерапия. Қызметтік бұзылыстармен сипатталатын айқын деформацияда, омыртқа бағанасына пластикалық түзету операциясы жүргізіледі.

Аяқ қолдың даму ақаулары

  1. Макрамелия — аяқ-қолдың көлемінің үлғаюы.
  2. Макродактилия — жеке саусактардың үлғаюы. Бұл ақаулар, әдетте артериовенозды жыланкөздердің дамуымен сипатталады.
  3. Эктромелия — аяқ-қолдың толық болмауы.
  4. Гемимелия — аяқ-қолдың дистальді бөліктерінің (қол ұшының, білектің, аяқ үшының немесе сирақтың) болмауы.
  5. Фокомелия -аяқ-қолдың проксимальді бөліктерінің (иықтың немесе санның) болмауы, бірақ дистальдІ бөліктер қалыпты дамып жетіледі. Айтылып кеткен ақаулардың емі — протез жасау.

Ортан жіліктің туа біткен шығуы. Бұл ақау ортан жілік басының орналасу бұзылыстарымен сипатталады — ол өзінің орнынан ауытқиды және ұршық ойыгынан тыс орналасады.
Клиникалық белгілері. Ерекшеліктері жасына сай болады. Нәрестелерде ұршық буынында енжар қозғалыстар бұзылады, екі санындағы тері қатпарлары біртекті болмайды, зақымдалған аяғы аздап қысқарады. 1 жастан асқан балаларда «үйрек» жүрісі (екі жағы шыққанда) пайда болады, ал бір жақты шығуда — ақсаңдаушылық, аяқтың аздап қысқаруы, жамбастың деформациясы, зақымдалған санды сыртқа әкетудің шектелуі және ұршык буынының қозгалгыш болуы (салбырап қалуы) байқалады.
Диагностикасы. Диагноз клиникалық белгілерге және рентгенологиялық зертеу әдістерінің қорытындысына сүйеніп қойылады.
Емі. Ортан жіліктің басын орнына салып, аяққа иммобилизация жасайды — жасына және ақаудың айқындылық дәрежесіне байланысты жөргектеу, гипсті лонгеталар немесе ортопедиялық құралдар пайдаланылады. Хирургиялықоперация 2 жастан асқаннан кейін орындалады, орнына түспейтін шығуларда — 1 жасқа толғанда жасау керек. Операцияның 3 түрі бар: буынішілік, буынсыртылық жэне біріктірілген операциялар.

Туа біткен аяқ ұшының маймақтылығы. Клиникалық белгілері. Аяқ ұшының мынадай деформациялары байқалады: эквинус (аяқ ұшының табандық бүгілуі), супинация (аяқ ұшының ішкі бөлігінің көтеріңкі орналасуы, ал сыртқысының-төмен түсуі), аддукция (алдыңғы бөлігінің әкеліп орналасуы), тегістелген аяқ ұшы (табан күмбезінің тегістелуі), қуысты аяң ұиіы (табан күмбезінің ұлғайып, көтеріңкі тұруы). Бұл ақауда сирақтың бұлшықеттерінің семуге ұшырауы және сирақ-асық буынындағы қозғалыс- қимылдардың көлемінің шектелуі байқалады.
Емі. Аяқ ұшын қолмен түзетіп, дәке орағышымен немесе гипспен бекітіп қояды, емдік дене шынықтыру, массаж тағайындалады. Егер осы шаралар тиімсіз болса, онда хирургиялық операция орындалады — байламдарды тілу, сіңірлерді ауыстырып орныктыру немесе аяқ ұшы сүйектерінің сына тәрізді резекциясын жасау. Содан кейін, аяқұшын қалыпты жағдайда орналастырып, гипс таңғышымен бекітеді.

Полидактилия –саусақтардың санының көбеюімен жэне аяқ-қол ұштарының қызметінің бұзылуымен сипатталады. Емі. Қосымша саусақтарды хирургиялық жолмен алып тастайды.

Эктродактилия — саусақтардың санының азаюымен сипатталады. Емі. Егер қолдың бас бармағы жетіспесе, аяқтың бірінші саусагын кесіп алып, микрохирургиялықтәсілмен ауыстырып отырғызады.

Синдактилия — бұл саусактардыңбір-бірімен (терісінің немесе сүйектерінің) жабысып бітісуі болып табылады. Емі. Бала 2-3 жасқа толғанда саусақтарды операция жасап ажыратады.

Қорыта айтсақ: Даму ақаулары – бұл ұрықтың құрсақішілік жетілуінің бұзылыстарының нәтижесінде дамитын, қызметінің өзгеруімен немесе жойылуымен сипатталатын ағзалар мен тіндердің кемістіктері болып табылады. Даму ақаулары тератогенді факторлардың әсерінен пайда болады.

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...