Стресс

Эмоционалды стресс. Күйзеліс

Күйзеліс (сресс) дегеніміз — бұл күшті әсерден адамда пайда болатын зорланған көңіл күй.

Күйзеліс – бұл қоршаған ортаның жағымсыз өзгерістеріне жауап ретінде организмнің ерекшеленбеген қорғаушы реакциясы.

Күйзеліс (стресс) түрлері

  • Кәсіби күйзеліс ( жұмыста болған күйзеліс)
  • Сезім әрекетіне бой алдырған күйзеліс
  • Жарымжандық күйзеліс
  • Рухани қалып күйі күйзелісі
  • операциялық күйзеліс ( хирургиялық операцияға организмнің реакциясы )
  • Жарақаттау қызметін басынан кешіруден пайда болған күйзеліс және т.б.

стресс қазақша

Күйзеліске нелер түрткі болуы мүмкін?

  1. Физикалық түрткілер: ыстық, суық, шу, от, жол қозғалысы, зорлық – зомбылық, аурулар, жұмыс жағдайларының нашарлығы және т.б.
  2. Әлеуметтік түрткілер: қоғамдық, эконоикалық және саясаттық; отбасылық; жұмыспен, мансаптылықпен байланыстылар; жеке адамдар аралық.
  3. Отбасылық түрткілер: міндеттерді бөлу, қызғаншықтық, құндылықтар жүйесіндегі өзгешелік, аурулар (отбасындағы өлім – жітім және т.б.)

Стресстің (күйзеліс) бірнеше сатылары болады. Олар:

Бірінші (үрейлену сатысы). Мұндай кезеңде жүрек жиірек соғады , ас қорыту уақытша тойтарылады. Адам бұндай күйде ұзақ бола алмайды , өйткені шаршайды.

Екінші (қарсыласу сатысы). Ол күйзеліс жағдайының даму және жалғасуына қарай басталады. Бұл сатыда адам жағдайларға бейімделе отырып , қолайлы ережеде әрекеттенеді. Бұл саты біршама ұзаққа созылуы мүмкін.

Үшінші (әлсіреу сатысы). Әлсіреу сатысы, егер күйзеліс тым күшті немесе ұзақ болғанда басталады. Оның белгілері; сезім әрекетіне бой алдырған (үрейлену, енжарлық, кейігіштік, психикалық шаршағандық), мінез – құлықтық (жауаптылықтан және өзара қатынастан бойды аулақ салу, ойда болмайтын мінез көрсету, өзіне көңіл қоймау) және соматикалық (денсаулықтың нашарлауы, жүдеу, тым көптеп дәрі – дәрмек қолдану) салаларында басталады. Қарсыласу мүмкіншілігін жоғалту ауруларға, психологиялық жарақат алуға, әкеліп соғады.

Кейбір батыс сарапшыларының бағалаулары бойынша аурудың 70% сезім әрекетіне бой алдырған күйзелістермен байланысты болған. Еуропада жыл сайын миллиондаған адамдар күйзеліске байланысты жүрек-қантамыр жүйесінің қызметтерінің бұзылысынан өлген.

Күйзелістің екі түрі

«Жағымды» күйзеліс ұзақтайын көтеріңкі көңіл күйде болуға әкеледі, оның өзі организмге жақсы әсер етеді: иммунитет артады, аурулардың беті қайтады, адам қуаныш толысуын сезінеді, өте жақсы көрінеді және тамаша сезінеді.
«Жағымсыз» күйзеліс дағдылы қалыптан ұзақ уақытқа шығарып тастайды және денсаулығына елеулі зиян келтіреді.

Негізгі белгілері:

  1. ұмытшақтық,
  2. көтеріңкі қозғыштық,
  3. тұрақты шаршағандық,
  4. әзіл – оспақты түсіне білуден айырылу,
  5. Кенет тартылатын сигарет санының көбейуімен бірге бір мезгілде алкогольдік ішімдікке құмарту
  6. ұйқы мен асқа деген зауықтылықтың жоғалуы
  7. ақыл – естің төмендеуі
  8. Кейде, бас, арқа, асқазан тұстарында былай айтылатын «психосоматикалық» ауру дегеннің кездесуі мүмкін.
Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (2 бағалар, орташа: 5,00 тен 5)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...