Вирустарды өсіру әдістері. Вирусология

Вирусология – вирустар туралы ғылым. Вирусология биология мен генетикада, молекулярлы биологияда, ветеринарияда, фитопатологияда үлкен орын алады. Вирустар мен вирустық ауруларды зерттеуде вирусологтар мен иммунологтар ғана емес және де патологтар, инфекционистер, терапевттер, невропатологтар, онкологтар және басқа да мамандар айналысады.

Вирустардың өмірлік циклі жасуша нысанындағы мембранасына адсорбциялаудан басталады және жасушада қайта синтезделген вириондардың шығуымен аяқталады.

вирустарды өсіру

Вирустарды өсіру

Цикл келесі стадиялардан тұрады:

  1. Адсорбция.
  2. Жасушаға вириондардың өтуі, суперкапсиді және ақуыздарды бір уақытта бұзып, геномды нуклеин қышқылдарының шығуы.
  3. Жасушаішілік вирустардың көбеюі, жетілген вириондардың жасушадан шығуы.

Вирустардың жасушаға енуінің 2 — механизмі бар:

  • Вирустардың суперкапсиді мен жасуша мембранасымен қосылуы, осыған байланысты нуклеокапсид цитоплазмаға босап шығып, вирустың геномын қасиетін шығарумен сипатталады.
  • Екінші механизмі рецептор арқылы эндоцитоз (тиноцитоз) деп аталады.

Вирустар облигатты жасушаішілік паразит болып табылады, олар жасанды қоректік ортада өсуге қабілетісіз. Оларды дақылдау үшін 3 әдіс қолданады.

  • Жасуша дақылында.
  • Тауық эмбрионында.
  • Жануарлар организмінде.

Вирустардың облигатты паразитизмнің себебі оларда жасушалық құрылым мен меншікті зат алмасу процесі болмайды. Дақылдау әдісін таңдау вирустың мақсатына байланысты. Жасуша дақылын алғашқы (егілетін) жартылай егілетін және егілетін деп бөлінеді.

Алғашқы 5-10 пассажға төтеп беретін жасуша дақылы жатады. Алғашқы дақылды дайындау бірнеше этаптан тұрады:

  • ұлпаны ұсақтау
  • трипсинизация жолымен жасушаларды ажырату,
  • жасушаларды трипсиннен ажырату,
  • біртекті изоляцияланған жасушаларды қоректік ортада суспензиялау егілетін бір қабатты жасуша дақылдарын қатерлі және қалыпты жасуша тізбегін құрайды.

Оларға қатерлі ісік жасушалары, адамның, маймылдың бүйрегінің қалыпты жасушалары жатады. Жартылай егілетін дақылдарға адамның диплоидты хромосома жиынтығын сақтайтын жасуша жүйесі ретінде беріледі.

Вирустың жасуша дақылында өсуін цитопатиялық эффектісі, жасушада қосымшалар түзілуі, теңбіл дақтардың түзілуі бойынша және гемадсорбция феномені мен түрлі түсті реакция бойынша бағалайды. ЦПҚ-жасушаның микроскоппен көрінетін өзгерістері. Қосымшалар — арнайы бояу әдістерінде ядро мен цитоплазмада кездестіруге болатын вирустық бөлшектердің, вирустық ақуызтардың жұмысы.

Теңбіл дақтар (бляшкы)— вирустардың әсерінен жасушадағы бұзылған бөліктер, оны бірқабатты жасуша дақылында вирустарды өсіру кезінде байқауға болады.

Гемадсорбция реакциясы — вируспен залалданған жасуша дақылдарының өзінің беткейінде эритроциттерді адсорбциялау қабілеті, түрлі-түсті (цветная проба) сынақ индикаторлы қоректік орталардың түсіндегі өзгерістерге негізделген.

Вируспен залалданбаған жасушаның өсуі салдарынан метаболизм өнімдері жинақталып, қоректік орта түсінің өзгеруі туады. Залалданған тіндер дақылдарында кейбір вирустар өзінің цитопатикалық әсерін бірнеше күннің ішінде, басқалары 1-2 апта өткен соң, вирустың қасиетіне, санына байланысты және жасушаның ерекшелігіне байланысты көрінеді.

Тауық эмбрионы вирусологиялық тәжірибеге 1931 жылы енгізілді. Тауық эмбрионын тұмау, герпес, жел- шешек вирустарын дақылдауда кеңінен қолданады, олар амнионда, хорионалантоисты қабықшада, сарыуыз қапшығында аллантоисты қуыста репродукцияланады.

Бұл әдістің көпшілігі эмбрионды жармай жатып зерттелуші микробты таба алмауы және онда ақуыз деп басқа қосылыстардың көп болуы, бұл әртүрлі препараттар дайындағанда олардан вирусты тазартып алу қиындығын туғызады. Вирустық инфекциялық аурудың моделін тұрғызу және вирусты бөліп алу үшін жаңа туған жануарларды пайдаланып, тері асты, тері ішілік, бұлшық ет ішілік, құрсақ ішілік, субдуральды және т.б. залалдау әдістерін қолданады.

Бұл әдістің артықшылығы — басқаларда нашар өсетін вирустарды алу мүмкіншілігі бар. Көпшілігі жануар организмінің басқа вирустар мен микоплазмалармен контаминациясы және де сол вирустың таза дақылын алу үшін қайта залалдау қажеттілігі, бұл зерттеу мерзімін ұзартады.

Гемадсорбция реакциясы вирустарды жасуша дақылында немесе тауық эмбрионында индикациялау үшін қолданады.

Фагтың бактериальды жасушаға адсорбциясы. Жасуша қабырғасынан айрылған бактериофагтарда (протопластарда) адсорбция жүрмейді. Фаг нуклеин қышқылының өсінді каналы арқылы бактерия жасушасына инъекция жолымен өтеді. Бұндай жағдайда адам мен жануар вирусына қарағанда айырмашылығы, бастың капсид ақуызтары мен өсінділері жасушаның сыртында қалып қояды.

Нуклеин қышқылы фагының репликациясы және фаго арнайы ферментінің транскрициясының синтезі және көптеген репликациялар басқа вирустардың репродукциясы сияқты жүреді. Жетілген фагтар бактерия жасушасынан жарылыс жолымен шығады, ал кейбір ДНҚ- лы жіпшелі фагтар бактерияның жасуша қабырғалары арқылы сыртқа шығарылады.

Вирустардың типтерін анықтау, арнайы сары су көмегімен вирустың биологиялық активтілігін нейтрализациялау негізделген.

  1. Ең соңғы нәтижесі олардың келесі белгілерімен сипатталады:
  2. Цитопатикалық жердің нейтрализациясы.
  3. Гемадсорбция реакциясының нейтрализациясы.
  4. Түрлі-түсті сынама өзгерісінің айқындалуы.
  5. Гемаглютинация реакциясының тежелуі.
  6. Сезімтал жануарларға тәжірибе жүзіндегі нейтрализация.
Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...