Гуморалды иммунитет жүйесі

Гуморалды иммунитет жүйесі

Гуморалды иммунитет жүйесі— антигендерге қарсы антидене синтездеу қызметін атқаратын арнайы жүйесі болып табылады. Оның функционалдық белсенділігі иммунитеттің Т-жүйесі және мононуклеарлы фагоциттер  жүйесімен тығыз қарым қатынасуына байланысты болады.

Гуморалды иммунитет жүйесінің негізгі жасаушалары антидене синтезіне жауапты В-лимфоциттері болып табылады. Антидененің гуморалды иммундық жауапта қатысуы еритін және корпускулалы антигендермен иммундық жауапта  қатысуы еритін және корпускулалы антигендермен иммундық комплексі түзілуіне байланысты. Иммундық комплекстің құрамында антигендер оқшауланады және немесе жойылады. Бұл негізгі үш тәсілге байланысты: (нейтрализация), комплемент жүйесінің активтенуі және фагоцитоз.

Сонымен, антидене гуморалды иммунитет жүйесінің негізгі эффекторлы бөлігі  болып табылады. Антидененің негізгі қызметі антиденді арнайы байланыстыру. Антиген мен антидененің арнайы әсерлесуі олардың арасындағы комлементарлық пен кеңістіктік сәйкестікке негізделген.

гуморалды иммунитет жүйесі

Ең алғаш гуморалды жүйенің орталық мүшесі құстарда табылған, ол Bursa Fubricius мүшесі, сол себептен Bursaдағы лимфоциттер В-лимфоциттер деп, ал гуморалды иммуниттет жүйесі В-жүйесі деп аталған. Сүтқоректілерде Bursa Fubricius аналогы эмбрионалды кезеңінде –бауырдағы қан ошақтары, ал постнаталды кезең –сүйек кемегі болып табылған.

В- жүйенің шеткері мүшелеріне көкбауырдың, лимфа түйіндердің және басқа (бадамша бездер, аденоидтар, ішектің табақшалары, аппендикс) лимфоидтық түзілімдерінің тимустәуелсіз аймақтары жатады. Бұл В- лимфоциттердің көп шоғырланған аймақтары, ал тимустәелді аймақтарда қан айналым арқылы айырша безден көшкен Т-лимфоциттер орналасқан.

Шеткері қанда барлық лимфоциттердің арасында В-лимфоциттер 20-30/ құрайды. Негізінде ол бастапқы даму  кезеңінен сүйек кемігінде өтіп, шеткері лимфа мүшелерінде орналасатын толық жетілмеген жасаушалардан тұрады. Лимфоидтық мүшелерде антигенмен байланысудан кейін, В-лимфоциттер соңғы дифференциалану өтіп, антигенге қарсы антигенге қарсы антидене түзу қабілетіне ие. Антигендік детерминанталары теориялық мүмкін болатын конфиграциясының мөлшері жіне сәйкесінше арнайы  антиденелер саны 10-10 ретімен бағаланады. Антидененің осындай көптүрлігі туралы сұрақ – иммунологиядан ең қиын сұрақтардың бірі. Қазіргі кезде жалпы қабылданған пікір әрбір жеке организмде иммунолобулиннің ауыр және жеңіл вариабельді аймақтарын және олардың комбинацияларын кодтаушы тендердің үлкен жиынтығымен қамтамасыз етілген антигендердің көптүрлілігінің жоспарлануы болып табылады.

Антидене кез келген антиденеге жауап ретінде түзілсе де, олар антигеннің шығарылуымен немесе бұзылуын қамтамасыз ететін қорғаныстық әрқашан да орындай бермейді. Мыслы, ісікке қарсы антидене белгілі бір жағдайда, ісік жасаушының ісікке қарсы антидене белгілі бір жағдайда, ісік жасаушының жойылуына емес, оның өсуіне әкелуі мүмкін.

Ең біріншіден, гуморалды иммуниттет жүйесі жасушадан тыс бактерия мен вирустарға қарсы белсенді болады, сондықтан оның негізгі қызметі инфекцияға қарсы иммунитет құру болып  табылады.

  • Инфекцияға қарсы иммунитетте қорғаныстық әсер ету механизмі бойынша ерекшеленетін антиденелердің бірнеше топтары болады;
  • Бактериалдық токсиндерді бейтараптаушы антиденелер;
  • Вирустың жасаушаға жабысуына қарсы, вирусты бейтараптаушы антиденелер;
  • Комплемент қатысуымен бактерианың жойылуын (лизиске ұшырау) шақырушы антиденелер;
  • Қоздырғышты опсонизациялаушы және оның ферменттік жүйесін басушы антиденелер;
  • Макрофагтарды  опсонизациялаушы және фагоцитозды күшейтуші антиденелер;
  • Еритін  антигенмен комплекс түзіп, комплементтің активтенуінің есебінен қан тамырларыеың өткізгіштігінің жоғарлауын шақырып және жедел қабыну белгілерінің дамуына қатысушы антиденелер;
  • Гельминттерге қарсы полиморфты ядролы лейкоциттердің цитотоксикалық әсерін күшейтуші антиденелер.
Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (1 бағалар, орташа: 5,00 тен 5)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...