В лимфоциттер. Дифференциялануы

В-лимфоциттердің шығуы мен дифференциялануы

В-лиффоциттер шығуы мен дифференциялануының негізгі кезеңдері:

  1. Сүйек кемегінің көп қабілетті бағаналы жасаушалары (ҚҚБЖ)
  2. ЛБК – лимфоциттердің бастауышы жасушалары (жалпы лимфопоэз бастаушысы)
  3. Бастауышы В-лимфоциттер (б-В)
  4. В0-лимфоциттер
  5. В1-лимфоциттер
  6. В2-лимфоциттер

Сүйек кемегіндегі антигентәуелсіз дифференцияланудың кезеңдері.

ҚҚБЖ –ЛБЖ- бастаушы- В-лимфоциттер -Во

Иммунитеттің шеткері мүшелерінің тимустәуелсіз аймақтарында өтетін антигентәуелді дифференцияланудың кезеңдері: В1-лимфоциттер –В2- лимфоциттер

В-лимфоциттердің бастаушы, басқа қан жасаушалары тәрізді, сүйек кемегінің көп қабілетті бағаналы жасаушасына жатады. Барлық Т-және В-лимфоциттердің жалпы бастаушы жартылай бағаналы жасушалы кезеңі арқылы бастаушы В-лиффоциттер пайда болады, олар кейіннен жетілмеген ВО-лимфоциттерге айналады. Бұл дифференциялануы сүйек кемегінде бөгде антигенмен байланыспай тұрып өтеді.

Во-лимфоциттер қан айналым арқылы көшіп, шеткері лимфоидты мүшелердің тимустәуелсіз аймақтарында қоныстанады. Сол жерде В- лимфоциттердің әрі қарай жетілуі мен диференциялануы өтеді, сөйтіп  организмге түскен антигендермен байланысу  арқылы, олар иммунологиялық серпілістерге бейімділігін алады.

Во-лимфоциттердің – бұл иммунологиялық жетілмеген лимфоциттер популяциясы. Олардың бетінде тек М класына жататын иммуноглобулиндік антигентанушы рецепторлары орналасады. Олар белсенді орталықтары сыртқа қарап, В-лимфоциттердің плазмалық мембранасында тіркелді, бірақ ол рецепторлардың тығыздығы   Во-лимфоциттерде өте төмен болады, сондықтан олар антигенмен толық байланыса алмайды және шеткері қанға иммуноглобулиндерді. Во-кезеңі  В-лимфоциттердің клондар құрылуы кезеңіне сай  келеді. В-лимфоциттер клондары –ол бетінде бір арнайылықты иммуноглобулиндік рецепторлы бар лимфоциттер тобы.

В1-лимфоциттердің — бүл шеткері В-лимфоцитгердің жартылай жетілген дифференциялану кезеңі. Олардың бетінде де рецепторлы М иммуноглобулиндері болады, бірақ олардың тығыздығы Во кезеңіне қарағанда, бірнеше рет жоғары болады. В,-лимфоциттер тимустәуелсіз антигендерге қарсы шеткері қанға иммуноглобулин М синтездейді; ол біріншшік иммунды жауаптың негізі бол саналады, бірақ соңымен қатар В-лимфоциттер макрофаггармен жэне Т-лимфоциттермен кооперацияға түсе алмайды, сондықтан тимустәуелді антигендерге антидене синтездей алмайды.

В^лимфоціптерге беткері СD5 маркері тән. СD5+ В-жасуша-ларда арнайылығы төмен иммуноглобулиндік рецепторлар бар және олар бактериялық полисахарвдтік антигендерімен байланы-су қабілеті жиі көрінеді.

В2-лимфоциттердің — бұл популяция жағынан көп, иммунды хабарлы жетілген жасушалардан түратын популяциясы. В,-лимфоцитгер бетінде (дифференциялаушы) иммуноглобулин D-рецепторы пайда болады, ол — лимфоциттердің жетілгендігін көрсетеді. Сонымен қатар, В2- лимфоцитгердің бетінде барлық иммуноглобиндердің кластарына жататын антигентанушы рецепторлары пайда болады. В2-лимфоциттер кез –келген антигенге қарсы (тимустәуелсіз және тимустәуелсіз) жауап қайтарады және барлық иммуноглобиндерді синтездей алады, ол – екіншілік иммунды жауаптың негізін құрады.

В1-лиффоциттер тек иммуноглобиндер синтездейтін плазмалық жасаушаларға айналмайды, сонымен қатар антиген жайлы хабар сақтай алатын еске сақтаушы В- лимфоциттерге де айналады. Организмге қайта антиген енгенде, еске сақтаушы В-лимфоциттер көмегімен антиген тануы жеделірек жүріп, сай келетін В- лимфоциттер клоны көбейіп, антигенге қарсы арнайы антиденелер синтезделінеді.

В2-лимфоциттер кезеңінде снтигентәуелді  дифференциялануы нәтижесінде, белгілі антигенге әсер көрсетуі В- лимфоциттер клонның әсер көрсетушісі В-лимфоциттер клонның әр қайсысының ішінде кезекпе- кезек  иммунолобулиндердің  молеклаларының ауыр тізбегінің синтезін кодтаушы гендердің алмасуын соңында В2- лимфоциттердің негізгі төрт тогбы пайда болады: Bu By   Be  Ba  олар  ІgМ, ІgG, ІgЕ ІgА-синтезделуімен секрециясын жүзеге асырады.

Дифференциялану кезінде бірінші болып бетінде  ІgD және ІgМ орналасқан В2-лимфоциттер тобы пайда болды, кейін олар М иммуноглобинның сыртқы синтездейді.

Содан кейін,  дифференцияланук кезінде  гендердің алмасуы нәтижесінде бетінде ІgD және ІgG бар В2-лимфоциттер тобы  құрылады, олар берілген антигенге қарсы ІgG, синтездейді. Үшінші болып- бетінде ІgD және  ІgЕ бар,  ІgЕ синтездеитін В2-лимфоциттер тобы  құрылады, ал ең соңғы төртінші топқа – бетінде ІgD және ІgА бар В2-лимфоциттер кіреді, олар ІgА түзуші плпзмалық жасущаларға айналады.

В2-лимфоциттер бетінде ІgD тек мембраннамен байланысқан түрінде болады, қалыпты жағдайда сыртқа өте аз бөлінеді. Бұл иммунологлобулин әсері толық  зерттелмеген, бірақ В-лимфроциттердің бетінен алынып тасталса, онда оның тимустәуелді антигенге әсер.

Сөйтіп, организмге кез – келген антиген түскенде (тимустәуелді және тимустәуелсіз) гуморалды жауап кезінде антигенге қарсы бірінші ІgМ синтезделінеді, ал содан кейін басқа кластарының иммуноглобулиндері-, ІgG, ІgЕ ІgА-синтезделінеді, бұл организмнің тіндері мен мүшелерінің  эффективті қорғанысын қамтамасыз етеді.

В-лимфоциттердің негізгі рецепторлары және маркелері

В- лимфоциттердің бетінде келесі рецепторлы анықталған:

  • Антигентанушы  иммуноглобундік рецепторлары;
  • Тышқан эритроцттеріне сай рецепторлар;
  • C3b-рецепторлар (комплемент жүйесінің C3b- фрагментіне)
  • Fc-рецепторлар (иммуноглобундердің Fc- фрагментіне)
  • Іа- рецепторлар (HLA –комплексінің DR-нәруызына)
  • В-митогендерге сай рецепторлы (декстран сульфаты, полисахаридтер, бактериалды липополисахаридтері, т.б)
  • Эпштейн-Барр вирусына арналған рецептор (жұқпалы мононкулеоз қоздырғышы)
Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...