Сүйек тінінің дамуы. Жасқа сай ерекшелігі

Сүйек тіні, ұлпасы. Жасқа сай дамып жетілуі. Ерекшелігі, регенерациясы

Сүйек ұлпасы (textus ossei) байланыстырғыш ұлпаның арнайы типі. Жасушааралық заты минералдардан тұрады. Құрамында 70 % бейорганикалық заттардан, негізінен кальций фосфаты. Осы ұлпалардан қанқа сүйектері құралған.

Олар басқа байланыстыратын ұлпаларға қарағанда тірек, механикалық, ішкі органдарды қорғау қасиеттерімен және де кальций, фосфор тұздарының депосы болып саналады. Органикалық құрамы көбіне ақуыз бен липидтерден тұрады. Органикалық және бейорганикалық бөлімдері қосылып мықты, берік тірек ұлпасын береді, яғни созылуға, қысылуға қарсы тұратын қасиеті бар.

Сүйек ұлпаларында минералды заттардың көптігіне қарамастан сүйек ұлпасында әрдайым бұзылулар мен жаңа түзілулер болып тұрады. Атқаратын қызметіне байланысты да адаптивті өзгерістер болады.

Сүйек ұлпасының құрамы жас ерекшелігіне, тамақтың ерекшелігіне, бұлшық еттің жұмысының және де ішкі секрецияға байланысты өзгереді. Негізінен сүйек ұлпасының екі түрі бар:

  1. ретикулофиброзды
  2. пластинкалы

Постэмбриональдық сүйектердің дамуы регенерациялық және эктопикалық гистогенезде жүзеге асады.

Сүйек ұлпалары үш түрлі клеткалардан тұрады:

  1. остеоцит
  2. остеобласт
  3. остеокластар
Сүйек тіні ұлпасы

Сүйек тінінің жасушалары

Остеоциттер (гр ostcon- сүйек, cytus-жасуша)-сүйек жасушалары. Бұлар санына қарай сүйек ұлпасының дефинитивті клеткалары, бөлінуге деген қасиетінен айрылған. Остеоциттердің компакті үлкен ядро және әліз базафильді цитаплазмасы бар. Органеллалары әлсіз дамыған жасуша центриом жасушада табылмаған. Сүйек клеткалары сүйек беткейлерінде немесе лакуналарда жатады және де остециттің контурын қайталайды. Беткейлердің ұзындығы 22-55 мкм, ені 6-14 мкм дейін өзгеріп отырады. Сүйек беткейлерінің каналдары ұлпалық сұйықтықпен толтырылған. Остеоциттер мен қан арнасында зат алмасу ұлпалық сұйықтық арқылы жүзеге асады.

Остеобласттар, остеобластоциттер (гр. osteon-сүйек, blastos-зачаток). Бұлар жас жасушалар, сүйек ұлпасын құрайды. Қалыптасқан сүйектер сүйекүстінің (надкостница) терең қатпарларында және травмадан кейін регенерация жүрген сүйек ұлпаларында кездеседі. Қалыптасып жатқан сүйектің бүкіл беткейін үздіксіз қабатпен қаптайды. Остеобласттар әр түрлі формада болады: кубтәрізді, пирамидалық, бұрышты (углаватый). Оның денесінің пішіні шамамен 15-20 мкм. Ядролары домалақ немесе овальды формада, бір немесе бірнеше ядрошықтан тұрады.

Остеобласттардың цитоплазмасында гранулалық эндоплазмалық тор, митохондриялар және Гольджий жиынтығы жақсы дамыған. Остеобласттар, остеоциттер сияқты бөлінбейтін клеткаларға айналады.

Остеокласттар -(гр.octeon-сүйек, clao-ұсақтау,сындыру). Бұл клеткалардың табиғаты гематогенді, шеміршек пен сүйекті бұзу қабілеті бар. Олардың дияметрі 90 мкм және одан үлкен дәрежеге дейін жетеді. Оларда үш бірнеше ядро болады. Цитоплазмасы әлсіз базафильді, кейде оксифильді остеокласттар өзінің қоршаған ортасына СО2 бөледі, ал карбоангидраза ферменті қышқылдардың (Н2 СО3) қалыптасуына әкеледі. Ол сүйектің органикалық матрицасын және кальций тұздарын ерітеді. Остеокласт митохондрия мен лизосомаларға бай. Грануналық эндоплазмалық тор нашар дамыған. Остеокласт сүйек затымен жанасқан жерде лакуна түзіледі.

Жасуша аралық зат (substantia inter cellularis) негізгі заттан тұрады, онда коллагенді талшықтар орналасады. Оларда коллаген І типті ақуыз болады. Талшықтардың ретсіз немесе қатаң бағытталған бағытта болады.

Сүйек ұлпасының негізгі затында шеміршекке қарағанда хондронтин күкірт қышқылы көп болмайды. Біраз лимон және басқа қышқылда көп болады. Олар кальциймен комплект түзеді.

Сүйек ұлпасында 30-дан астам микроэлементтер (мыс, стронций, цинк, барий, магнит және т.б.) бар. Олар ағза метаболитикалық процестерінде үлкен роль атқарады.

Ретикулофиброзды сүйек ұлпасы. Құрылысы ретикулофиброзды сүйек ұлпасы (textus osseus reticulofib sus) негізінен жаңа туған балада кездеседі. Ересек адамдарда өскен бас сүйек жіктерінде, сіңірлердің сүйекке бекіген жерде кездеседі. Ретсіз орналасқан коллогенді талшықтар жуан шоғырлар жасайды, микроскоппен аз үлкейтсек те көрінеді.

Пластикалық сүйек ұлпасы. Құрылысы: пластинкалы сүйек ұлпасы (textus osseus lamellaris) көбінекей ересек организмде кездесетін сүйек ұлпасы. Олар сүйек пластинкаларынан тұрады. Көршілес пластинкалы талшықтың бағыты әр түрлі болады. Осының әсерінен пластинкалы сүйек ұлпасы берік болады. Жалпақ және түтікті сүйектер көбінесе осы сүйек ұлпасынан тұрады.

Сүйектің жасқа байланысты ерекшелігі

Бұл сүйектің құрамындағы химиялық заттардың өзгеруіне байланысты жүреді. Мұндай жағдайларда коллаген талшықтарының түрлері мен гликозамингликандардың қатынасы өзгеріп, сүйектің құрамында сульфаттанған қосылыстар пайда болады.

Сүйек тінінің дамуы

Тура остеогенез және Тура емес остеогенез деп жіктеледі.

Эмбрионның сүйек тінінің дамуы 2 тәсілмен жүзеге асады. 1) тура остеогенез-мезенхимадан тікелей даму; 2) тура емес даму – мезенхимадан дамыған шеміршектен даму. Сүйек тінінің дамуы барысында сүйек диффероны пайда болады: бағаналы жасушалар, жартылай бағаналы жасушалар, остеобласттар, остеоциттер

Сүйектің мезинхимадан дамуы

Сүйек тінінің мезинхимадан дамуы

 

Жілік сүйегінің құрылысы

Жілік сүйегінің құрылысы

 

Сүйек тіні

Сүйек тінінің көлденең кесіндісі

Сүйектің регенерациясы

Сүйектің физиологиялық регенерациясы периосттың остеогенді жасушалары арқылы  өтеді,бірақ өте баяу жүреді. Сүйектің жарақаттанып сынғаннан кейінгі регенерациясы , егер сынған сүйектің ұштары ығысып кетпесе тез жүреді. Бұл процеске- остеогенезге қатысатын жасушалар: остеобласттар мен остеокласттар қатысады. Алғашқы сүйектену кезеңінде дәнекер тінді шеміршек аралшықтары пайда болып,одан кейін екіншілік остеогенез процесі жүреді.

сүйектің қалпына келуі

Сүйек тінінің регенерациясы.

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (2 бағалар, орташа: 5,00 тен 5)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...