PH метрия

     Асқазанды кешенді зерттеу әдістерінің бірі – оның сөл бөлу қызметін,яғни асқазаның қышқылдық-пептидтік себеп-шарттар бөліп шығаруын зерттеу болып табылады.Қышқылдықты зерттеудің қолжетімді әрі тиімді әдісі рН-метрия болып табылады.Элетролиттік теорияға сәйкес ерітінділерде тұздар,қышқылдар мен сілтілер өздерін құраушы иондарға ажырайды.Бұл үрдіс асқазанда да өтеді.Қышқылдық-негіздік тепе-теңдік Н және ОН иондарымен анықталады.Қалыпты жағдайда: қан сары суының рН-ы  7,40 ± 0,05, жастыкі — 7,4 ± 0,1, терінікі — 6,2-7,5, сілекейдікі — 6,35-6,85, асқазан сөлінікі-   0,9 және одан да жоғары болады.

Рисунок10
Soren Peter Lauritz Sorensen (09.01.1868 – 12.02.1939)

рН көрсеткішін  және рН-метрия әдісін  алғаш ойлаптапқан ғалым:яғни,р- Potenz (немец.) және  puissance (франц.), ағылшын тілінде power немесе
potency,  орысшада — көрсеткіш. Соған
сәйкес puissance d’Hydrogen, power of Hydrogen, potency of Hydrogen, pondus hydrogenii тіркестері қолданылады..

Асқазан ішілік рН-метрияны 1915 жылы McCledon өткізді. McCledon бірінші рет асқазан ішілік қышқылдықты сутектік және каломельді электродтар көмегімен сипаттады. Ғалымның пайымдағаны – ашқарында асқазанда нейтральді орта болады,ал тамақ ішкеннен соң тұз қышқылының бөлінуіне байланысты рН 1,5 бірлікке төмен деп,асқазан босағаншасол қалпында болады.Бұл зерттеулерден шыққан қорытынды:қышқылдықтың көтерілуі әр адамның асқазан бездерінің ерекшеліктеріне байланысты.

 

 

Рисунок11

 

Николай Дмитриевич Девятков (11.04.1907 — 01.02.2001)

1969-1970  жылдары Фрязино қаласындағы ғылыми зерттеу институтында акдемик Н.Д.Девятковпен әлемдік тәжірибеде бірінші рет асқазанның әр түрлі екі бөлігінде қышқылдықты анықтайтын рН-зонд ойлап табылды және  қышқылдықты тіркейтін аппарат. 

Яғни,асқазандағы қышқылдықтың өзгеруі тітіркенгіштерге байланысты.

Ары қарай,осы институтпен үш,төрт,бес электродтары бар рН-зондтар ойлап табылды:интраоперационды,эндоскопиялық.балалар зонды.

Барлық рН-әдістерінің ішінде қазіргі уақытта ең жиі қолданылатыны – тәуліктік рН-метрия.Яғни, ГЭРА диагностикалауда  98%  нәтиже беретін осы әдіс..Қазіргі заманғы технологияның дамыуна байланысты бір уақытты АІЖ қышқылдықты және электролиттік белсенділігін анықтауға болады.

 

Тәуліктік рН-метрияда біз нені анықтаймыз?

 

  • Асқазандағы жалпы қышқылдықты
  • Бос тұз қышқылын анықтаймыз
  • Байланысқын тұз қышықылын анықтаймыз
  • Асқазан рагіне күмәнданғанда сүт қышқылын анықтаймыз
  • Пенсиннің көлемін анықтаймыз
  • Жасырын қанды тексереміз

Асқазанның тәуліктік рН-граммасы

Рисунок15

 

рН-метрияны өткізу көрсеткіштері:

  • Гастроэзофагеальды рефлюкс ауруы(ГЭРА);
  • Асқазан және он екіелі ішектің ойық жара ауруы;
  • Созылмалы гастриттің түрлі формалары;
  • Золлингер-Эллисон ауруы ;
  • Секрецияны төмендететін дәрілік заттардың әсерін бағалау;
  • Резекциядан кейінгі асқазанның жағдайын бағалау.

 

Рн-метрияға қарсы көрсеткіштер

  • Асқазан секрециясына әсер ететін стимуляторлар мен ингибиторлар.
  • Асқазаннан қан кету.
  • Аорта аневризмасы.
  • Күйіктер,дивертикулдар,өңештің сриктуралары.
  • Гипертензиялық аурудың ауыр формасы мен коронарлық жетіспеушілік.
  • Жұтқыншықтың обструкциясы.
  • Жақ пен беттегі ауыр жарақаттар.
  • Коагулопатияның ауыр формасы.

Салыстырмалы көрсеткіштер:

  • АІЖның жоғарғы бөліміне жасалған хирургиялық араласулар.
  • Өңештің ісігі мен ойық жарасы;
  • Өңеште варикозды веналардың болуы;
  • АІЖныңжоғары бөлімдерінен қан кету.

Стимуляторларға қарсы көрсеткіштер:

  1. Стиумляторды қолдануға қарсы көрсеткіштер  (гистамин, инсулин):
  2. Жүрек пен өкпе жетіспеушілігінің ауыр формасы;
  3. Гипертензиялық аурудың ауыр формасы;
  4. Бүйректік жетіспеушілік;
  5. Бауыр жетіспеушілігі;
  6. Қант диабетінің ауыр формасы;
  7. Анамнездегі аллергиялық формалар.
  8. Асқазан секрециясының стимуляторы ретінде пентагастрин қолданылады. Пентагастрин асқазанның антральді бөлігінде түзілетін гастрин гормонының аналогы.Гистаминнен ерекшелігі теріс әсерлерді тудырмайды.
  9. Пентагастринді қолдануға қарсы көрсеткіштер:қан айналымның жетіспеушілігі 1-3 стадиялары,жүрек ритмінің бұзылыстары,айқын гипертензия.

 

рНті анықтау көмегімен жүргізілетін негізгі зерттеулерді келесі топтарға бөлуге болады:

  • өңештің ұзақ уақыттық рН мониторингі,
  • асқазанның ұзақ уақыттық рН мониторингі,
  • қысқа уақытты асқазан ішілік рН-метрия
  • экспресс рН-метрия.

 

Асқазанның ұзақ мерзімді рН-метриясы мүмкіндік береді:

  • Табиғи жағдайларда,тәулік ішінде , әр түрлі факторлардың әсерінен қышқыл түзілуін бақылау.
  • Асқазанішілік қышқылдыққа әр түрлі дәрілік заттардың әсерін зерттеу.
  • Антисекреторлы дәрілік заттарға резистенттілікті анықтау.
  • Отадан кейінгі асқазанның жағдайын бақылау.
  • Қан кетумен жүретін ойық жарада қолданылатын антисекреторлы дәрілік заттардың әсерлісін таңдау үшін.

 

 

Трансназальды рН-зондтарды ринитттен,мұрын қалқанының қисаюынан,полиптерден зардап шегетін науқастарға енгізгенде сақ болу керек.Көбінесе осы аурулар қарсы көрсеткіштер болады және зонд шырышты қабықтарды тітіркендіргендіктен науқастарға жайсыздық сезіледі.рН-зонд науқас отырған қалпында енгізіледі.Науқастыңбірқалыпты дем алуын өтінеді,мұрын мен жұтқыншақтың анестезиясы үшін 10% лидокаин-спреем немесе 1 -2% 0,5 мл дикаин ерітіндісі енгізіледі.Зондтың басын вазелинмен,креммен,басқа да майлармен майлауға болмайды,тек суға салынып алынады.  

Рисунок14

 

Жалпы қышқылдықтың жоғары көрсеткіші,егер құрамында бос тұз қышқылдары болмаса,асқазан рагін болжауға болады.

Ал,асқазан қышқылының құрамында сірке қышқылы немесе май қышқылдары болса,асқазанда ашу үрдістері болып жатқанын,қабырғасының бүлінуінболжауға болады.

Қазірігі кезде хлокүмісті электродты басы бар рН-зондтардың үш түрі шығарылады.

пероральды (қысқа мерзімді зерттеулер үшін);

трансназальды (тәуліктік зерттеулер үшін);

Эндоскопиялық.

Ересектер және балалар үшін 11 түрлі пероральды зондтар шығрылады;10 түрлі трансназальды зондтар және 2 түрлі трансназальды зондтар шығарылады.

Рисунок12

Тәуліктік рН-метрияға трансназальды зондтар қолданылады,яғни жұмысшы бөлігі мұрын арқылы енгізіледі. Тәуліктік рН-метрияда науқасқа еркін қозғалуға рұқсат етіледі және зонд науқастың құлағы арқылы өткізіледі,пластырмен бекітіледі.
рН-метрияның қорытындысы қышқылдық қисықтығына салынып есептелінеді.

рН-зондтармен жұмыс істеу :

-рН-зондты жұмысқа дайындау

-Рн-метрді калибровкалау

-рН өлшеуді жүргізу

-Рн-зондты өңдеу

Рисунок17Рисунок19Рисунок18Рисунок20

рН-метрияны өткізу

  • Науқасты тексеруге дайындау
  • Науқас тексеруге түсер алдында № 1 стандарттық диетада болу керек  және күніне үш рет тағам қабылдап,қосымша уақыттарда тағам қабылдамау керек:газдалған сусындар,алкаголь,минералды сулар.Жемістер,томат  сусындары,маринадтар,шай,қара кофе және йогурт қабылдауға тыйым салынады,өйкені олар асқанның  тұз қышқылдығын төмендетеді.
  • рН-зондты орнату аш қарында өткізіледі.Егерде кешкісін АІЖда тамақтың эвакуациясы бұзылса,қалың зондпен тоқ ішекті жуады.Зерттеуге 12 сағат қалғанда науқас тағам қабылдамау керек және темекі тартпау керек.Зерттеуге 3-4 сағат қалғанда сұықтық қабылдамау керек,өйткені аспирация мен құсу мүмкін немесе асқазанда сілтілі орта қалыптсады.
  • Ешқандай дәрілік заттарқабылданбайды.

 

Қолданылатын сұйық тағамдар:

  • Кача және Кальканың кофеинді таңғы асы: 300 мл су + 0,2 г кофеин.
  • Эрманның алкагольды таңғы асы: 300 мл су + 95 % спирт.

 

24 сағаттық және одан да ұзақ зерттеулерде науқасты ақпараттандару қажет,яғни:

  • Науқастың қолайлы жағдайда болуы;
  • Қалыпты тамақтану режимі рұқсат етіледі,бірақ,минералды су,қышқыл тағамдар,алкаголь қолдану рұқсат етілмейді
  • Науқастың күнделік жүргізуі,яғни тәулік ішінде қандай өзгерістер болғанын жазу керек.
  • Талдаудың дұрыс шығуы үшін науқасқа горизантальды жағдайда болу рұқсат етілмейді,тек отырып,тұрып,жүруі қажет.

 

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...