Аурухананың қабылдау бөлімі

Қабылдау бөлімі. Құрылымы, ерекшелігі

Қабылдау бөлімі — тіркейтін, қабылдайтын, біріншілік қарау мен антропометрия жүргізетін, келіп түскен науқастарды санитарлы-гигиеналық  өңдеуден өткізетін және квалифицирленген медициналық көмек көрсететін маңызды емдік-диагностикалық бөлімше.

Қабылдау бөлімінің негізгі атқаратын қызметтері:

  • Науқастарды қабылдау және тіркеу;
  • Науқастарды дәрігерлік қарау;
  • Шұғыл медициналық көмек көрсету;
  • Стационарға госпитализацияға жіберілетін науқастардың бөлімшелерін анықтау;
  • Науқастарды санитарлы-гигиеналық өңдеуден өткізу;
  • Сәйкес келетін медициналық құжаттарды дайындау;
  • Науқастарды тасымалдау.

Қабылдау бөлімшесі бірінші қабатта орналасады. Науқастарды қабылдауға арналған оқшауланған ыңғайлы есік болады.

Аурухана қабылдау бөлімі

Қабылдау бөлімі

Қабылдау бөлімшесінде келесілер орналасады:

  • күту залы;
  • бір немесе бірнеше қарау кабинеттері,
  • тіркеу бөлмесі (кезекші мейірбикенің кабинеті);
  • емшара кабинеті – шұғыл процедуралар жүргізіледі: асқазанды шаю, тазартқыш клизмасы және т.б.
  • изолятор;
  • санөткізуші (ванна-душ кабинеті);
  • лаборатория;
  • рентген-кабинет;
  • орап-таңу – операциялық бөлме- ұсақ амбулаторлы операцияларды жүргізуге арналған;
  • Ауруы белгісіз науқастар уақытша жататын бірнеше палаталар болады.

Науқастарды қабылдау және тіркеу

Кабылдау бөлімшесіне науқастар келесідегідей әдістермен келіп түседі.

  • Жедел жәрдем көмегінің көлігімен: қайғылы оқиға, жарақат, жедел ауру мен созылмалы аурулардың өршуі кезінде жеткізіледі;
  • Амбулаторлы жағдайда ем нәтиже бермесе учаскелік дәрігердің жолдамасымен келіп түседі;
  • Басқа емдік-профилактикалық мекемеден ауысып  келуі;
  • «Өздігінен» аурухананың маңайындағы көшеде тұрып өзін-өзі сезінуі нашарлаған жағдайда өздігінен келіп қаралуы.

Ауруханаға науқасты жеткізудің түріне байланысты госпитализациялаудың  түрлері:

  1. Жоспарлы госпитализация
  2. Шұғыл госпитализация
  3. Өздігінен госпитализациялау

Күту залы – төсектік тәртіпті қажет етпейтін, науқастардың жақын адамдары болады. Мұнда үстел және орындық жеткілікті болу керек. Қабырғаға емдік бөлімшелердің жұмыс істеу тәртібі, емдік дәрігермен кездесу уақыты, науқастарға рұқсат етілетін тағамдардың тізімі ілінеді.

Тіркеу бөлмесінде кезекші мейірбике барлық келіп түскен науқастарға біріншілік құжат толтырады.

Науқасты қарау: Науқастарды қабылдау бөлімінің меңгерушісі немесе кезекші дәрігер қабылдайды.
Науқасты дәрігер қарау бөлмесінде тексереді. Тексеру клеенкамен, простынямен жабылған кушеткада жүргізіледі. Әр науқасты қарағаннан кейін клеенканы 1% хлорамин ерітіндісімен 2 рет сүртеді. Науқастардың тері жабындыларын, перифериялық лимфа түйіндерін, араны, барлық жүйелері толығымен қаралады. Қарау барысында шағымдарын, анамнезін сұрап, аурудың негізгі белгілерін, симптоматикасын анықтау қажет.
Нақастардың дене температурасы, артериялық қысымы, тыныс алу, жүрек соғу жиілігін өлшейді.

Науқастардың антропометриялық көрсеткіштерін анықтау: Қабылдау бөлімінде науқастардың бойы және дене салмағын өлшеу жүргізіледі.

Дәрігер қарауынан кейін медбике тағайындалған диагностикаға қажет зерттемелерді жүргізеді (ЖҚА, ЖЗА, БХА, УДЗ, рентгенография т.б.) және консультация үшін мамандарды шақырады.

Науқастарды қарап тексергеннен кейін науқасты санитарлық гигиеналық жуынатын бөлмеге тасымалданады. Жылы гигиеналық ваннаның ұзақтығы 20-30 минут, су температурасы 35-36 градус болу керек. Егер науқаста ваннаға қарсы көрсеткіштер болса душ тағайындайды. Егер науқастың жағдайы ауыр немесе орташа ауырлықта болса кіші медбике дненсін спиртке малынған орамалмен сүртеді.

Қабылдау бөлімшесінің негізгі медициналық құжаты Госпитализациядан бас тартатын және қабылданған науқастарды тіркейтін журнал (№ 001/у формасы).

Мейірбике журналға: науқастың фамилиясын, атын, әкесінің атын, туған жылын, мекен-жайын, қызметін және дәрежесін, телефонын (үй, жұмыс және жақын туысқандарының), түскен күні мен уақытын, қайдан және кіммен келгенін, госпитализация түрін (жоспарлы, шұғыл, өздігінен), жіберген мекеменің диагнозын, қабылдау бөлімшесінің диагнозын және науқас қай бөлімшеге жіберілгені жайлы ақпараттарды тіркейді.

Науқас госпитализациядан бас тартқан жағдайда журналға бас тарту себебін және көрсетілген медициналық көмек жайлы жазылады.

«Стационардағы науқастың медициналық картасы» (дәстүрлі түрде ауру тарихы деп аталады). Мейірбике алғашқы бетін, паспорттық бөлімін толтырады. Науқаста педикулез анықталса арнайы «Педикулезді тексеруге арналған журналға» тіркеледі және ауру тарихына қосымша «Р» деген белгі қойылады.

Қарау кабинеті (бір немесе бірнеше болады): болжам диагнозы қойылған науқастарды дәрігерлік қарауға арналған және санитарлы-гигиеналық өңдеудің түрін анықтауға, антропометрия, термометрия қажет болса басқа зерттеулерді жүргізуге арналған кабинет.

Науқасты беті клеенкамен жабылған кушеткада жатқызып қарайды. Әрбір науқасты қабылдағаннан кейін кушетканы дезинфекциялық ерітіндіге малынған шүберекпен сүртеді.  Дәрігерге ауру тарихын  және басқа құжаттарды толтыруға арнайы үстел қажет.

Дәрігерге дұрыс диагноз қою үшін қосымша ақпарат қажет болады. Осы мақсатта қабылдау бөлімшесінің аумағында лаборатория, рентген-кабинеті, эндоскопиялық кабинет және ЭКГ кабинеті болуы тиіс.
Қарап болғаннан соң, диагнозы қойылғаннан кейін госпитализациялау үшін науқасты санитарлық өңдеуден өткізеді. Ол қарау, шешіну, ванна-душ бөлмесі және киіну бөлмесінен тұрады. Жанында науқас стационарда жатқан кезде артық киімдері сақталатын қойма болады.

Осыдан кейін науқасты аурухананың бөлімшесіне тасымалдайды. Бөлімшеге тасымалдау түрін дәрігер науқастың жағдайының ауырлығына байланысты анықтайды: носилкада (қолмен немесе каталкада), кресло-каталкада немесе жаяу.

науқасты тасмалдау

Қабылдау бөлімінен науқасты бөлімшеге тасмалдау

Егер науқасты қабылдау бөлімшесіне орташа ауыр  және ауыр жағдайда жеткізетін болса, онда мейірбике тіркеуге дейін біріншілік көмек көрсетіп, науқасқа тез дәрігер шақырып және дәрігердің айтқанын орындауға міндетті.

Егер науқас қабылдау бөлімшесіне даладан ессіз жағдайда және ешбір құжаттарсыз жеткізілетін болса, онда мейірбике дәрігермен бірге қарап болғаннан кейін шұғыл медициналық көмек көрсетіп және қажетті құжаттарды толтырады. Осыдан кейін поллиция бөлімшесіне және қайғылы оқиға бюресіне телефонограмма жіберуге міндетті. Телефонограммаға түскен науқастың жынысын, мөлшерлеп жасын, бойын, дене бітімін және қандай киіммен болғанын сипаттап жазады. Науқастың аты-жөні белгілі болғанға дейін барлық құжаттарға белгісіз деп жазылады.

Бұдан басқа мынадай жағдайларда мейірбике туысқандарына телефонограмма беруге және «телефонограмма журналына» толтыруға міндетті.

  • Үйден тыс кезде аяқ астынан ауырып науқас ауруханаға жеткізілген жағдайда;
  • Науқас қабылдау бөлімшесінде қайтыс болса.

Бөлімде ауаны залалсыздандыру үшін бактерицидты шамдар қолданылады. Тазалау жұмыстары күніне 2 рет 0,5% дез.ерітіндімен жүргізіледі.

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...