Амебиаз

Амебиаз

Амебиаз – Entamaebae hystolitica-мен шақырылатын, тоқ ішектің жаралы зақымдануымен және әрбір ағзаларда абсцесстердің түзілу мүмкіндігімен, ұзақ және созылмалы ағымға бейімділігімен сипатталатын протозойлы ауру.

Амебиаз бүкіл дүние жүзінде тіркелген. Жер шары тұрғындарының 1% зақымдаған, бірақ жұқтырғандардың жалпы санының  10% айқын клиникамен тіркелген. Ең жоғары ауру көрсеткіші тропикалық және субтропикалық климаты бар мемлекеттерге болады. Азия және Африка мемлекеттерінде тұрғындардың зақымдалу көрсеткіші – 30%. Ресей және басқа жақын жатқан елдерге, әсіресе кавказдық және Орта Азиялық аймақтарда амебиазбен ауру қауіпі жоғары.

Тарихи мәліметтер. Амебиазды нозологиялық  форма түрінде  1891ж. Counsilman және Lettler бөліп алып «амебалық дизентерия» деп атады. 1906 ж. Masgrave  және Class E historica тудыратын қазіргі кезде  қолданылатын «амебиаз» терминін енгізді.  1875ж. Ф.А.Лещ қоздырғышты сипаттап жазды. 1893ж. Quineke және Ross амеба цисталарына сипаттама берді. Ішек тіндері мен бауыр абсцестерінен амебаны бірінші рет Кох тапты. (1883ж.) 1903ж. Shaudine ішекте болатын амебалардың морфологиясы мен биохимиясын зерттеп, патогенді амебаны Entamoeba hystolytica, патогенді амеба емес амебаны Entamoeba  соІі деп атады.

Этиологиясы. E.hystolitica Entamaebae тұқымдастығына, Sarcodinae (жалғанаяқтылар) класына, Protozoa типіне жатады.

Амебаның тіршілік циклы 2 кезеңнен: вегетативті (трофозоит) және тыныштық (циста) тұрады. Олар иесінің организмінде орналасу жағдайына байланысты бір-біріне ауыса алады.

Амебаның даму кезеңдері:

  1. Тіндік түрі (эритрофаг);
  2. Қуыстық (коменсальді) түрі;
  3. Циста (сыртқы ортаға төзімді, ылғал нәжісте сақталады, құбыр суында 1 айға дейін сақталуы мүмкін).

Тіндік түрінің сипаттамасы:

  1. Пішіні үлкен (20-25 мкм), цитоплазмасы анық эктоплазма мен эндоплазмаға бөлінген;
  2. Инвазивтілігі бар;
  3. Жақсы қимылдайды;
  4. Жедел амебиазда және сирек нәжісте анықталады.

Вегетативті түрі (үлкен):

  1. ұзындығы 30-80 мкм;
  2. қимылдайды;
  3. эритрофаг (10-20 жұтылған эритроциттер);
  4. тек қана ішектік амебиазда жаңа нәжісте анықталады (себебі 30 минуттан кейін өледі).

Қуыстық түрі:

  1. ұзындығы 10-20 мкм;
  2. аз қимылдайды;
  3. тоқ ішек қуысында мекендейді және созылмалы ағымдағы реконвалесценттер мен амеба
  4. асымалдаушылардың нәжістерінде анықталады.

Цистаалды түрі:

  1. ұзындығы 12-20 мкм;
  2. аз қимылдайды;
  3. реконвалесценттер мен тасымалдаушылардың нәжістерінде анықталады.

Тыныштық кезеңі: әртүрлі дәрежеде дамыған цисталар түрінде

  1. өлшемі 9-14 мкм;
  2. реконвалесценттерде созылмалы амебиазда және тасымалдаушыларда анықталады;
  3. өте төзімді болады;
  4. жоғары температура, кептіру, эмитин ерітіндісі өлтіретін әсер етеді. Басқа дез.ерітінділерге төзімді.

Эпидемиологиясы. Антропоноз. Ауру көзі ауру адам, одан да қауіпті амеба тасымалдаушылар, созылмалы түрдегі аурулар, реконвалесценттер.

  • Берілу механизмі – фекальді –оральді.
  • Берілу жолы – тағамдық, сулы, тұрмыстық-қатынастық.
  • Берілу факторлары – тағамдық азықтар -әсіресе көкөністер, жемістер, сирек жайма, ыдыс, ойыншықтар. Амебиазға спорадикалық аурушылдық тән.

Патогенезі және патологиялық анатомиясы

  1. Аурудың дамуына преморбидті фон, интеркурентті аурулар, гипо-авитаминоздар жағдай тудырады;
  2. Тоқ ішектің қабырғасына амебаның тіндік түрі ғана еніп, көбейе алады;
  3. Амебаның енуіне амебаның тіндік түрінің бөлетін протеолитикалық ферменттер жағдай жасайды;
  4. Енген жерде некроз ошағының түзілуімен инфильтрат дамиды, содан кейін ол жара түзіп, ыдырайды;
  5. Жиі соқыр ішек зақымдалады;
  6. Макроорганизмнің резистенттілігі төмен және амебалардың массивті инвазиясында амебаның тіндік түрі қанайналымына еніп, органдық зақымданулар шақыруы мүмкін (бауыр, өкпе, ми және басқалар);
  7. Аллергиялық реакциялар қалыптасады.

Тоқ ішекте түзілетін инфильтрат – түйіншек, шеттері жыртылған, түбі майлы, іріңмен жабылған жаралар. Перфорациялар болуы мүмкін. Жаралар аз өзгерісті шырышты қабатта орналасады. Жаралар тыртық түзіп жазылады. Амебалар, полиптер, кисталар, ішектік қан кетулер түзілуі мүмкін.

Амебиаз қазақша

Амебиаз кезіндегі ішек зақымдалуы

БҰҰ бойынша 1972 ж. жіктелу:

  • Ішектік амебиаз – амебалық дизентерия;
  • Ішектен тыс амебиаз;
  • Терілік амебиаз.

Амебиаз клиникалық көріністері

  • инкубациялық кезең 1-2 аптадан 3 айға дейін;
  • біртіндеп басталады;
  • айқын емес интоксикация (себебі амебалар токсиндерді бөлмейді);
  • біртіндеп іш өту күшейеді, бастапқыда сұйық, содан кейін нәжіссіз, шыны тәрізді шырыш, соңында қан қосылады – «таңқурай желесі»;
  • оң жақтық колит дамиды;
  • жиі тенезмдер, метеоризм, шұрыл;
  • созылмалы ағымда витаминдік және белоктық жетіспеушілік нәтижесінде науқастар арықтайды;
  • шеткі қанда лимфоцитоз, гипохромды анемия, эозинофилия;
  • копрограммада макрофагтар, эозинофильдер, Шарко-Лейден кристалдары.

Асқынулары.

  • перитониттің дамуымен жүретін перфорация;
  • ішектен қан кету;
  • ішектің тыртықтық тарылуы;
  • тік ішектің түсуі;
  • амебалар, полиптер, кисталар;
  • амебалық аппендицит.

Диагностикасы.

  • паразитологиялық зерттеулер (нәжістен, қақырықтан, абсцестер мен жаралардан амебаның тіндік түрін анықтау);
  • клинико-эпидемиологиялық;
  • жасанды қоректік орталарға амебаны өсіру;
  • КБР;
  • ректороманоскопия;
  • ирригоскопия, бауырдың УДЗ;
  • лапароскопия.

Дифференциальды диагнозды келесі аурулармен жүргізу керек:

  • бактериальды дизентерия;
  • балантидиаз;
  • спецификалық емес жаралы колит;
  • бауырдың, ішектің қатерлі ісіктері;
  • бауыр эхинококкозы.

Болжамы. Ерте анықтағанда қолайлы.

Емдеуі. Режим 1. №4 диета.

Этиотропты терапия:

I. Ятрен және дийодохин қуыстық түріне әсер етеді:

  • Ятрен 0,5х3 рет тәулігіне 10 күн, 10 күннен кейін қайталау курсын жүргізуге болады. Бірге ятренмен (1-2 г -1 ст. суға) клизма жасауға болады.
  • Дийодохин 0,25 х3 рет –тәулігіне 10 күн.

II. Тіндік амебоцидтер (тіндік және қуыстық түрлеріне әсер етеді):

  • Эметин тұз қышқылды 1 мг/кг бұлшықетке немесе тері астына 1%-3,0х2 рет тәулігіне 5-6 күн;
  • Дигидроэмитин 10 күн бұлшықетке, тері астына 1 мг/кг тәулікте;
  • Амбильгар peros 0,25 мг/кг тәулігіне 7-10 күн
  • Делагил – 3 апта курс схема бойынша:
  • 1 апта – 0,75 –тен /тәулігіне
  • 2 апта – 0,5 –тен/тәулігіне
  • 3 апта – 0,25-тен /тәулігіне немесе 1-2 күн 1,0 ем қалған күндері (18 күн) 0,5-тен.

III. Амебаның барлық түріндегі (амебалық) универсалдық препараттар: Метронидазол 0,4х3 рет 5 күн ал ішектен тыс түрінде 1 күн 0,8х3 рет. Абсцестерде –хирургиялық ем.

IV. Паразиттасымалдаушылыққа әсер етеді: Дилоксанида фуроат, пароммоицин, метронидзол, тинидазол, орнидазол, секнидазол, дигидроэметин, тетрациклин және хлорохин комбинациясы.

Алдын алу шаралары. Эпидемиологиялық қадағалау, эпидемияға қарсы және алдын алу шаралары инвазияның берілу механизмін үзуге бағытталған. Олар оңашалауды, науқастарды химиялық препараттармен емдеуді және дені сау циста тасымалдаушыларды сауықтыруды: қоршаған орта объектілерін қорғау және тазарту жөніндегі күрделі шараларды (су қоймалары, топырақ, тағамдық объектілер және т.б.), халық арасында қоғамдық, жеке бас тазалығын сақтау туралы үнемі санитарлық-гигиеналық ағарту жұмысын жүргізуді қамтиды. Бүкіл керекті шаралар тізімі жедел ішек инфекциялары кезіндегідей және олар қазіргі Ережелер мен Нұсқауларға (СанЕжН) сәйкес өткізіледі.

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...