Фурункул (сыздауық)

Фурункул (furunculus), сыздауық – шаш фолликулы, май бездері, айналасындағы майлы клетчаткалардың жедел іріңді қабынуы, фолликулитке қарағанда ауқымды болып келеді. Дененің түкті жерлерінде дамиды. Сыздауық бірнеше жерден шықса фурункулез деп аталады.

фурункул қазақша материал

Фурункулдың этиологиясы және патогенезі: ауруды көбінесе алтын түсті стафилококктар тудырады, инфекция микрожарақаттар арқылы түседі. Қант диабеті, авитаминоз, терінің қышымасы, аллергия ауруларында фурункул, фурункулез жиі кедеседі. Фурункул пустуладан басталып, инфекция шаш фолликуласынан терінің емізікшелі қабатына тарағанда қабыну инфильтраты пайда болады. Инфильтраттың ортасындағы шаш түбірі некрозданады, айналасында ірің түзіледі. Іріңдік жарылып, өліеттенген шаш түбірі сыртқа шыққанда, терідегі жара тазарады, грануляцияланып, дәнекер тін өсіп, тыртықтанып жазылады. Науқастарды қабынған жердің ауырсынуы, әлсіздік, дене қызуының көтерілуі мазалайды.

Клиникалық көрінісінде: шаш түбінде инфильтрат, ортасында болар болмас іріңдік  (пустула), айналасында гиперемия анықталады.

Инфильтрат жұмсарып, іріңдеп жарылады, қанды ірің мен өліеттенген шаш түбірі сыртқа шығады, орнында 2-3 күнде тыртықтанып бітетін, жара пайда болады. Егер де тері жабындысында фурункулдан тараған қызыл жолдар, жолақтар пайда болса, регионарлы лимфа бездері шошынса, ол инфекцияның жайылып, лимфа тамырларының, лимфа бездерінің қабынуымен (лимфангиит, лимфаденит) асқынуының   белгісі. Бетте орналасқан фурункул өте қауіпті: іріңді тромбофлебит, менингит, сепсиспен септикопиемиямен асқынуы мүмкін.

фурункул қазақша

Іріңдік жарылып, қабыну азайған кезі

Фурункулды консервативті емдеуден бастайды, қабыну ошағын 70% этил спирті, 2% салицил спирт ерітінділерімен сүртіп, УЖЖ, т.б. физиопроцедуралар жасалады. Іріңдеу кезеңінде, іріңдікті тіліп ашып, өліеттерден тазартып, антисептиктермен жуып, жара тазарғанша протеолиттік ферменттер, натрий хлордың 10% ерітінділеріне малынған дәке (марля), резина дренаждар қойылады, жараны  ультракүлгін сәулесімен қыздырады.

фурункулдың жарасы

Іріңдікті тіліп ашқаннан кейін тазарған жара

Тазарған жараларды антисептикалық майлармен таңу салып, емді жалғастырады. Операциядан кейінгі жара емдеу нәтижесінде жетіліп, тыртықтанып жазылады (9-сурет). Фурункулдың лимфангиит, лимфаденит, тромбофлебит, менингит, сепсиспен асқынған түрлерінде науқастарды жедел ауруханаға жатқызып, антибиотиктер, сульфаниламидтер, инфузиялық, иммундық терапиялар жүргізіледі

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...