Крипторхизм

Крипторхизм – жұмыртқаның ұмаға түсу үрдісінің бұзылуына байланысты өз орнынан ауытқып, ұмаға түсіп келе жатқан жолында тоқтап қалуы (ретенциясы). Крипторхизм 75% жиілікте басқа органдардың диспластикалық үрдістерімен қабаттасып кезігеді. Крипторхизм анатомо – механикалық себептердің немесе жұмыртқаның біріншілік дамымауынан, гормональдық жетімсіздіктің салдарынан дамиды. Оның шаптық (ингвиналдық) және абдоминалдық түрлері бар. Крипторхизмде жалған крипторхизммен, жұмыртқа эктопиясымендифференциалдық диагноз жүргізіледі. Ал, екі жақтылы абдоминалдық крипторхизмде анорхизмнен ажыратуға тура келеді. Бұл үшін хориогонинді организмге енгізіп, оның әсерін байқайды. Түбегейлі диагнозды операция жасау арқылы қояды.

kriptar.jpg

 

Крипторхизм ауруы бар науқасты қарап, пальпация жасап қана анықтауға болады. Қоныс аударып орналасқан жұмыртқаларды пальпация жасау арқылы тері асты майына орналасқан ісік тәрізді сәл ғана ауырсынатын, консистенциясы серіппелі жұмсақ, аз қозғалатын құрылым анықталады. Ұманың осы жақтағы бөлімі жиырылып дамымай қалады.

uzi.jpg

Ультрадыбыстық зерттеу кезіндегі крипторхизм көрінісі

kripar.jpg

Крипторхизм сыртқы көрінісі

Жұмыртқалар құрсақ ішінде тоқтап қалса (абдоминальды ретенцияда) алақанға білінбейді, ал шап арасында тоқтап қалса, баланы жатқызып тексергенде алақанға білінеді. Шап арнасында тоқтап қалған жұмыртқа қозғалмалы болғанымен ұманың түбіне дейін түспейді. Жалған шап крипторхизмінде жұмыртқалар жоғары – төмен қозғалып тұрады. Шын шап крипторхизмін жалған шап крипторхизмінен ажырату үшін баланы жатқызып шап өзегінің үстінен қатты баса отырып, алақанға білінген жұмыртқаны төмен сығымдап итеру керек. Кремастер рефлексі өте белсенді балаларда жалған крипторхизмнің белгілері жиі ұшырасады.

Жұмыртқалардың сперматогендік функциясының бұзылуы құрсақ қуысында орналасқан жерінің температурасының ұмадағы температураға қарағанда 1,5 – 6 градусқа жоғары болатындығына байланысты, температура әсерінен паренхимасы склерозданып, семе бастайды. Бұл өзгерістер 10 – 11 жастан кейін қайта қалпына келмейді. Крипторхизмнің негізгі асқынулары, оның ісікке айналып кетуі, бұралып қалуы және бедеулікке әкелуі.

Шын крипторхизм екі жағынан болғанда инфантилизм және дисфункция анықталады. Крипторхизм кезінде құрсақ астарының қынап өсіндісінің қуысы әлі жабылып үлгермегендіктен кей ауруларда шап жарығы қоса кездеседі.

         Емдеу: Крипторхизмі бар нәрестелерде жыныс ағзасы жетілгенге дейін жұмыртқасының орнына түсу мүмкіндігі бар екендігін ескере отырып, тым ерте операция жасауға көрсеткіштер болғанда (орнына ауытқуына байланысты жұмыртқаның айналып кетіп өлі еттенуі, қысылуы, семуі сияқты асқынулар) ғана жасалады. Операция негізінен 1,5 – 2 жаста жасалады. Операцияның түрі крипторхизмнің түріне байланысты: абдоминалдық немесе инвагиналдық.

Операция бірнеше тәсілмен жасалады (Китли – Тороко – Герцен, Джавад – Заде, Петривальский, Шумахер т.б.).

oper.jpg

 

operacia.jpg

 

Ғылымның соңғы жылдардағы жетістіктеріне қарағанда орнына түспеген жұмыртқаны орнына түсіру шараларын баланың 2 жасынан бастаған жөн.

Операция жасауға байланысты көрсеткіштер:

  • баланың жасы 2 жасқа дейін болу керек
  • гормондық емнің нәтижесіздігі
  • ауырсыну болса
  • крипторхизм жарықпен қабаттасса
  • ЛГ (лютеинзациялаушы гормон) мөлшері 124,8 СИ/л (ХБ литрге)
  • Жұмыртқаның эктопиясы
  • Асқынған түрі
Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...