Өкпе гипертензиясы

Өкпе гипертензиясы

Өкпелік гипертензия 50 жастан асқан адамдардың арасында жүрек қантамыр жүйесінің ауыруларының ішінде (ЖИА мен гипертензиядан кейін) үшінші орын алады. Өкпелік гипертензия деп өкпе артериясындағы АҚҚ тыныштық кезде 20мм.сын.бағ ал жүктеме кезінде 30 мм.сын.бағ жоғары көтерілуін айтамыз.

Өкпелік гипертензия жүре пайда болған (екіншілік) және туа пайда болған (біріншілік) деп бөлінеді.

Өкпе гипертензиясы

Өкпе артериясының қысымының көтерілуіне себеп ретінде:

  • Жүрек аурулары (жүректің туа және жүре пайда болған ақаулары, жүрек жетіспеушілігі)
  • Созылмалы өкпе аурулары (бронхтық астма, өкпенің интерстициальды фиброзы, саркоидоз, силикоз, туберкулез)
  • Васкулиттер

Егер өкпе гипертензиясының себебі анықталмаса біріншілік өкпе гипертензиясы деп айтады.

Венозды (посткапилярлы) өкпе гипертензиясының себебі:

  • Әртүрлі этиологиямен сол жақ қарыншаның жетіспеушілігі
  • Митральды стеноз кезінде сол жақ қарыншаның қанмен толуының бұзылуы
  • Гипертрофиялық кардиомиопатия
  • Констриктивті перикардит
  • Өкпе венасының тромбоэмболиясы

Артериальды (прекапилярлы) өкпе гипертензиясының себебі:

  • Өкпе эмфиземасы
  • Пневмосклероз
  • Пневмокониоз
  • Карциноматоз
  • Фиброзды альвеолит

Жүйелі васкулит аурулары:

  • Полиомилит
  • Миастения
  • Миопатия

Өкпе гипертензиясының патогенезі оның этиологиясы тәрізді әралуан бірнеше патогенді факторлардың бірігуі нәтижесінде пайда болады. Патогенездік механизмін 3 ке бөліп қарастыруымызға болады:

  • пассивті
  • механикалық
  • активті

Пассивтіге: сол жақ жүрекшеде қысымның көтерілуі,сол көтерілген қысымға жауап ретінде өкпе артериясы рефлекторлы түрде тарылады да оң жақ қарыншаның жетіспеушілігіне әкеледі.
Механикалық: өкпе артерияларының жүйелі васкулитке қатысты қан тамырларында тромб, эмболия және окклюзия, обструкцияларын айтуға болады.
Активтіге: өкпе артерияларының спазмы ол альвеолаларда,ы гипоксияға байланысты туындайды.

өкпелік гипертензия

Өкпелік гипертензияның патогенезі. Даму механизімі

Өкпелік гипертензия жіктелуі:

1. ӨГ
1.1. Идиопатикалық ӨГ
1.2. отбасылық ӨГ
1.3. ӨГ, ассоциирленген
— дәнекер тін ауруларымен
— жүректің туа біткен ақауларымен;
— портальды гипертензия
— ВИЧ-инфекциясы;
— дәрілік заттармен және токсиндермен;
— басқа аурулармен (болезни щитовидной железы, гликогенопатии, болезнь Гоше, врожденная геморрагическая телеангиэктазия, гемоглобинопатии, миелопролиферативные заболевания, спленэктомия).
1.4. ӨГ , вена немесе капилляр ауруларымен ассоцирленген:
— өкпелік веноокклюзиялы аурулары;
— гемоангиоматозды өкпелік капиллярлар.
1.5. Персистентті ӨГ жаңа туған балаларда.

2. ӨГ жүректің сол жақ бөлігінің ауруында
2.1. ӨГ сол жақ қарынша немесе жүрекше ауруында.
2.2. ӨГ жүректің сол жақ бөлігінің қақпағының зақымдалуында
3. ӨГ гипоксия кезінде.
3.1. ӨГ ӨСОА.
3.2. ӨГ өкпенің интерстициальды ауруларында.
3.3. ӨГ ұйқының бұзылуында.
3.4. ӨГ гиповентиляционды патологиялық альвеол.аларда
3.6. ӨГ өкпе ақаулары кезінде
4. ӨГ созылмалы тромбоз или эмболия кезінде.
4.1. ӨГ тромбоэмболиялық обструкция кезінде.
4.2. ӨГ тромбоэмболиялық обструкция дисталды тармақтарда.
5. Сирек формалары (саркоидоз, гистоцитоз Х, лимфоангиоматоз легочных сосудов, вследствие компрессии ЛА — аденопатия, опухоль, фиброзирующий медиастенит).

Клиникалық көрінісі

Өкпе гипертензиясының негізгі белгісі – ентігу, өзінің сипаты бар

  1. Тыныштық кезінде пайда болады
  2. Аздаған физикалық жүктемелер кезінде артады
  3. Отырған кезде сақталады.

Ентігуден басқа науқасты келесі симптомдар мазалауы мүмкін:

  • Тез шаршағыштық
  • Құрғақ жөтел
  • Кеуде клеткасында ауырсыну сезімі
  • Аяқтарында ісіну
  • Оң жақ қабырға астында ауырсыну

Сонымен қатар науқастың тамағының қарлығуы мүмкін оның себебі көмей нервысының кеңейген өкпе артериясының бағанымен жаншылуы.

Жалпы қарап тексергенде науқаста цианоз анықталады (артериальды гипоксемия мен жүрек лақтырысының төмендеуі). Өкпелік цианоз кезінде перифериялық вазодилатация гиперкапния нәтижесінде пайда болғандықтан науқастың қолы әдетте жылы болады. Сонымен қатар пульсацияларды анықтауға болады яғни сол жақтан 2 қабырғааралықтан өкпе артериясының бағанынан. Айқын жүрек жетіспеушілігі кезінде тыныс алғанда және тыныс шығарғанда мойын веналарының ісінуін байқаймыз. Перифериялық ісіктер мен гепатомегалия да анықталады.

  • І дәреже: ӨГ науқаста физикалық белсенділігі шектелмеген. Әдеттегі физикалық жүктеме ентігуге, кеуде тұсындағы ауырсынуға синкопальды жағдайға әкелмейді.
  • ІІ дәреже: ӨГ науқаста физикалық жүктемелерде азын аулақ шектеулер қойылады. Тыныштық жағдайда симптомдар болмайды. Қалыпты физикалық жүктеме ентігуді, қажуды, кеуде тұсында ауырсынуды және синкопальды жағдайды шақырады
  • ІІІ дәреже: ӨГ науқаста физикалық белсенділігі айтарлықтай шектелген. Тыныштық жағдайда өзін камфортты сезінеді. Аздаған физикалық жүктеме айқын ентігуді, қажуды, кеуде тұсындағы ауырсынудыжәне синкопальды жағдайды шақырады.
  • ІV дәреже: ӨГ науқас ешқандай физикалық жүктемені симптомдарсыз орындай алмайды. Ентігу мен әлсәздәк тыныштық жағдайда да сақталған.
Өкпелік гипертензия клиникасы

Өкпе гипертензиясының науқастардағы функционалды класстары

Жүрек аускультациясында келесі феномендер жиі естіледі.

  • Систолалық “клик” және өкпе артериясынан 2 тон акценті.
  •  сол жақта 2 қабырға аралықтан систолалық шу және өкпе артериясының қақпақшасы жетіспеушілігі кезінде жұмсақ диастолалық шуды естиміз.

Өкпе гипертензиясы кезінде рентгенологиялық тексеру: Рентгендік тексеру өкпе артерия бағанының және өкпе түбінің кеңейгендігін, өкпе артериясының оң жақ тармағының 16-20 мм жоғары кеңейуін көрсетеді.

Өкпелік гипертензия кезіндегі ЭКГ өзгеруі мүмкін:

  • өкпе эмфиземасы кезіндегі жүректің бұрылысы мен диспозициясы
  • ишемиялық миокардта,
  • метаболитикалық бұзылыстарда.
  • Р-pulmonale белгілерін табуға болады (биік Р тісшесі II, III, aVF, Vi), жүректің электрірлік осі оңға ауытқуы, оң жақ қарынша гипертрофия белгілері (биік R тісшесіVi_3 және терең S тісшесі Vs-e), Гис будасының оң жақ аяқшасының блокада белгілері.

Өкпелік гипертезния кезіндегі эхокардиография: Эхокардиография оң жақ жүрекше мен қарыншаның дилатациясын және 5-6 мм асқан қабырғалардың қалыңдығын анықтауға көмектеседі. Оң жақ қарыншадағы, өкпе артериясының қысымын доплеров әдісімен анықтайды.

ӨГ кезінде жүрек қуысын катетеризациялау. Өкпе артериясын үлкен қан айналым шеңберіндегі вена арқылы катеризациялау және тура манометрия жасау. Бұл әдіс арқылы өкпе артериясының қысымы анықталады.

Өкпелік гипертезния емі

  • Науқасқа диагноз қойғаннан кейін емді тез арада бастау керек. Сонымен қатар науқасқа физикалық жүктемелерді түсіруді азайту керек және вазоконструктивты заттары бар препараттарды қолданбауға тырысу керек. Сондықтан тұмаудан басқада аурулармен ауырмау керек.
  • Диуретиктерді емдеу мақсатында да профилактика үшін де қолданады. Бірақ қолданған кезде бүйректі тексеріп отыру керек.
  • Оксигенотерапия қандағы оксигенацияны жақсарту үшін.
  • Антикоагулянттар (варфарин) тромбоэмболия, идипатиялық ӨГ, жүрек ақауларында қолданады.
Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...