Фагоцитоз

Фагоцитоз

Дененің келесі күшті бейспецификалық қорғаныс факторы фагоцитоз – фагоциттік жасушалардың антигенмен және өзгерген жасушалармен әсерлесуі, оның нәтижесінде олар фагоцит бетіне жабысып (адгезия – adhesio — жабысу), бөгде жасушаларды жұтып, қорытады.

Фагоциттік жасушаларға гранулоциттер және полиморфты ядролық лейкоциттер (ПМЯЛ), қандағы моноциттер, ұлпа макрофагтары, мононуклеарлық фагоциттер жүйесі (ретикулярлық және эндотелиалдық ұлпа) жатады.

Бауырда фагоциттік қызметті Купфер жасушалары, өкпеде – альвеолярлық макрофагтар, мида – микроглиялар атқарады; қан тамырларының эндотелиалды жасушалары тек қана белгілі жағдайларда фагоциттік қабілетке ие болады.

ПМЯЛ (полиморфты ядролы лейкоциттер)– қандағы негізгі фагоцитоздаушы, қысқа уақыт өмір сүретін жасуша, көбінесе фагоцитоз процесінде жойылады.

Моноцит – сүйек кемігінде түзіліп, ұлпаларда макрофагқа дейін жетіледі.

Макрофаг — ұзақ өмір сүретін жасуша, фагоцитоз процесіне бірнеше рет қатыса алады; жасушалар ұлпаларда еркін немесе қан тамырларының қабырғасына жабысып тұрады; бөгде агенттерді және олармен байланыс-қан антиденелер немесе комплементті таниды.  Макрофагтар 40-тан аса биологиялық белсенді заттар өндіреді. Макрофагтағы ферменттік элемент-тердің (жетілген макрофагта миелопероксидаза болмайды) белсенділігі (сандық және сапалық) ПМЯЛ-ға қарағанда төмен. Спецификалық имму нологиялық реакцияларды түзуге (фагоцитоз, антигендерді басқа иммундық жүйенің жасушаларына таныстыру) белсенді қатысу функционалдық қызметтерінің арқасында макрофагтар Т және В-лимфоциттеріне,  иммундық ќабілетті жасушаларға да жатады.

Фагацитоз қазақша

Фагацитоз процессі

Фагоцитоз антигеннің толық гидролизімен және жасушалардан метаболиттер бөлінуімен аяқталады, немесе гидролиз толық аяқталмайды (мысалы, ферменттердің саны мен сапасының жетіспеушілігі  немесе бөгде жасушалардың денеге көп мөлшерде енуі нәтижесінде). Бұл жағдайда толық ыдырамаған антиген макрофагтың мембранасында жетілген спецификалық иммундық реакцияларды түзе алатын түрде таныстыры-лады.

Фагоцитоз процесі схема түрінде мына тізбекте жүреді:

  • хемотаксис (лат. хемо – химиялық, таксис — әрекет) – ПМЯЛ жасушалардың немесе басқа фагоциттердің медиаторлардың әсерімен антигенге қарай жылжуы;
  • пиноцитоз – жасушалардың ерітілген заттарды жұтуы (диаметрі 1 мкм-ден жоғары емес) немесе
    антигенді макрофагтың және басқа фагоциттік жасушалардың спецификалық немесе бейспецификалық рецепторлар арқылы тануы;
  • антигеннің фагоциттік жасушалардың бетіне жабысуы (адгезия),  фагоцит псевдоподиясының түзілуі;
    антигенді қорғау, фагосома – вакуолдің түзілуі;
  • фагоцитте глюкоза метаболизмінің белсенуі, фагосома мен лизосоманың қосылуымен фаголизосома – вакуолдің түзілуі;
  • оттегі қажеттілігінің жоғарылауымен еркін радикалдардың түзілуі («тыныс «жарылысы» немесе оттегі тәуелді гидролиз);
  • бактерицидті жасушалардың оттегі тәуелді емес механизмінің белсенуі;
  • антиген мембранасының зақымдануы;
  • антигеннің толық гидролизі, жасушалардан метаболиттердің бөлінуі немесе толық гидролизденбеген антигеннің фагоцит (макрофаг) мембранасында таныстырылуы.
Фагацитоз казакша

Антигеннің макрофагпен жұтылуы мен қорытылуы:
1-Аг экзогенді зат; 4-лизосома;
2-фагосома; 5-Т-жасушалардың
3-фаголизосома; антиген-спецификалық рецепторы

Фагоцитоз процестің әр кезеңінде, көп мөлшерде антигендік материалмен (микроорганизм) тежелу, ферменттер жүйесінде генетикалық бұзылыстар, молекулалар адгезиясы және т.б. жағдайлардың нәтижесінде ақаулы болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда созылмалы инфекция, созылмалы қабыну процестері дамиды. Әртүрлі патологиялардың, әсіресе созылмалы аурулардың диагностикасында фагоцитозды бағалаудың тәжірибелік  маңызы зор.

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...