Босану тарихы

  1. Паспорттық бөлім.
  2. Аты – жөні: С
  3. Жасы: 23.09.1978 жыл (32 жаста)
  4. Кәсібі: Жұмыссыз (күйеуінің асырауында)
  5. Мекен – жайы:
  6. Ауруханаға түскен күні мен уақыты:
  7. Жүктілік кезінде әйелдер кеңесінің бақылауы-нда болды –СВА №22
  8. Әйелдер кеңесінде 8 рет болды.
  9. Алғаш рет әйелдер кеңесіне 8-9 апталық жүктілікте қаралды.

Түскен күндегі шағымдары :

Қағанақ суы – сағат 8:30 – 11.10.10ж. Толғақтың басталуы 11.10.10ж. таңертеңгілік сағат 5:00. Жыныс жолдарынан патологиялық бөліністер жоқ.

Анамнез: Мерзімді туған бала, 1 жасқа дейін омырау сүтімен қоректенген, 1 жас 3 айда жүре бастады. Мектепке 7 жасынан бастап барды, өзінің құрбы – құрдастарымен физиологиялық және ақыл – ой дамуы жағынан бірге өсіп жетілді.

Тұқым қуалаушылық факторлар: байқалмайды. Басынан өткен аурулар – ЖРВА.

Гепатит, туберкулез, венерологиялық ауруларымен ауырмаған. Тағамға және дәрі – дәрмектерге аллергиясы жоқ.

Күйеуінің денсаулығы – дені сау. Өздерінің жер үйінде тұрады, құнарлы және жиі – жиі тамақтанады. Зиянды әдеттері жоқ.

Етеккір функциясы: 14 жасында басталды, 16 жаста бір қалыпқа дейін қалыптасты, ұзақтығы 5-6 күн, 28-30 күннен кейін, ауырсынусыз, бір қалыпты. Етеккірі тұрмысқа шыққанға дейін және одан кейін, босанар алдында және босанғаннан кейін, сонымен қатар қазіргі уақытта да өзгеріссіз. Соңғы етеккірі – 29.12-4.1-2010ж.

Жыныс және генеративті функциясы: Жыныстық қатынастағы өмірі 20 жасынан басталды. Тұрмыста болуы бірінші рет. Босанудың саны – 3, бірінші босануы қалыпты-ұл бала, 2700г, баласы тірі; екінші босану қалыпты-қыз, 3100г (2жасында қаза тапты). Үшінші қазіргі жүктілік мерзімді. Босанудың ағымы асқынусыз. Босанудың уақыты 2004ж және 2010ж.  Қазіргі жүктіліктің ағысы асқынуларынсыз.

Объективті қарағанда: Бойы – 150 см, салмағы – 57 кг, t – 36,40С. Дене бітімі нормостениялық. Тері жабындылары және шырышты қабаттары – қалыпты жағдайда, таза.

Жүйке жүйесі: көңіл – күйі жақсы, ұйқысы бұзылмаған, жалпы жағдайы қанағаттанарлық.

Тыныс алу ағзалары: Өкпенің шекаралары қалыпты жағдайда. Аускультацияда: тынысы – везикулярлы, сырылдар жоқ.

Қан – тамыр жүйесі:  ЖСЖ – 80 рет, тондары анық, ырғақты. Жүректің шекаралары қалыпты, ұлғаймаған. АҚҚ екі қолда да – 130/90 мм.с.б. Қан тобы – АВ(IV), Rh(+).

Ас қорыту ағзалары: Тілі құрғақ, дымқыл. Ауыз қуысы таза. Жұмсақ және қатты таңдайлар қызғылт түсті, таза. Тістерінде айтарлықтай зақым жоқ. Іштің пальпациясы – ауырсынусыз, бауыры мен көкбауыры ұлғаймаған.

Дефекация акті: Жүктіліктің бірінші жартысында – іштің қатуы, екінші жартысында – отыру жиілігі қалыпты, кедергісіз және қансыраусыз.

Зәр шығару жүйесі: Бүйрек маңы ісінбеген, зәр шығаруы – жиі, әрбір 1,5-2 сағат сайын, еркін, ауырсынусыз. Пастернацкий симптомы екі жақта да теріс. Зәрде ақуыздың іздері анықталады.

Сүт бездерінің жағдайы: Сүт бездері мөлшерлі түрде ұлғайған, омыраудың емізіктері шығыңқы, ісінген. Ореолалар мөлшерлі ұлғайған, пигментацияланған.

Арнайы акушерлік зерттеу: Ішін қараған кезде іштің орта сызығы бойынша пигментацияланған. Іші домалақ формалы, аумағы – 96 см. Кіндігі – томпиған.

Сыртқы акушерлік зерттеуді қолдану: Жатыр түбінің биіктігі – 32 см. Тігінен жатуы, басымен келуі, бірінші позиция, алдыңғы түрі. Басы кіші жамбастың кіреберісіне тіреліп тұр.

Ішті тыңдау: Ұрықтың жүрек соғысы – анық, ырғақты, 140 рет/мин. Жүрек соғысы кіндіктен төмен сол жақ аймағында жақсы естіледі. Басқа шулар – ішектік ырғақсыз.

Жамбасты өлшеу: Үлкен жамбастың өлшемі – d.sp – 24 см, d.cr – 27 см, d.tr – 29 см, c.ext – 19 см.

Жамбастың шығаберіс өлшемдері: тік өлшем – 9,5 см, көлденең – 11 см.

Білезіктің өлшемі (Соловьев индексі) – 14 см.

Қарағанда бел ромбысы жақсы көрінеді, оның мөлшері төртбұрышқа жақындайды. Өлшемі: 11х11 см.

Ұрықтың болжам салмағы: Жорданиа бойынша: іш аумағы мен жатыр түбінің биіктігін көбейткенде=96*32=3072 г.

Джоксон бойынша: (ЖТБ-11)*155=(32-11)*155=3100 г.

 Айнамен зерттеу: Қынабының көлемі жеткілікті. Кіреберісі еркін. Қынаптың жоғарғы үштен бір бөлігінің шырышты қабаты қалыпты түсті, жатыр мойны таза, эрозиясы жоқ. Кіші жамбас осінде орналасқан, бір бөлігі жұмсарған, 1,5 см-ге дейін қысқарған, цервикальды өзегі 1 саусаққа дейін өтеді. Қағанақ суы анықталмайды. Ұрықтың келген мүшесі –  басы, кіші жамбас кіреберісіне тіреліп тұр. Зерттеген кезде мөлдір түсті қағанақ суының болуы. Жамбас сүйектері деформациясыз. Мүйіске дейін жетпейді. Жыныс жолдарынан патологиялық бөліністер жоқ. Кіші жамбаста экзостоздар анықталмайды.

Диагнозы: Жүктіліктің 39-40 аптасы, жүктіліктің бірінші кезеңі, ұзыннан жатуы, басымен келуі, бірінші позиция, алдыңғы түрі.

Қосымша аурулар: Трихомонадты кольпит, ТЖА І дәр. Қағанақ суының уақытынан бұрын сырылуы. Жатыр мойны жетілген.

Босануды жүргізу жоспары: I кезеңдегі босану: 10.10.2010ж. cағат 18:40. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Толғағы 6 минуттан кейін әрбір 20 секунд сайын, орташа. Ұрықтың жүрек соғысы анық, ырғақты, 140 рет/мин, кіндіктен төмен сол жақта жақсы естіледі. Ашық түсті қағанақ суының болуы. Ұрықтың басы кіші жамбастың кіреберісіне тіреліп тұр. Аранның толық ашылуы. Жиі – жиі дәретке отыруы, ішектің босаңсуы кедергісіз. Тамақтанбаған.

Сағат 23:35. Жағдайы қанағаттанарлық. Толғағы әрбір 4-5 минут сайын 35 секундтан. Ұрықтың жүрек соғысы анық, ырғақты, 140 рет/мин. Қағанақ суының болуы. Басы кіші жамбас кіреберісінде. Аранның толық ашылуы.

II кезеңдегі босану: Сағат 08:55. Ышқыншақтың ұзақтығы әрбір 1-2 минут 50 секундтан. Ұрықтың жүрек соғысы анық, ырғақты. Жатыр аранның ашылуы толық.

Сағат 17:45. Ұрық басының жылжуы, ары қарай өтуі. Одан кейін акушерка оң қолдың 3 саусақтарын жылжып келе жатқан басқа орналастырады. Саусақтардың жұмсақ жерлерімен басын сипап сезеді, ышқыншақ кезінде саусақтармен басының ары қарай жылжуына кедергі жасайды, ол бастың шалқайып кетпес үшін сақтайды. Ышқыншақтың үзілістері кезінде оң қолы ұрықтың басында қалады, ал сол қолы қынап сақинасының артқы бүйір тіндерінің бөлімдерін созылып кетпеуін сақтайды. Шүртекейдің және кіші жыныс еріндерінің тіндері дүниеге келе жатқан нәрестенің төбесінен төмен түседі. Қынап сақинасын алдыңғы бөлімінің азырақ созылған тіндері артқа қарай түйіседі, шат аралыққа жақынырақ. Төбесін босандырғаннан кейін акушерка ышқынуға рұқсат етпеді. Босанушы әйел мұрнын жауып, ауызбен дем алады. Ақырын ғана еңбектердің томпақтарын босатады. Содан кейін сол қолмен басын толығымен ұстайды да, ақырын ғана басты жазады, оң қолмен бастан шат аралық тіндерін алып тастайды. Бастың туа салысымен кіндіктің мойын жақтағы оралуын бар – жоғын қадағайлады. Туған кезде басының бет бөлімі анасының оң жақ жамбасына қаратылып тұрды. Өздігінен иықтарының пайда болған сәтте акушерка қынап доғасына тіреп, ақырын ғана артқы иықтан шат аралығынан алып тастады. Екі қолмен ақырын ғана кеуде жасушасынан ұстап, денесін жоғары қаратады. Осыдан төменгі дене бөлімінің тууы болды. Ұрықтың дүниеге келуі – сағат 09:10. Қыз бала туды, тірі, асфиксиясыз.

Нәрестені тазалау: Жаңа туған қыз баланы зарарсыз дәкемен өңдейді. Зарарсыз мақта бөлігімен мұрын мен ауызды шырыштыдан тазалайды да, анасының аяқ арасына стерильді жаялыққа жатқызады. Офтальмобленореяны алдын алуға кіріседі. Қабақтың тері жабындыларынан табиғи майлауды және шырышты құрғақ зарарсыз мақта – дәкемен алып тастайды (іс – әрекет сыртқы бұрыштан ішкі бұрышынан бастайды, әрбір көзге бөлек шарик қолданылады). Солдан кейін төменгі қабақты біраз созып, конъюктивальды қапқа 1 тамшы альбуцид ерітіндісін тамызады. Ерітіндінің қайталама өңдеуі 2 сағат өткен соң жасалынады. 30% сульфацил натрий ерітіндісінің 2 тамшысын қынап аузына тамызады. Кіндік тамырларының пульсация аяқталғаннан кейін оны зарарсыз мақта – дәкемен сүртіп, Кохер қысқышымен 10-15 см кіндік сақинасынан алыстау қыстырады. Екінші қысқышты біріншісінен 2 см-ге сыртқа қарата орналастырады. Қысқыштарының арасынан кіндікті антисептик ерітінділерімен өңдеп, қайшымен қияды. Анасының кіндік соңы жыныс саңылауында байлап тастайды. Нәрестенің кіндік соңын спиртпен сүртіп, кіндік сақинасынан 1,5-2 см ара қашықтықта жіппен байлайды. 2-3 см қашықтықта кіндік қалдығының соңын қиып, оны 10% йод тұндырмасымен жағып, қалдығын құрғақ зарарсыз мақта – дәкеге орайды. Нәрестенің жалпы жағдайы қанағаттанарлық, айғайы қатты, қозғалысы активті, бұлшық ет тонусы жақсы, рефлекторлы қозғыштығы сақталған, тері жабындылары қызғылт түсті, түкті жабындысы айқын емес, басындағы шаштың ұзындығы 2 см-ге дейін жетеді. Салмағы – 3100 г, бойы – 52 см. Басының аумағы – 34 см, кеуде қуысының аумағы – 32 см.

Босану биомеханизмі (шүйденің алдыңғы түрдмен келуі ):

 I кезең – бастың жамбастың кіреберіс жазықтығына қондырылуы. Босану басталған кезде, нәрестенің басы өзінің төбе жігімен жамбастың кіреберіс жазықтығының көлденең не қиғаш өлшеміне сәйкес келеді. Қосымша кезең – бас сәл еңкейіп, баланың иегі көкірегіне жақындайды. Баланың басындағы кіші еңбегі үлкен еңбегіне қарағанда төмен жатады. Кіші еңбек – жетекші нүкте болады. Қуу кезеңі кезеңі басталғанда жатырдың және іштің пресс қысымының салдарынан жамбастың жоғарғы соңына, ал одан өтіп, ұрықтың омыртқа және басына беріледі. Омыртқасы баспен ортада емес, төбеге жақынырақ орналасады, осының салдарынан екі иықтың тетігі пайда болады, қысқасы төбесінде, ал ұзында – маңдай орналасады. Жатырішілік және қарынішілік қысым омыртқаға арқылы ең алдымен төбеге беріледі. Төбе төмендейді де, төменгі жағы кеуде қуысына жақындайды, кіші еңбек үлкен еңбекке қарағанда төменірек орналасады. Осының салдарынан кіші еңбектің аймағы үнемі жамбастың желі осімен жылжиды және бірінші болып жыныс саңылауынан көрінеді. Басының иілуінің салдарынан жамбасқа кіші мөлшерде кіріп, анығырақ айтқанда, кіші қисықтығынан (9,5 см) тура мөлшерге қарағанда (12 см).

II кезең – бастың жамбас қуысына түсуі. Нәрестенің басы жамбас қуысының кең және тар жазықтықтарынан өте отырып, біртіндеп ішкі бұрылысын жасайды (қосымша кезең). Шүйде шат сүйегіне бұрылып, бас жамбас қуысының түбіне төмен түседі. Осы кезде бастың төбе өлшеміне сәйкес келеді.

III кезең – нәрестенің басы жыныс ернеуін жарып шығып шаттың төменгі қырының айналасында шалқаяды (қосымша кезең). Жыныс ернеуінен ең алдымен төбесі, маңдайы, беті, иегі шығады. Осы кездегі бекіту нүктесі – шүйде шұңқыры. Бұл кезең нәресте басының жыныс ернеуінен толық босанып шығуымен аяқталады.

IV кезең – иықтың іштей, бастың сырттай бұрылуы. Бас туғаннан кейін не оңға не солға бұрылады, оның бұрылуы нәрестенің орналасу бағытына (позиция) байланысты. Егер нәресте бірінші бағытта орналасқан болса, оның беті анасының оң санынан бұрылады. Осы кезде нәресте иығының іштей етегіне, артқы иық құйымшаққа тіреледі. Алдымен алдыңғы иық босап, содан кейін артқы иық жыныс ернеуінен шығады. Осы сәттен кейін нәрестенің өмірге келуі ақталады.

Жолдас және ерте босанғаннан кейінгі кезең: 5 минут өткен соң бала жолдасы өздігінен сырылды. Плацентаның шеттері тегіс, қабықтар мен бөлшектері бүтін. Қан жоғалту көлемі– 250 мл тең. Осыдан кейін келесі шаралар қолданылды:

  1. Зәрді катетер арқылы шығару;
  2. Ішіне мұздымұйық қою.

Босану жолдары айнамен қаралды: Жатыр мойны, қынабы және шат аралығы бүтін. 2% йод ерітіндісімен өңдеу жасалынды. 2 сағат өткен соң жағдайы қанаттанарлық болған соң, босанудан кейінгі бөлімге жөнетілді.

Босанғаннан кейінгі кезең және бақылау күнделігі: Анасының жалпы жағдайы қанағаттанарлық, шағымдары жоқ. Тері жабындылары мен шырышты қабаттары қалыпты түсті. АҚҚ 120/80 мм.с.б.б., Рs – 80 рет/мин. Нәрестенің жағдайы қанағаттанарлық, көзге көрінетін шырышты қабаттары ылғалды. Кіндік сақинасы шат және семсер тәріздес арасында ортасында орналасқан. Терісі бозғылт – қызғылт, майлаудың қалдықтары көрінеді. Сыртқы жыныс ағзалары әйел типтес, анус қалыптасқан. Қозғалысы активті, айғайы қатты, көздері ашық, омырауды жақсы алады. Пульсі ырғақты, жүрек тондары анық.

Жүйке жүйесі: Рефлекстері сақталған. Іш қуысының ағзалары: іші жұмсақ.        

Жүктілікті жүргізу жоспары:

  1. Клиникалық – лабораториялық зерттеулер:

— қанның жайылған түрдегі анализі;

— қан тобын анықтау, резус – фактор;

— қанның биохимиялық анализі (жалпы ақуыз, креатинин, мочевина, билирубин, глюкоза);

— коагулограмма;

— зәр анализі (Нечипоренко, Зимницкий әдістері бойынша).

  1. Терапевт, окулист, т.б. мамандарының кеңестері.
  2. Ұрықты УДЗ бойынша зертттеу.
  3. Гемодинамика, тәуліктік диурез, дене температурасы.
  4. Бүйректерді УДЗ бойынша зерттеу.
  5. Антианемиялық терапия.

Босануды жүргізу жоспары:

  1. Босануды табиғи жолмен жүргізу. Спазмолитиктер фонында (но-шпа 2 мл к/т немесе б/е; папаверин гидрохлориді 2%-2 мл+дибазол 0,5%-2 мл).
  2. Босану кезіндегі адекватты ауырсыздандыру.
  3. Босану әрекеттерін бақылау, АҚҚ динамикасы, сонымен қатар ұрық басының жылжуы.
  4. Егер де ауырлық дәрежесіне байланысты акушерлік анамнез болса, онда оны анықтау және емдеу.
  5. Босану әрекетінің әлсіздігі болса, онда уақытында босану стимуляциясы туралы сұрақ қою керек.
  6. Босанудың II және III кезеңдерінде қансырауды алдын алу шаралары: окситацин 5 Б+NaCl 0,9%-400 мл көк тамырға 8-10 тамшы минутына.
  7. Жедел ұрық гипоксиясын алдын алу (Николаев триадасы: 02, глюкоза+аскорбин қышқылы, кокарбоксилаза).
  8. Босанудан кейін іріңді – септикалық асқынуларды алдын алу.

Нәрестенің физикалық жағдайын Апгар шкаласы бойынша бағалау (босанудан кейін 1 минут өткен соң).

Белгілері 0 балл 1 балл 2 балл
1. Жүрек соғысы (ЖСЖ) жоқ 100 рет/мин 100-140 рет/мин

+

2. Тыныс алуы (ТАЖ) жоқ Сирек 20 рет/мин артық

+

3. Айғайы жоқ Әлсіз Қатты

+

4. Рефлекторлы қозғыштығы жоқ Төмендеген Нормада

+

5. Бұлшық ет тонусы жоқ Төмендеген

+

Нормада

 

6. Тері жабындыларының түсі Цианоз Бозғылт – қызғылт түсті (5 минуттан кейін)

+

Қызғылт түсті

Нәрестенің физикалық жағдайын Апгар шкаласымен бағалау – туғаннан кейін 1 минут өткен соң – 8 балл. 5 минут өткен соң – 9 балл

Лабораториялық және қосымша әдістердің зерттеулер қорытындылары:

Қан тобы – АВ(VІ), Rh(+)

ЖҚА 11.102010ж.                                ЖҚА 11.102010ж.

Hb-110 г/л                                           Hb-120 г/л

Эритроциттер – 3,3*1012 г/л            Эритроциттер – 3,7*1012 г/л             Лейкоциттер – 7,2*109 г/л               Лейкоциттер – 8,4*109 г/л          ЭТЖ – 35 мм/сағ                          ЭТЖ – 23 мм/сағ                                                                                            Түс көрсеткіші – 0,1

ЖЗА –11.102010ж.                               ЖЗА – 11.102010ж.

Мөлдірлігі – толық                           Мөлдірлігі – толық

Салыс/лы тығ/ғы – 1015                  Салыс/лы тығ/ғы – 1020

Ақуыз – іздері                                    Ақуыз – жоқ

Эпителий – 2-4                                   микроскопия:

Лейкоциттер – 4-5 к/а                       Лейкоциттер – 3-4 к/а

Эритроциттер – 0-1к/а                      Эритроциттер – 3-2к/а

ҚБА –11.102010ж.                      ҚБА –.11.102010ж.

Жалпы ақуыз – 65 г/л                       Жалпы ақуыз – 68 г/л

Фибриноген – 7,5 г/л                        Фибриноген – 6,9 г/л

Мочевина – 4,3 ммоль/л                  Мочевина – 4,7 ммоль/л

Билирубин – 13 ммоль/л                 Билирубин – 15 ммоль/л

Глюкоза – 4,5 г/л                               Глюкоза – 4,8 г/л

УДЗ – 25.09.2010ж

Бір ұрық, ұзыннан жатуы, басымен келу. Бала жолдасы артқы қабырғада, І дәрежеде жетілуі.

11.102010ж. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, шағымдары жоқ. Тілі таза, ылғалды. Сүт бездері – жұмсақ, емізіктері – «таза». Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Жатырдың түбі 1 п/п кіндіктен төмен, лохиялар қанды, бір қалыпты. Зәр шығаруы еркін. АҚҚ – 120/80 мм.с.б.б., Рs – 78 рет/мин. t – 36,40С.

12.10.2010 ж . Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, шағымдары жоқ. Тілі таза, ылғалды. Сүт бездері – жұмсақ, емізіктері – «таза». Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Жатырдың түбі 4 п/п кіндіктен төмен, лохиялар қанды, АҚҚ – 120/80 мм.с.б.б., Рs – 80 рет/мин. t – 36,30С. УДЗ – ерекшеліктері жоқ, қуыстары ұлғаймаған. R – графия кеуде қуысының ағзалары – жұмсақ, жүрегі қалыпты жағдайда.

Эпикриз: С  23.09.1978 жыл (32 жаста), тұрмысқа шыққан, №2 перзентханаға 11.10.2010ж сағат 08:30 қағанақ суының ерте сырылуына шағымданды. Жүктілігі қалаулы, асқынусыз өткен. Объективті қарағанда және қосымша зерттеулердің нәтижелері бойынша диагноз қойылды: Жүктіліктің 39-40 аптасы, қағанақ суының уақытынан бұрын сырылуы, трихомонадты кольпит, ТЖА 1 дәрежелі.

10.10.2010ж. сағат 18:30 ретсіз толғақ басталды әр 6 минут сайын 20 секундтан.

Сағат 23:45 әрбір 4-5 минуттан 35 секунд сайын.

Сағат 08:40 ышқыншақтың басталуы 1-2 минуттан әрбір 50 секундтан, жатыр аранның ашылуы толық. Босанушы босану бөлмесіне жеткізілді. Ұрықтың ұзыннан жатуы, басы кіші жамбас кіреберісіне тіреліп тұр.

Босанудың әрекеттерінің жоспарлы түрде байқалуы: босануды консервативті спазмолитиктерден бастау, ұрықтың жылжуын қадағалау. Егер де ұрық басы анасының жамбас қуысына клиникалық сәйкес келмеушілік байқалса, онда кесар тілігіне алу.

І босану кезеңі қалыпты өтті, жалпы уақыты 5 сағатқа созылды.

ІІ босану кезеңі – 35минутқа созылды.

Сағат 09:10-да қыз бала туды, Апгар шкаласы бойынша 8 балл, салмағы – 3100 г, бойы – 52 см.

ІІІ босану кезеңі – 7 минуттан кейін бала жолдасы сырылды. Бөлшектер мен қабықтары бүтін. Қан жоғалту мөлшері – 250 мл. АҚҚ 110/80 мм.с.б.б. Рs – 78 рет/мин. 2 сағаттан кейін босанудан кейінгі бөлмеге ауыстырылды.

Курация кезіндегі уақыттарда анасы мен баласының жалпы жағдайлары қанағаттанарлық болды.

Емдеу жүргізілді:

  1. Окситацин – 5 Б б/е.
  2. Гентамицин – 80 мг х 2 рет б/е.
  3. Гемофер – 1 дәріден х 2 рет.

Ұсыныстар:

  1. Босанудан кейінгі және жыныстық өмірінің гигиенасы.
  2. Акушер – гинеколог дәрігерге бару мерзімдері: алғашқы 10 күн; 42 күн өткенде жылына 2 рет.
  3. 2 айдан кейін гормональды контрацепция.
  4. 4-6 айға дейін тек қана омырау сүтімен тамақтандыру.
  5. Суықтан сақтану.
  6. Құнарлы тамақтану.
  7. Босанудан кейін 1 ай ішінде флоюорография.
  8. Антианемиялық терапия (Ракферон 1 кап х 2 рет күніне 2 апта бойы).
  9. Гинекологқа қаралып, трихомонадты кольпитті емдеу.

 

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...