Құрғақ плеврит

Құрғақ плеврит

Плеврит – ол өкпенің плевралық қабаттарының қабынуы, екі қабаттың арасына фибриннің жинақталуы немесе плевралық қуыста әр түрлі текті экссудаттың жинақталуы. Себептері әр түрлі болып табылады – инфекциялар, кеуде клеткасының травмалары, ісіктер т.б. Плеврит өз бетімен дамитын ауру , бірақ көп жағдайда өкпедегі жедел және созылмалы процесстердің қорытындысы болуы мүмкін.

Алдымен осы материалды оқымас бұрын жалпы плеврит ауруы жайлы толықтай оқып кетіңіз.

Барлық плевриттерді этиологиясына байланысты екі топқа бөледі:

  • Инфекциялық – плеврадағы бұзылыс процесстері инфекциялық қоздырғыштармен шақырылады.
  • Инфекциялық емес немесе асептикалық -плеврадағы қабыну процесстері патогенді микроорганизмдердің тікелей қатысуынсыз жүреді.

Инфекциялық топтың этиологиялық факторына жататын қоздырғыштар ішінде алдыңғы орында тұратындар жедел пневмония және өкпедегі жедел іріңдеу процесін туғызатын қоздырғыштар болып табылады (пневмококк, стафилококк, грамтеріс таяқшалар т.б.). Қазіргі кезде плевриттердің туындауында, сонымен қатар туберкулез микобактериялары ерекше орын алуда. Соңғы онжылдықта бұл көрсеткіш 20 пайыз науқастардың ішінде анықталып отыр. Сонымен қатар саңырауқұлақтан туындайтын плевриттер де бар (кокцидоидоз, бластомикоз т.б.).

құрғақ плеврит

Құрғақ плеврит

Асептикалық плевриттердің туындауының себептері өте көп болуы мүмкін. Бұл түрі көбіне плевра қуысына травмалық немесе оперативтік араласулардың қан құйылулар нәтижесінде, немесе жедел панкреатит кезінде плевра қуысына ұйқыбезінің көптеген ферменттерінің еніп кетуі нәтижесінен болады. Сонымен қатар біріншілік немесе екіншілік ісіктердің плевраға диссиминациялануы қазіргі таңда жиі кездеседі, яғни рактың немесе плевра мезателиомасының плевраға метастаз беруі – карциноматозды плеврит. Асептикалық плеврит өкпе инфарктының нәтижесінде де болуы мүмкін.

Құрғақ плеврит патогенезі: Микроорганизмдердің плевра қуысына ену жолдары алуан түрлі болуы мүмкін. Ең алдыңғы орында тұратын ол субплевральды орналасқан көрші өкпе тіндерінен плевра қуысына инфекцияның тасымалдануы. Мысалы, туберкулезді плевриттерге тән ол лимфа түйіндерінен плевра қуысына инфекцияның берілуі. Ал микроорганизмдердің гематогенді жолмен таралуы сирек жүреді, тек қана гематогенді инфекцияның өкпенің субплевральды қабатына өткенде ғана болуы мүмкін. Ал ең жиі инфицирленетін жол хирургиялық практикадағы араласулар болып табылады. Бұл кезде микроорганизмдердің тікелей таралуы , яғни плевра қуысына операциялар тікелей өтуі байқалады, әсіресе өкпеішілік іріңдік ошақтардын операциямен ашқан жағдайларда.

Құрғақ плеврит кезінде экссудат аз мөлшерде бөлінеді, бірақ жақсы сіңіріледі. Нәтижесінде экссудат қою, одан сүзілген фибрин плевра беткейіне шөгіп жабысады. Құрғақ плевритпен ауыратын науқас адамдардың шағымдары: кеуде қуысының шаншып ауырсынуы, жөтел, демалу кезінде ауырсыну деңгейінің жоғарлауы, егер ауру адам құрғақ плевриті бар жағына жататын болса, ауырсыну төмендейді. Плевраның зақымданған аймағына байланысты ауырсынудың орналасуы және таралуы әртүрлі. Мысалы: диафрагмалық құрғақ плевритте ауырсыну іштің алдыңғы аймағына таралады. Нәтижесінде іштің ауырсынуын туғызады, бұл жедел холецистит, панкреатит, аппендициттің клиникасына ұқсас болуы мүмкін (Торако-диафрагмальдық синдром).

  • Жалпы қарау кезінде тыныс алу актісіне кеуденің зақымданған аймағы қалып отырады, беткейлік тыныс.
  • Перкуссия арқылы зақымданған аймақтағы өкпенің шетінің қозғалысының шектелуі анықталады.
  • Қанда лейкоцитоз, лейкоцитарлы формуланың солға қарай жылжуы, ЭТЖ жоғарылауы
  • Құрғақ плевриттің ағымының ұзақтығы 8-10 апта, ауру сауығу мен аяқталады.

Аускультацияда плевраның үйкеліс шуы естіледі. Шу крепитацияға тән нәзік немесе аязда болатын қардың сықырына ұқсас қатты болады. Плевраның үйкеліс шуы демалудың екі фазасында да естіледі. Шу өкпенің эксурссиясы мол, төменгі бүйір аймақтарда жиі естіледі.

Рентгендік көріністер: Құрғақ плевриттің рентгендік көріністеріне мыналар: диафрагма күмбезінің жоғары тұруы, терең дем алғанда оның қалып отыруы, өкпенің төменгі шеттерінің қозғалысының шектелуі, өкпе алаңының бөлігінің аздап қараюы. Егер 500мл ден аз сұйықтық болса рентгенде анықталмауы да мүмкін. Көкірекаралық мүшелері ауырмаған жаққа қарай ығысады.

Құрғақ плеврит емі:

Ең алдымен науқасқа өзінің ауруының деңгейі жайлы, әр түрлі инвазивтік манипуляция мен интенсивті терапияның маңыздылығы жайлы нақтылап түсіндіреді. Плевра пункциясынан соң дренаждау жасалады. Науқастың ауырған жағына локальды иммобилизация жасау үшін жастық төселеді. Құрғақ плевриттерде өте ауыр жөтел үшін жөтелге қарсы препараттар(дионин, кодеин, либексин, тусупрекс т.б) қолданылады. Пункцияда алынған сұйықтықтың көлемі анықталады, оны лабораторияға зерттеуге жіберіледі. Пункциядан соң ентігу азаюы мүмкін, бірақ ол пневмоторакс туындатуы немесе жүрек – тамырлық коллапс туындатуы мүмкін.

Этиологиялық ем

  • Негізгі ауыруды емдеу немесе оның себебін жою плевриттің симтоматикасын азайтады немесе толық жояды.
  • Негізінде плевриттің ең жиі себептері пневмония, туберкулез, қатерлі ісіктер, дәнекерлік тіннің жүйелі ауырулары.
  • Егер туберкулездік плеврит болса туберкулезге қарсы арнайы ем жүргізіледі; пневмония болса оған қарсы антибактериялық ем; дәнекер тіннің жүйелі ауырулары байқалса иммундық депрессанттар, глюкокартикоидтар және цитостатиктер қолданылады.

Қабынуға қарсы десенсибилизациялық ем. Қабынуға қарсы дәрмектер плевриттің тез жойылуына көмектесіп, ауырсынуды басады. Әдетте, стероидты емес қабынуға қарсы дәрмектерді (ацетилсалицил қышөылы- тәу.1,0-3-4рет, вальтарен немесе индометацин 0,025 3рет және т.б) ішкізеді. Десенсибилизациялық ем ретінде калций хлоритінің 10% ертіндісін 1 ас қасықтан 3рет береді.

Физиотерапия, емдік дене шынықтыру және массаж. Фибриндік плевриттің ерте сатысында жартылай (су қосылған) спирттік қыздырғыш компрестерді жапсырады және калций хлориді мен электрофорез жасайды. Осымен қатар қол массажын немесе вибрациялық массажды жасайды.

 

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...