Гипотензивті препараттар

Гипотензивті әсері бар препараттар

Гипотензивті препараттар — АҚ төмендету үшін қолданылатын дәрілік заттардың тобы.

Әсер ету механизіміне және дәрілік топтар классына байланысты келесідей жіктеледі:

  • Ангиотензин ІІ рецепторларының антагонистері
  • Кальций каналының блокаторлары
  • В-адреноблокаторлар
  • АПФ ингибторлары
  • Диуретиктер
  • а-блокатор

Гипотензивті препараттар

Диуретиктер келесідей топқа бөлінеді:

  • Ілмекті диуретиктер: Буметонид, Фуросемид, Пиретанид, Торасемид, этакрин қышқылы. Бұлар гипертониялық криз кезінде тиімді, бірақ ұзақ қолдануға болмайды, себебі микроэлементтерді шаяды, жиі аритмия дамуы мүмкін.
  • Тиазидтер: Индапамид, Арифон Оксодолин, Салуретин, Гигротон жатады. АГ бастапқы сатыларында қолданылады. АПФ ингибиторларымен жиі бірге қолданылады.
  • Антиальдостеронды немесе калий жинаушы дәрілер: верошпирон, спиронолактон триамтерен. Әлсіз препараттар қатарына жатады, жиі басқа диуретктермен қолданылады

Фуросемид 20-30 мг тамыр ішіне енгізеді, 2-3 мин сон гипотензивті әсері біліне бастайды. Шеткі қантамырларды кеңейтіп, диурез күшейтеді.

Қарсы көрсеткіштері:

  • Электролиттік алмасу бұзылысы
  • Анурия
  • Коматозды жағдайлар

Бетта адреноблокаторлар

В-адреноблокаторлар құрылысы жағынан эндогенді катехоламиндерге ұқсас, постсинапстық мембранадағы в – адренорецепторлармен байланыса отырып, Жүрек қантамыр жүйесіндегі негативті әсер ететін импульстарды жойады, сол себепті тек АГ кезінде ғана емес стенокардия, аритмия кезінде тиімді.

  • Кардиоселективті: Пропранолол (обзидан, анаприлин, индерал); Надолол (коргард); Окспренолол (тразикор, слоу-тразикор); Соталол; Пиндолол (вискен); Тимолол Алпренолол (аптин).
  • Селективті емес: Корданум (талинолол); Атенолол (тенормин, аткардил, бетакард, катенол, принорм, фалитенсин, тенолол); Ацебутолол (сектраль); Метопролол (беталок, спесикор, селокен).

Гиперкинетикалық ГК кезінде пропранолол 10-20 мг дозасында тіл астына қолданады.

Қарсы көрсеткіштер:

  • Жедел ЖЖ Атриовентрикулярлы блокада
  • Брадикардия Бронх астма
  • Аяқ тамырларының облитирлеуші аурулары

 

  • Бифенилді тетразол туындысы: Лозартан, Ирбесартан, Кан-десартан. Калий препараттары және калий сақтаушы преапарттармен бирге қолдануға болмайды
  • Бифенилді емес тетразолды емес қосылыс: эпросортан. Қолданылуы АГ+диабеттік нефропатия кезінде
  • Бифенилді емес тетразолды қосылыс: телмисартан. МИ, ССН

Кальций каналының блокаторлары

  • Қан тамыр қабырғасының тегіс салалы б.е. босаңсытады.
  • Миокард жиырылуын төмендетеді.
  • Na реабсорбциясына әсер ете отырып зәр айдағыш әсер көрсетеді.
  • Спазмолтикалық эффект көрсетеді.
  • Тромбоцит агрегациясының алдын алады.

Дигидропиридон туындысы: 

  • Бірінші -нифедипин
  • Екінші – амлодипин исрадипин лацидипин реодипин нимодипин

Фенилалкиламин туындысы (верапамил тобынан)

  • Бірінші- верапамил
  • Екінші – галопамил (прокорум)

 

  • Бензотиазепин туындысы (дилтиазем тобынан): дилтиазем, клентиазем
  • Дифенилпиперазин туындысы (циннаризин тобынан): циннаризин (стугерон), флунаризин

α- (Альфа) адреноблокаторлар

Бұл топтағы преапарттар адренергиялық синапстар арқылы қан тамыр тарылтатын импульстардың өтуіне кедергі жасай отырып артерилолар мен прекаппиялярларды кеңейтеді.

  • Селективті: прозозин, доксасозин, тамсулозин, алфузозин
  • Селективті емес: фентоламин, спорынья алколоиды(пророксан), троподифен
Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...