Эклампсия

Эклампсия

Эклампсия — гестоздың ең жоғарғы сатысы, жүкті әйелдің полиорганды жетіспеушілігінің салдарынан пайда болатын эпилепсияға ешқандай қатысы   жоқ құрысу-тырысу ұстамаларымен сипатталатын синдром.

Этиологиясы:

  • Генетикалық  факторлар (дефекты генов: 7q36, —   eNOS, 7q23-ACE, HLA, АТ2Р1, C677T- полиморфизм)
  • Тромбофилия (мутация ф V Лейдена, АФС)
  • Экстрагенитальды патология
  • Инфекция

Қауіп қатер факторлары:

  • Жүрек қантамыр аурулары;
  • Қантты диабет;
  • Семіру;
  • Антифосфолипидті синдром;
  • Алдыңғы жүктіліктерде ауыр преэклампсия/эклампсия болуы.
  • Отбасылық анамнезде ауыр преэклампсия/эклампсия болуы.
  • Көп ұрықты жүктілік
  • Артериалды гипертензия
  • Бүйрек аурулары
  • Жасы 40 тан асқан
  • Жүктіліктер арасы 10 жылдан артық.

Эклампсияда әйел ағзасының барлық мүшелер мен жүйелер патологиялық өзгеріске ұшырап, ми ұлпалары ісініп, әйел есінен танып, бүкіл денесі, бұлшық еттері құрысып эклампсия талмасы басталады. Талма басталар алдында, әйелдің басы қатты ауырып, көзінің көруі нашарлап, АҚҚ көтеріліп, мазасызданады. Әрбір эклампсия талмасы 1-2 мин созылады.

Эклампсия қазақша

Жүктілердегі эклампсия

Эклампсия кезеңдері:

  • І кезең. Талма алдындағы кезең
  • ІІ кезең. Тоникалық талма кезеңі
  • ІІІ кезең. Клоникалық талма кезеңі
  • ІV кезең. Талмадан айығу кезеңі

І кезең. Талма алдындағы кезең. Әйел мазасыз, тыныс алуы жиілеп, жүрегі қатты соғып, көзі тартылады. Бұл кезең 20-30 сек созылады.

ІІ кезең. Тоникалық талма кезеңі. 

  • Әйел есінен айырылып, тыныс алу тоқтап, беті көгеріп, қарашығы үлкейіп, жағы тартады.
  • Жүкті әйел тілін тістеп алуы ықтимал.
  • Барлық бұлшық еттері сіресіп қалады.
  • Ана мен нәрестеге қауіпті кезең. Бұл кезеннің ұзақтығы 30 сек.

ІІІ кезең. Клоникалық талма кезеңі.

  • Қатып сіресіп тартылған бұлшықеттер, бірінің артынан бірі, беттен кеудеге, саннан балтырға қарай тартылып тарай бастайды.
  • Әйелдің тыныс алуы ауырлайды, жақтары ашылып, аузынан қан, сілекей аға бастайды.
  • Бұл кезең 40 секунттан-1,5 минутқа дейін созылады. Талма біткеннен кейін әйел қатты ұйықтап қалады.

ІV кезең. Талмадан айығу кезеңі. Жүкті әйел есін жиып, өз — өзіне біртіндеп келе бастайды, тыныс алуы, жүрек соғысы дұрысталады. Бірақ әйел талма туралы ешнәрсе білмейді. Талманың саны 1-2 рет, 10- ға дейін болуы мүмкін.

Дәрігерге дейінгі көмек көрсету алгоритмі

Пациентті сол бүйірге жатқызу. Зақымдалудан қорғау, бірақ белсенді ұстамау КЕРЕК.

Оттекті беру тәртібі:

  • Ауыз қуысын кенейткішпен ауызды ашу
  • Тілдің жабылып қалмас үшін, тіл ұстағышпен ұстау және астынғы жақты ұстау.
  • Ауыз қуысын секреттен босату және ауаның түсуіне жағдай жасау. Тыныс жолдарына ауа өткізгіш енгізу
  • Өздігінен тыныс алудың қиындауы кезінде ӨЖЖ маска арқылы және Амбу қабымен қамтамасыз ету

Магнезиальды терапияны бастау:

  • Старттық доза доза: магний сульфатының 5 г құрғақ затын (25%-20 мл ) 10-15 минут ішінде көктамыр ішілік баяу енгізу.
  • Сүйемелдеуші доза: 80 мл 25% магний сульфатын – 320 мл физ. ерітіндіде. к/т мына жылдамдықпен: 11 там/мин – 1г құргақ зат/сағ; 22 там/мин – 2 г құрғақ зат/сағ; Магний сульфатын үздіксіз енгізу ұзақтығы 12-24 сагат бойы.

Седативті заттарды тағайындау (диазепам) жағымсыз әсерлеріне байланысты(неонатальды тыныстың нашарлауы) – қалаусыз.
Егер тырыспа 15 мин кейін қайталанса 2 г. магний сульфатының құрғақ затын енгіземіз (10 мл – 20% ерітінді к/т 20 минутта.
Егер тырысулар жалғасса,диазепам енгізіеміз: Старттық доза: 10 мг диазепам к/т 2 минут бойы, тырысу қайталанса 10 мг диазепамды қайталап енгізіңіз.
Сүйемелдеуші доза: 40 мг диазепам 500 мл физиологиялық ерітіндіде 6-8 сағ бойы.
Диазепамның суйемелдеуши дозасын тоқтату керек, егер тыныс алу жылдамдығы минутына16-дан аз болса.

Диагностикалық шаралар:

  • Қан тобы және резус – фактор;
  • АҚҚ, пульс өлшеу (тәулік бойы кардиомониторлық бақылау);
  • ЭКГ;
  • зәрдің жалпы анализі – күнделікті, тәуліктік зәрде протеинурия;
  • Қанның клиникалық анализі (гемоглобин, гематокрит, тромбоциты,қан ұю уақыты);
  • Қанның биохимиялық анализі (жалпы белок, альбумин, креатинин, АЛаТ, АСаТ, мочевина, билирубин);
    коагулограмма;
  • Д – димеры;
  • Көз түбін;
  • Ұрықтың КТГ ;
  • ұрықтыңУДЗ;
  • Допплерометрия;
  • Окулист, терапевт.

Асқынулары:

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (2 бағалар, орташа: 5,00 тен 5)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...