Энцефалит

Энцефалит ауруы

Энцефалит – бас миының қабынуы.

Жіктелуі:

І. Біріншілік вирусты энцефалиттер

А. Вирусы белгілі энцефалиттер:

1) Арбовирусты маусымдық: көктем-жаздық (кенелік, шотландық), жаз-күздік энцефалиттер (масалық, американдық Сент-Луис, австралиялық Муррея, жылқы энцефаломиелиті);

2) Маусымы толық анықталмаған біріншілік вирустық (Коксаки және ЕСНО) энцефалит (герпес және тұмау вирустарынан, құтыру ауруынан болатын энцефалиттер)

Б) Вирусы белгісіз біріншілік Экономоның эпидемиялық энцефалиті

ІІ. Екіншілік энцефалиттер:

  • Параинфекциялық энцефалиттер мен энцефаломиелиттер (қызылша, шешек, қызамықтанболатын эцефалиттер т.б.)
  • Вакцинациялық энцефалиттер мен энцефаломиелиттер
  • Миелинсіздіретін энцефалиттер (лейко және панэнцефалит, шашыранды склероздың балаларда кездесетін түрлері)
  • Ревматизм және басқа коллагенездерден болатын энцефалиттер
  • Туберкулостатикалық энцефалиттер

ІІІ. Микробтық және рикетсиялық энцефалиттер мен энцефаломиелиттер:

  • Біріншілік энцефалиттер (нерф жүйесінің сифилисі, бөртпе сүзектен болатын энцефалит).
  • Екіншілік энцефалиттер (стафилококктық, стрептококктық, маляриялық, токсоплазмоздық т.б.)

Энцефалит қазақша

Клиникалық көріністері:

  • Ауру жалпы милық симптомдардың шұғыл немесе созылыңқы дамуынан басталады. Олардың пайда болуынан бұрын жалпы инфекциялық продрома (дімкәстік, жұтқыншақ ауыруы, буындар сырқырауы, т.б.)
  • Жалпы милық симптомдар: бас ауыруы, көбінесе маңдай бөлігінде, құсу, фотофобия, эпилепсиялық талмалар. Есінің бұзылуы жеңіл дәрежеден (енжарлық, ұйқышылдық) комаға дейн.
  • Бас миының зақымдануының ошақты симптомдары, энцефалит формасы мен патологиялық процестің орналасуына байланысты болады.

Диагностикалық маңызды болып ми-жұлын сұйығын зерттеу болып табылады. Онда лимфоцитарлы плеоцитоз 1мкл-да 20–дан 100ге дейін клетка, белок мөлшері шамалы жоғарылайды. Суйық жоғары қысым әсерінен ағады. Қанда лейкоцитоз, ЭТЖ жоғары. ЭЭГ-да диффузды спецификалық емес өзгерістер,баяу активтілік басым (тета- және дельта-толқындар). КТ мен МРТ да әр түрлі тығыздықтағы ошақты өзгерістер анықталуы мүмкін.

Диагноз клиникалық көріністерге, бактериологиялық және серологиялық зерттеу нәтижелеріне негізделеді.

Емі. Энцефалиттердің емі патогенетикалық, этиотропты, симптоматикалық және қалпына келтіру шараларымен іске асады.

Патогенетикалық терапия.

  • Дегидратация және ми ісінуімен күрес ( к/т 10-20% маннитол ерітіндісі 1-1,5г/кг; фурсемид 20-40мг, диакарб);
  • Десенсибилизация (тавегил 0,001 г 2рет тәул, супрастин, диазолин, димедрол);
  • Гормональды терапия (АКТГ, преднизолон 1-2мг/кг тәул, дексаметазон 6 сағат сайын 4мг.нан тәул.16мг к/т немесе б/е),
  • Микроциркуляцияны жақсарту (полиглюкин, реополиглюкин, реомакродекс к/т тамшылатып құю);
  • Гомеостаз мен су-электролитті балансты тұрақтандыру (парэнтеральды және энтеральды қоректендіру, калий хлориді, глюкоза, полиглюкин, 200 мл 4% натрий гидрокарбонат ерітіндісі);
  • Жүрек – қан тамыр бұзылыстарын жою (камфора, сульфокамфокаин, жүрек гликозидтері; вазопрессорлы препараттар, глюкокортикоидты гормондар);
  • Тынысты қалпына келтіру (тыныс жолдарының өткізгіштігін жақсарту, оксигенотерапия, бульбарлы бұзылыстарда интубация немесе трахеостомия);
  • Мидың метаболизмін жақсарту (В тобындағы витаминдер, гаммалон, аминалон, працетам);
  • Қабынуға қарсы терапия

Этиотропты терапия.

  • Герпетикалық энцефалитте ацикловир (10-12,5 мг/кг к/т 8сағ.сайын), цитомегаловирусты инфекцияда ганцикловир (5мг/кг к/т 12сағ.сайын) тиімді.
  • РНК-аза б/е тағайындалады. Интерферон өндірілуін стимулдайтын препараттар қолданылады (продигиозан).
  • Симптоматикалық терапия.
  • Антиконвульсантты. Эпилепсиялық статуста седуксен 5-10мг к/т (глюкоза ерітіндсінде), 1-2% гексенал ерітіндісі, 1% тиопентал натрий ерітіндісі к/т, ингаляциялық наркоз, фенобарбитал.
  • Антипиритикалық. Температураны төмендету үшін литикалық қоспа қоолданылады, дроперидол.
  • Делириозды синдром терапия. Литикалық қоспа, аминазин, дроперидол қолданылады. Магний сульфаты, диакарб тағайындалады. Психиканы дұрыстау үшін антидепрессанттар.
  • Ұйқыны қалпына келтіру. Барбитураттар (люминал, нембутал), бензодиазепин туындылары (эуноктин, могадон)
Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...