Апгар шкаласымен нәрестені бағалау

Апгар шкаласымен нәрестені бағлау үшін келесі қадамдарды орындау керек.

апгар шкаласы

  1. Қолды жуу, бір рет қолданылатын орамалмен сүртіп стерильды қолғапты кию.
  2. Нәресте туа салысымен жүрек соғысын санау. Нәрестенің ЖСЖ минутына 100 реттен жоғары болса — 2 балл, 100 реттен төмен – 1 балл және жоқ болса — 0 бал
  3. Тыныс алу жиілігін санау. Тыныс алу жиілігі 40–50-ден жоғары болса минутына (айғайы қатты) — 2 балл, 40-ден төмен – 1 балл, тыныс алу жоқ — 0 балл.
  4. Рефлекторлы қозғыштықты тексеріп бағалау. Қимылы белсенді, айғайы қатты- 2 балл, қимылдар, нәрестенің бетінде наразылық белгісі- 1 балл, реакция жоқ- 0 балл.
  5. Терісін бағалау. Терісі қызғылт түсті- 2 балл, акроцианоз- 1 балл, терісінің айқын боздығы — 0 балл.
  6. Бұлшық ет тонусын бағалау. Нәрестенің қимылы белсенді- 2 балл, аяқ колдарының аздағап бүгілуі — 1 балл, қимылы жоқ- 0 балл
  7. Туа салысымен 1 минут ішінде нәрестенің жағдайын жалпы балл санымен бағалау.
  8. Туған соң 5 минуттан кейін нәрестенің жағдайын жалпы балл санымен бағалау.
  9. Жалпы балл саны бойынша нәрестенің жағдайы туралы қортынды жасау , асфиксия бар жоғын анықтау.
  10. Қолғапты шешіп, контейнерға тастау. Қолды жуіп бір рет қолданылатын орамалмен сүрту.
Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...