Шыны тәрізді дене

Шыны тәрізді дене

Шыны тәрізді денеге сипаттама. Шыны тәрізді (Corpus vitreum) дене 98% судан, ақуыздан және тұздардан тұрады. Оның тығыз бөлігі коллоидты мицеллалар, олар шыны тәрізді дененің және жартылай сұйық желе тәрізді субстанцияның стромасы мен қаңқасын түзеді. Шыны тәрізді дененің стромасы бір – бірімен байланысқан жіңішке талшықтар, олар талшықтардың арасынан және кірпікті дененің жазық бөлігінен басталады да желе тәрізді затты тесіп өтіп, тор қабықтың ішкі аралық мембранасына, көру нерві дискісінің аймағында бекиді. Офтальмоскоппен өтпелі жарықта қарағанда шыны тәрізді дене мөлдір. Қалыпты шыны тәрізді дененің қозғалысы маятник тәрізді. Басты немесе көзді бұрғанда шыны тәрізді дененің элементтері қозғалысқа келеді. Бас сол жаққа бұрылған жағына бірнеше рет бұрылыстар жасап, сол қалпында қалса, шыны тәрізді дене сол тұрған күйінде қалады.

Шыны тәрізді дененің құрылымдық өзгерістері: ыдырау, бүрісу, сылыну. Шыны тәрізіді дененің еруі жартылай немесе толықтай болады. Ең бірінші бос кеңістіктер түзіледі, содан соң оларға сұйықтық, талшықтар бөлшектері, коагуляцияланған мицеллалар массасы жинақталады. Талшықтардың бүрісуі кейін бөлініп кетіп, қозғалғыш болады. Кейде бекінген пленка түзілуі мүмкін. Көз алмасын жеңіл қозғалтқанда, қасаң қабық пен линзаның дірілі байқалады, алдыңғы камера тереңдейді, өтпелі жарықта тексергенде қарауытудың тез қозғалуы анықталады. Емдеу жүргізіледі, бірақ нәтижесі байқалмайды.

Шыны тәрізді дененің айқын дегенеративті өзгерістері, оның бүрісуіне және көлемінің кішіреюіне, формасының өзгеруіне, тор қабықпен байланысының бұзылуына әкеледі. Бұл өзгерістер өз кезегінде, тор қабықтың, шыны тәрізді дененің сылынуына, оның жыртылуына, қан құйылуларға әкеледі.

Шыны тәрізді дененің жасқа байланысты өзгерістері. Үлкен адамдарға қарағанда балаларға алдыңғы шекаралық мембрананың айқын болуы тән. Шыны тәрізді дененің басқа бөлімдерінің құрылыс анық анықталмайды, сондықтан ол гомогенді болып көрінеді. Кейде онда нүктелі физиологиялық қосылыстар көрінеді. Қартайған шақта шыны тәрізді дененің негізінің құрылысының айқындығы жоғарылайды. Фибриллалары кедір – бұдырлы және қатты, жиі олардың деструкциясын көруге болады. Фибриллярлы тордың дұрыстығы бұзылады. Шыны тәрізді дененің стромасы сынықшалармен толады, нәтижесінде оның жарықты сындыру қабілеті жоғарылайды. Ол өз кезегінде Тиндаль феноменің пайда болуына әкеледі. Кейбір жағдайларды жуандаған және жабысып қалған фибриллаларда нүктелі қарауытулар пайда болады – сол фибриллалардың дегенерация өнімдері. Бұл процесс – «кәрілік себінді» (припудривание) деп аталады, себебі фибриллалар себілген опа тәрізді. Қартайғанда шынылы субстанция ери бастайды, онда тұз кристалдарының қосылыстары пайда болады. Шыны тәрізді денедегі мұндай өзгерістер кезінде қарт адамдар көз алдында шыбын – шіркей ұшып жүрген тәрізді шағымдар айтады. Мұндай өзгерістер қасаң қабықтың доға тәрізді, көз бұршағының тығыздалуында болады.

Шыны тәрізді дене – инертті қан тамыры жоқ, жасушалары жоққа тән, регенерацияға қабілетсіз. Оның жеке аурулары сирек кездеседі. Жиі көздің басқа да құрылымдарының ауруларымен қатар жүреді. Бұл кезде шыны тәрізді дененің физико – химиялық қасиеті өзгеріп, ол қарауытады. Офтальмоскоппен қарағанда шыны тәрізді дененің қарауытуы қара түсті болып көрінеді, ал биомикроскопияда фокальді жарықпен қарағанда оның нағыз формасы мен түсі көрінеді. Шыны тәрізді денедегі өзгерістер туа және жүре пайда болған болып бөлінеді. Жүре пайда болған түрі жиі кездеседі. Олардың өздері деструктивті, қабынулық, жарақаттық болып бөлінеді.

Шыны тәрізді дененің жүре пайда болған өзгерістері. Шыны тәрізді дененің миопия кезіндегі өзгерістері. Олар 73% миопиясы бар науқастарда кездеседі. Өзгерістер бүкіл шыны тәрізді дененің немесе оның артқы бөлігін қамтиды. Деструктивті өзгерістердің жиілігі мен ауырлығы миопиялық рефракциясының дәрежесіне байланысты емес. Өзгерістің айқындығы миопия кезіндегі көз түбінің өзгерістеріне байланысты. Миопия кезіндегі шыны тәрізді денедегі өзгерістері трабекулярлы тордың бұзылуымен байланысты. Зерттегенде трабекулалар үзілген, кейбіреулері фрагменттерге ыдырап жатады. Бұл процесс строманың түйіршікті ыдырауы деп аталады. Ыдыраған талшықтар, детриттер желе тәрізді затты толтырады. Шыны тәрізді дененің басқа да өзгерістері, фибриллалардың еруі немесе олардың жабысып қалуы мүмкін. Бұл процесс строманың жіпше тәрізді деструкциясы деп аталады.

Миопияда екі деструкция кездеседі. Ретроленальді кеңістік бұл кезде жиі жоғалады. Строманың деструкциясымен бірге шыны тәрізді дененің негізгі желе тәрізді затының өзгерісі пайда болады. Бұл кезде гельдің ыдырауы қарауытқан қуыс түрінде көрінеді. Кейде сұйық бүкіл шыны тәрізді денені қамтиды. Строманың деструкциясы кезінде шыны тәрізді дененің маятник тәрізді қозғалысы жойылады. Оның орнына хаос тәрізді қозғалыс пайда болады. Зерттеп қарағанда биомикроскопиялық суреттердің өзгерісі пайда болады және зерттеушіге өзгерген строманың әр түрлі жаңа элементтерінің қосылысы көрінеді. Миопия кезіндегі шыны тәрізді дененің қарауытуы тұрақты болады және жылдар өтсе де өзгермейді,. Сондықтан бұл өзгерістері басқа қарауытуларды ажыратылады. Шыны тәрізді дененің айқын деструкциясын оның сылынуына әкелуі мүмкін.

Шыны тәрізді дене

Шыны тәрізді дененің сылынуы көбінесе кәрілік немесе миопиялық деструциясы кезінде дамиды. Науқастардың әр түрлі фотопсиялардың пайда болуына шағымдануы 90%-да шыны тәрізді дененің сылынуын көрсетеді. Шыны тәрізді дененің сылынуы әр түрлі жерде болуы мүмкін, бірақ ең жиі көз алмасының артқы сегметінде кездеседі. Бұл кезде шыны тәрізді дененің артқы шекаралық мембранасы өзінің бекіген жерінде, көру нерві дискісінің аймағында сылынады. Офтальмоскоппен қарағанда мембранада, көру нерві дискісінің маңында қалқып жүретін сопақша немесе домалақ әр түрлі көлемдегі сақина табылады. Тесіктердің шеті сұр түсті, сопақша келген, нәтижесінде көру нервісінің дискісі сылынудың орталық бөлімдерінде жақсы көрінеді. Кейде артқы шекаралық мембранада бірнеше тесікті көруге болады. Шыны тәрізді дененің детрукциясында сылынуы тор қабықтың жанына қарай орналасады. Миопия және процесс бұрыннан келе жатса шыны тәрізді дененің сылынуы жоғары және артқы шекаралық мембранасына кейде көз бұршағымен артқы беткейіне жақын орналасады. Сонымен қатар мембрана қарауытады. Оның көз бұршағымен арасында тығыздалған, қарауытқан шыны тәрізді дененің элементтері көрінеді. Көз бұршағының артындағы кеңістік болмайды. Оны шыны тәрізді дененің коллапспен бірге сылынуы деп атайды. Сылынған мембрананың артында оптикалық бос, қара түсті кеңістік жақсы көрінеді. Шыны тәрізді дененің сылынуы тор қабықтың сылынуына әкеледі.

Тор қабықтың сылынуы кезіндегі шыны тәрізді денедегі өзгерістер. Олар да строманың деструкциясынан пайда болады және оптикалық бос аймақтардың, қарауытудың болуымен өтеді. Кейде дөрекі псевдомембраналар пайда болады. Сонымен қатар, тор қабықтың сылынуы ұзақ уақыттан бері келе жатса, детрукцияға байланыссыз шыны тәрізді денеде көптеген қосылыстар пайда болады. Әр түрлі пигментті түзілістер кездеседі, олар шыны тәрізді дененің алдыңғы бөлімдерінде орналасады. Бұл түзілістер, әсіресе, склераның диатермокоагуляциясынан кейін көбейеді. Сырылған тор қабықтың астында жиналатын серозды сұйықтық көз тіндеріне, соның ішінде цилиарлы денегі, токсикалық әсер етеді. Нәтижесінде токсикалық циклит дамиды.

Қабынулық өзгерістер. Иридоциклитте шыны тәрізді дене 92% жағдайда өзгереді. Қабынулық өзгерістер дистрофиялық өзгерістерден биомикроскопиялық қасиетімен ажыратылады: жасушалық миграцияның және фибриннің болуы. Иридоциклит кезіндегі ерте көрініс Тиндаль феноменнің болуы. Бұл кезде шыны тәрізді денеге экссудативті дөңестің келуі тән, ол строманың құрылысын нашарлатады. Мұнымен қатар жасушалық миграция жүреді және шыны тәрізді денеде, ақ – сұр нүктелі және дақты қосындылар пайда болады. Экссудат элементтері алғашында шыны тәрізді дененің алдыңғы бөлімдерінде, цилиарлы өсінділер айналасында пайда болады. Гриппозды, ревматикалық иридоциклиттерде строманың талшықтарында болбыр, ақшыл, кейде томпақ экссудативті қосылыстар көп болады. Жасушалық әк айқындалған болады. Туберкулезді иридоциклитте шыны тәрізді денеде, строма талшықтарының фибринмен жабысуы кезінде дөрекі құрылымдар пайда болады, конгламераттар түзіледі. Мерездік увеитте, еріген шыны тәрізді субстанцияны толтыратын, ұсақ жасушалы ақшыл қарауытулар пайда болады. Қоңыр түсті пигментті қосылыстардың пайда болуы процестің созылмалы түрге ауысқанын көрсетеді. Бұл кезде шыны тәрізді дененің, диск, псевдомембрана түрінде, формаланған қарауытуы байқалады. Ол шыны тәрізді дененің тұтқырлығы төмендегенде, трабекулярлы тордың деструкциясында болады. Кейіннен қабынулық экссудат сіңіріледі немесе тығыздалады.

Жарақат кезінде болатын өзгерістер. Шыны тәрізді дененің жарақат кезінде өзгеруі әр түрлі болады. Енгізілген жарақат. Шыны тәрізді денеге жарақаттайтын заттың енуінде онда, биомикроскопияда жарақатты каналды көруге болады. Ол қара түсті, оптикалық бос кеңістік түрінде болады. Егер жарақаттаушы затпен бірге шыны тәрізді денеге бөгде зат енсе, дөрекі деструктивті өзгерістерге алып келеді. Шыны тәрізді денеде витреоретинальды жабысулардың түзілуімен өтетін тыртықты процесс дамиды. Оның нәтижесінде тор қабықтың кеш сылынуы мүмкін, кейде тіпті жарақаттан 6-10 жылдан соң. Стромада бос кеңістік, пигментті қосылыстар, майлардың түзілуімен жүретін жіпшелі, түйіршікті деструкция болады. Олар шыны тәрізді дененің алдыңғы шекаралық пластикасында, көз бұршағының артқы капсуласында жиналады. Бұл процестер шыны тәрізді денеге қан құйылғанда айқын жүреді.

Шыны тәрізді дененің жарығы (грыжа) – алдыңғы камера аймағында шығыңқы орналасуы – көз алмасының енгізілген жарақатында, контузияда, көзге жасалған кейбір операцияларда (катарактаның интракапсулярлы экстракциясында, катарактаның екіншілік пленкасын алғанда немесе кескенде) пайда болады. Екіншілік катарактаға жасалатын операцияда жарық операция үстінде дамиды. Шыны тәрізді дененің жарығы біріншілік немесе асқынбаған, және екіншілік немесе асқынған болып бөлінеді. Бірінші жағдайда алдыңғы шекаралық пластинканың бүтіндігі бұзылмайды. Шыны тәрізді дене қашық шетімен шығыңқы орналасады, оның қабырғасын алдыңғы шекаралық мембрана түзеді. Жарық асқынғанда алдыңғы шекаралық мембрана үзіледі. Ол көбінесе камераға өтіп, сол жерде орналасады. Шығыңқы орналасуы біркелкі болмайды. Жарық қуысында қан болуы мүмкін. Қан қалтаның астыңғы жағында орналасады да көлденең деңгейі болады. Егер жарықта фибринозды экссудат болса, ол оның ыдырауы немесе организациясы.

Шыны тәрізді денеге қан құйылуы көз алмасы жарақаттанғанда түзіледі. Строманың түйіршікті детрукциясы болады. Көбінесе артқы гифема кездеседі, яғни қан құйылудың көз бұршағы мен алдыңғы шекаралық мембрана арасында орналасуы. Егер қан құйылу шыны тәрізді дене мен тор қабық арасында орналасса – ретровитреальді немесе субвитреальді гифема деп атайды.

Шыны тәрізді дененің туа біткен өзгерістері

Себебі: мезодермальді тіннің қалуы, эмбриональді тамырлы жүйенің толық емес ыдырауы. Бұл кезде көз бұршағының артқы капсуласында жіпшелі қосындылар болады. Мұндай өзгерістер көздің көру өткірлігін төмендетпейді, шыны тәрізді денеде сіңірілмеген артериялар элементтерінің болуынан шыны тәрізді дененің жартылай мөлдір, кейде аздап пигменттелген, киста тәрізді домалақ қуыстардың болуы. Киста көз бұршағының артқы капсуласына, көру нерві дискісіне жабысып орналасуы, кейде бос жүруі мүмкін. Ол артерияның локальді кеңуінде, сұйықтық жиналуынан болады. Ретролентальді фиброплазия – этиологиясы мен патогенезі белгісіз ауру. Ол соқырлыққа әкелуі мүмкін. Процесс көз бұршағының тамырлы қабатында пайда болады. Туғаннан 3-5 аптадан соң дамиды. Клиникалық көріністері екі көзде әр түрлі болуы мүмкін. Биомикроскопияда көз бұршағының радиальді бағытталаған. Жеңіл жағдайда мембрананың сіңіріуі жүреді, көздің ауру өткірлігі жоғарылайды. Шыны тәрізді дененің гиперплазиясында қарашық маңында ақшыл рефлекс көрінеді. Көз бұршағы мөлшері кішірейген, оның артында ақ фиброзды шварта орналасқан, ортасы тамырланған. Швартамен цилиарлы өсінділер байланысқан. Кейіннен көз бұршағы қарауытып, ісінеді. Алдыңғы камера кішірейеді, көздің ішкі қысымы жоғарылайды, буфтальм дамиды.

Норри ауруы (окулоцереброакутикалық синдром). Көздің, құлақтардың қосарланған зақымдануы және ақыл есінің төмендігімен көрінеді. Көбінесе екі көз бірдей зақымдалады. Ретинобластомаға ұқсас, ретролентальді ісік массалары орналасады. Екі жақты туа біткен тор қабықтың сылынуы да байқалады. Алдыңғы камера кішкентай болады, ал шатыраш қабықта кеңейген қан тамырлары болады. Увеит, катаракта, көз алмасының семуі, қасаң қабықтың қарауытуы байқалады. Кейде аурудың алғышқы көрінісі анизокория болады. 60% науқастардың интеллекті төмендеген және прогрессирлеуші құлақтарының есту қабілеті төмендеген болады.

Қан тамыр трактісінде, тор қабықта, көз жарақаттарында, қан құйылуларда қабынулық және дегенеративті процестердің болуы шыны тәрізді дененің хиазын өзгертеді. Ол коллоидты мицелдардың аглютинациясына және талшықтардың, пленкалардың, қарауытулардың түзілуіне әкеледі.

Шыны тәрізді дененің аурулары кезіндегі негізгі симптомдары оның қарауытуы және көздің көру өткірлігінің төмендеуі.

Көз алдында шыбын – шіркей ұшу – науқасқа көрінетін шыны тәрізді денедегі, тор қабыққа көлеңке түсіретін формалық элементтер. Науқастар, әсіресе миоптар, көз қозғалтқанда және жарыққа қарағанда, көздің көру өткірлігіне әсер етпейтін, қара дақтарды, жіпшелерді көреді. Олар офтальмоскоппен қарағанда көрінбейді, сондықтан шыны тәрізді дененің нағыз қарауытуынан ажыратылады. Ем қажет емес.

Шыны тәрізді дененің қарауытуы – ондағы дегенеративті өзгерістердің нәтижесінде болатын, экссудат пен қан құйылулардың қалдықтары. Ол кезде шыны тәрізді дене жіңішке шаң, жіпше, кішкене пленка түрінде болады. Олар көзді қозғалтқанда оңай қозғалады және өтпелі жарықта қарашықтың қызыл фонында жақсы көрінеді. Қарауытуы жиі прогрессирлеуші, жоғары миопияда, сонымен қатар, әр түрлі тор қабықтың, тамырлы жолдың қабыну ауруларында, зат алмасу бұзылғанда, қан құйылғанда болады.

Шыны тәрізді денеге қан құйылуы жарақаттан кейін, көз ауруларында, басқа мүшелердің ауруларында (анемия, гипертония, бүйрек ауруларында, гемофилия, қант диабеті) болады. Қарауытқан жүзіп жүрген қан құйылулар шыны тәрізді дененің терең немесе алдыңғы қабаттарында көрінеді. Ол қан құйылудың қай қабатта болғанынан байланысты, яғни тор қабықта, тамырлы немесе цилиарлы денеде. Үлкен қан құйылулар жарақаттардан, вена тромбозынан, тор қабықтың перифеблитінен кейін болады. Оны гемофтальм деп атайды – шыны тәрізді денеге толық қан құйылу. Науқастың толықтай көру өткірлігі төмендейді, көз түбі рефлексі болмайды. Жанынан жарық түсіріп қарағанда, көз бұршағының артында орналасқан қан массасын көреміз немесе шыны тәрізді дене толық қызыл, егер экссудат болса жасыл түсті болып көрінеді. Содан кейін қанның бір бөлігі гемолизге ұшырайды, қалған бөлігі баяу сіңірілетін қан ұйындысына айналады. Қан құйылу шыны тәрізді дененің қалыпты құрылысын зақымдайды, оның ыдырауына және тұрақты қарауытуына әкеледі. Қан немесе экссудат кейде шыны тәрізді денеге енетін және бір – бірімен бітіскен, дәнекер тінді тяж түзеді – пролиферацияланған ретинит. Ол өз кезегінде тор қабықтың екіншілік сырылуының бірден бір себебі болады. Қолайлы жағдайларда, қанның сіңіріліп кетуі болады, алайда, бұл кезде қайтымсыз дегенеративті өзгерістер дамиды. Ол шыны тәрізді денедегі қалыпты құрылысының бұзылуы, химизмнің бұзылуынан болады. Кейде әр түрлі дәрежедегі көру өткірлігінің қалыптасуы мүмкін.

Шыны тәрізді дененің жылт етуі қарт адамдарда әр түрлі эндокринді аурулар кезінде, зат алмасу бұзылғанда, артериосклероз кезінде немесе көзге қан құйылғаннан, қабыну процестерінен кейін, сонымен қатар шыны тәрізді дененің химизмі бұзылғанда дамиды. Еріген, ыдыраған шыны тәрізді денеде, холестерин кристаллдары, кальций немесе магний тұздарының кристаллдары жылтыр, күміс немесе алтын нүктелер көрінеді және олар көзді қозғалтқанда маятник тәрізді қозғалып, «алтын жаңбыр» тәрізді болады. Емдеуді қажет етпейді.

Шыны тәрізді денінің тор қабықтан сылынуы қарт адамдарда, миопиясы бар адамдарда сирек көз жарақаттары кезінде және шыны тәрізді денеге қан құйылған кезде, сонымен қатар, сау көзде зат алмасулары бұзылған кезде болады. Науқастардың шағымдары, әр түрлі фотопсиялардың: айқын сызық, жарықшақ (искра) немесе толқын тәрізді сызықтардың пайда болуы және қарауытудың пайда болады. Қарауытулар сақина, жіпше тәрізді. Шыны тәрізді дененің сылынуы әр түрлі формада, жартылай немесе толық болуы мүмкін жиі көздің артқы полюсінде пайда болады. Бұл кезде емізікше алдында сақиналы немесе сопақша қозғалмалы жіңішке жіпшелерімен тор қабықпен байланысатын қарауыту пайда болады. Бұл папиллярлы глиальді тін, ол шыны тәрізді денемен бірге көру нервісінің емізікшесінен сылынған тін. Сопақшалы тесік арқылы процестер қабыну процестерінде де болады.

Оптикалық неврит немесе папиллит кезінде, көз түбінде көру нервісінің дискісі аймағы ісінген, қызарған болады. Ісіну ең алдымен дисктің тамырлы воронкасында пайда болады. Ісіну жанында жатқан тор қабыққа тарайды және дисктің шыны тәрізді денеге проминенциясын (выстояние) тудырады. Дисктегі және диск жанындағы қан тамырлары кеңейген, олардың иірімделуі жоғарылаған, қан құйылулар және көру нервісінің дискісінде, және оны қоршап жатқан тор қабықта экссудат ошақтары кездеседі. Экссудат ішке енсе көру нервсінің дискісінің жанында жатқан шыны тәрізді дененің қарауытуы мүмкін. Көру нервісінің невриті кезінде шыны тәрізді дененің артқы бөлігінде майда бұлт тәрізді экссудаттың жиналуы байқалады. Кейде қабыну ошақтары өте әлсіз болады. Сонымен қатар Тиндаль феномені байқалады, яғни шыны тәрізді дененің артқы шекаралық мембранасында нүктелі элементтер болады. Көздің көру өткірлігін төмендейді, әсіресе көру аймағы қызыл мен жасыл түстерден қысқарады.

Көру нервісінің қан тамырлы патологиясы кезінде, соның ішінде ишемиялық оптикалық нейропатияда, көру нервісінің дискісі ісінген, ұлғайған, шыны тәрізді денеге шығыңқы орналасады.

Гипертониялық ангиопатия көбінесе артериялардың тармақтарын зақымдайды. Тор қабықта органикалық өзгерістер болады. Гшипертониялық ретинопатияда қанның, эритроциттердің сұйық бөлігінің веналардан оларды қоршап жатқан тор қабыққа өтуі әр түрлі қан құйылуларға, әр түрлі орналасуына әкеледі. Көбінесе ол ұсақ терең, домалақ қан құйылулар. Ірі венозды қан тамырлары зақымданғанда преретинальді қан құйылу пайда болады. Ол шыны тәрізді дене мен тор қабықтың арасында орналасады. Шыны тәрізді денеде қан құйылулар онша көрінбейді, себебі ішкі шекаралық мембрана ұстап қалады. Кейбір жағдайларда шыны тәрізді денеге қан құйылуы мүмкін. Науқастың көру өткірлігі төмендейді.

Диабеттік ретинопатияда, қан құйылудан басқа көз түбінде ұсақ, ақшыл – сары түсті ошақтар пайда болады. Процесс тор қабықтың терең қабаттарында орналасады. Жиналған транссудат, тор қабықтың барлық қабаттарына жиналып, оның оптикалық кесіндісінің сұр түсті болуына әкеледі және шыны тәрізді денеге қарай шығыңқы орналасады. Массивті трнассудатты дөңестердің болуы және тор қабық пен шыны тәрізді денеге қан құйылған кезде пролиферациялық диабеттік ретинопатия деп атайды. Бұл кезде шыны тәрізді денені тесіп өтетін тяж түзіледі және тор қабаттағы қан тамырлар шыны тәрізді денеге қарай өтеді.

Асқынуы – тор қабықтың сылынуы.

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...