Жалпақтабандылық. Табан деформациясы

Жүре пайда болған табан деформациялары

Анатомо-физиологиялық ерекшеліктері: Табанның негізгі үш қызметі бар: рессорлы, тепе-теңдік сақтаушы және қозғалыс тудырушы. Рессорлық қызметі вертикальді жүктемеде табан күмбезінің өзгерген серпімді деформациясында көрінеді, тепе-теңдік сақтаушы қызмет жүргенде және вертикальды позаны сақтағанда, қозғалыс тудырушы алдыңғы жіне артқы түрткіден қозғалғанда көрініс береді.

Табан рецепторларға бай, ол тұрғанда, жүргенде координацияны қамтамасыз етеді. Бұл процестер жоғары жылдамдыққа ие және афферентті және эфферентті нервті байланыстар арқылы жүзеге асады.

Жалпы адам жүргенде екі кезең кезектесіп отырады: тіректік(табан бұл кезде тірекпен жанасады) және ауысу(бос аяқ алға бағытталады, яғни келесі адым жүзеге асады) Тіректік кезеңде табанның жылжуы, тіректен итерілу және дененің алға қарай қозғалуы  жүзеге асады. Табан бұл кезде тірекпен үш бағытта байланысады: вертикальды, тігінен және көлденең. Вертикальды бағытта тіректік реакцияның 90% құрайды. Қалыпты жағдайда жүргенде максимальды күш бірінші табан сүйегіне түседі(негізігі күш, дене массасының 50%  бірінші табан сүйегінің басына түседі), минимальды 4-5 табан сүйектеріне түседі. Көлденең жалпақ табандылық кезінде 1 табан сүйегіне түсетін күш төмендейді(14%) және ортаңғы табан сүйектерінің басына күш артық түседі.

Табанда көлденең және бойлық күмбезін ажыратады. Бойлық күмбезді ішкі және сыртқы бөлімге(сыртқы және ішкі күмбез)бөледі. Ішкі бөлім  топай, қайықтәрізді, үш сынатәрізді және үш табан сүйектерінен құралған және негізгі рессорлы  қызмет атқарады. Бұл бөлім сыртқыға қарағанда жоғары тұрады.  Сыртқы бөлімі 4-5 табан, текше, өкше сүйектерінен құралған.

Табанның статикалық деформациялары

Табанның статикалық деформациялары жиі кездеседі және табан деформацияларының ішінде 60% құрайды. Вертикальды қалыпта ұзақ тұратын адамдар бейім болып келеді. Науқастың салмағы және тұқымқуалаушылық маңызды роль атқарады.

Статикалық деформациялардың ішінде функциональды жетіспеушілікті, жалпақ табандылықтың әр түрін(көлденең, тік және олардың вальгусты және варусты деформациямен комбинациясы) ажыратады. Және деформация соңын (табанның 1 сүйегінің  вальгусты ауытқуы және балға тәрізді бақайлар) анықтау керек.

Диагностика: Қарапайым және объективті зерттеу әдісінің маңызы зор.

Плантография (қағазда табанның ізін салу), плантограммада табан суретінен өкше сүйегінің ортасымен 3-4 бақайлардың арасынан түзу сызық жүргізеді жүргізіеді, яғни 4-5 табан сүйектерінен құралған табанның сыртқы күмбезін бөледі.

 

Жалпақтабан

 Жалпақ табандылық кезіндегі плантография: 1) қалыпты табан , 4) 1.2.3 дәрежедегі жалпақ табандылық.

 

Егер боялған бөлімі бұл сызық деңгейінен шықпаса табанның ортаңғы бөлімінің кеңеюі жоқ. Боялған бөлімнің(табанның тіректің бетімен жанасу ені) табанның сыртқы күмбезінің анықталған еніне  қатынасы жалпақ табандылықтың дәрежесін анықтайды:

  • Қалыпты табан-0,51-1.10
  • Төмендеген күмбез-1,11-1.20
  • 1-дәрежелі жалпақ табандылық-1,21-1,30
  • 2- дәрежелі жалпақ табандылық-1,31-1,50
  •  3- дәрежелі жалпақ табандылық>1,51

Табанға ональды күш түсу. Күндізбен салыстырғанда түнде подометриялық индекстің төмендеуі. Жалпақ табандылыққа күндізгі подометриялық индекс 29-дан төмен адамдар бейім болып келеді. Бұндай адамдарға ұзақ уақыт тік тұруға болмайды.

 

табан

подометриялық индексті өлшеу: h-табан биктігі, і-табан ұзындығы

 

 Статаикалық жалпақ табандылыққа ауырсыну зоналары тән:

  • Табандық бетінде табанның күмбезі ортасында және бақайлардың ішкі жиегінде
  • Табаның сыртқы бетінде, қайықтәрізді және топай сүйегінің арасында
  • Сыртқы және ішкі толарсақ
  • Табан сүйектерінің басының арасында
  • Сирақ бұлшықеттерінің арасында
  • Биомеханиканың өзгерісі нәтижесінде тізе және жамбас сан буындарында
  • Санда, оның кең фасциясының созылуынан
  •  Компенсаторлы гиперлордоз салдарынан бел аймағында

Ауырсыну кешке (ұзақ мерзім күндіз тік тұрғаннан) күшейеді және демалғаннан соң басылады, сонымен бірге ісіну болуы мүмкін.

2-3 дәрежелі жалпақ табандылыққа тән: табан ортаңғы бөлімінде ұзарған және кеңейген, бойлық күмбезі төмен түскен, табан пронацияланған, қайықтәрізді сүйек табанның медиальды жиегінен анықталады. Жүрісі ебедейсіз.  Кейде табанның барлық буындарында қозғалыс шектелген.

Радиологиялық зерттеу: Бұл әдіс басқа мәліметтерді толықтырады. Жалпақ табандылық дәрежесін және табан сүйектерінің орналасуын анықтау үшін науқасты тұрғызып бүйір проекциясында сирақты 3-4см қамтап түсіру керек. Рентгенограммада қайықтәрізді және сына тәрізді сүйектер арасындағы буындардың төменгі жиегі ұшымен, 1-табан сүйегінің табандық контуры және өкше төмпегінің төменгі контурынан үшбұрыш түзіледі.

tabam

Жалпақ табандылықтың рентгенологиялық диагностикасы: а және h- табанның бойлық күмбезінің бұрышы және биіктігі

Бойлық күмбездің бұрышы мен биіктігін анықтайды-қайықтәріздісынатәрізді буынның төменгі нүктесінен перпендикуляр горизонтальды сызыққа дейін. Қалыпты жағдайда  а=125-130 0, h=36-39 мм, жалпақ табандылықта бойлық күмбездің бұрышы үлкейеді, ал биіктігі азаяды(1 табл) Көлденең жалпақ табандылық кезінде деформацияның айқын белгісі 1-табан сүйегімен  1-бақайдың бұрыштық ауытқуы.  Рентгенограммада 1-2 табан сүйегі және 1-бақайдың тік осіне сәйкес үш тура линия жүргізеді. Ауытқу дәрежесі градуспен анықталады.

Табан, саусақ

Ересектерде табанның керілуін қайтымсыз деформацияға жатқызуға болады, себебі қазіргі уақытқа дейін статикалық жүктемеге жиі ұшырайтын байлам аппартын қалпына келтіру әдістері әлі табылмаған.

 

Бойлық жалпақ табандылық дәрежесін рентгенологиялық бағалау

Табанның әдеттегі деформацияларының емі: 1 бақайдың вальгусты деформациясы(hallux valgus) табанда қосымша өзгерістермен сипатталады: табанбақай буындарында деформирлеуші артроз, созылмалы бурсит, 1  табан сүйегі басының экзостозы, табанның көлденең керілуі, 1 табан сүйегінің варусты не пронациялық ауытқуы.

Көлденең жалпақ табандылық кезінде және 1 бақайдың ауытқуы кезінде консервативті және оперативті ем қолданылады.

Консервативті ем ретінде әр түрлі ортопедиялық аяқ киімдер кию керек. Жеңіл жағдайда(1 дәреже) табанның 1-2 бақайларының арасына 1 бақайдың вальгусты ауытқуының алдын алу үшін поролонды төсемелер(прокладка) салынады. Жылы ванна, табанға, сирақ бұлшықеттеріне массаж, бұлшықеттердің постизометриялық релакциясы, физиоем қолданылады.

1-1-2 дәрежелі

2-2-3 дәрежелі, 2- бақайдың балға тәрізді дефорациясы және табанфалангалық буында сыртқа қарай тайқу

3-3-дәрежелі, 2- бақайдың балға тәрізді дефорациясы және табанфалангалық буында сыртқа қарай толық шығуы

Табанның көлденең керілген және 1 бақайдың вальгусты ауытқумен деформациясын оперативті емдеудің 200 астам әдісі бар. Олар  үш топқа бөлінеді:

Қаңқада оперативті кірісулер жасау: отеотомия және резекция. Бұл кезде 1 бақайды ғана кеспейді, сонымен қатар оған бекіген негізгі фаланганы және сынатәрізді сүйекті де кеседі.
 Жұмсақ тіндерге операция: үлкен бақайдың қансыз редрессациясы, капсуланы және сіңірлік пластинаны тігу. Бұл операциялар жиі экзостоздарды алумен бірге жүреді.
 Аралас әдіс
1-дәрежелі жалпақ табандылық және 1 бақайдың  20 0-дейін ауытқуымен, 1-табан сүйегі басының ішкі жиегінде экзостоз болса Шеде бойынша сүйекті-шеміршекті өсінділерді алып тастау әдісі қолданылады. Табанның патологиясы паллиативты операциядан кейін жойылмаса да науқастың жағдайы жақсарып, қалыпты аяқ киім киюге болады.

Айқын жалпақ табандылық кезінде (2  және одан жоғары дәрежелі) және 1 бақайдың  20 0-артық ауытқуымен деформациясында келесі операциялар қолданылады.

Шеде бойынша операция

   Брандес операциясы: 1 бақайдың проксимальды фалангасының негізінің резекциясы, 1табан сүйегінің негізінің остеотомиясы және оның ауытқуының алдын алу үшін сүйектік сына енгізу. Бақайдың ұзын бүккішінің сіңірін медиальды жылжыту. Табандық көлденең байламды аллотінмен не лавсанды тінмен алмастыру (Куслик операциясы). 1 табан сүйегінің остеотомиясында оның түріне байланысты иммобилизация уақыты 4-8 апта құрайды. Ары қарай науқасқа операциядан кейін бір жыл бойы супинатормен ортопедиялық аяқ киім кию керек.

 

 

Табан, вальгус

Табанның бірінші бақайының вальгусты деформациясында операция түрлері:

1-a-Шеде, б-Брандес, г-1-табан сүйегінің остоетомиясы, 2-Куслик бойынша

 

Бақайлардың балға тәрізді деформациясы

Жиі көлденең керілген табан және 1-бақайдың вальгусты ауытқуы балға тәрізді бақаймен бірге жүреді. Проксимальды фаланга жазылған, ортаңғы фаланга бүгілген, дистальды фаланга жазылған не бүгілген. Жиі 2-3 бақай, сирек 1 бақай зақымдалады. Бақайлардың кері орналасуын табанның статикалық деформацияларымен бірге түзейді.

1 бақайдың балға тәрізді деформациясын емдегенде фалангааралық буынның резекциясынан кейін оның артродезін жасау керек, нәтижесінде жүргенде табанның жылжымалылығы  сақталады. 2-4 балға тәрізді бақайларды емдегенде фалангаарлық буында анкилозды деформация жасауға болмайды, себебі жүргенде және аяқ киім кигенде ыңғайсыздық тудырады.  Бақайлар керісінше орналасқанда  проксимальды фаланганың шығыңқы жерін резекциялап (Гоман операциясы) , дистальды фалангадан бақайды тарту. Кеш формасында табанфалангалық буында тайқу болғанда буындық капсуланы кеседі, ал толық шығу болғанда табандық беттен бақайлық қатпардын сәйкес табан сүйегінің басын жартылыай резекциялау және жұмсақ тіндердің созылуы үшін дистальды фалангадан 3 аптаға тарту.

Кең тарағаны негізгі фаланганың диафизін ортаңғы және дистальды үштен бірін резекциялау ( 1  см) Деформацияны жойғаннан соң операциялық столда гипсті таңу (сандалий тәрізді) салынады.

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...