Торлы қабық сылынуы

Торлы қабық сылынуы

Тор қабықтың сылынуы – эмболия, тұқым қуалайтын анатомиялық, гемодинамикалық және механикалық факторлардың әсерінен пайда болады.
Көз қабықтары өсуінің диспропорциясы және шыны тәрізді дененің диспропорциясы көз алмасының мөлшері мен шынылы дене көлемінің қатынасын бұзады.

Этиология және патогенезі. Тор қабықтың сылынуының негізгі себептерінің бірі тор қабықтың жыртылуына алып келетін шыны тәрізді дененің өзгерістері болып келеді. Егерде жыртылу түзілсе ол жерден шыны дене сұйықтығы тор қабыққа ағып нәтижесінде тамырлы қабықтан сылынуына алып келеді. Тор қабықтың сылынуына алып келетін тағы бір негізгі себептің бірі шыны дененің ісініп қысыммен тор қабықты керіп содан жыртылу болады.

Торлы қабық сылынуы

Торлы қабықтың сылынуы көрінісі

Сылынудың негізгі себептерінің біріне тор қабықтың дистрофиясы және оның түрлі травматикалық жарақаттары жатады.

Тор қабықтың сылынуы бойынша 1983 жылы ұсынылған клиникалық халықаралық жіктелуде патологияның ауырлығын анықтайтын негізгі көрсеткіш болып пролиферациялық компонент қабылданды. Оның 4 дәрежесін бөледі:

  1. “Минимальды” сатысы – шыны тәрізді денеде пигменттің және бұлыңғырдың болуы.
  2. “Орташа” сатысы – тор қабықтың ішкі беткейінің тартылуы, жиырылуы, ұсақ, бірнеше деформацияланған ретинальды тамырлардың пайда болуымен сипатталады.
  3. “Айқын” сатысы – тор қабықтың барлық қабаты бойында бекіген қатпарлардың болуымен сипатталады.
  4. “Пролиферациялаушы витреоретинопатияның көлемді болуы” сатысы – көз түбінің барлық ауданы бойында бекітілген ретинальды қатпарлардың болуы.

Сылынған тор қабықтың конфигурациясы байланысты оларды 3 қосымша сатыға бөледі:

  1. Кең құты түзген
  2. Тарылған құты түзген
  3. Жабық құты түзген

Торлы қабық сылынуы:

  • Біріншілік
  • Екіншілік болып жіктеледі.

Тор қабықтың біріншілік сылынуының себептері – жақыннан көргіштік, көздің тұйық жарақаты, физикалық күш түсіру немесе олардың комбинациясы.

Біріншілік сылынуының клиникасы – жарықтың от тұтанғандай болуы, көз алмасын қозғағанда найзағай ұшқыны тәрізді жарқ етуі, көз алдында шыбын – шіркей, қарауытудың болуы, көру өткірлігінің төмендеуі, заттар пішіні қисайған болып көрінуі жатады.

Тор қабықтың екіншілік сылынуының себептері – көз аурулары салдарынан дамиды.

Торлы қабықтың жыртылуы:

  • Қақпалы – тор қабықтың бөлігі жыртылған жерді жауып тұрады.
  • Тесілген  – тор қабықтағы жыртылған жер жабылмаған.
  • Тіс тәрізді сызық бойында жұлынуы

Торлы қабықтың сылынуы көз алмасының контузиясында кездеседі. Әдетте тіс тәрізді сызық бойында көбінесе көздің жоғарғы жартысында ажырайды.
Кейбір жағдайда торлы қабықтың сылынуы жарақатсыз қабыну процесінен немесе қанайналымының бұзылуынан болуы мүмкін.

Диагностикасы

  • Көз өткірлігін тексеру
  • Көздің бүйірлік жітілігін тексеру
  • Көз ішілік қысымды тексеру қ.ж 16-25 мм.с.б
  • Көз түбін тексеру офтальмоскопия арқылы тор қабықтың жыртылуының нақты орнын және көлемін анықтаймыз

Емі. Тор қабықтың сылынуының емі негізінен жедел түрдегі хирургиялық араласулар. Аурудың асқынуын болдырмау үшін мысалы қабыну аурулары , созылмалы катаракта т.б жедел түрде хирургиялық ота жасау. Себебі көз мүлдем көру қабілетінен айырылуы мүмкін. Әсірісе бір көзінде тор қабықтың сылынуын өткізген адамдар офтальмологтың бақылауында болуы керек. Қазіргі таңда тор қабықтың жыртылуының емдеу әдістері көп. Мысалы: пломбылау, локальді пломбылау, витрэктомия.

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (1 бағалар, орташа: 5,00 тен 5)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...