Геморрагиялық шок

Геморрагиялық шок

Геморрагиялық шок — жедел көп мөлшерде қан жоғалту салдарынан макроциркуляция мен микроциркуляция бұзылысымен ағзалар мен ағзалар жүйесінің жетіспеушілігі дамитын критикалық жағдай.

Қан жоғалтудың классификациясы

Этиологиясына байланысты:

  • Травмалық ( жаралану,операциялық)
  • Патологиялық (қан тамыр аурулары, қан ұю факторларының жеткіліксіздігі, аневризма т.б)
  • Жасанды (эксфузия, емдік мақсатты)

Көлеміне байланысты

  • Аз мөлшерлі 0,5 – 10 % (0,5 л)
  • Орташа 10-20% (0,5-1л)
  • Көп мөлшерлі 21-40% (1-2л)
  • Массивті 41-70% (2-3,5л)
  • Өлімге әкелетін 70% жоғары (3,5л)

Геморрагиялық шок алғашқы көмек

Геморрагиялық шок патогенезі

Патоггенезі келесідей қадамдармен дамиды.

  1. Көп мөлшерде қан жоғалту
  2. Айналымдағы қан мөлшерінің азаюы
  3. Артериялық қан қысымының төмендеуі.
  4. Веналық қан келудің азаюы
  5. Жүрек лақтырысының төмендеуі
  6. Аралық тіндерден қантамырларына сұйықтықтардың өтуінің жоғарылауы (30-40- мл/сағ)

Жүрек лақтырысының төмендеуі өз алдына келесідей патогенетикалық звеноларды қозғайды:

  1. Жүрек-қантамыр жүйесіндегі барорецептарлардың белсенуі
  2. Қанға көп мөлшерде катехоламиндер бөлінуі
  3. α және β адренорецепторлардың қозуы:
  • Тахикардия
  • Ентігу
  • Тері жабындыларының бозаруы
  • Вазоконстрикция

Вазоконстрикция өз алдына бірнеше клиникалық көріністерді тудырады:

  • Бүйрек қантамырларының спазмы әсерінен олигоурия туындайды
  • Микроциркуляцияның бұзылысы (терінің мрамор түстес болуы)
  • Іш қуысы ағзаларының қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылысы (АІЖ шырышты қабатының некрозы)
Кезең АҚК азаюы,% Клиника
I 15 немесе одан төмен АҚҚ 100 мм.с.б, Орталық венозды қысым қалыпты, ЖСЖ 80-90 р/мин,гемоглобин 90 г/л
II 20-25 Орташа аурлықта, АҚҚ 80-90 мм.с.б, ОВҚ 60мм.с.б, ЖСЖ 110-120р/мин, гемоглобин 80г/л, диурез төмендеуі, әлсіздік
III 30-40 Жағдайы ауыр, АҚҚ 60-70мм.с.б, тежелу, олигоурия, пульс толымдылығы әлсіз, ЖСЖ 130-140 р/мин,
VI 40 немесе одан жоғары Терминальды, есі жоқ, АҚҚ,ОВҚ, пульс анықталмайды, анурия, атония, арефлексия

Геморрагиялық шок кезіндегі жедел көмек

1) Тынысалу жолдарының өткізгіштігін қамтамасызету, 60% оттегі ингаляциясы

2) Үш кататер орналастыру (магистральды қан тамыры, назогастральды, қуық кататеризациясы)

3) Гемостатикалық терапия: аминокапрон қышқылын 5%-100мл дазасы 100 мг/кг есеппен,

Викасол 1-1% мл

  • 1жас-0,4 мл
  • 2жас-0,6 мл
  • 3-4жас-0,8 мл
  • 5-9 жас 10 мл
  • 10-14 жас-15мл

4) Инфузиялық терапия NaCI ерітіндісі, 2-4мл/кг, 60-80-тамшы/минутына

5) Көктамырішіне 10% кальци глюконат ерітіндісін көктамыр ішіне:

  • жаңа туған нәрестелерге: 1-2мл/кг;
  •  1-2жас — 0,5 г/кг;
  • 2-4жас — 1 г/кг;
  • 5-6 жас 1-1,5 г/кг;
  • 6жастан жоғары балаларға 2-3 г/кг

6) Анестезиологиялық ем (кетамин, калипсол 3-5мг/кг)

7) Эндотелиотропты ем L – лизин эсцинат; 1жас -0,22мг/кг; 5жас-0,18 мг/кг; 10жас- 0,15 14жас-0,12мг/кг, 0,9% NaCI ерітіндісімен көктамыр ішіне

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...