Жүкті әйел тамақтануы

Босануға дейінгі күтім. Жүкті әйелдің  тамақтануы

Жүктілік кезінде әйелдердің тамақтануының негізгі принципі – әр түрлі, табиғи таза және аз көлемде алмастырушы мен тез сіңетін заттардың болуы.  Құрамы бойынша: базисті тағамдарға – нан, дәнді дақылдар, ботқа мен макарон тағамдарынан тұрады. Бұл тағамдарды жүктілік кезінде басқалардан қарағанда көбірек жеу керек.

Жемістер мен көкөністер –екінші топты құрайды. Үшінші топта-сүт тағамдары алады. Сонымен қатар, ет, ірі бұршақты тағамдар, жұмыртқа мен жаңғақтарды жеу керек.

Май, сары май, тәтті тағамдарды өте аз жеу керек.

Жүкті әйелдер темір мен фолий қышқылының көп мөлшеріне мұқтаж. Темірге бай тағамдар: ірі бұршақты тағамдар, жапырақты жасыл көкөністер, сүт, ет, балық, ұй құстары жатады. Фолии қышқылының көп мөлшері ірі бұршақты тағамдарда, жұмыртқада, бауырда, қызылшада, қырыққабатта, бұршақта және қызанақта анықталған.

Болашақ ана дұрыс тамақтануы үшін жүктілік мерзімін есепке алу керек.

Жүктіліктің бірінші триместрі кезінде— көкөністерге, жемістерге, шырынға және көк шөпке бай тамақтарды қабылдау керек. Тұтас жарманы қолданып, ал ботқаны суға пісіру қажеттілігі ескертіледі!

Жүктіліктің екінші триместрі (3-6 ай) – ең тыныш кезең болып саналады. Ас мәзірінде тек жемістер, көкөністер, жармалар ғана емес, сонымен қоса ет, сүт өнімдері, жаңғақ, жұмыртқа, бұршақ қосылуы қажет. Ұннан жасалған тағамдар: қара нан, кебек қосылған нан және тазаланбаған күріш ұсынылады. Мал еттерінде кездесетін ақуыздар асқазанда көпке дейін қорытылмауына байланысты, етті, балықты, құсты түсте жеу ұсынылады!!!

Жүктіліктің үшінші триместірі (6-9 ай) –нәрестеге өте маңызды кезең. Оның бұлшық ет салмағы тез өседі, ол физикалық және эмоцтоналдық жағынан дүниеге келуге дайындалады. Бұл кезеңде тағамның калорийі аз болу керек. Майлы, ұннан жасалған, тәтті тағамдарды ас мәзірінен мүлдем алып тастау немесе азайту керек.

Жүкті әйел дұрыс тамақтануы

Жүктіліктің соңғы айларында етті азайту қажет! Соның нәтижесінде тіндердің созылғыштығы жақсарады, жыртылудан сақтайды, босану кезінде ауырсыну жеңілдейді.

Жүктіліктің бірінші жартысында тамақты күніне 4 рет қабылдауға болады. Екінші жартысында жүкті әйел күніне 5-6 рет тамақтану қажет, бірақ қыжылдау, кекіру, іштің кебуі деген жағымсыз әсер болмас үшін тамақтың мөлшері аз болу қажет.

Сонымен қатар жүкті әйелдің гигиенасы тақырыбына материалды оқи кетіңіз.

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (1 бағалар, орташа: 5,00 тен 5)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...