Цистит

Цистит – қуықтың шырышты және шырышасты қабатының қабынуы. Қуықтың қабынуы ұлдарға қарағанда қыздарды 3 есе жиі кездеседі. Циститтің біріншілік және екіншілік, жедел және созылмалы түрлері болады.
Қыз балаларда циститтің жиі кездесуіне ықпал ететін себептер:
1) Зәр шығару өзегінің АФЕ-і (инфекцияның табиғи резервуаарына жақын болуы (анус, қынап), уретраның қысқа болуы);
2) Жетіліп келе жатқан қыз организмінің гормональді және иммунологиялық бұзылыстарынан пайда болған қосымша гинекологиялық аурулардың болуы (вульвит, вульвовагинит);
3) Эндокринді дисфункциялар.

 

Инфекция қоздырғыштары қуыққа түрлі жолдармен енеді:

Өрлеу – зәр шығару өзегі мен аногенитальді аймақтан;
Төмендеу – бүйрек пен жоғарғы зәр жолдарынан;
Лимфогенді – көршілес жатқан жамбас ағзаларынан;
Гематогенді – септикалық процесс кезінде;
Контактілі – жақын жатқан қабыну ошақтарынан қуық қабырғасы арқылы микроорганизмдердің өтуі.

 

Балалардағы жедел цистит

Аурудың жедел сатысы әдетте кенеттен пайда болады, оған себепкер суық тию болып табылады. Клиникалық көріністері:
— Жиі әрі ауырсынумен жүретін зәр шығару;
— Іштің төменгі жағында шыдатпайтын ауырсыну;
— Зәрмен шығатын, қуықтағы іріңді және/немесе қан аралас бөлінді.
— Балалардағы жедел цистит көбінесе жеңіл емделеді. Бұл кезде уросептикалық дәрілер, ауырсынуды басатын препараттар, антибиотиктер тағайындалады. Антибиотиктерді тағайындау аса маңызды, науқастың жағдайы жақсарғанымен курсты толық өту керек.

Балалардағы созылмалы цистит

Аурудың бұл формасы көбінесе екіншілік, қуықтың ауруларының асқынуы болып табылады.:
 -фимоз;
 -жыныстық инфекция;
 -уретрит;
 -созылмалы пиелонефрит;
 -дивертикул, т.б.
Сондықтан балалардағы созылмалы циститті емдемес бұрын жоғарыда аталған ауруларды анықтау керек. Сонымен қатар, бұл аурумен күрес оның фазасына байланысты болуы тиіс::
Өршу фазасы жедел цистит сияқты көрінеді – емі медикаментозды, антибиотиктер қолданылады.;
Ремиссия фазасы симптомсыз өтеді, бұл кезде де медикаментозды ем жүргізіледі, бірақ емделуі қиынға түседі.

 

Оперативті ем

Егер қуықтың қабынуына зәр жолдарының іштен туған кемістіктері себепші болса, дәрі-дәрімектер көмегімен қабынуды уақытша тоқтатып, дереу операция жасау керек. Кейде бактерияға қарсы препараттардың созылмалы қуық қабынуын емдеуге әсері болмайтын кездері болады. Бұл кезде дәріні қуықтың ішіне енгізіп, шырышты қабықты жуу арқылы емдеген жөн.
Қуықтың созылмалы қабынуына байланысты пайда болған асқынуларды (ҚЗР-і, Хатч қалтасы, қуық мойнының шандырлануы, т.б.) операция арқылы емдейді.

 

Қуықты микробты-қабынулық процесстің дамуынан сақтайтын шаралар:

1) Қуықты жиі әрі толық босатып отыру;
2) Детрузордың анатомиялық және функционалды бүтіндігі;
3) Қуықтың эпителий қабатының бүтіндігі;
4) Жергілікті иммунологиялық қорғаныстың жеткіліктілігі (секреторлы иммуноглобулин А-ның қалыпты деңгейі, лизоцим, интерферон, т.б.).

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...