Асқазанды зондтау (шаю)

Асқазанды зондтау және шаю

Асқазанды зондтау -диагностикалық, шұғыл емдік мақсатта жүргізілетін маңызды емдік шаралардың бірі. Мақсаты: Асқазан сөлін диагностикалық мақсатта алу, жедел уланулар кезінде асқазанды шаю

Қарсы көрсеткіштер: Асқазаннан қан кету және өңеш тамырларының варикозды кеңеюі, асқазан және өңештік жедел қабыну аурулары, гипертониялық ауру, стенокардия, мұрын арқылы тыныс алу қиындайтын жағдайлар.

Асқазанды шаю

Асқазанды зондтау (шаю) көрінісі

Асқазанды зондтау (шаю) жүргізу алгоритімі

  1. Науқасқа процедура барысын,  қарапайымдылығын және қауіпсіздігін түсіндіру. Стерильді резенке перчатканы қию.
  2. Салмалы тістерді, протездерді алу.
  3. Құсудың жоғары рефлексінде жұтқыншақты 1% дикаин ерітіндісімен жансыздандыру (шприцпен себеміз)
  4. Науқасты орындыққа отырғызу.
  5. Аяқ аралықтарына тазик немесе шелек қою
  6. Науқасқа клеенкалы алжапқыш кигіземіз. (немесе фартук)
  7. Алдын ала өсімдік майымен өңделген зондты тілдің түбіне дейін енгіземіз, науқасқа жұтынуын сұрап, зондты жылдам алға жылжытамыз. Науқастан жұтыну қозғалыстарын жасауын және мұрынмен терең тыныс алуын сұраймыз.
  8. Зондтың жылжуы жұтыну актісіне сәйкес болу керек.
  9. Зондты 40 см тереңдікке немесе керекті белгіге дейін жеткізіп енгіземіз: одан асқазан құрамы бөліне бастайды, ол зондтың дұрыс орналасуын көрсетеді.
  10. Асқазанды Жане шприцімен шаю.
  11. Асқазанды жууды су таза болғанға дейін қайталау керек.
Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (1 бағалар, орташа: 5,00 тен 5)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...