Палаталық мейірбике міндеттері

 Палаталық мейірбике міндеттері. Науқас пен мейірбике арасындағы этика

Палаталық медбикенің лауазымдық міндеттері

Палаталық медбикенің дәрігердің рұқсатынсыз бөлімнен кетуіне құқығы болмайды. Медбикенің жұмысы бөлім меңгерушісінің бекіткен кестесі бойынша жүргізіледі.

Палатаның, ванналық бөлменің, кабинеттердің, дәріханалардың, төсек жанындағы тумбаның тазалықтарын қадағалайды. Емделушілердің тоңазытқыштағы тағамдарының сақталуын тексереді, ауруханалық тәртіптің сақталуын бақылайды. Емделушілерге берілетін тағамдардың дәрігер белгілеген емдомдық үстелге қоятын тағамдарға сәйкестігіне және мөлшеріне, сипатына бақылау жасайды.

  • Керекті медикаменттерді дер кезінде жазып алады және бөлімнің бас мейірбикесіне береді.
  • Дәрігер қарауы кезінде қатысу керек, емделушілердің жағдайы туралы мәлімет беруі керек, дәрігердің науқастарды емдеуі, күтімі бойынша тапсырыс алуы керек.
  • Тағайындау парағын дұрыс жүргізу, оны ауру тарихында жазылған белгілермен дер кезінде салыстырып отыруы керек.
  • Емделушілердің рентгеноскопияға, рентгенографияға, зертханалық зерттеулерге дайындығын қамтамасыз ету.
  • Дене қызуын тіркеу парағын, талдау, ЭКГ және де басқа ауру тарихын (жапсыру) уақытымен рәсімдеп отыру керек.
  • Жаңа түскен емделушілерді бөлімнің белгіленген тәртібімен таныстыру.

Тамақтың талаптарын уақытымен құрып, оны бас мейірбикеге беру.

Ұйымдастыру — әдістеме бөліміне емделушілер құрамының өзгерісін туралы мәліметті күнде тапсырып отыру керек, бөлімнен шығарылған емделушілер құжаттарының рәсімделуін (бағыттама қағаздың, анықтаманың, рецептердің көшірмесі) және уақытымен шығуына бақылау жасау керек.

Кезекшілік кезінде дәрігер жазған және тағайындағанның бәрін, шығуға жарамды емделушілер туралы мәліметті тапсыру керек.

палаталық медбике міндеттері

Мейірбике емделушілердің тез арада жазылып шығуына орай ілтипатты, сергек, қайырымды болу керек. Ол медициналық деонтологияның негізін білуге міндетті.

Медбикенің рөлін және орнын түсіну маңыздылығы, әсіресе, науқасханалық мекемелерде анық байқалады. Дәрігерден гөрі мейірбике мен емделушінің арасындағы тікелей қарым-қатынастар жиі болады. Науқас, мейірбикеден қолдауды және түсінушілікті іздейді. Бүгінгі күнге дейін мейірбикелік іс дәстүрлі техникалық күтім жасаумен шектелген. Әрине, оны алып тастауға болмайды. Бірақ, мейірбикенің науқасқа психологиялық қатынасының жоқтығы, науқастың қанағаттанбаушылығына әкеледі. Басқа жағынан қарағанда, мейірбике мен науқас қарым-қатынасында керекті алшақтықты сақтамау қаупі туады. Кейбір мейірбикелер науқаспен мылжыңдасып, емделушінің жағдайын нашарлатады, мұндай қылық өзаралық қарым-қатынаста қақтығыс элементтерінің пайда болуына әкеледі.

Медбике науқас мәселелерінің қиындығын түсіне білуі керек, бірақ ол мәселелерді шешуге тиісті емес.

Ұмытпаңыздар! Ұқыпты, жинақы, жылы-жүзді мейірбике науқастың сенімін арттырады. Венгр дәрігері Харли, әйгілі «Дәрігер, мейірбике, ауру» еңбегінде мейірбикелерді жұмысқа деген көзқарасына, мінез-құлқына байланысты бөледі.

Іс жүзіндегі түрі: дәлділік, қатаңдылық, кей кездерде науқастың адамгершілігі жағын ұмытады. Мінез-құлқында болуы мүмкін, мейірбике ұйықтап жатқан науқасты ұйықтайтын дәрі берем деп оятады.

Әртістік түрі: мейірбике науқасқа өзінің шексіз маңыздылығын көрсеткісі келеді.

Неврозды түрі: жиі шаршайды, оның әрекеттерін ешкім байқамайды. Ол өзінің кейбір міндеттерінен құтылғысы келеді: мысалы, дерт жұқтыру қаупі бар жұмыстардан. Осы түрге жататын кейбір мейірбикелер токсикоманияға бейім.

Ер адамдық түрі: шешім қабылдайтын, ірі тұлғалы, энергиясы көп, өзіне сенімді. Науқастар оны «әскери адам» деп сипаттайды. Жақсы ұйымдастырушы, жас мейірбикелерді тәрбиелеуде табысты болады. Егер оның әрекеті қолайсыз болса, ісі қатал, дөрекі болады.

Мейірбикенің «ана түрі» — «аяулы мейірбике «: мейірбикелердің дене құрылысы нәзік.

Ақырында, мейірбикелердің алтыншы түріне — «мамандар» жатады, бұлар электрокардиограммада, электроэнцефалографияда жұмыс істейтіндер. Олар кейде бөлімшелерде жұмыс істейтін мейірбикелерден артықшылығын сезінеді. Егер олар осыны жасырмаса, олардың арасында және кезекшілікке келетін басқа қызметшілердің арасында жағымсыз қарым-қатынастар болады. Мейірбикелер емдеу алдын-алу мекемелерінде әр түрлі жұмыс істейді. Медициналық деонтологияның негізі жалпы болып қалады, бірақ әр түрлі жағдайларда және жұмыс мәселелері деонтологиялық ережелермен қабылдаудың нақтылығын әрбір мекеменің ерекшелігіне байланысты талап етеді.

Медициналық деонтологияның жалпы мәселелері барлық медициналық мекемелерге ортақ:

  • Дертпен күрес және денсаулықты қалыпқа келтіру.
  • Медицина қызметкерлері тәртібінің принциптерін зерделеу, керек жағдайда емдеудің тиімділігін арттыруға бейімделген болу.
  • Медициналық іс-әрекетте қолайсыз факторларды алып тастау.
  • Медицина қызметкерлері мен науқастың арасында қалыптасатын қарым-қатынасты оқып-үйрену.
  • Медициналық қызметтің жеткіліксіздігі салдарынан болатын қауіпті зардаптарын алып тастау (дөрекі, тәртіпсіздік, мамандық шеңберінің тарлығынан).
  • Емдеу мекемелері ұжымы қабылдаған моральдық-этикалық нормаларын, ережелерін сақтау. Субординация — бұл жанама және тікелей бағыну.
  • Науқасханадағы мейірбикелер мен науқастар арасындағы қарым-қатынас.

Бұл қарым-қатынастарға келесі факторлар әсер етеді:

  1. Науқастарды тәулік бойы бақылау мүмкіншілігін жасау.
  2. Жүйелі түрде дәрігердің нұсқауы бойынша дәрі-дәрмектерді қабылдау, немесе медициналық ем-домды орындау керек.
  3. Науқастың өз туысқандарымен әрдайым кездесіп тұру мүмкіншілігінің болуы.

Емханалық жағдайда науқаспен қарым-қатынас ерекшеліктері

Күні бойы көптеген науқастармен қарым-қатынастың болуы. Бұл мейірбикеден өзінің еңбегінің дұрыс ұйымдастыруын талап етеді.

Мейірбикенің міндеттері:

  1. Емделушілерді ретпен қатынасуын, нақты қабылдау кестесін құру.
  2. Қабылдау уақытының сақталуын бақылау.
  3. Ауру тарихын іріктеу (емханалық карта).
  4. Қабылдау себептерін нақтылау.
  5. Науқастың ауру динамикасын бақылау үшін, науқаспен үйінде қатынасу — тұрмыстық жағдайын, отбасылық қарым-қатынасын, үй жағдайында дәрігердің нұсқауының орындалуын бақылау.
  6. Қабылдау бөлмесінде науқастарға керекті жағдайлар жасау.
  7. Қабылдауды ұйымдастыру.

Қабылдауды ұйымдастыруда, мейірбике науқасты жылы жүзбен қарсы алады, атын және тегін, оның қабылданған уақытын біледі, егер қабылдауға кешіксе, кешірім сұрап, себептерін түсіндіру, қойған сұрақтарына жауап беру керек.

Мейірбике есінде сақтауы керек:

  • біріншіден, қабылдау кезінде жедел медициналық көмек қажет ететін ауыр немесе жедел жағдайлар кезектен тыс қабылданады;
  • екіншіден, мейірбикенің, кезектен тыс қабылданатын кейбір категориялық адамдары болады — мүгедектер, кәрі адамдар, соматикалық жағдайындағы науқастар, оларды қабылдау-күту ауырға түседі. Жедел, іштің қатты ауруы, жүректің аурулары бар науқастар;
  • үшіншіден, бірінші кезекте ашушаң, истериялық белгілері айқын психопатиялық науқастарды қабылдау керек, өйткені, олар қоршаған ортада ауыр психологиялық жағдайды туғызуы мүмкін.

Тақырыпты этикалық деонтологиямен қамтамасыз ету

Науқасқа өз сезімін, қамқорлығын білдіру үшін мейірбике мүмкіндік беруге тиісті. Емделушіні мұқият, ықыласпен тыңдап, мейірбике аурудың әр түрлі мәселелерін шешуге себепкер болуы мүмкін.

Ауруларды әңгімеде мадақтап, лайық жәрдем көрсету керек. Мейірбике науқастың әрбір жаңа күнге үміт артуына және қойған мақсаты үшін барлық күш-қуатын пайдалануға көмектеседі.

Әдепсіздікке, дөрекілікке жол бермеу

Мейірбике, барлық медициналық қызметкерлердің ішінде емделушілермен көп уақыт бірге болады және емделушінің мұқтаждығын бағалау тұрғысында ең тиімді жағдайда, сондықтан оларды неғұрлым ерте анықтауға тырысу керек. Ауруға физикалық және психологиялық жағынан қолайлы жағдай тудыру үшін көмек ұйымдастыру керек.

Жұмыс орнында рұқсат етілмейді:

  1. қатты ашуланып сөйлеуге;
  2. аурудың жасына қарамай «сен» деп шақыруға;
  3. жарқыраған, жан түршіктіретін косметиканы пайдалануға;
  4. лас киім (халат, қалпақ) киюге;
  5. қолдың ластығы;
  6. жеке бас гигиенасын сақтамау;
  7. медициналық қызметкерлермен (басқа мейірбикелермен, санитарлармен) емделушілердің жағдайларын талқылау.

Мейірбикенің аяқ киімі ыңғайлы, жұмсақ материалдан тігілген, залалсыздандыруға оңай, өкшесі биік болмауы керек.

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...