Гипертониялық криз

Гипертониялық криз

Гипертониялық криз деп АҚ дереу көтерілуімен, өмірлік маңызды ағзалардың қызметі бұзылуымен және нейровегетативті өзгерістермен көрінетін жағдайды атайды. Криз ауырлығы АҚ көтерілу жылдамдығы және күтпеген жерден пайда болуымен сипатталады.

Бірінші типті гипертониялық криз нейровегетативті көріністерімен сипатталады. Криз ұзақтығы бірнеше минуттан, бірнеше минутқа дейін созылуы мүмкін. Науқаста бет гиперемиясы, теріде қызыл дақтар, терлегіштік байқалады. Сырттай науқастар қозғыш, мазасыз, бас ауруына, дене қызуына, дененің барлық аумағындағы дерілдер, көз алдындағы тұманға шағымданады.

Біріншілік типті кризде науқаста көбінесе систолиялық қан қысымы көтеріліп, гиперкинетикалық қан айналым түрі байқалады.

Екіншілік гипертениялық криз бірнеше сағаттан бастап, бірнеше күнге дейін созылуы мүмкін. Науқастар әлсіз, тежелген (вялый). Бас ауруына, бас айналуына, әлсіздікке шағымданады. Ауыр түрде гипертониялық энцефалопатия дамиды. Гипертониялық энцефалопатияда бастың қатты ауруы, көрудің бұзылуы соқырлыққа дейін жетуі мүмкін, лоқсу, құсу, естің бұзылуы комаға дейін жетуі мүмкін.

Екінші типті криз кезінде қан айналымның гипокинетикалық түрі көрініс береді.

М.С. Кушаковский жоғарыдағы жіктелумен қатар, гипертониялық криздің басқа да жіктелуін ұсынды:

  • Нейро-вегетативті
  • Ісінулік (отечная, водно –солевая)
  • Энцефалопатиялық;

Нейро-вегетативті түрінде толықтай біріншілік гипертониялық кризге сәйкес келеді. Ісінулік түрі криздердің жеке түрі болып, ағзада натрий және сұйықтықтың жиналуымен көрінетін, екіншілік гипертониялық кризге сай келеді. Энцефалопатиялық формасы аты айтып тұрғандай, жедел гипертониялық энцефалопатиямен көрініп, екінші типке жатады.

Сонымен қатар басқа шет елдің әдебиеттерінде гипертониялық криздерді асқынған (осложненные) және асқынбаған (неосложненные) жіктеуі қолданылады.

гипертониялық криз

Қан қысымының күрт жоғарылауы

Асқынған гипертониялық криз кезінде маңызды ағзалардың жедел түрде зақымдалу көріністері (нысан ағзалар)байқалады. Оларға: жүрек, ми, бүйрек, тамырлар, көз түбі жатады.

Асқынған гипертониялық криздерде кезесетін асқыну көріністері:

  • Гипертониялық энцефалопатия;
  • Аорта ажырауы (расслоение);
  • Жедел коронарлы синдром;
  • Өкпе ісінуі;
  • Ми қан айналымының жедел бұзылысы
  • Феохромоитома;
  • Эклампсия;

Асқынбаған гипертониялық криздер деп ағза үшін маңызды ағзалардың зақымдалуы жоқ немесе өте минималды болып келетін жағдайда айтады. Бұған кез келген ауыр жағдайдағы артериялық гипертония, қатерлі гипертония, басқа аурулар кезінде байқалатын айқын гипертония (күйіктер, жедел гломерулонефрит, склеродермия кезіндегі криз) жатқызамыз.

Гипертониялық криздің диференциалды емі

ГК вариантары Дәрілер
Асқынбаған гипокинезиялық Нифедипин тіл астына, қолдануға болмайтын кезде — капотен тіл астына
Асқынбаған гиперкинезиялық b-адреноблокатор (пропранолол тіл астына)
Декомпенсациялық жүректік жетіспеушілігі не ЖИА өршуі кезіндегі ГК Ангиотензин алм-н ферменттер ингибиторы (эналаприлат не квинаприлат) венаға егу

 

Ми қанайналымының бұзылуымен асқынған ГК ААФИнгибитор, ұзақ әсерлі Са+2 антагони-сттер, альфа- и бета-адреноблокаторлары
Миокард инфарктымен асқынған ГК

 

Ми бұзылысы белгілері жоқ кезде – нитрат-тар (нитроглицерин, изосорбид динитрат) венаға тамшылап егу, жүрек жетіспеушілігі жоқ кезде — b-адреноблокаторлары
Аритмиямен асқынған ГК

 

b-адреноблокатор (мысалы, пропранолол), магний сульфаты венаға егу
Жүректің жіті жетіспеушілігі-мен не өкпе шеменімен асқынған ГК Нитраттар (нитроглицерин, изосорбид динитрат) венаға тамшылап егу,

лазикс венаға егу

Қолқаның жыртылмалы  аневризмасы Натрий нитропруссиді (ол жоқ болса – нитраттар не нифедипин) және бета- адреноблокаторлар не верапамил венаға егу
АҚ феохромоцитома кезінде көтерілуі Фентоламинді венаға егу

 

Гипертониялық криз емі

Өмір үшін қауіп төндіріп тұрған криздерді дереу емдеу қажет. Көпшілік жағдайда алдымен қан қысымын 180/110 -160/100 мм.сын.бағ дейін төмендету керек деп есептеледі. Ары қарай қалыпты көрсеткіштерге дейін.

Асқынған гипертониялық кризді емдеу негізінен мықты гипотензивті препараттармен жүргізіледі. Көпшілік жағдайда бұлар инфузия түрінде енгізіледі.

Артериялық қысымды түсіру үшін ең танымал препараттардың бірі нитропруссид натрий болып табылады. Нитропруссид натрий барлық ауыр гипертониялық криздерде қолданылады. Бұл препарат ерекшелігі АҚ ине ұшында ұстауға мүмкіндік береді, яғни нитропруссид натрий инфузиясын тоқтатқанан кейін дереу 5 мин. ішінде оның әсері жойылады. Сонымен қатар вена ішіне нитроглицерин инфузиясын қолдануға болады. Шет мемлекеттерде келесідей препараттарды қолдану ұсынылған: лабеталол (в/і  20 мг, кейін 20-80 мг әрбір 10 мин сайын эфектіге дейін), эсмолол (селективті ультрақысқа әсерлі бета-блокатор, бастапқы доза 500 мкг/кг -1 мин ішінде, кейін 50-300 мкг/кг/мин.). Бұл препараттардан басқа клофелин, верапамил, дроперидол, дибазол және аминазин, пентаминді қолдануға болады.

Асқынбаған (ургентті) гипертензиті жағдайларда АҚ бірден төмендету қауіпті болып келуі мүмкін. Себебі перфузия көлемі критикалық деңгейге жетіп, инсульт даму қауіпті жоғарылай түседі. Сондықтан АҚ баяу, бірнеше сағат ішінде төмендету ұсынылады.

Ауыр криз кезінде де ішке және сублингальді (тіл астына) қолданылатын препараттар  нәтижелі болып табылады. Жиі нифедипин (коринфар) немесе клофелин қолданылады. Сонымен қатар осы мақсатта каптоприл, празозин, верапамил және лабеталол да қолданылады.

Тағы бір ескеретін жайт, гипертониялық кризі бар адамдарға диуретиктерді қолдануда аса сақ болу керек. Көплішік гипертоиялық кризі бар науқастарда сұйықтық деңгейі жоғары емес керісінше гиповолемия жағдайында болады (қысым арқасында передиурез). Тіпті өкпе ісінуінде де алдымен қан қысымын төмендетуге тырысу керек. Сондықтан көпшілік жағдайда диуретиктер (фуросемид) абайлап қолданылады, тек сұйықтықтың айқын түрде жиналуы байқалса, аз мөлшерден қолдануды бастау керек.

Жеңіл және орташа ауырлықтағы кризді емдеу үшін сублингвальді каптоприл, клофелин және нифедипин қолданған дұрыс. Анапирилинді қосымша айқын тахикардия болғанда тағайындайды. Тамыр ішілік құюға (инъекцияға) үйренген науқастарға клофелин б/е немесе в/і қолдануға болады.

гипертониялық криз емі

Асқынбаған гипертониялық кризде жедел көмек көрсету алгоритімі

 

асқынған гипертониялық криз

Асқынған гипертониялық криз кезіндегі жедел медициналық көмек көрсету алгоритімі

Госпитализацияға көрсеткіш:

  1. Емге көнбейтін ГК.
  2. Гипертониялық энцефалопатияның айқын көрінісі бар ГК.
  3. Қарқынды емді және дәрігерлік қадағалауды үнемі қажет ететін ГК асқынулары (ми қанайналымының жіті бұзылыстары, жүректің жіті жетіспеушілігі, миокардтың жіті инфаркты, т.б.).
  4. Қатерлі ағымды АГ.
Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (1 бағалар, орташа: 5,00 тен 5)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...