Босануға физио- психопрофилактикалық дайындық

Босануға физио- психопрофилактикалық дайындық

Босануға физио-психопрофилактикалық дайындықтың негізіне:

  1. босану кезіндегі ауырсыну сезімінің себебін түсіндіру ( жатырдағы нерв ұштарының тітіркенуі, екінші сигналды жүйегі шартты- рефлекторды компоненттің әсер етуі. т.б.)
  2. Босану актісінің қалыпты ағымында ауырсыну сезімі босанушы әйелдің нерв жүйесіне байланыстылығын тусіндіру (мысалы : сабырлы, тыныш әйелдер босанған кезде ауырсыну сезімінің дәрежесі онша күшті емес, тіпті ауырсынусыз өтеді. Ал, жүйке жүйесінің жоғары қозғыштығы бар әйелдердің босануында қорқыныш және т.б. Теріс эмоциялар басым болады. Бұл әйелдерде ауырсынуды қабылдау табылдырығы төмен болғандықтан, толғаққа байланысты сезімдер өте ауыр ауырсыну болып қабылданады)

Әйелдерді босануға психо-профилактикалық дайындықтың мақсаты:

  1. Босану кезіндегі ауырсыну сезімінің психогенді компонентін болдырмау.
  2. Одан қашып құтылудың жолы жоқ туралы ойдан арылту.
  3. Босану қалыпты өтетін физиологиялық процесс ретінде түсіндіру және онда ауырсыну сезімі болмауы да мүмкіндігін айту. Сонымен қатар, босану туралы жаңа жақсы эмоциялар, ойлар қалыптастыру
  4. Босанушы әйелге психо-прафилактикалық дайындық кезіндегі тәсілдерді дұрыс орындаған жағдайда, босану ағымы ауырсынусыз өтетінін түсіндіру.

Психопрофилактикалық дайындық түрлері:

  1. аутогенді
  2. геторегенді

босануға дайындық

Бұл әдістердің негізіне эмоционалды жағдайларды төмендету және босану актісі ағымындағы соматикалық қызметтердің тиімді орындалуына нервтік энергияны белсендіру жатады.

Аутотренинг курсы – 9 -10 сабақтан және әрбір сабақтың ұзақтығы 25-30 минуттан тұрады:

  1. Ауырсыну сезімінің табалдырығы жоғарлайды.
  2. Ауырсыну сезімінің ұзақтығы және күшін төмендеттеді.
  3. Моторлы қозуды басады.

Босануға 4-5 апта қалғанда жүргізілетін сабақтың реттілігі мен мазмұны:

1-ші сабақта:

  1. Жүкті әйелге адамға әйел жыныс мүшелерінің анатомиялық құрылысы туралы қысқаша мәлімет беріледі.
  2. Жүктілік кезінде жүктілікке байланысты организмде болатын өзгерістерді түсіндіреді.
  3. Жүктілікті қарапайым физиологиялық акт, босанудың 3 кезеңі туралы түсінік береді.
  4. Босану кезеңінің 1 – ші кезенінің ерекшелігі, босану кезіндегі субьективті сезімдер, толғақ оның ұзақтығы мен жиілігі туралы айтылады.
  5. Босану – көп энергияның жұмсалуымен өтетін акт, сондықтан босанушы әйел барлық күшін ақырғы маңызды кезең – ұрықты шығаруға жұмсау керектігін түсіндіру.

2 –ші сабақта: Әйелдің толғағы басталған кезде және босанудың 1 – ші кезеңінде өзін қалай ұстау керектігін түсіндіреді. Жүкті әйелдерді дұрыс ағымды босану және ауырсыну сезімін төмендету мақсатында арнайы мынадай физикалық тәсілдерге үйретеді:

  1. Тыныш жату. .
  2. Толғақ кезіңде терең және ырғақты дем алу. .
  3. Тыныс алу мен тыныс шығаруда іштің төменгі бөлігін екі қолдың саусақтарының ұшымен сипалап, үйлестіріп жасау;
  4. Тыныс шығару кезіңде сегізкөз аймағын сипау;
  5. а) Екі жақ мықынның алдыңғы –жоғарғы қырларына үлкен бармақпен басу.
    б) бел сегізкөз ромбысының сыртқы ұштарын басу.
  6. Толғақты санау .
  7. Толғақ арасыңдағы үзілістерде дем алу немесе ұйықтау

3 – ші сабақта:

  1. Босанушы әйелдерге босанудың екінші және үшінші ағымымен таныстырады.
  2. Толғақ кезіңде тынысты қалай ұстау керектігін үйретеді.
  3. Терең тыныс алғаннан кейін тынысты 10 – 15 секундқа ұстап, әр толғақ сайын бұл тәсілді 2 – 3 рет қайталауды түсіндіреді.

4 – ші сабақта:

  1. Өткен сабақтады қысқаша қайталау, әйелдердің үйретілген тәсілдерді қашалықты меңгергенің тексереді
  2. Босану кезіндегі міндетті түрде және болуы мүмкін манипулияцияларымен таныстырады (сыртқы және қынаптық тексеру, көк тамырлық дәрі жіберу, О2 – мен дем алуы т.б)
  3. Медициналық персоналардың нұсқауын міндетті түрде орындап, дұрыс тамақтануын түсіндіру.

Ескерту: Егер өткен консультацияларда психопрофилактикалық дайындық қажетті деңгейде өткізілмесе және дайындық жүктіліктің 35 – 36 шы аптасында алғаш жүргізілсе, өткізілетін сабақ саны (4 сабақ) жеткізіліксіз. Мұндай жағдайда 5 – 6 сабақ жүргізілуі тиіс.

Егер 6 сабақ жүргізілетін болса, онгың мазмұны мынандай болады.

1 – ші сабақта: Жүкті әйелді қарқыңды тексереді, қорқыныш сезімдерін алдын алады.
2 – ші сабақта:Босанудың физиологиялық негіздері және оның ауырсынусыз өтуіне жағдай жасау керектігін түсіндіреді.
3 – ші сабақта: 1 – ші кезеңнің ерекшеліктерімен жатыр мойының ашылуыңдағы ауырсынуды басу тәсілдеріне үйретеді.
4 – ші сабақта: Босанудың II және III кезеңдеріне арналады.
5 – ші сабақта: Аналық қызметің түсіндіреді.
6 – шы сабақта: Босанудың басталу белгілерін, перзентхана режимімен таныстырып өткен сабақтарды қайталаумен жүргізіледі.

Психопрофилактикалық дайындықты физикалық жаттығулармен ілестіріп жүргізу өте нәтижелі болып келеді. Оған: арнайы гимнастикалық жаттығулар, ультрофиолет сәулесің қабылдау, санитарлы – гигиеналық ережелерге үйрету жатады

 

 

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...