Естен тану. Жедел көмек

Естен тану (синкоп)

Естен тану — аз уақытқа кенеттен ес-түссіз қалу. Ол мидың гипоксиясы әсерінен дамиды. Онда жүрек және тыныс қызметінің әлсіреп, қайта қалпына келуі байқалады.

Осындай естен тану үш кезеңнен тұрады: естен тану алды, естен тану, естен танудан кейінгі жағдай.

Естен тануалды. Науқас әлсіреп, көзі қарауытып, кұлағы шуылдап, басы айналып, жүрегі айнып, тершеңдік басады, терісінің бозаруы бірнеше секундтан бір минутқа дейін созылады.

Естен тану. Науқас есінен танады, бұлшықеттерінің тонусы төмендеп, терісі бозарады, тынысы беткейлі болады. Есін бірнеше секундтан бір минутқа дейін жоғалтады. Кейде ми қанайналымының тоқтауына байланысты тонико-клоникалық тырысулар болып, еріксіз зәр шығаруы мүмкін. Көз қарашықтары
тарылады (кейде кеңейеді). Жарыққа реакциясы болмайды, рефлекстері де жоғалады. Науқастың пулсі әлсіз, АҚҚ қалыпты немесе төмендейді. Жүрек тондары тұйықталған. Тынысы беткейлі, сирек. Кейде есі 10-20 минутқа дейін жоғалады.

Естеп танудан кейінгі жағдай. Науқас есіне келген соң, оның тері қабаттары өз калпына келеді, пульстің толымы жақсарады, АҚҚ қалпына келеді. Ол кейде өзінің есінен танып қалғанын білмейді, жан-жағындағылардан не болғанын сұрастырады. Кейбіреулер әлсіздікке, бастарының ауырып тұрғанына шағымданады.

Синкопты жағдайлар негізгі 3 топқа бөлінеді: нейрокардиогенді, кардиогенді, ангиогенді.

Нейрокардиогенді естен танулар. Бұл күйлер ауасы тар жерлерде, қатарда тұрғанда дамиды. Оны жан күйзелістері, қорқыныш, қанды көру, ауыру сезімдері сияқты өршітуші факторлар тудырады. Сонымен қатар бұл топқа жөтелгенде, күшенгенде, жұтынғанда дамитын естен танулар жатады. Мұндай естен танудың түрі
қан тамырлық тонустары төмен, артериялық кан қысымының төмендеуіне бейім және вестибулярлық бұзылыстары бар адамдарда дамиды. Нейрокардиогенді естен танулардың алдында естен тану алды кезеңі болады. Онда науқастың терісі бозарып, әлсізденіп, басы айналады, көзі қарауытады, лоқсиды. Кардиогенді естен танулар. Олар аритмиялық және обструктивті болып бөлінеді. Аритмиялықтар: брадиаритмиялық (синусты түйіннің тежелуі, толык АВ блокадасы); тахиаритмиялық (қарыншалық тахиаритмиялық пароксизмдер, қарыншалық діріл). Обструктивті (жүрек лақтырысының кедергісін көбейтетін ауруларда дамиды): сол қарыншадан (колқа стенозы); сол жүрекшеден (домалақ тромбтар, миксомалар); оң қарыншадан (өкпе артериясының тарылуы, ӨКҚҚ). Кардиогенді естен танулар науқастың өміріне қауіп туғызатындықтан, оларды жедел кардиологиялық аскынуларға жатқызуымыз керек.

Аритмиялық асқынулар кардиогенді синкопальді күйлерді тудыратын ең жиі себептердің бірі. Олар көбінесе айқын брадиаритмиялық немесе тахиаритмиялық күйлерде дамиды. Аритмиялық естен тануларда естен тану алды кезеңі болмайды. Мысалы, науқас тыныштық қалыпта (кітап оқып, теледидар көріп отырып) есінен танып қалуы мүмкін. Оның пульсінің жиілігі минутына 20-40 төмендеп кетеді.

Тахиаритмиялық түрлерінде (қарыншалық жыбыр мен діріл). Мұнда қанайналымның ауыр бұзылыстары дамиды. Жүректің жиырылу жиілігі минутына 180-220 дейін барады. Науқас кенеттен өліп кетуі де мүмкін.

Обструктивті естен танулар жүрек лақтырысына механикалық кедергілер болғанда дамиды. Қолқа қакпақшасының стенозы бар науқастар, физикалық күштемелер түскенде есінен танады. Сол жүрекшенің домалақ тромбы бар науқастар, көбінесе отырып тұрғанда немесе тұрып отырғанда есінен танып қалуы мүмкін. Есінен танар алдында науқас ентігеді, терісі көгереді. Ал сол жүрекшелік миксомасы бар науқастарда ентігу, цианоз, тахикардия байкалып, тұрған жерінен есін жоғалтуы мүмкін. Сонымен катар обструктивті кардиогенді естен танулар біріншілік өкпелік гипертензияларда немесе ӨКҚҚ, кейде қолқаның қатпарлы аневризмаларында, қақпақша протездерінің жұмысы бұзылғанда дамиды.

Естен тану алғашқы көмек

Ангиогенді естен танулар. Оның ортостатикалық және цереброваскулярлы түрлері бар.

Ортостатикалық түрлері жиі кездеседі. Ол науқастьң горизонтальді күйден вертикальді қалыпқа ауысқан кездерінде дамиды. Кейбір ортостатикалық естен танулар ұзақ уақыт төсекте жатқандарда, сұйықтықтар мен қан жоғалтқанда, аяқтардың көк тамырлары варикозды кеңейгенде, жүктіліктерде, диабетикалық нейропатияларда дамиды. Сонымен қатар екіншілік естен танулар дәрілер немесе дәрілік естен танулар (гипотензивті пентамин, клофеллин, в-адреноблокаторлар, нитраттар, диуретиктер, транквилизаторлар жэне т.б) қолданғаннан кейін дамиды. Цереброваскулярлы естен танулар. Бұл ми артерияларының (көбінесе атеросклерозды) зақымдануларында, миды қамтамасыз ететін қантамырлары (ұйқы, омыртқалық, бұғана асты) тарылғанда дамиды. Сонымен қатар сол қантамырларының тонустары өзгергенде, шаншылғанда және АҚҚ төмендегенде де дамуы мүмкін. Цереброваскулярлы естен танулар кенеттен дамып, және басқа түрлеріне қарағанда ұзағырақ болады.

Естен танудың диагностикасы қиындық тугызбайды. Бірақ оның негізгі себебін жэне патофизиологиялық механизмін анықтау қиындау болады. Өйткені ұстамалар арасында аурудың белгілері болмауы мүмкін.

Егер ауру дәрігер келгенге дейін есінен танған болса, онда қасындағылардан мына жоспар бойынша сұрастыру керек:

  • уақытын, қай жерде болғанын, себебін (ыстық, қобалжу, кенеттен тұру> физикалық күштемелер ж.т.б.),
  • айқай, тері қабаттарының түрі: бозару, қызару, көгеру, пульсі: жиіленуі, ырғақтығы, толымдылығы,
  • Қимылы: тырысулар, құлағанда алған жарақаттары, еріксіз зәр шығару, естен танудың ұзақтығы, қайта есін жию белгілері: бас ауыру, есеңгіреу, сөйлеу кабілетінің бұзылуы және т.б.

Естен танудың себептерін анықтау үшін өмір анамнезін, ауырған ауруларын, ұстама арасындағы шағымдарын, ұстаманың жиілігі мен кезеңдігін, естен тануды тудыратын себептерін, естен танудың
ерекшелігін (белгілері) анықтау керек. Қарап тексеру (пульсі, АҚҚ), ЭКГ анализ, неврологиялық тексеру, зертханалық зерттеулер (гемоглобин, эритроциттер, қандағы қанттың мөлшері).

Естен тануларды басқа аурулармен салыстыру қажет: қояншық ұстамалары, истерикалық естен танулар, гипогликемиялық естен танулар, ми қанайлымының бұзылыстары.

Естен тануларда көрсетілетін жедел жәрдем

  1. Егер естен тану немесе естен танғаннан кейінгі уақыт ұзаққа созылып жатса: аурудың аяқ жағын көтеріңкі, бас жағын төменірек етіп жатқызамыз. Сонан соң киімінің түймесін ағытып, таза ауа
    енгізу керек. Беті мен кеудесіне суық су шашу және жағына шапалақпен ұру сияқты әдістер қолданылады.
  2. Науқасқа нашатыр спирті, сірке қышқылы, эфир сияқты заттарды иіскету керек. Аяқтарына жылы басуға болады.
  3. Егер науқас есіне келмесе, тері астына немесе бұлшық етке 1-2 мл кордиамин немесе 10% 1-2
    мл кофеин ерітінділері енгізіледі.
  4. Қан қысымы төмен болса 5% эфедрин немесе 1% 1 мл мезатон ерітіндісі б/е енгізіледі.
  5. Аритмиялық естен тануларда: толық АВ болкадаларда (Моргани-Адамс-Стокс ұстамасы)- 0,1% 0,5-1 мл атропин ерітіндісін т/і 2,4% 5-10 мл эуфиллин ерітіндісін к/т енгіземіз;
  6. пароксизмалды тахиаритмияларда — 10% новокаинамид ерітіндісін көк тамырға баяу енгізу керек. Ал гипогликемиялық естен тануларда 40% 40-60 мл глюкоза ерітіндісін көк тамырға енгіземіз.
  7. Науқастың пульсі мен АҚҚ қалпына келіп, есін жиған соң, тыныштық күйді сактауды талап етіп, бақылауға алу керек.

Ауруханаға мына естен танулар жатқызылады: толық АВ блокадасы (Морганьи-Адамс-Стокс ұстамасы); қояншық, бассүйек-ми жарақаттанулары.

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...