Травма алған науқасты тексеру

Травмасы бар науқастарды тексерудің жалпы тізбегі:

  1. Шағымдарды айқындау
  2. Анамнез жинау
  3. Науқастың қазіргі күй-жағдай
  4. Инвазивті емес зерттеудің қосымша әдістері
  5. Инвазивті тексерудің қосымша әдістері
  6. Лабораториялық диагностика

 

Жалпы қарау Байқау басында науқастың мінез-құлық ерекшеліктері , оның сырт пішіні , бет — әлпеті, жүрісі , дене бітімі , дене пропорцияларына көңіл береміз.

Толық қарау:  Толық қарау кезінде сынудың ең анық клиникалық белгілерін, аяқ-қол осінің бұзылуы немесе зақымдалған сегментті айқындауға болады. Бұл симптом анықтау үшін аяқ-қолдардың қалыпты осін білу қажет .

 

 

ayak-kol.jpg

  Аяқ – қолдардың деформациясы:

  1, 5 — қалыпты;  2, 6 — варусті деформация;  3, 7 — вальгусті деформация;   4 — рекурвация

 

 

 

  Үш нүкте арқылы кеуденің симметриялығы анықталады :

—I    — төс сүйектің семсер тәрізді өсіндісінің ұшы арқылы
—II    — оң (D) және сол (S) жақ мықын сүйегінің  алдыңғы жоғарғы осімен
—III    — оң (D) және сол (S) жақ сирақтардың ішкі жіліншіктерінің ұшы арқылы.
—

nukteler.jpg
        Бұл нүктелер өзара қосылып бес бұрышты құрайды. I-II және II-III оң және сол жақ нүктелерінің теңдігінде  II және III  дененің перпендикулярлы осінің параллель сызықтарында жатады, ол дененің және аяқтардың толық симметриясын дәлелдейді.Сызықтардың біреуі қзгерсе қарапайым асимметрия дамиды. Оң және сол жақ  I-III аралықтар өзара тең болмаса, асимметрия компенсирленбеген болып табылады.

 

Пальпация   арқылы көп жағдайда тері асты сүйек сынықтарының бар – жоқтығын, олардың жылжу сипатын, патологиялық қозғалыстың болуын,репозицияның нәтижелілігін байқауға болады. Буындардың және параартикулярлы тіндердің пальпациясы буында сұйықтықтың болуын (гидрартроз), буыннның жиектерінің өзгерістерін және анатомиялық бағдарлардың қатынасын анықтауға көмектеседі. 

 

 сынықтар

 

 

 

 

 

 

 

 

Аяқ-қолдардың сегменттерінің ұзындықтарын салыстыру :

  а — сирақтар;  б — иықтар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

uzindik.jpg

  Аяқ-қолдардың  ұзындықтарын өлшеу:

  а — қолдардың салыстырмалы ұзындығы;  б — иықтың абсолютті ұзындығы;  в —иық алды абсолютті ұзындығы;  г — аяқтардың салыстырмалы ұзындықтары  д — санның абсолютті ұзындығы;  е — сирақтардың абсолютті ұзындығы;


Аяқ-қолдардың шеңберін өлшеуі

Ісінудің, ісіктердің, бұлшықеттік атрофияның көлемін және т.б. анықтауға көмектеседі.Өлшемді симметриялық сегменттердің жоғары,орта және төменгі үштен бір деңгейінде бірдей қашықтықта жатқан сүйек бағдарларын салыстыра отырып өлшейді. Ол бағдарларға: аяқтарда – тізе буынының буын қуысы, жоғарғы және төменгі надколенник полюстері, большеберцовой сүйегінің төмпешігі, қолдарда —  иық сүйегінің бұлшықеттері, шынтақ өсіндісі,  шиловидный отросток лучевой кости. Динамика кезінде өлшегенде алдыңғы нәтижелерімен салыстырамыз.

wenber.jpg

  Сирақтардың үштен бірінің шеңберін салыстырмалы өлшеу

Гониометрия

Буындардағы қозғалыс амплитудасын өлшеу.

Буындардағы қозғалыс амплитудасын бұрыш өлшегішпен өлшейді, оның браншаларын аяқ — қолдардың сегменттерінің осіне,ал орталығын (шарнир) – буындағы қозғалыс осіне қоямыз. Бұрыш орталығын иық сүйегінің басындағы нүктеге (иық буыны); иықтың сыртқы бұлшықетінен 1 см – ге төмен (шынтақ буыны); проекциялайды.  

 

buinkozgalis.jpg

 

Аяқ – қолдардың буындарындағы  қозғалыс амплитудасын өлшеу:

     иық буынында:  (а — әкету; б —бүгу-жазу);  шынтақ (в); білезік – шыбық буындарында  (г — бүгу-жазу ; д —әкету-әкелу);  жамбас – сан буынында  (е — бүгу; ж — жазу; з — әкету; и —бүгк контрактурасы кезінде);  тізе буынында (к); тобық буынында (л)

 

Сынықтардың клиникалық көрінісі

Осы зақымдалған жерді көрсететін нақты белгілеріне жатқызамыз:

  • Ұзын түтікті сүйектердің осінің деформациясы;
  • Зақымдалды деген аймақта патологиялық қозғалыстың болуы;
  • Сүйек сынықтарының крепитациясы;

Буынның шығуының клиникалық көрінісі

буында Енжар қозғалыс әрекеттері кезінде серіппелеуші кедергі симптомы ,аяқ – қолдардың мәжбүрлік жағдайы, рентгендегі көрініс.
Буынның шығуын және сынықтарды анықтау үшін келесі белгілер көмектеседі: буын қуысында сұйықтықтың жиналуы (гидрартроз), ішкі бағдарлардың симметриялығының бұзылуы.

linea.jpg

 

   Сыртқы буын маңы бағдарлары:

  а –  Маркс сызығы;  б —  Гютер үшбұрышы;  в —  Розер-Нелатон сызығы;  г – Шумахер сызығы (1 — қалыптыда; 2 —санның проксимальді бөлігінің сынығы кезінде)

—

Инвазивті емес қосымша тексеру әдістері:

  1. —Рентгенография (скиаграфия, ангиография)
  2. —УЗИ (доплерография, сцинтиграфия);
  3. —КТ, МРТ;
  4. —Электромиография;

—
Инвазивті қосымша тексеру әдістері.

  1. —Пункция;
  2. —Артроскопия;
     

Сонымен қоса, тірек – қимыл аппаратының кейбір(көбінесе қанқаның тұқым қуалайтын метоболикалық зақымдалуында) патологияларында лабораторлық зерттеу маңызды орын алады.

 

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (1 бағалар, орташа: 5,00 тен 5)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...