Жедел коронарлы синдромның ауруханаға дейінгі кезеңдегі емі

Коронарлық жіті синдромды ауруханаға дейінгі этапта емдеу. Алғашқы көмек

ЖКС – миокардтың жіті инфаркты немесе тұрақсыз стенокардияға күдік тудыратын клиникалық симптомдардың кез-келген қосарлануларын айтады. Бұл синдромға миокардтың жіті инфаркты, ST сегментінің көтерілуімен болатын миокард инфаркты, ST сегментінің көтерілуінсіз миокард инфаркты, тек ферменттердің деңгейлері бойынша анықталған миокард инфаркты, биомаркерлер деңгейлері бойынша анықталған миокард инфаркты, ЭКГ-ның кеш байқалатын өзгерістері бойынша анықталған миокард инфаркты, тұрақсыз стенокардия (ТзС) жатады.

ЖКС болуының клиникалық және ЭКГ-лық критерийлері

Жоғарғы (ең болмаса осылардың бір белгісі болса)

  • Анамнез: Кеудесінде, сол қолында ауырсынулар(дискомфорт) –   (анамнезінде стенокардия не инфаркты бар адамдарда негізгі симптом орнында)
  • Тексеру нәтижесі: Митралды  регургитация шуы, гипотензия, өкпе шемені, өкпесінде сырылдардың болуы
  • ЭКГ: ST сегментінің жаңадан ығысулары (³0,05 mV), немесе Т тісшесінің инверсиясы (³0,2 mV)

Аралық (жоғарғы критерийлерсіз ең болмаса осылардың бір белгісі болса)

  • Анамнез: Кеудесінде, сол қолында ауырсынулар (дискомфорт) –  (негізгі симптом орнында) – жасы > 70; ер адам; қант диабеті бар адам.
  • Тексеру нәтижесі: Тамырлардың атеросклероздық ауруларының болуы
  • ЭКГ: Даму мерзімдері белгісіз дерттік Q тісшесі, ST сегменті мен Т тісшесі өзгерістерінің анықталуы

Төменгі (жоғарғы не аралық критерийлерсіз ең болмаса осылардың бір белгісі болса)

  • Анамнез: Аралық критерий болмағанда ауырсыну ишемиялық сипатқа ұқсаса; кокаин қолданса.
  • Тексеру нәтижесі: Кеудесін басқандағы ауырсынулар
  • ЭКГ: Қалыпты ЭКГ немесе R тісшесі басым тіркемелерде Т тісшесінің инверсиясы немесе оның жайдақталуы

Жедел коронарлы синдром жәрдем көмегі

ST сегментінің көтерілуінсіз ЖКС – алғаш жасалған ЭКГ-да ST сегментінің көтерілуі анықталмайтын ЖКС.

ST сегментінің көтерілуінсіз миокард инфаркты – миокардта некроз тудыра алатын айқындылығы мен ұзақтығы жеткілікті жіті дамыған ишемия. Бұл кезде алғаш жасалған ЭКГ-да ST сегментінің көтерілуі анықталмайды.

ТзС – миокардта некроз дамуын тудырмаған жіті дамыған ишемия.

Миокардтың ST сегментінің көтерілуінсіз инфаркты мен ТзС-сына патогенездері мен клиникалық көріністері ортақ, алайда Т тропонині (тропонин I) немесе МВ креатинфосфокиназының изоферменті деңгейлерінің артулары арқылы анықталатын миокардтың үлкен зақымдануының болу не болмауына сәйкес ажыратылады.

Егер қан құрамында аталған көрсеткіштердің жоғарылауы анықталса, онда миокард инфаркты диагнозы қойылады, ал егер олар көтерілмесе – онда ТзС болады.

Коронарлық жіті синдромды ауруханаға дейінгі этаптағы емінің негізгі қағидаларына:

  • ауырсынуды адекватты басу
  • антибромбоздық емді бастау
  • науқас адамды арнайы емдік мекемеге жеткізу
  • және осы синдромнан болған асқынуларға ем қолдану болып табылады.

Жедел коронарлы синдромға жедел көмек көрсету

  • Физикалық және эмоциялық тыныштық, таза ауамен тыныстану.
  • Нитроглицерин (0,5 – 0,4 мг тіл астына 3 ретке дейін қайталауға болады), АҚ қадағалау қажет.
  • Ацетилсалицил қышқылы 0,250 – 0,325 г ұсақтап шайнау және (немесе) клопидогрел 300 мг.
  • Морфин 1%–1 мл не промедол 1%–1 мл – ауырсыну толық басылғанша.
  • Ауру басталуының алғашқы 6 – 12 сағат арасында — тромболизистік терапия – стрептокиназа 1500000 МЕ 100 мл физиологиялық NaCl ерітіндісінде венаға 30–60 мин ішінде тамшылатып егу; немесе альтеплаза–15 мг венаға, одан соң 0,75 мг/кг/мин (50 мг дейін) 30 минут арасында, содан кейін 0,5 мг/кг/мин (35 мг дейін) 60 минут арасында (қосарланған дозасы 100 мг дейін).
  • Тромболизистік емді қолдануға болмағанда — гепарин 60 ед/кг (4000 ед дейін) венаға егу, одан кейін тек тамшылатып егу 12 ед/кг/сағ (1000 ед/сағ дейін 1–2 тәулікте) немесе төменгімолекулярлы гепариндер (эноксапорин–клексан 30 мг) венаға егу.
  • β-адреноблокаторлар (метопролол 5 мг венаға әрбір 5 минут сайын 3 рет, қосарланған дозасы 15 мг дейін, АҚ қадағалануы тиіс; пропранолол; эсмолол).

Госпитализацияға қажеттілік және тасымалдануы

ST сегментінің көтерілуі бар ЖКС науқас адамдар кешіктірмейтін реперфузиялық емді (тромболитиктер, алғашқы ангиопластика).

ЭКГ-да ST сегментінің жылжулары, Т тісшесінің өзгерулері бар, ауырсыну симптомы қайталанған немесе оның ұзақтығы 20 минуттан асқан, гемодинамикалық көрсеткіштері тұрақсыз (АҚ, пульс) және, сол сияқты, синкопалық есінен танулары бар ЖКС науқас адамдар міндетті ауруханаға жатқызылуы тиіс.

Кеудесіндегі ауырсынудың ишемиялық сипатқа аздаған болса да ұқсастығы бар адамдар, тіпті тән ЭКГ белгілері анықталмаса да, реанимациялық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген, ЭКГ-лық динамикалық қадағалау мүмкіншілігі бар және миокард инфаркты биомаркерлерін анықтай алатын емдеу мекемесіне міндетті түрді жеткізілуі және оған жатқызылуы тиіс.

ЖКС бар адамдарды тасымалдайтын жедел медициналық жәрдем көліктері дефибриллятормен, қажетті реанимациялық құрал-жабдықтармен, оттегімен тыныстандыра алатын және қажетті дәрілік заттардың жиынтығымен қамтамасыз етілуі тиіс.

 

 

 

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...