Эндокринді бездердің дамуы. Жүйке жүйесімен байланысы

Эндокринді бездердің жүйке жүйесімен байланысы

Нерв жүйесі әсерінен болатын зат алмасу кезінде ағзада жоғары физиологиялық белсенді химиялық қосылыстар пайда болып, ағзаның қалыпты қызметін қадағалап , өсу және даму процесін реттеді. Қарапайым нерв жүйесі дамымаған бір жасушалық ағзада байланыс ағза сұйықтығында орналасқан химиялық заттар арқылы іске асады, яғни химиялық немесе гуморальды байланыс. Бір жасушалы жүйелерде физиологиялық белсенді заттардың циркуляциясы диффузды түрде плазмада іске асады, ал коп жасушалы жүйелерде тамыр арқылы іске асады . Нерв жүйесі дамыған соң нейрогуморальды регуляция іске қосылады , нәтижесінде химиялық белсенді заттар мен нерв элементтері тығыз байланысқа түседі. Нерв жүйесі арқылы басқарылатын зат алмасу нәтижесінде белсенді химиялық заттар медиатор пайда болады , ол нерв жүйесі арқылы қозу өтуін ретейді (мысалы норадреналин, ацетилхолин, гистамин және т.б) Медиатор пайда болу орнынан үлкен қашықтықта әсер етеді (дистантты активатор) және қан тамыр және лимфа жүйесі арқылы тез тарайды. Дистантты активаторлар арнайы мүшелерде — ішкі секреция бездері немесе эндокринды бездерде пайда болады.

Эндокринді бездер (endo — ішкі, crino — бөліп шығару) немесе ішкі секреция бездері шығару түтігі жоқ (түтіксіз бездер, glandulae sine ductibus) өз секретін қан тамыр жүйесіне бөліп шығарады, ал сыртқы бездер тері бетіне (тері және май бездері) немесе шырышты қабатқа (сілекей бездері,бауыр және т.б) бөліп шығарады.

Эндокринды бездердің жалпы анатомия және физиологиясы

Эндокринды бездер формасы, орналасуы бойынша әр түрлі болғанмен, ұқсас анатомо-физиологиялық қасиетке ие. Ен бастысы олардың сыртқа бөліп шығару түтігі жоқ.Секрет қан тамыр жүйесіне бөлінетіндіктен эндокринді бездер қан тамырына бай. Бұл қан тамырлары безді қоршай отырып, қан тамырымен қамтамасыз етеді және секрет бөлінетін түтік қызметін атқарады. Қан тамырларының айналасында қанға секрет бөлетін, бездік жасушалар орналасады .

Қан тамырларымен қоса әр без ұсақ капиллярлы тормен қоршалған . Капиллярлы тор- синусоид, яғни бірдей емес кенейген капиллярлардан тұрады, оның эндотелиальды қабырғасы дәнекер тінсіз бездің эпителиальды жасушасына жабысып орналасады. Сонымен қоса кей жерлерде синусоидтың қабырғасы бөлініп, эпителиальды жасушалар қан тамыр ішіне енеді. Салыстырмалы кең синусоид жүйесінде қан ағысы төмендеген, нәтижесінде без жасушалары ұзақ және тығыз түрде қан тамырымен байланыста болады. Эндокринді бездер салмағы бойынша әртүрлі. Массасы ең жоғары қалқанша безі орташа салмағы 35 г, қалқанша маңы безінің ұзындығы 6 мм. Эндокринды бездер бөліп шығаратын секрет инкрет немесе гормон (hormao — қоздырамын) деп аталады . Гормон арнайы бір мүшеге немесе тінге спецификалық әсер етеді.Мысалы, қалқанша безі гормоны тікелей түрде зат алмасуға әсер етеді, ал басқа гормондар өсу және даму жүйесіне әсер етеді . Гормон қанға аз көлемде бөлінгенмен физиологиялық жағынан әсері өте жоғары болады.

Эндокинді бездердің толықтай сипаттамсы мына материалда жазылған.

Эндокринді бездің нерв жүйесімен байланысы

Эндокринді бездер нерв жүйесімен тығыз байланыста. Біріншіден без вегетативті нерв жүйесінен нерв иннервациясын алады. Екіншіден без секреті қан арқылы нерв орталығына әсер етеді. Сонымен қоса гипоталамус нейрондары ерекше нейросекреторлы заттар — нейрогормон бөледі , ол өз кезегінде гипоталамогипофизарлы бөлік аксоны арқылы гипофиздің артқы бөлігіне барады. Гипоталамус және гипоздың алдынғы бөлігі арқылы байланыс гипофиздің портальды тамырлары арқылы іске асады . Гипоталамус және гипоздың жоғарыда айтылған конструктивті және функциональды байланысы олардың ортақ шығу тегімен байланысты .

Эндокринді бездердің дамуы

Эмбриологиялық эндокринді бездер даму жолы әртүрлі, нәтижесінде бір бездің бөліктері әртүрлі болуы мүмкін, мысалы бүйрек үсті безінің қыртысты және милы заты. Эктодермадан гипофиз, эпифиз,бүйрек үсті безінің милы заты және хромаффинді мүшелер дамиды. Энтодермадан қалқанша безі, қалқанша маңы безі және ұйқы безінің инсулярлы жүйесі дамиды .Мезодермадан бүйрек үсті безінің қыртысты жүйесі және жыныс бездері дамиды. Даму орны бойынша бездерді 5 топқа бөлуге болады:

  1. Энтодермальды бездер – бранхиогенді топ (қалқанша, қалқанша маңы безі).
  2. Энтодермальды бездер (ұйқы безі аралшықтары)
  3. Мезодермальды бездер (бүйрек үсті безінің қыртысты заты — интерренальды жүйе және жыныс жүйесі)
  4. Эктодермальді бездер — неврогенді топ (эпифиз және гипофиз)
  5. Эктодермальды бездер — адреналды жүйе тобы (бүйрек үсті безінің милы заты және хромаффинді дене)
Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...