Суға бату. Жедел көмек

Суға бату. Суға батудың түрлері. Суға бату кезіндегі жедел көмек

Суға бату. Суға батудың 3 түрі бар: біріншілік немесе шынайы, асфиксиялық немесе «құрғақ», екіншілік. Сонымен қатар судағы өлім басқа да себептерден, мысалы: жарақаттар, жедел миокард инфарктісі, инсульт, жүрек фибрилляциясынан болуы мүмкін.

Біріншілік суға бату көп кездеседі. Бұл кезде жыныс жолдары және өкпе сұйықтықпен бітеледі, сөйтіп су қанға өтеді.

Тұзсыз суға бату кезінде қан плазмасындағы иондардық тепе-теңдігі бұзылып, гемолиз гиперволемияға, гемодилюцияға гипопротеинемияға, артериалды гипоксемияға әкеледі. Науқасты судан шығарып біріншілік көмек жасағанда өкпе ісігі пайда болып, тыныс жолдарынан бозғылт көпіршік бөлінеді.

Теңіз суына бату кезінде, қанның қоюлануы байқалады (гиповолемия), қан плазмасындағы натрий, кальций, хлордың иондары жоғары болады. Клиникалық белгілері өкпе ісігінің пайда болуы, тыныс жолдарынан ақ көпіршіктің бөлінуі.

Асфиксиялық суға бату рефлекторлы ларингоспазмның пайда болуынан, яғни ол судың аспирациясына бөгет келтіреді. Бұл көбіне қатты хлорланған немесе лайлы суда көбіне әйелдер мен балаларда дамиды. Бұнда өкпе ісігі байқалмайды, бірақ көп мөлшерде асқазанда су болады.

Екіншілік суға бату суық суға түскен соң жүректің кенеттен тоқтауынан (фибриляциясы) пайда болады . Кейде тыныс алу мүшелерінің немесе ортаңғы құлақтың (дабыл жарғағы перфорациясы) рефлекторлы реакциясы да белгілі роль атқарады. Клиникалық көрінісі бозару, перифериялық қан тамырларының айқын спазмы. Бұл кезде өкпе ісінуі болмайды.

Науқас жағдайы оның суда қанша уақыт болғанына, бату түріне, дененің тоңуына, психикалық жарақатына байланысты.

Жеңіл жағдайда науқастың есі анық, бірақ олар қозу жағдайында, діріл, кейде құсу байқалады.

Суда ұзағырақ жатқанда тері жабындыларының цианозы, сананың бұзылуы немесе оның жоғалуы, моторлы қозу, тырысулар, қарашықтардың кеңеюі, сырылдаған тыныс, қосымша бұлшықеттердің қатысуымен тахипноэ, айқын тахикардия, теңіз суына батқанда өкпе ісінуі тез өрістейді .

Суда ұзақ жатқанда тыныстың жоғалуына (тыныс қозғалыстарының) және жүрек қызметінің тоқтауына (ұйқы артерияларында пульстің жоғалуы) әкеледі.

Суға бату

Суға бату кезіндегі алғашқы көмек көрсету аса маңызды

Суға батқан адамға көрсетілетін алғашқы көмек

Адамды судан алып шыққанда абайлап артынан жүзіп келу керек. Батқан адамды шашынан немесе қолтығынан ұстап, бетімен жоғары қарату керек және оған өзіңді ұстауға мүмкіндік бермей, жағаға қарай жүзу керек. Зардап шеккен адамды судан алып шыққаннан кейін, басы кеуде клеткасынан төмен болу үшін ішімен бүгілген тізеге жатқызады және кез – келген мата бөлігімен ауыз қуысын және жұтқыншақты судан және құсық массаларынан тазалайды. Одан кейін трахея және бронхтардан суды шығару үшін кеуде клеткасын күшті қозғалыстармен қысады. Суға батқанда тыныс орталығының параличі 4-5 минуттен кейін пайда болады, ал жүрек қызметі 15 мин дейін сақталуы мүмкін. Ауа жолдарын судан босатқаннан кейін, зардап шеккен адамды тегіс жерге жатқызады және жасанды тыныс беруге кіріседі (ішкі аурулар, кенеттен қайтыс болу бөлімін қараңыз). Қажет болғанда жүректің сыртқы массажы жүргізіледі. Реанимацияны ұзақ, бірнеше сағат бойы өзіндік тыныс қалыптасқанша немесе биологиялық өлімнің нағыз белгілері пайда болғанша жүргізеді.

Зардап шеккен адамға көрсетілетін алғашқы көмек :

  • Бірден судың бетінде алдын – ала дайындалған көмекші затпен өкпенің жасанды вентиляциясы. Қайықта және жағада ауа өткізуші заттарды, ауыз – мұрын маскасын немесе Рубен қабын қолданады.
  • Ұйқы артерияларында пульс анықталмағанда лезде жүректің жабық массажын жасай бастайды.
  • Зардап шеккен адамның есі бар болса, оған мүсәтір спиртінің буларын иіскеуге береді, тері жабындыларын ысқылайды және жылы көрпеге орайды.
  • Нағыз суға батқанда зардап шеккен адамды ішімен көмек көрсетіп жатқан адамның бүгілген аяғының санына жатқызады және 10-15 сек бойы қолмен кеуде клеткасының бүйір беттеріне күшті, біріне –бірі бағытталған қозғалыстар жасап тыныс жолдарын судан босатады. Одан кейін зардап шеккен адамды арқасына жатқызады және ауыз қуысын тазалап, өкпенің жасанды вентиляциясын жасай бастайды. Өкпенің жасанды вентиляциясын спонтанды тыныс пайда болғаннан кейін де, адам есіне келмегенде және дамып келе жатқан өкпе ісінуінің белгілері болғанда жалғастыра береді.

Тыныстың күрт бұзылыстары және өкпе ісінуі трахея интубациясына және тыныс шығарғанда кедергі тудырумен (әсіресе теңіз суына батқанда), артериалды қысым деңгейін бақылай отырып таза оттегімен өкпенің жасанды вентиляциясын жасау негізгі көрсеткіш болып табылады.

Цианоз және мойын веналарының білеуленуімен жүретін тұщы суға бату қан ағызуға (стационар жағдайында болса жақсы), 500 мл дейін 4-5 % натрий гидрокарбонаты ерітіндісін, кейін 40-80 мг фуросемид (2-4 мл лазикс) вена ішіне ағыммен енгізуге көрсеткіш болып табылады. Моторлы қозу 120-150 мг/кг зардап шеккен адамның массасына шаққанда дозасында натрий оксибутиратымен басылады, ол сонымен қатар гипоксилық энцефалопатияның да алдын алады (осы мақсатпен нейролептоанальгезияны да қолданады).

Суға батудың ауыр формаларында өкпенің жасанды вентиляциясын жалғастыра отырып, зардап шеккен адамды жақын жердегі реанимация бөліміне тасымалдайды.

Жазған: Еркебулан Молдаханов

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...