ЖРВИ

—Жедел респираторлы аурулар дегеніміз – тыныс алу жолдарының зақымдауымен жүретін  полиэтиологиялық аурулар тобы.

  • —Осы инфекциялар тобына барлық  инфекциялардың  20% жатады.
  • —Таралу жолы — аэрогендi.

Берiлу жолдары:

  • —ауа — тамшы (қоздырғыштың сыртқы орта  факторларының әсерiне  әлсiз тұрактылығы )
  • —ауа- шаң (қоздырғыштың сыртқы орта факторларына жоғары төзімділігі)

Қоздырғыштың орналасуы:

  • —ауыз қуысы,
  • —жұтқыншақта,
  • —тыныс  алу жолдары.
  • —Қоздырғышың таралуы — жотелу, түшкіру, әңгімелесу кезінде.

—Тыныс алу жолдары ауруларының эпидемиологиялык ерекшеліктері:

  • —Таралу жолының жеңіл болуы.
  • —Соған байланысты кездесу жиілігі жоғары.
  • —Қызылша,қызамық,желшешек сияқты инфекцияларды жұқтыру жиілігі жоғары.
  • —Бұл аурулар  эпидемия немесе пандемия түрінде өтеді.
  • —Жұқпалы аурулар көбінесе циклдік түрде өтеді.

1961ж.ДСҰ-ң ұсынысы бойынша ЖРА-ң этиологиялық факторына  негізделген жіктелу тағайындалды

  • —Вирусты этиология
  • —Бактериалды этиология
  • —Физико-химиялық

Вирусты этиология ЖРА 1-і орында.

ЖРВИ тобына кіреді

  • грипп;
  • парагрипп;
  • аденовирусты инфекция;
  • риновирусты инфекция;
  • RS- немесе респираторлы-синтициальді инфекция;
  • реовирусты инфекция;
  • Микоплазмалық  инфекция және т.б.

ЖРВИ этиологиясы

Грипп ,парагрипп,аденовирусты инфекциялары тыныс алу жолдарының эпителиіне троптылық қасиеті жоғары вирустарға жатады (жасушаішілік паразит ).

Тұмау ( грипп) вирусы –РНК құрылымды,үш типті     ( А,В,С ),екі антигені бар (гемагглютинин – Н және нейраминидаза — N). Вирустар сыртқы ортада төзімсіз,  Вирустың А типіне антигендік қасиетінің  өзгергіштігі, вируленттілік қасиеті тән.

—Парагрипп -парамиксовирустар тұқымдасына кіретін, құрамында РНК-сы бар вирус. 4 серовары белгілі. Жасушаға цитолитикалық әсер етеді. Сыртқы ортада төзімді.

—Аденовирусты инфекция— құрамында ДНК-сы, 3 тұрақты антигені (А,В,С) бар Adenoviridае тұқымдасының вирусы. Аденовирустардың 90 серовары белгілі, оның ішінде 32-сі адамға патогенді. Аденовирустардың ерекшелігі – лимфотроптылық қасиеті. Сыртқы ортаға төзімді

ЖРВИ эпидемиологиясы

—Бұл инфекциялардың таралуы барлық жерде кездейсоқ жағдайлар және эпидемия түрінде кездеседі,тек грипп басқарылмайтын инфекциялардың тобына жатады және эпидемиялық және пандемия түрінде таралуға бейім.

—Грипп, парагрипп және аденовирусты инфекция антропоноз инфекцияларының топтарына жатады.

Инфекцияның таралу көздерi:

  • —әр түрлi клиникалық формалары бар ауру адам (7-10 күннiң iшiнде ), аденовирус инфекциясы кезінде — 25 күн және одан көп;
  • —вирус тасушылар (аденовирусты инфекция).

Рисунок136

Тұмау пандемиясы әлемдегі көрсеткіші (1918-1919)

Берiлу жолдары:

  • —(негiзгiсi ) ауа-тамшы;
  • —Тұрмыстық-қатынас(гриппта инфекциялалған тұрмысқа қажет заттар арқылы беріледі- ойыншық, ыдыс тағы басқалар);
  • —алиментарлы(аденовирусты инфекция кезінде)
  • —Маусымдық — күзгi-қысқы.
  • —Жоғары қабылдағыштық.
  • —Иммунитет. Постинфекциялық иммунитет ерекше және ұзақ емес.

Патогенетикалық  факторлар:

  1. —ЖРВИ-дың жанасу орны-тыныс алу жолдарының шырышты қабаттары.
  2. — Вирустың репродукциясы (олардың деструкция және қабыну процесi) тыныс алу жолдарының эпителий қабатында өтеді, содан соң вирусемия және токсинемия дамиды,әсіресе ол грипта жиі кездесіп,интоксикация мен қалтыраудың негізі болып табылады.
  3. —Сонымен қатар аденовирусты инфекция кезінде вирус макрофагоцитарлы жүйесіне бай ағзаларға жанасады (лимфа түйіндері,бауыр,көкбауыр).
  4. —Сонымен,ЖРВИ патогенезінде басты орынды вирусемия мен токсинемия алады.

Клиникалық көрінісі:

ЖРВИ клиникасы екі синдроммен анықталады

—Жалпы улану синдромы, ол ЖРВИ-ң барлық түрлеріне тән.

—Үрдістің орналасуымен байланысты:

  • грипп  кезінде- кеңiрдек;
  • парагриппте — көмей;
  • аденовирусты инфекция кезінде – жұтқыншақ және макрофагоцитарлы жүйе элементтеріне бай ағзалар.

Жергілікті көріністер синдромы- диагностика және салыстырмалы диагностика тұрғысында ең негізгі синдром .

Рисунок136658

 Тұмаумен ауырған науқастың сыртқы келбеті

жрви

Жрви ауырған науқас тамағын қарасақ фарингит көрінісін көреміз

  Тұмаудың (Грипптің) клиникалық жіктелуі

  • —Типті
  • —Атипті

     Атиптік түрі :

  • —Жеңіл

—- акатаральды

—- афебрильды

  • —Ауыр

—- «найзағай» тәріздес

—- гемморагиялық

     Ағымы бойынша

  • —жеңіл
  • —орташа ауыр
  • —ауыр

—Инкубациялық кезең бірнеше сағаттан 7 күнге дейін,орташа 2-3 күнді құрайды. —Аурудың басталуы жедел,интоксикация синдромымен сипатталады.

—Бірнеше сағат ішінде дене температурасы 39-40 С  дейін котеріледі,әртүрлі дәрежедегі қалтырау ,мерзімі қысқа, 3-5 күн. —Әдеттегiдей аурудың басы өткiр, кенет интоксикация синдромынан басталады. Қалтырауы бар науқастарда (өте жылдам бiрнеше сағат ағымында)  дене температурасы 39-40С  көтеріледі,қалтырау қысқа және әртүрлі сипатқа ие(ремиттирлеуші, интермиттирлейтiн сипаттағы қалтырау тағы басқалар),маңдай бөлімінің,әсіресе қабақ үсті аймағының ауырсынуы,бас айналу,тершеңдік,буындардың,сүйек-бұлшықеттерінің ауырсынуы тән,адинамия,жалпы әлсіздік үдей түседі.Гриптің ауыр ағымында ұйқының қашуы,көп ретті құсу,ес бұзылыстары,менингиальді белгілердің болуы тән.

 Катаральды синдром

Бұл синдром интоксикация синдромымен бірге,немесе біраз кешігінкіреп пайда болады (12-24 сағаттан кейін).

Оған тән белгілер:

  • —-тамағының жыбырлауы
  • —-жұтынғанда ауырсынуы
  • —-мұрынның шырышты қабатының қызаруы және ісінуі
  • —-мұрынның бітелуі
  • —-мұрыннан су ағуы
  • —-дауысының қарлығуы
  • —-«құрғақ», қысқа түрдегі жөтел
  • —аранның шырышты қабатының ісініп, қызаруы
  • —Аурудың алғашқы күнінен көз алмасының ауырсынуы,жас ағуы,жарыққа сезімталдығының жоғарылауы,конъюктивит анықталады.Гриппен ауыратын науқастардың сыртқы келбеті : беті ісінген,аздап қызарған, жүрек-қан тамыр жүйесі жағынан тахикардия мен гипотония байқалады.

Атипті түрлері:

  • —Акатаральды түрінде интоксикация синдромының белгілері басым болып, катаральды синдром болмайды.
  • — Афебрильды түрінде температурадан басқа белгілердің барлығы болады, бірақ әлсіз түрде.
  • —«Найзағай» тәріздес түрлерінде ауыр ағымды және летальды аяқталу болады.
  • —Геморрагиялық  түрі петехиалды бөртпелері мен әртүрлі қан кетулермен өтеді,ауыр ағымды.

ЖРВИ емдеу

—ЖРВИ науқастарына ем амбулаторлы және стационар жағдайында да жүргізіледі.

—Науқастарды госпитализациялау  клиникалық белгілері бар ЖРВИ-ң барлық түрлерінде,грипп кезінде –эпидемиялық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі.

—Нозологиялық,клиникалық,ауырлық дәрежелерін ескере отырып келесі комплексті ем тағайындалады

—Тәртіп,диета.

—Патогендік дезинтоксикациялық  дәрілер.

—Вирусқа карсы дәрілер-ремантадин,арбидол, реленза, томифлю,лейкоцитарлы интерферон,лейкинферон немесе интерферон индук торлары-циклоферон,амиксин,изопрнозин.

—Симптомды ем: фервекс, колдакт,колдрекс.

Алдын-алу шаралары:

  1. —Денені шынықтыру
  2. —Грипп кезінде ең тиімдісі вакцинация-қыркүйек-қазан айлары,барлық тұрғындардың 70 пайызын қамту керек.

Келесі инактивирленген грипп вакциналары қолданылады

  • Гриппан (Россия) б/е;
  • Флюарикс (Бельгия) б/е;
  • Инфлювак (Нидерланды) б/е;
  • Бегрубак (Германия) б/е;
  • Заксикгрипп (Франция) б/е т.б..

Тұмауға қарсы 5 қадам

Бірінші қадам: Жеке бас тазалығын сақтау !

Киімнің,төсек орын тазалығын қадағалау қажет.Бөлмені үнемі желдтіп,тазалау керек.

Екінші қадам :Салауатты өмір салты!

Үнемі қозғалыста болып,зиянды әдеттерден абас тартып,демалыс пен жұмыс уақытын дұрыс жоспарлау қажет.

Үшінші қадам :Иммунитетті жоғарылату!

Спортпен,дене шынықтырумен  жиі айналысу.күнделікті рацинонға витаминдерге,минералды заттарға,аминқышқылдарға бай тағамдар енуі қажет.

Төртінші қадам :Алдын алу шараларын жүргізу!

Эпидемия қаупі туған кезде арнайы дәрілік заттармен алдын алып немесе вакцина жасау керек.

Бесінші қадам: Абайлаңыздар-тұмау!

Өзіңізді нашар сезінсеңіз дәрігерге қаралыңыз.басқа адамдармен қатынасқа түспеңіз.егер туысқандарыңыз бен таныстарыңыз ЖРВИ-мен ауырған жағдайда маска тағып жүріңіз.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Аденовирусты инфекция
  2. Ересектерде балалар инфекциясының өту ерекшеліктері
  3. Құрсақішілік инфекциялар
  4. Инфекциялық аурулар ауруханасы құрлымы

 

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...