Баспа (ангина)

Стрептококктар— бұл микроорганизмдердің үлкен тұқымдасы. Микроскоппен қарағанда олар моншақ тәрізді болып көрінеді.  «Стрептококкты инфекция» дегеніміз бета- гемолитикалық стрептококкпен шақырылатын аурулар тобы. Бұл топқа : тілме, скарлатина, жергілікті іріңді- қабынбалы аурулар, абцесс, флегмона, фурункул, стрептококкты сепсис және жаралы инфекция жатады.  Бұлардың ішінде ең кең тарағаны —Баспа.

Тонзилли́т ( немесе ангина лат. ango — «қысу, басу, баспа ») — жедел дамитын патологиялық жағдай, мұнда жұтқыншақ маңы бадамшалар сақинасының (Пирогов-Вальдейр) көбінесе таңдай бадамшаларының қабынуы туындайды. 

Жалпы қазақ тілінде ангина деген ұғымға келгенде көп пікірталас ойлар бар. Көпшілік ресми кітаптарда бұл ұғымды -Баспа деп аударып, жазып жүргеніне қарамастан, дәрігерлер және медицина студенттері ангина деп атап жүр. Сондықтан осы мақалада мен (автор) екі атауды да кездектестіріп пайдаланғанды жөн көрдім.

 

Этиологиясы және пайда болу себептері:

Ангинаның ең жиі қоздырғышы бета- гемолитикалық стрептококк болып табылады.( 90% ке дейін). Кейде ( 8%) ангинаның себебі алтын түсті стафилококк, немесе пневмония стрептококкы, гемофильды таяқша, коринебактерия . 

стрептокок

ангина қоздырғыштары бета-гемолитикалық стептокок

 

Эпидемиология

Баспа- ЖРВИ-дан кейінгі жоғарғы тыныс жолдарының ең жиі тараған ауруы. Аурушаңдық мезгілділікпен сипатталады (көктем, күз). Көбінде балалар және 35 жастан асқан адамдар ауырады. Инфекция көзі — ангинамен ауыратын және стрептококк тасымалдаушылар, сыртқы ортаға инфекция сөйлескенде және жөтелгенде таралады. Инфекция таралуы ауа- тамшылы, тұрмыстық қарым қатынас және алиментарлы жолдармен.

 

Ауру патогенезі және даму жолдары:

Қоздырғыштардың негізгі көбейетін орыны таңдай бадамшалары, сирек тіл бадамшалары және жұтқыншақтың артқы қабырғасының бүйір төсемдері болып табылады. Бадамшалардың жергілікті қорғаныш қызметін ангина қоздырғыштары бұзып өтіп, сол жерде активті түрде көбейіп, өзінің әр түрлі өмір сүру қалдықтарын, экзотоксиндерін бөлу арқылы қабыну үрдісін шақырыды. Сонымен қатар бұл токсиндері жақын маңдағы лимфа түйіндеріне таралып олардың да қабынуын шақырады. Көп жағдайда бадамша бездері мен жергілікті лимфа түйіндерімен шектеліп қалмай, қоздырғыштар бадамша маңы тіндеріне (паратонзиллит, паратонзиллярлы абсцесс) тарап, тіпті сепсиске әкелуі мүмкін. Микробтардың өмір сүру қалдықтары қанға сіңіп бүкіл организмге соның ішінде: қантамырлар, орталық және шеткері нерв жүйесі, бүйрек, бауыр және миокардқа токсикалық әсер көрсетеді. 

Стрептококктардың М-протеині және токсиндері фагоцитоздың толық жүруін тежеп, бактериемия мен антигенемияның ұзаққа созылуын туындатады.
Стрептокиназа қанның плазминін плазминогенге айналдырады ,бұл өз кезегінде фибринолизді және антимикробты тосқауылды төмендетеді. 

 

Баспаның жіктелуі:

Стрептококкты ангинаның клиникасына байланысты келесі клиникалық түрлерін ажыратады:
Біріншілік— алғаш пайда болған немесе бұрын болғаннан кейін 2 жыл өткен соң пайда болған жағдайда.
Екіншілік— бұған біріншілік туындағаннан кейін екі жылдың ішінде пайда болса.

Локализациясы бойынша: таңдай бадамшасының, тіл бадамшасының, жұтқыншақтың бүйір төсемдерінің, көмей.
Ауырлығы бойынша: жеңіл, орташа, ауыр.

Қабыну сипаты бойынша:
I — катаральды
II — фолликулярлы
III — лакунарлы
IV — фибринозды
V — герпетикалық
VI — флегмонозды (интратонзиллярлы абсцесс)
VII —жаралы-некротикалық (гангренозды)
VIII — аралас

ангина баспа

 

 

Клиникалық көріністері: 

Инкубациялық к 1-2 күнге созылады. Ауру жедел басталады: сау адамда бірден қалтырау, бас ауруы, буындардағы құрысу, жалпы әлсіздік, жұтыну кезіндегі тамақтағы ауырсыну , мүнымен қоса дене қызуы 40 С° дейін көтеріледі, тәбеті төмендеп, ұйқысы бұзылады. Тамақтағы ауырсыну біртіндеп артып, тұрақты болады. Біріншілік ангина үшін тән симптом жұтқыншақтағы тамақтағы екі жақты ауырсыну.
Біріншілік ангина үшін міндетті симптом болып жергілікті лимфа түйіндерінің ауырсынуы мен ұлғаюы болып табылады. Бұларға жақ асты лимфа түйіндері жатады: пальпациялау кезінде қолға сезіледі және қозғалмалы болады.
Жұтқыншақты карау кезінде қызару, бадамшаның ұлғаюы, 2-3мм көлеміндегі сарғыш түзілісті фолликулярлы, фиброзды-іріңді жағындыны лакунарлы ангинада көруге болады.

1angina.jpg

 

Катаральды ангина
Катаральды ангина жедел басталады, науқас тамағында күйдіру сезіміне, құрғақтық, қырылдау және жұтыну кезіндегі ауырсынуға шағымданады. Астеновегетативті синдром белгілері байқалады. Температурасы субфебрильді, фарингоскопия кезінде бадамшалар гиперемияланған, ұлғайған, әр жерінде жұқа шырышты-іріңді қабыршықпен қапталған. Тілі құрғақ жабындалған, азынаулақ жергілікті лимфа түйіндері ұлғайған. Клиникалық көрінісі 3-5 күнде жойылады.

Фолликулярлы ангина температураның 38-39°C көтерілуімен басталады. Тамақтағы ауырсыну, көбінесе құлаққа иррадияция береді. Интоксикайияның деңгейіне байланысты бас ауыру, белдегі ауырсыну, қалтырау, жалпы әлсіздік байқалады. Қанның жалпы анализінде нейтрофильді- лейкоцитоз, эозинофилия, ЭТЖ жоғарылауы байқалады. Көбінесе жергілікті лимфа түйіндері ұлғайған, пальпацияда ауырсынады және кей жағдайларда көкбауырдың ұлғаюы байқалады. Балаларда менингизм белгілері, құсу, есенгіреу, іш өту байқалуы мумкін. Жұмсақ таңдайдың және бадамшалардың гиперемиясы, бадамшалар бетінде көптеген ұсақ ақшыл сары дақтар көрінеді. Ауыры қзақтығы 5-7 күн. 

Лакунарлы ангина фолликулярлы ангинаға ұқсас жүреді, бірақ ауыр көріністермен көрінеді. Мұнда гиперемияланған бадамша бетінде ақ-сары жабын түзіледі. Ауыру ұзақтығы 5-7 күн.

Флегмонозды ангина сирек кездеседі. Оның пайда болуы бадамша бөлігінің іріңді ыдырауымен байланысты. Бадамша үлғайған, гиперемияланған, тығыздалған, пальпацияда ауырсынады, зақымдалу көбінесе бір жақты.
Герпетикалық ангина көбінесе балалық шақта кездеседі. Оның қоздырушысы Коксаки вирусы. Ауыру жоғары контагиоздылығымен ерекшеленеді, ауа- тамшылы жолмен сирек фекальды-оральды жолмен беріледі. Клиникасы жедел басталады қалтырау, дене температурасы 38-40 градус, жұтыну кезінде тамақтаағы ауырсыну, бас ауыру, бұлшықет ауырсынуы, құсу, іш өту. Жұмсақ таңдай, тіл, таңдай доғалары, бадамшаларда ұсақ қызғылт көпіршіктер көрінеді. 3-4 күннен кейін көпіршіктер жарылып, немесе сіңіп, шырышты қабат қалыпты күйге енеді.
Жаралы-некротикалық ангина Симанов-Венсан. Бұл ангинаның себебі ұршық тәрізді таяқшамен спирохета болып табылады. Морфологиялық өзгеріс бадамша бетіндегі жаралы- некроздың пайда болуымен көрінеді. Процесс бір жақты. Науқас тамағындағы бөгле зат тұрғандай сезімге және де ауызынан жағымсыз иіс шығуына, сілекейдің көп бөлінуінешағым айтады. Температурасы қалыпты, қанда сәл лейкоцитоз. Зақымдалған жақтың лимфа түйіндері ұлғайған, ауыру ұзақтығы 1-3 апта кейде бірнеше айға созылады.

226594.jpg

 

Диагностика

Бактерологиялық зерттеу кезінде 5 пайыздық агарда бетта- гемолитикалық стрептококктың жаппай өсуі байқалады. Серологиялық зерттеуде 10-12 күндері қан сары суында стрептолизин-О, стрептокиназа, стрептококкты полисахаридке антидене титрі өседі.
Дифференциалды диагноз
Тамақтағы ауырсыну ЖРВИ кезінде де байқалады, бірақ бүл кезде лимфа түйіндері сирек ұлғаяды.
Бадамшалардың қатты қабынуы және лимфа түйіндерінің тұрақты ұлғаюы инфекциялық мононуклеоз кезінде тән. Оны қан анализінен айқындай аламыз.

 

Асқынуы

Ерте кезеңінде: жұтқыншақ абцессі, инфекцияның кеуде қуысына тарауы, менингитке, инфекциялы-токсикалық шок, сепсис
Кеш кезеңінде 2-4 аптадан кейін : ревматизм, гломерулонефрит.

Емі :

  • Негізіне амбулаторлы жүргізіледі, ауыр жағдайларда инфекциялық бөлімге жатқызылады.
  • Емнің негізі антибактериялды терапия. Феноксиметилпенициллин, амоксициллинді клавулан қышқылымен (аугментин, амоксиклав), амбазон (фарингосепт), грамицидин (грамицидин С), бадамшаларға (каметон, ингалипт, себидин .) себу , түймедақ, календула тұнбаларымен және фурацилин ерітіндісімен шайқау.
  • Жергілікті лимфа түйіндерінің айқын лимфаденитінде жергілікті УВЧ- терапиясы, және жылы басу қолданылады.
  • Сонымен қатар цефалоспорин (цефаклор, цефуроксим, зинат), макролид (эритромицин, азитромицин), сульфаниламид (котримаксозол) қолданылады. Ем — 5-7 күн. Жергілікті ем үшін фузафунжин (биопарокс) қолданылады. Балаларға қарсы көрсетілген.
  • Қайталап ауырған науқастарға иммуностимуляторлар: лейкоген, нуклеинат натрий қолданылады. Антибактериалды терапиядан кейін ішек микрофлорасын қалпына келтіру үшін (бактисубтил, линекс) қолданылады. Тамақты үнемі ас содасымен шайып отыру ұсынылады. Ауырсынуды төмендету үшін ментол, жалбыз майы немесе жергілікті анастетиктер қолданылады. 
  • Патологиялық процесс созылмалы болып бадамша без құрылымы бұзылған жағдайда хирургиялық емге жүгінеді. Тонзилоэктомия операциясы.

 

Профилактика жолдары:

  • Біріншілік профилактика. Арнай профилактикасы жоқ. Ауырудың тарамауы үшін науқастарды жекешелеу керек. Жеке бас профилактикасы шынығу, қауіп факторларын түтін, шаң, ауаның құрғақтығын жою. Ауыз қуысын санациялау , мұрынмен тыныс алуды қалпына келтіру.
  • Екіншілік профилактика. Пеницилин тобының ұзақ әсерлі антибиотиктерімен( бицилин-3, -5, экстенцилин) жүргізіледі. 28 күн сайын бір рет жүргізіледі.

 

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...