Гравидограмманың интерпретациясы

Гравидограмманы талдау

Гравидограмма — жүктіліктің ағымының ауытқулары мен ұрықтың ақауларын уақытылы анықтау үшін, міндетті клиникалық және зертханалық зерттеулердің нәтижелері белгілеп отыруда өте қолайы кесте болып табылады.

Антенатальды күтудің мақсаты

Антенатальды күтім (жүктіліктің 22 аптасынан босануға дейінгі кезеңдегі күтім) – жүкті әйелге өзінің денсаулығын, әлі дүниеге келмеген нәрестенің денсаулығын сақтауда, сонымен қатар оның күйеуіне немесе отбасына ана және әке болуға көмек беруді қамтамассыз ету болып табылады.

Медицина қызметкерлерінің ең маңызды жұмыстарының біріне жүкті әйелдерді, отбасылы жұптарды салауатты өмір салтын ұстану, босануға дайындалу және әйелге қамқорлық таныту және жүктілік, босану мен босанудан кейінгі кезеңге байланысты кез келген сұрағына жауап беруге дайын болу жатады.

Гравидограмманың бірінші бағаны сандық өрнекте жазылады. «Артериальды қысым» бағанында қою сызықпен қалыпты систолалық және диастолалық қысымдар берілген. Әрбір келген сайын жүкті әйелдің артериальды қысымы нүктемен белгіленіп,бүкіл жүктілік бойында диастолалық және систолалық қысымның динамикасы бөлек екі қисық түрінде көрсетіледі.

Гравидограммада ерекше көңіл бөлуді жатыр түбінің биіктігін белгілеу жатады, жатырдың жүктілікке байланысты қалыпты өсуіне байланысты деңгейі екі қою қисық сызықпен белгіленген, әрбір тексеріс кезінде өлшеген сайын нүктемен белгіленіп, нүктелер бірі бірмен сызықпен жалғанып отырады. Егер нәтижесінде шыққан қисық сызық жоғарғы қалыпты шекарадан шығып кетсе, көбінесе ірі ұрық, су көптілік, көпұрықтылық, ал ал төменгі шекарадан шығып кеткен жағдайда – құрсақішілк дамудың тежелуі, суы аздық т.б. көрсетеді, бұның өз сәйкесінше қосымша зерттеулерді жүргізуді талап етеді (УДЗ, КТГ, допплерометрия және т.б.)

Жатыр түбінің биіктігінің тұруын өлшеу әдісі

Жатыр түбінің биіктігін сантиметрлік лентамен қасаға симфизінен бастап жатыр түбіне дейін өлшейді

Жатыр мойнының жағдайы. Жатыр мойнының жағдайы ұпаймен беріледі, әсіресе жүктілікті ерте үзу қаупі бар әйелдерде. Жатыр мойнының жағдайын ұпаймен есептеу Е.Н.Бишоп кестесі бойынша есептеледі.

Жатыр мойынының жағдайын ұпаймен бағалау

Жатыр мойны Ұпайлар
О 1 2
Ұзындығы 2 см артық 1 см артық, бірақ 2 см аз 1 см аз
Цервикалды өзек Сыртқы аран жабық Сыртқы аран 1 көлденең саусақты өткізеді Ішкі аран жартылай ашық
Консистенция Тығыз Жұмсарған Жұмсақ
Позиция Жамбастың өткізгіш өсінен артқа қарай Жамбастың өткізгіш өсі бойымен Жамбастың өткізгіш өсінен алдыға қарай
  • Жүктілік кезінде салмақтың артуын бағалауда дене тұрқының сипатына қарай әйелдің салмақтық-бойлық коэффициенті (СБК)ескеріледі(СБК, % = дене салмағы, кг/бойы, см х 100).
  • Дене тұрқы қалпы әйелдің СБК 35-41%;
  • Артық салмағы бар әйелдерде СБК — 42-54%;
  • Салмағы жеткіліксіз әйелдерде СБК — 30-34% аралығын құрайды.
  • Ал басында дене салмағы жеткіліксіз болған әйелдерде басқаларына қарағанда көбірек салмақ қосуы мүмкін. Бұндай әйелдер тобында жүктемелік күндері көзге көрінетін ісінулері болмаған жадайда тереңірек зерттеген жөн, өйткені олар ерте босану немесе салмағы жеткіліксіз нәрестелер туу қаупі бар тобына жатуы мүмкін.
гравидограмма қазақша

Қалыпты салмағы бар әйелдерге арналған гравидограмма

  • Ұрықтың жағдайын комплекстік бағалауда әйел өзі «10-ға дейін сана» атты ұрықтың қозғалу деңгейін анықтайтын сынақты жүргізе алады.
  • Ұрық қозғалыс сынағын әйел өзі жүктіліктің 28 аптасынан бастап күнделікті болсануға дейін арнайы қағазға белгілеп отыруы қажет. Ұрықтың қозғалысының азаю немесе сипатының өзгеруі оның жағдайының бұзылысы ретінде қарастыру керек. Таңғы сағат 9дан бастап әйел ұрықтың 10 қозғалысын санайды. 10-шы қозғалыс жүктіліктің мерзімі мен аптаның күніне сай бағанға белгіленеді.
  • Әйелдер кеңесіне келген сайын әйел толтырған қағазын өткізіп отырады.
  • «10 ға дейін сана сынағынан басқа» ұрықтың қозғалысын
  • 1 сағаттың ішінде күніне 3 рет есептеуге болады (мысалы,  Сағ. 7.00-8.00, 12.00-13.00, 18.00-19.00). 12 сағат ішінде ұрықтың қозғалуы 10 нан аз болуы (сағ 9.00 дан 21.00 дейін) және 1 сағатты ішінде 3-тен аз болуы ұрықтың дабыл қағуы болып табылады және кардиомониторлы зерттеуді қажет етеді.

Сонымен қорытындылай келе, жүктілікті көтере алмаушылық патологиясының жиілігі барлық босанулар санына шаққанда 10-20% құрайды, 50% жағдайда ұрық өлі тууы, 60-70% жағдайда ерте неонатальды, 60-65% жағдайда нәрестелер өлі туу жағдайы тіркеліп отыруы медицина қызметкерлерін өте алаңдатуда, сондықтан жүктіліктің ағымының ауытқулары мен ұрықтың ақауларын уақытылы анықтау үшін, міндетті клиникалық және зертханалық зерттеулердің нәтижелері белгілеп, жүктілік ағымын динамикалық зерттеуде гравидограмманы пайдалану өте маңызды көмекші құрал болып табылады

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...