Жүкті әйел жамбасын өлшеу

Жүкті әйелдің (босанушы) жамбасын өлшеу

Жүкті әйелдің жамбас өлшемін, босану үшін станционарға жатқызбас бұрын өлшейді. Бұл өлшем негізінен тар жамбасты әйелдерді ерте анықтау үшін маңызды болып келеді.

  1. Жүкті (босанушы) әйелге тексеру барысын түсіндіреміз. Қолды жуамыз, бір реттік орамалмен сүртеміз. Бір рет қолданылатын қолғапты киеміз.
  2. Жүкті (босанушы) әйелді биік қатты кушеткаға екі аяғын қосып, жамбас-сан және тізе буындарын жазып жатқызамыз.

    жамбасты өлшеу

    Жүкті әйелдің жамбасын өлшеу кезіндегі көрініс

  3. Жүкті (босанушы) әйелге қарап оң жағынан тұрамыз немесе отырамыз. Жамбас өлшегіштің тармақтарын үлкен және сұқ саусақпен ұстап, саусақ ұштарын жамбас өлшегіштің түймешіктеріне дұрыс тұратындай етіп орналастырамыз.
  4. Жамбас өлшегіштің түймешіктерін мықын сүйегінің сыртқы алдыңғы-жоғарғы остеріне екі жақтан қойып, олардың ара қашықтығын өлшейміз distantia spinarum, (қалыпты жағдайда 25-26 см).
  5. Осыдан кейін жамбас өлшегіштің түймешіктерін остерден мықын сүйегінің сыртқы жиегінің қырқасымен жылжытып, ең алшақ қашықтығын анықтаймыз – distantia cristarum (қалыпты жағдайда 28-29 см).
  6. Әйелден аяқтарын қимылдатуын сұраймыз, ұршық басының ең көп кимылдайтын нүктелерін тауып, оған жамбас өлшегішті қоямыз және distantia trochanterica  анықтаймыз, (қалыпты жағдайда 30-31 см).

    Жамбас өлшемі

    Жамбас өлшемі

  7. Содан кейін әйелден бүйірімен жатуын сұрап, астыңғы аяғын жамбас-сан, тізе буындарында бүгіп, үстіңгі аяғын жазып жатуын сұраймыз.
  8. Жамбас өлшегіштің бір тармағының түймешігін симфиздің жоғарғы-сыртқы жиегінің ортасына, екінші ұшын сегізкөз шұңқырына қойып, сыртқы конъюгатаны өлшейміз (20-21 см).
  9. Соловьев индексін (білезік-буын өлшемі) сантиметрлік лентамен өлшейміз. Қалыпты жағдайда индекс 14,5-15 см-ге тең. Анықталған сыртқы конъюгата өлшемінен 9 см алып, шынайы конъюгата өлшемін табамыз.
  10. Осы алынған мәліметтер бойынша әйел жамбас сүйектерінің ерекшеліктері туралы қорытынды жасаймыз. Қолғапты шешіп, утилизацияға арналған контейнерге тастаймыз және қолды жуамыз.
Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (1 бағалар, орташа: 5,00 тен 5)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...