Менингиальды синдроммен жүретін ауруларды ажырату диагностикасы

Менингеальды  синдромның сипаттамасы

Менингеальды синдром –  бас миы және жұлынның диффузды зақымдалуын сипаттайтын симптомдар жиынтығы.

Жалпы милық симптомдар

  • Бастың қатты ауруы, жайылмалы сипатта, жан қинайтын ауырсыну
  • Жеңілдік әкелмейтін құсу
  • Психомоторлы қозу, сандырақ, галлюцинация, дірілдер, жүйелі түрде енжарлыққа және естен тануға ауысады (кереңдік, сопор, кома) – ауыр ағымында кездеседі.

 Менингеальды симптомдар

  • жалпы гиперестезия
  • бұлшық еттің тоникалық тартылуы (шүйде бұлшық етінің ригидтілігі, Керниг, Брудзинский симптомдары, балаларда Лессаж симптомы.)
  • реактивті ауырсынулар(көз алмасын басқанда, бетте үшкіл нервтің шығу орнын басқанда, үлкен шүйде нервтерінің шығу орнын басқанда ауырсыну, Мендель, Бехтерев, Пулатов симптомдары)
  • құрсақ, периостальды және сіңір рефлекстерінің өзгеруі  (бастапқы кезде жандануы, кейін-біркелкі емес төмендеуі.)

Ликворлық дифференциалды-диагностикалық белгілер

Ликвор анализі қазақша

Менингит кезіндегі ми жұлын сұйықтығының (ликвор) анализі

Эпидемиологиялық анамнез мәліметтері (табиғат ошақтарында болу, кененің болуы, ешкі немесе сиыр сүтін пайдалану, көктем-жаз маусымы.)

Кене энцефалитінің диагностикалық белгілері

  • Аурудың жедел биік қызба және қалтыраумен басталуы
  • Нейротоксикоздың өрістеуші белгілері
  • Жоғары қызбасы бар науқастың сыртқы түрі
  • Менингеальды симптомдар жиынтығының өрістеуі
  • Диффузды және ошақты энцефаоит белгілерінің пайда болуы
  • Аурудың екі толқынды ағымда болуы
  • ликворда – лимфоцитарлы плеоцитоз,  белоктар саны өзгермеген немесе біраз жоғарылаған.
  • Арнайы зерттеулердің қорытындылары (вирус антигенін және арнайы ИФА-да қанда IgM, ПЦР-да РНК вирусының анықталуы)

Туберкулезді менингиттің диагностикалық белгіліері

  • туберкулезді анамнез
  • басқа туберкулез көріністерінің болуы (жиі милиарлы)
  • аурудың біртіндеп басталуы, сирек продромалды, жалпы токсикалық синдромның қосылуы, кеш кезінде менингеальды симптомдардың қосылуы.
  • Бастапқы кезеңде менингеальды синдром диссоцирленген, кейін үдеп менингоэнцефалитикалық неврологиялық симптомдарға ауысады (көз-қозғалтқыш бұлшық еттің парездері,  әсіресе әкеткіш бұлшық еті,   Лассега симптомы)
  • Бас ауруының күшеюі
  • сирек вегетативті бұзылыстар (кеуде клеткасымен мойын аймағындағы қызыл дақтар, қызыл дермографизм.)
  • қанда өзгерістер (лейкоцитоз, лимфопения, ЭТЖ жоғарылауы) туберкулез диссеминациясы дамыған кезде
  • ликвор түссіз, лимфоциттер – 80%, қантиен хлордың төмендеуі, ликворда  12-24сағаттан кейің нәзік фибринді пленка түзіледі(немесе сетка)
  • арнайы зерттеу мәліметтері (ликвордан және басқа да биосубстраттардан қоздырғыштың бөлінуі (бактериологиялық әдіс ), туберкулинді сынамалардың оң болуы, қоздырғыш антигенінің идентификациясы (РИА) және арнайы антиденелер   (ИФА қан),  ДНК анықталуы                      M. tuberculosis (ПЦР))

Энтеровирусты туберкулездің диагностикалық белгілері

  • Жастар мен балалар ауырады
  • Жаз-күз маусымдылығы
  • 2-5 күн ішінде менингеальды синдромның дамуы – ринофарингит
  • Биік қызбамен және нейротоксикоз белгілерімен жедел басталуы(бастың қатты ауырсынуы, қайталамалы церебралды құсу)
  • Жиі менингеальды симптомдар жиынтығымен диссоциациясы, төменгі Брудзинский симптомы анықталмаса да желке бұлшық еттерінің ригидтілігінің болуы, сирек Керниг
  • жиі – 2-3 толқынды қызба, 1-5 күн интервалымен.
  • Көп жағдайларда энтеровирусты инфекцияның басқа да көріністері байқалады – экзантема (дақты-папулезді, дақты), герпангина, миалгия, АІЖ бұзылыстары, абдоминальды синдром, полиаденопатия, гепатомегалия, сирек – спленомегалия
  • ликвор түссіз, мөлдір, жоғары қысыммен шығады, әлсіз лимфоцитарлы плеоцитоз, бастапқы кезде аралас сипатта болуы мүмкін ( нейтрофилдер мен макрофагтар санына байланысты)
  • қанда – әлсіз лейкоцитоз, нейтрофилез, лимфоцитозбен алмасып отыратын, ЭТЖ қалыпты немесе жоғарылаған.
  • Арнайы зерттеу нәтижелері (ликворда және басқа биосубстраттардан энтеровирус және антигендерінің бөлінуі (электронды және иммуноэлектронды микроскопия, РЛА и ИФА),  ликворда вирусты РНК анықталуы (ПЦР и электрофорез РНК в полиакриламидном геле или агарозе), арнайы антиденелердің идентификациясы (РН, РНГА, реакция преципитации в геле, ИФА крови в парных сыворотках))

Герпетикалық менингоэнцефалиттің диагностикалық белгілері

  • Біріншілік зақымданудың дамуы 30%, ал жасырын инфекцияның реактивациясы   – 70% жағдайда
  • Менингеальды симптомдардың жедел басталуы және дірілдердің кенеттен пайда болуы, гипертермия және естен тану.
  • 1/3 жағдайда біртіндеп басталуы мүмкін (менингиттің бірінші көрінісі ЖРВИ мен сәйкес, тері мен шырышты қабаттарда ыезикулезді бөртпелер)
  • ересектерде – псизопатологиялық бұзылыстар кең тараған, балаларда –  аутизмнің дамуы
  • ликвор мөлдір, лимфоцитарлы немесе аралас плеоцитозбен және белоктың жоғары болуы.
  • қанда – әлсіз лейкоцитоз, лимфопения және ЭТЖ жоғарылауы
  • бас миының КТ және МРТ мәліметтері (самайдың алдыңғы бөлігінде типті ошақтардың болуы,)
  • арнайы зерттеу нәтижелері (ликворда қарапайым герпес пен антигендеоінің анықталуы, герпетикалық көпіршіктерде және басқа да биосубстраттарда (электронды және иммуноэлектронды микроскопия, РИФ), ликворда ДНК вирусы анықталуы (ПЦР), арнайы антиденелер идентификациясы (РН, РНГА, РПГА, ИФА жұп қан сары суларында))

Бактериалды серозды менингиттің дифференциалды-диагностикасы  

Менингит ажырату диагностикасы Менингиттердің диференциалды диагностикасы
менингококкты инфекция ошағы пайда болғанда эпидемиялық анамнез мәліметтері маңызды Менингококкты менингиттің диагностикалық белгілері

  • ЖРВИ-дан кейін дамуы (назофарингит)
  • Аурудың жас адамдарда кездесуі
  • Жедел, кенеттен басталып, айқын жалпы токсикалық синдромдармен жүреді
  • Қалтыраумен биік қызба тән, бас ауырсынуы, қайталамалы құсу және айқын гиперестезия
  • Айқын менингеальды синдром, сирек бас-миының ісінуі дамиды.
  • Жиі герпетикалық бөртпелер болуы (herpeslabialis, nasalis)
  • Менингококкемиямен қосылғанда– жұлдызша тәрізді  геморрагиялық бөртпелер.
  • Қандағы айқын қабыну өзгерістері
  • ликвор лайланған, молочно-ақ түсті , қысыммен шығады, нейтрофильді плеоцитоз және белоктың аздап жоғарылауы.
  • Ликворды және мұрын-жұтқыншақ шырышын микроскопиялық және  бактериологиялық зерттеу, РЛА ( менингококк антигендерінің анықталуы), серологиялық тесттер (жұп сарысуда антидене титрінің 4 рет диагностикалық жоғары болуы.) және ПЦР

Пневмококкты менингиттің диагностикалық белгілері

  • Аурудың пневмония/отиттен кейін дамуы
  • Жиі балалар және 40-50 жастан жоғары ересектер ауырады
  • Басталуы жедел, кенеттен жедел өрістеуші, айқын жалпы токсикалық синдромдармен жүреді
  • Қалтыраумен биік қызба тән, бас ауырсынуы, қайталамалы құсу және айқын гиперестезия
  • Көп науқастарда ауруының бірінші күнінде – менингоэнцефалит (сананың бұлыңғырлануы, қайталамалы дірілдер, гемипарез тәрізді ошақты симптомдар, көз қозғалтқыш бұзылыстары, гиперкинездер және атаксия)
  • Сепсис дамығанда – басқа ағзалардың зақымдануы ( теріде геморрагиялық бөртпелер,   пневмония, эндо-  перикардит, артриттер)
  • Жиі созылмалы немесе қайталамалы ағым
  • қанда – айқын лейкоцитоз формуланың солға жылжуы,   ЭТЖ жоғарылауы
  • ликвор лайланған, жасыл-сұр түсті, әлсіз қысымының жоғарылауы, жоғары нейтрофильді плеоцитоз және белок жоғарылауы  3-6 г/л дейін (қант және  хлоридтердің ауыр жағдайларда төмендеуі  )
  • Ликворды және мұрын-жұтқыншақ шырышын микроскопиялық және бактериологиялық зерттеу, РЛА ( пневмококк антигенінің анықталуы), серологиялық тесттер, жұп сарысуда антидене титрінің 4 рет диагностикалық жоғары болуы.) және ПЦР

Гемофилбді менингиттің диагностикалық белгілері

  • Жиі ортаңғы құлақтың отиттері, ЖРЗ және пневмония
  • Бастапқы кезде айқын клиника болмайды, біртіндеп басталады.
  • Жедел басталуы – дене температурасының 39-40°С дейін жоғарылауы, дірілдер, қысқа уақытты қозу, мазасыздық, тежелгіштік, сананың комаға дейін бұзылуы.
  • Біртіндеп басталғанда – дене температурасының баспалдақ тәрізді жоғарылауы 2-3күн, ринорея, диспепсиялық көріністер.
  • Менингеальды синдром кеш анықталады- естен тану мен айқын интоксикация себебінен өршу болады, менингеальды симптомдар жиынтығы толық емес, жиі желке бұлшық етінің ригидтілігі мен оң Лессаж симптомы болады.
  • жиі – фокальды дірілдер және ошақты симптоматика
  • септицемия болғанда – басқа ағзалардың зақымдалуы (отит, пневмония, эпигглотит, целлюлит, остеомиелит, артрит)
  • қанда – анемия, лейкоцитоз солға жылжуы(сирек лейкопения), ЭТЖ жоғарылауы
  • ликвор лайлы, жасыл түсті, қысыммен ағады. Жоғары  нейтрофильді плеоцитозжәне белок жоғарылауы  ( 1-2 г/л)
  • Ликворды және мұрын-жұтқыншақ шырышын, қанды бактериологиялық зерттеу нәтижесі РЛА ( гемофильді таяқша антигенінің анықталуы) және ПЦР

Стафилококкты менингиттің диагностикалық белгілері

  • Қауіп топтары – химиопрепараттар, цитостатиктер, ұзақ антибактериалды терапия алушы адамдар
  • Ауыр септикалық жағдай ретінде дамиды.
  • Жедел басталуы
  • Гектикалық сипаттағы температура
  • менингеальды синдром әлсіз анықталады
  • сананың комаға дейін бұзылуы
  • жиі ошақты симптомдар
  • абцесс түзуге бейімділік (аурудың  7-10 күнібас миында шектелген көптеген іріңді қуыстар түзіледі) және гидроцефалия дамиды.
  • Кең қолданатын антибиотктердің терапевтикалық әсерлерінің болмауы.
  • Созылмалы, қайталамалы ағым
  • ликвор лайлы, жасыл-сұр түсті, нейтрофильді  плеоцитозды,  белоктың аздап жоғарылауы, глюкоза мен хлоридтердің төмендеуі.
  • Ликворды және мұрын-жұтқыншақ шырышын, қанды бактериологиялық зерттеу нәтижесі РЛА  ( стафилококкты антигендердің анықталуы)

Менингеальды синдроммен өтетін инфекциялық емес аурулардың дифференциальды диагностикасы

 

Менингит түрлері

Менингеальды синдроммен өтетін инфекциялық емес аурулардың дифференциальды диагностикасы

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (1 бағалар, орташа: 5,00 тен 5)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...