Ересектерде балалар инфекциясының өту ерекшеліктері

Ересектерде балалар жұқпалы ауруларының өту ерекшеліктері

Ересектерде ауру продромды көріністерден басталады. Бұл кезең ересектерде айқын бас аурумен, жүрек айнумен, кейде құсумен және іштің, бел аймағының ауырсынуымен өтеді. Бұл кезең әдетте диагностиканы қиындатып қана қоймай, сонымен қатар, науқастарды уақытында госпитализациялауды және емдеуді қиындатады.

Егер желшешек продромды кезеңнен басталса, онда дене температурасы бөртпенің пайда болуына дейін көтеріледі. Ересектерде қызба 8-10 күнге созылады. Температураның ең жоғарғы көрсеткіші бөртпенің ең көп шыққан кезеңіне сәйкес келеді, әсіресе пустула пайда болған жағдайда. Сондықтан да бөртпелер дүркін-дүркін шығып отырған сайын температура да бірнеше рет көтеріліп отырады, жаңа бөртпе пайда болған сайын.

Бөртпенің алғашқы элементтері терінің кез келген жеріне шығады, одан кейін белгілі тәртіпсіз бәр жерге таралады. Бетке кеуде мен қол-аяқтан кейін пайда болады. Бөртпеге тән белгі бетке аз мөлшерде пайда болуы. Бөртпеге тән тағы да бір белгі — бастағы шаштың арасына шығуы, алақан мен табанға сирек шығады. Бөртпе біртіндеп кезеңдер бойынша дамиды (дақ, папула, везикула, пустула, қабыршақ). Сырқатының 3-4 күні терідегі бір орында бөртпенің барлық кезеңдері кездесуі мүмкін, басқадай айтқанда полиморфизм тән. Бөртпелер әдетте қышытады.

Ересектердегі инфекциялық аурулар

Ересектердегі жұқпалы аурулардың өту ағымы

Желшешектің ересектердегі ерекшеліктері қатарына жатады:

Продромдық кезеңнің болуы, балалармен салыстырғанда бөртпе кешірек пайда болады, мөлшері өте көп, бөртпе кезеңінің созылуы. Ересектерде бөртпенің қышуы күштірек болады. Қабыршақтың түсуі балаларға қарағанда кешірек байқалады. Бөртпелер жиі жағдайларда лимфа түйіндерінің үлкеюімен өтеді. Жалпы интоксикация көрінісі балаларға қарағанда айқын. Гемограмма тұрақсыз: сол жаққа ығысумен лейкоцитоз жиі кездеседі.

Қызылша ересектер арасында төмендегідей ерекшеліктермен өтеді:

  1. Өте ауыр ағыммен өтеді
  2. Бөртпелердің пайда болу мерзімі өте ерте сырқатының 2-ші күні (66%) немесе өте жай мерзімде 6-7 күні сырқатының.
  3. Бөртпелер ересектерде көбінесе бір-бірімен қосылған.
  4. Интоксикация синдромы анық дамыған.
  5. Кейде бөртпесіз өтеді
  6. Көбінесе ерте (пневмония) және кеш дамитын асқынулар (менингоэнцефалит) кездеседі.

Қызылшаның клиникасы бірнеше кезеңдермен өтеді: инкубациялық (9-10 күн, кейде 17 күн), продромды, бөртпе кезеңі, пигментация кезеңі.

Ересектерде катаральды кезең 3 күннен 7 күнге созылып, симптомдардың біртіндеп дамуымен көзге түседі. Басында жөтел, температураның көтерілуі пайда болады, 1-2 күннен кейін ринит пен конъюнктивит қосылады. Ересектерде қызбаның ұзақтығы әдетте 6-9 күн.

Ересектерде балаларға қарағанда дөрекі, үрген жөтел, стеноздық тыныс алу байқалады, сонымен қатар құрғақ жөтелмен бронхиттер, трахеитттер дамиды. Ерсектерде энантеманы (Филатов-Коплик дағын) бөртпе кезеңінің бірінші күнінде анықтауға болады.

Экзантеманың пайда болу тәртібін бұл ауруда да байқауға болады. Бөртпе 2-7 күнге созылады. Бөртпенің жоғалуы біртіндеп кезең бойынша өтіп, пигментациямен дамиды. Пигментацияның ұзақтығы ересектерде 1-2 аптаға созылады. Бөртпенің жоғалуы ұсақ қабыршықтардың пайда болуымен бір аптаға созылады, әсіресе бетте, алақанда, табанда.

Қызамықтың ересектерде өту ерекшеліктері:

  1. Ересектерде ауыр түрде өтеді
  2. Жиі артриттер дамиды (30-дан 36%), бөртпелердің жоғалуынан 1-2 күннен кейін, 5-10 күн бойы сақталады.
  3. Көбінесе ұзақ түрде продромды кезең байқалады және әлсіздік, бастың ауруы, тахикардия, жүрек тондарының тұйықталуы және т.б. түрде көрінеді.
  4. Қызба ұзақ уақыт жоғары деңгейде байқалады.
  5. 24% науқастарды сырқатының 2-ші күнінде пайда болады.
  6. Бөртпе көп мөлшерде және ұзақ уақыт байқалады.
  7. Перифериялық қанда: нейтропения, сол жаққа жылжу және лимфоцитоз жиі байқалады.

Қызамықта инфекция вертикальды жолмен берілуі мүмкін, сондықтан жүкті әйелдердің қызамықпен сырқаттануы үлкен қауіптілік тудырады, әсіресе жүктіліктің алғашқы 3 айында, атап айтқанда баланың тіндері мен ағзаларының пайда болу кезеңінде. Соның кесерінен даму жетіспеушіліктері: мидың, көздің, жүректің, есту ағзаларының зақымдануы.

Ересектерде дифтерияның өтуі өте ауыр, көбінесе аран дифтериясы кездеседі, арнайы иммунизация жүргізілмеген адамдарда классикалық белгілері байқалады, ал егілген адамдарда барлық клиникалық белгілері байқалмайды. Ересектерде көбінесе асқынулар байқалады.

Диагностика. Ересектерде аурудың диагнозы кешіктіріліп қойылады. Продромдық кезең көбінесе ЖРВИ ретінде қабылданады. Ауруға тән бөртпе пайда болған кезде ғана диагноз қойылады. Уақытында жел шешекті анықтауға бөгет жасайтын мәліметтер – жеткіліксіз эпиданамнез және сырқаттану анамнезін жинау, бөртпенің пайда болған мезгілін және сипатына көңіл бөлмеу.

Жалпы қан анализінде ересектерде сол жаққа ығысқан формуламен лейкопения байқалады.

Нерв жүйесі жағынан болатын өзгерістер (шаршағыштық, тітіркенгіштік, еске сақтаудың нашарлауы) сауығу кезеңінде де сақталуы мүмкін. Инфекцияға қарсылық ұзақ уақытқа созылады. Ересектерде қызылша жүйке жүйесінің ерте зақымдануымен өтеді.

Еркебулан Молдаханов

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...