Трипаносомоз

Трипаносомоз ауруы

Трипаносомоздар – Tryanosoma тұқымдастың гемофлагелляттарымен шақырылатын, трансмиссивті жолмен жұғатын, қан және лимфа арқылы миға және басқа ағзаларға таралып, токсико-аллергиялық реакциялар тудыратын, клиникасында қызбамен, бөртпемен, локальді ісінуілермен және ұйқышылдықпен ауыр өтетін паразитарлы тропикалық ауру.

2 түрге бөлінеді:

1.африкалық:

  • родезиялық (жедел өтетін)
  • гамбиялық (созылмалы)

2. америкалық

Африкалық трипаносомоз:

Этиологиясы: адам организмінде трипаносомоздар –трипаномастиготтар түрінде жүреді.

Таратушылар, яғни маса организмінде – эпимастиготтар және метациклдік түрлері 18-36 күнде жетіледі- сілекей бездерінде қалыптасады.

Трипаносомоз қоздырғышы

Трипаносомоздың қоздырғышының сыртқы түрі

Эпидемиологиясы — цеце шыбыны гамбия трипаносомозы-антропоноз.

Родезия трипаносомозы -зоонозды. Ауру көзі – орман антилопалар, қосымша – үй малдары, адам.

Патогенезі: қоздырғыштар енгеннен кейін қан, лимфа арқылы бүкіл организмге тарайды да токсико-аллергиялық өзгерістер тудырады. Нерв клеткаларына аутоантиденелер тууына байланысты лептоменингит, панэнцефалит деген қабыну ошақтар пайда болады. Ми ісінуінің базальды ядроларын зақымдалуы.

Клиникасы: инкубациялық мерзім – 2 аптадан бірнеше айға дейін 3 кезеңге бөлінеді:

  • ерте (гемо-лимфатикалық)
  • кеш (менингоэнцефалитті)

Бірінішілік аффект – трипаносомды шанкр (1х7см)-тығыз ауырсынатын қызыл көпіршік.

Ерте кезеңдегі клиникалық көріністер:

  • қызба
  • полиаденит
  • Уинтерботтом белгісі – мойынның артқы үшбұрышындағы лимфаденит
  • Трепанидалар – эритема тәрізді бөртпелер
  • Керандель белгісі – бұлшық еттердің ауырсыну реакцияларының төмендеуі
  • спленомегалия (50%) гепатомегалия
  • тахикардия

Кеш (менингоэнцефалитті) кезеңі:

  • басының қатты үнемі ауруы
  • ұйқышылдық (түнде ұйқысыздық)
  • психикалық өзгерістер
  • ұсақ бұлшық еттерінің треморы
  • энцефалит белгілері
  • менингиальды белгілер
  • кома

Бұл кезеңнің ұзақтығы – бірнеше жыл.

Родезия түрінде сырқат жеделдеу өтеді. Ауырғандар 3-9 ай ішінде, терминальды кезеңге жетеді.

Диагностикасы: қан, ликвор немесе шанкр, лимфа түйіндерден, сүйек майынан пунктат алып – бактериоскопия жасалынады

  • қосымша серологиялық әдістер

Емі: І-ші кезеңде сурамин ( антрипол)

ІІ-ші кезеңде – арсобал (схема бойынша)

Трипаносомоз ауруы қазақша

Трипаносомоз кезіндегі науқастың көрінісі

 

АМЕРИКАНДЫҚ ТРИПАНОСОМОЗ (Шагас ауруы)

Зоонозды инфекция. Инфекция резервуары: жабайы жануарлар, соның ішінде маймылдар, ұшқыш тышқандар т.б.

Таратушылары — треатом қандалалары. Жабайы табиғатта қандалалар індер ішінде синантропты ошақтарда – батпақпен тростиниктен жасаланған хижиналардың қуыстарында тіршілік сақтайды.

Адамды шаққан кезде ішек бөлінділерімен қоздырғыш теріге түседі: жаралар арқылы қанға өтеді де гистиофагоцитарлы жүйе клеткаларына (бауыр, көк бауыр, бүйрек, лимфа түйіндері) қалыптасып, көбейе бастайды. Нәтижесінде зақымдалған қоздырғыштар әрі қарай дамып басқа клеткаларды процеске ілестіртеді.

Патогенездің негізінде –токсико-аллергиялық және иммунологиялық реакциялар. Жедел фазасында-ганглиозды клеткалардың айқын деструкциясы өтеді.

Созылмалы ағымда процесс жүрекке түсіп – миокардта ауыр патологиялық өзгерістер туғызады.

Клиникасы:

  • жедел
  • созылмалы
  • латентті ағым

Жедел фазасы: инкубация – 2 апта.

  • интоксикация: әлсіздік, миалгия, бас ауру
  • қалтырау
  • дұрыс емес түріндегі қызба
  • гепатоспленомегалия
  • «шагомалар»- қоздырғыш енген орнында бірінішілік қабыну өзгерістер
  • екіншілік «шагомалар»- қан арқылы тарау себебінен тері астында терімен жабысқан, тығыз, қызғылт түйіршіктер
  • полиаденит
  • дистальді ісіктер (аяқ, бет)
  • жүрек зақымдалу белгілері тахикардия, экстрасистолия, аритмия, ЭКТ-де өзгерістер
  • Z-тез, моноцитоз
  • термингальды стадияда – менингоэнцефалит

Созылмалы түрі 10 жылда қалыптасады. Оның негізінде – орталық және перифериялық нерв жүйесінің ганглиозды клеткалардың деструкция жатыр.

Науқастарда прогрессивті жүрек зақымы және энтеромегалия қалыптасады (мегаэзофагус, мегадуоденум, мегаколон).

Диагностикасы: бактериоскопия қаннан жуан тамшы, жағынды.

  • биологиялық проба
  • ксенодиагностика (қандаларға қан сорғызады )5 күннен кейін 1 ай бойы экскременттарын метациклдік трипаносомаларға тексереді.

Емі жоқ.

Жазған: Молдаханов Еркебулан

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...