Дизентерия

Дизентерия ауруы

Дизентерия — антропонозды бактериальды ауру. Жұғу механизмі фекальді-оральді. Клиникалық картинасы комплитикалық синдроммен және жалпы интоксикациялық синдроммен белгіленеді.

Этиологиясы: қоздырғышы Shigella туысына жатады. Shigella 4 тобы (А,В,С,Д) және 4 түрі ажыратылады:

  • dysenteria
  • flexneri
  • Sh.boydi
  • sonnei

Sh.sonnei-ден басқа түрлері бірнеше сероварианттардан құралады. Шигеллада О және К антигендері бар. Олар эндотоксионнен тұрады, ал Sh. dysenteria, Sh.flexneri, Sh.sonnei экзотоксин өндіреді. Энтеро-нейро және цитотоксикалық белсенділігін иеленеді. Антибактериальді препараттарға полирезистенті және сыртқы ортаға төзімді.

Эпидемиологиясы: Барлық жерде таралымды.

Инфекция көздері:-жедел және созылмалы дизентериямен ауыратындар транзиторлы бактерия тасымалдаушылар. Көбінесе эпидемиологиялық қауіптілікті өкпе ауруымен ауыратындар төндіреді. Осылардың ішінде ең қауіптісі қоғамдық орында тамақтанатын жұмысшылар.

Берілу жолы: су, тамақ, тұрмыстық қатынас арқылы беріледі. Көбінесе жазда немесе жаз-күз айында ауырады. Сезімталдық-жоғары болады.

Иммунитет: 1-2 жыл мезгілінде спецификалық түрде болады.

Патогенезі: Шигелла асқазанға түскенен кейін ашы және тоқ ішеке өтеді. Тоқ ішекте олар колоноцитке өтіп, сол жерде көбейіп өледі де эндотоксин босап жергілікті әсер көрсетеді. Sh.dysenteriae  (Григорьева-Шига) дизентерияларынан басқасына бактериемия тән емес. Токсин әсер ету кезінде күрделі процесстер пайда болады. Олар: ащы ішектің функцияларының бұзылуы (асқорыту, сіңу, моторлы-эвакуаторлы). Сондай-ақ алмасу процестер (белок алмасуы), дәрумендердің және гемостаз жүйесінің бұзылуы. Аурудың дамуында басты рольді организм сенсибилизациясы ойнайды (г.з.т.) Дизентерияның дамуына макроорганизм және қорғаушы факторлар маңызды мағына береді.

Патологиялық анатомиясы: патоморфологиялық өзгерістер дизентерия кезінде тоқ ішектің дистальді бөлімінде көрінеді. Қабынудың келесі түрлері кездесуі мүмкін:

  • катаральді
  • катаральді-эрозиялы
  • катаральді-геморрагиялық
  • ойық-жаралы
  • фибринозды

Клиникасы. Дизентерияның клиникалық жіктелуі:

1.Жедел дизентерия ұзақтығы 3 айға дейін (ауырлау ағымы, егер 3-4 аптаға дейін сауығу кезеңі болмаса).

  • колитикалық формасы (жеңіл, орташа ауырлықта, ауыр)
  • гастроэнтероколиттік формасы (жеңіл, орташа ауырлықта, ауыр)
  1. Созылмалы дизентерия ұзақтығы 3 айдан 2 жылға дейін
  • қайталану формасы (рецидивирующие)
  • үзіліссіз формасы (непрерывное)
  1. Бактерия тасымалдаушы формасы (транзиторлы)

Инкубациялық кезеңі бірнеше сағаттан (6-12 сағат) 7 күнге дейін тербелісте болды. Орташа есеппен 2-3 күн. Дизентерия клиникасында екі синдром ажыратылады:

  • колитикалық
  • жалпы интоксикациялық

Басталуы жедел, кейінен жиі колитикалық синдром көрінеді.

  • іште толғақ тәрізді ауырсыну (сол жақ мықын аймағында)
  • жиі сұйық нәжіс (3-5-тен тәулігіне 20 рет). Нәжіс массасының

мөлшерінің азаюынан шырышты және қан аралас болады. Нәжіс түрі «ректальді плевка» тәрізді болады.

Жалпы интоксикация синдромы кейінірек пайда болады (2-3 сағаттан кейін).

  • дене қызуы жоғарлайды (қалтыраумен немесе қалтыраусыз)
  • әлсіздік, бас ауруы, лоқсу, құсу, тәбеті төмендейді

Интоксикация синдромы аурудың 2-3 күнінде көрінеді

  • аурудың жақсы болжамды ағымында сауығу 2-4 аптада басталады
  • ауырлау ағымында сауығу аурулардың 0,5-10% басталуы мүмкін.

Гастроэнтероколитикалық формаға тән:

  • қысқа инкубациялық кезең (6-8 сағат)
  • жедел басталуы жалпы интоксикация симптомы және гастроэнтерит болуымен. Колит белгілері аурудың 2-3 күнінде қосылады.
  • жиірек сусыздану синдромы дамиды
  • алиментарлы жолмен жұғуын қармайды

Дизентерияның созылмалы ағымы аурулардың 2-5% кездеседі. Созылмалы дизентерияның қайталану ағымында клиникалық ремиссия болады, ал үзіліссіз ағымында ол болмайды.

Ал бактерия тасымалдаушы (транзиторлы) туралы айтуға болады мынандай жағдайда:

  • егер шигелланың капрокультурасы бөлінсе
  • егер ағымның 3 айында бөлінген копрокультурада диарея болмаса
  • егер қанның серологиялық зерттеуде теріс қорытынды болса
  • егер патоморфологиялық өзгерісте

Асқынулары: — инфекция-токсикалық шок

  • гепатоволемиялық шок
  • аралас шок
  • ішектен қан кету
  • перитонит (перфорациялық ойық жара кезінде)
  • инвагинация
  • тік ішекке түсу
  • артқы өту жолының жарылуы

Дизентерияны шығыны:— сауығу (көптеген аурулардың негізгі шығымы)

  • созылмалы формаға өтуі (2-5% ауруларда)
  • постдизентериялық колит
  • ішек дисбактериозы

Диагностика: дизентерия диагнозы мынаған негізделеді:

  • клиникалық негізге
  • эпидемиологиялық негізге
  • арнайы зертханалық негіздерге

Арнайы диагностикалық әдістер:

  • бактериологиялық зерттеу (нәжістің, құсық массанының)
  • серологиялық реакция (РНГА)
  • аллергиялық сынама

Арнайы емес әдістер:

  • капрограмма
  • ректороманоскопия

Салыстырмалы диагностикасы:

  • тамақтық токсикоинфекция
  • сальмонеллез
  • холера
  • амебиаз
  • иерсиниозбен және басқа ауруларымен (диарея бұзылуы кезінде).

Емдеуі: Дизентерия емдеуі стационарлы және үйде болады. Госпитализация клинико-эпидемиологиялық байланысты жэүргізіледі.

Режим ауыр ағымына байланысты

Этиотропты препараттар (фуразолидон, неваграмон, метациклин, ципрофлоксоцин) жеңіл түрінде күніне  2-3 рет, орташа және ауыр ағымында 5-7 күн.

  • патогенетикалық терапия интоксикациялық синдром негізінде жүргізеді
  • дезинтоксикациялық терапия
  • регидратациялық терапия –дегидратация кезінде
  • негізгі белгілерде қолданылады: организмнің иммундық реактивтігін жоғарлаттын препарат (метилурация)
  • ферменттер (креон, фестал)
  • эубиотики (бифидум бактерин, лактобактерин)
  • физиолечение
  • симптоматикалық заттар

Профилактикасы: дизентерия кезінде профилактика жүргізіледі: жалпы санитарлы-гигиеналық талаптар берілу жолына байланысты жүргізу

Дизентерия жайлы толық мәліметті оқи кетіңіз.

Жазған: Молдаханов Еркебулан

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...